Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникасы

  • Антибактериалдық терапияның түрлері

  • Билет - 6 Көмейдің тарылуы:этиология,клиника,диагностика,емі.

  • Негізгі диагностикалық жоспары

  • Қосымша диагностикалық жоспар

  • ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

  • Жедел калькулезді холецистит. Механикалық сарғаю (холедохолитиаз)

  • Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу

  • Қадам Әрекет алгоритмі

  • Тест. Хирургия%20ответы. Билет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит


    Скачать 134.66 Kb.
    НазваниеБилет1 Ст безі аурулары. Клиникасы. Емі. Жедел мастит
    Дата26.05.2021
    Размер134.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаХирургия%20ответы.docx
    ТипДокументы
    #210382
    страница3 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Билет-5

    1. Холецистит, клиникасы, емі.

    Холецистит – өтқабы қабырғасының зақымдалуына, өтқабында тастардың түзілуіне, билиарлық жүйенің моторлық-тондық бұзылыстарына алып келетін қабыну ауруы.Жіті холецистит – кең тараған хирургиялық аурулардың бірі жиілігі бойынша аппендициттен кейінгі екінші орында.

    Клиникасы:

    Жалпы симптомдар – эпигастрий жəне оң жақ қабырға астындағы оң иық пен жауырын аралығына берілетін жіті (тұрақты) үдемелі күшейіп, 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын ауырсыну; лоқсу, құсу, кекіру, метеоризм, майлы тағамнан бас тартау, тері мен склераның сарғыштығы, субфебрильдіДене температурасы.

    Шағымдары: кенеттен дамыған шаншутəрізді немесе оң жақ құрсақүсті аймағындағы ұзақ уақыт ауырып, ауру сезімі біртіндеп күшейген ауырсыну. Ауырсынулар оң жақ қабырғалық доғаның астында, іштің доғарғы оң жақтық квадрантында орналасады. Ауру сезімі белбеу тəрізді болуы мүмкін, арқаға беріледі, патологиялық үрдіс дамыған сайын ауру сезімі шыдатпайтын, тұрақты сипатқа иеленеді; лоқсу жəне бір реттік құсу; дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі.
    Анамнез: бауырлық шаншулар, ауырсынулар диетаны бұзғанда – майлы шошқа етін, майонез, қуырылған тағамдар, суық сусындар жегенде, кейде ауырсыну синдромы қобалжып, жүйкелік стресстер болғанда дамиды. Аталған себептердің əр қайсысы өтқуықтың қатты жиырылуы алып келіп, өтқуықтың мойнында, өзекте тастың қысылуына, нəтижесінде олардың тығындалуына алып келуі мүмкін.
    Симптомдар: қарағанда терілік жабындылардың аздап сарғайғанын анықтауға болады. Ол ұстамадан кейін 2 күнге созылуы мүмкін. Сарғыштықтың сипаты обтурациялық болады, ол көбінесе Ligamentum hepatoduodenale жəне бауыр қақпасында ұзақ уақыт бойы қабынулық инфильтраттың болуына байланысты дамиды. Кейбір жағдайларда екіншілік холангит немесе холедохолитиаз сарғыштықтың себебі болуы мүмкін.
    Ішті қарап тексергенде науқас тыныс алғанда іштің оң жағын аяйды,беткей пальпация кезінде ішастардың қозу симптомдары оң болады (көбінесе флегмоноздық немесе гангреноздық жіті холецистит кезінде).
    Ішті пальпациялағанда келесі симптомдар анықталады:

    Мерфи симптомы – оң жақ қабырғаасты аймағына басқанда тынысты еріксіз тоқтату.

    Кер симптомы – оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауырсынудың ішке дем алғанда күрт күшеюі.

    Ортнер симптомы – қолбасының ішкі жиегімен оң қабырғалық доғаға жай соққылағанда ауырсыну.

    Мюсси нүктесіне (төс-емізіктəрізді бұлшықет аяқшаларының теріге проекцияларының арасында орналасқан) басқанда ауырсыну.

    Щеткин-Блюмберг жергілікті симптомы.
    Емі:

    Дəрі-дəрмектік емес ем: төтестік тəртіп, №5 емдім, тағам мəзірінен ащы-тұщы, жануартектес майлар шектеледі, науқас тағамды күніне 5-6 рет кішкентай мөлшерде қабылдайды, минералдық сулар тағайындалады.

    Дəрі-дəрмекті ем:

    Консервативтік – «суық, аш қарын жəне тыныштық».

    Спазмолитиктер.

    Интоксикацияны жою жəне су-электролиттік əрі энергетикалық жетіспеушілікті қалпына келтіру үшін инфузиялық терапия.

    Антибактериалдық терапияның түрлері:

    1. Ципрофлоксацин ішке 500-750 мг күніне 2 рет, 10 күн бойы.

    2. Доксициклин ішке немесе т/і тамшылатып. 1-нші күні 200 мг/тəул., əрі қарай науқас жағдайының ауырлығына қарай 100-200 мг тəулігіне. Препаратты 2 аптаға дейін қабылдайды.

    3. Цефтазидим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2 г.
    2.КӨК ТАМЫРҒА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

    1. Алда болатын емшара туралы қажетті ақпараттарды науқасқа хабарлау

    1. Амандасу, ӛзін таныстыру;

    2. Вербалдық және вербалдық емес (ишарат, мимика, жанасу, кӛзбен қатынас) әдістерді қолдану арқылы науқаспен ӛзара сенімді қатынас орнату;

    3. Емшараны ӛткізу үшін тұлғааралық қашықтық – тұлғалық (45-120 см);

    4. Емшараны ӛткізу жолдарын науқасқа түсіндіру, науқастың келісімін алу;

    5. Қарсы кӛрсетілімдердің болмауына кӛз жеткізу (тері тұтасығының бұзылуы, патологиялық элементтердің болуы, санасының бұзылуы);

    6. Манипуляцияларды ӛткізу үшін ыңғайлы қалыпта болуды ұсыну (препаратты енгізу техникасына байланысты);

    7. Науқастың ақпараттанған келісімін алу.




    1. Емшара ӛткізуге қолды дайындау (қолды антисептиктерді қолдану арқылы ӛңдеу, қолғап кию)

    1. Қолды ағынды сумен жуу (30 сек-1 мин). Қолды жуу техникасы:

     Қолды сулау және дозатор кӛмегімен сұйық сабынды тамызу;

     Қолдың екі жағын, саусақтар арасын, қолдың ӛзін сабындау;

     Сабынды жуып тастау және бір рет қолданылатын қағаз сүрткішпен кептіру;

    1. Дозатор кӛмегімен қолдарды дезинфекциялық ерітінділермен ӛңдеу;

    2. Стерильді медициналық қолғап кию.

    3.Дәрілік препараттарды тексеру.

    1. Дәрігер тағайындауына сәйкестігін;

    2. Препараттың атауын

    3. Жарамдылық мерзімін

    4. Флаконның/қораптың/ампуланың тұтастығын;

    5. Консистенциясының, түсінің, тұнбасының, қоспаларының осы дәріге сәйкес келуін;


    4.Инъекция үшін шприцті жинау.  Шприц қаптамасының тұтастығын тексеру (қорапты қысып және босату арқылы);

     Қаптаманы ашу және шприцті поршень ұстағышы жағынан шығару;

     Шприцтің бұрышасты конусына иненің қалыңдаған ұшын (канюля) жалғау және бекіту.

     Иненің ӛткізгіштігін тексеру (ауаны сору және шығару) және стерильді ыдысқа салу.
    5.Ампулалар дайындау

    1. Ампуланы шайқау;

    2. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен ӛңдеу;

    3. Ампуланың мойын қылтасын кесу;

    4. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен қайта ӛңдеу (үгінділерді алып тастау үшін);

    5. Кесілген сызық бойынша сындыру.


    6.Шприцте дәрілік препарат ерітіндісін дайындау

    1. Ампуладан шприцке дәрілік препараттың қажетті мӛлшерін тартып алыңыз; Шприцтегі дәрілік препараттың мӛлшері тағайындау қағазына сәйкес болуы тиіс.

    2. Инені ауыстыру (қолданылған инені тастау, инъекцияға арналған басқа стерильді инені салу);

    3. Ауа кӛпіршігін шығару, иненің ӛткізгіштігіне кӛз жеткізу (инесін кӛздің деңгейінде жоғары ұстау арқылы шприцті тігінен ұстау, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні поршеньді басып тұрып шығару), әрі қарай шприцті қаптаманың ішіне немесе стерильді ыдысқа салу.


    7.Инъекция орнын анықтау және қолғапты, инъекция орнын ӛңдеу.

    1. Инъекция орнын таңдау:

    В) Кӛктамыр ішіне (к/і) – шынтақ бүгілуіндегі/білезік/қол басындағы анағұрлым толымды беткейлі кӛктамырлар

    1. Қолғапты тері антисептиктерімен ӛңдеу;

    3.к/і үшін – иықтың ортаңғы үштен біріне жгут салу, оның бос ұштары жоғарыға, ілмектері тӛменге қарауы керек; кәріжілік артериясынан пульсті тексеру; науқасқа бірнеше рет қолды ашып-жұмуын ӛтіну; инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бӛлшегімен ӛңдеу, алдымен инъекция салынатын үлкен аймақты, соысн тікелей инъекция орнын.
    8.Дәрілік препаратты енгізу техникасы к/і үшін:

    1. Бір қолдың бас бармағымен инъекция орнындағы кӛктамырды басу;

    2. Иненің ½ бӛлігін инъекция орнына теріге қатысты 30 градус бұрышпен енгізу;

    3. Иненің тамырда екеніне кӛз жеткізу үшін поршеньді ӛзіне тарту;

    4. Ақырындап жгутты шешу;

    5. Дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.


    9.Емшараны аяқтау.

    1. Инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бӛлшегімен сүрту;

    2.Инъекция орнынан инені жылдам қимылмен шығару;

    3.Инъекция орнына мақта бӛлшегін теріден алмай тұрып жеңіл массаж жасау.

    10. Қолданылған материалдарды қайта ӛңдеу

    Қолданылған материалдарды (мақта бӛлшектері; сүрткіштер; инесімен шприц, иненін қақпағын жаппай, бос ампуланы, ампуланың тар бӛлігінің шыны үгінділерін, ашылған бір реттік пакетті, қолғапты) емшараны орындаудың барлық кезеңінде қауіпсіз қайта ӛңдеу контейнеріне тастайды.

    3.Науқас К., 60 жаста, стационардың қабылдау бөліміне жедел түрде әкелінді. Іштің сол жақ бөлігі толғақ тәрізді ауырып және күшейе түскен соң үш рет тоқыраулы құрамды құсқан, желі шықпаған, 10-12 сағат бұрын ауырған. Бұрын мұндай аурулар болмаған, бірақ соңғы жылдар ішінде іш қату пайда болған. Дәрет жүргізетін дәрілер ішкен. Амбулаторлы тексерілмеген. Объективті: терісі физиологиялық түсті, тілі ақ жамылған, ылғалды. Пульсі минутына 98, ырғақты. Өкпеде демі бос, сырыл жоқ. Іші бірқалыпты кепкен, демалуға қатысады. Пальпацияда жұмсақ, төменгі бөлікке қарай жайылған ауырсыну білінеді. Перкуторлы тоқ ішек жолында тимпанит, перистальтика естіледі, әлсіз, «шалпылдың шуы» анықталады.

    1. Жедел ішек өтімсіздігі. Сол қанаттың немесе ректосигмоидті ішектің обтурациясы. 2. Құрсақ қуысы органдарының рентгенографиясы, м.ғ.к. 3. Дифференциалды диагностиканы созылмалы атоникалық колитпен, копростазбен, тоқ ішектің псевдо-обструкциясымен, мегалоколондардың әртүрлі формаларымен, sigma volvulus, жүргізу керек.
    Билет-6

    1. Көмейдің тарылуы:этиология,клиника,диагностика,емі.

    Көмей тарылуы –дыбыс саңылауы арқылы тез немесе біртіндеп үдемелі түрде ауа өтуінің қиындауына алып келетін көмей саңылауының тарылуы.

    Этиологиясы: 1) көмейдегі жергілікті қабыну процесстері – көмейдің ісінуі, ангинасы, іріңді процесстер. 2) Көмейдегі жергілікті қабынусыз процесстер – әртүрлі жарақаттар (химияық, термиялық,механикалық) бөгде денелер, аллергиялық ісінулер.3)көмей хондроперихондриті
    Клиникасы; тарылу дәрежесіне байл, шулы,зорланып тыныс алу п.б. науқаста қорқыныш сезімі, тершеңдік, беттің қызаруы басталады, журек жіне буйрек кызметі бузылады. Инспираторлык демыкпе п.б яғни ңшке тыныс алуы киындайды. Комей стенозының клиникалық көрінісін тек дауыс саңылауының ені ғана арқылы анықтайды.

    Клиникасына байланысты 4 кезенды ажыратады. 1 – компенсаторлык, 2 – субкомпенсация, 3 – декомпенсаторлык, 4 – асфиксия кезеңі.

    Негізгі диагностикалық жоспары:

    1. Анализ жинағы жəне жалпы терапиялық шағым.

    2. Жалпы терапиялық визуалды қарау.

    3. Тыныс жиілігін тексеру, өкпе аускультациясы.

    4. ҚҚ (АД), пульсті тексеру.

    5. Қосымша зерттеу заттарымен (свет, шпотель, айна) жоғары тыныс жолдарын қарау.

    Қосымша диагностикалық жоспар:

    1. Қанның газдың құрамын тексеру.

    2. Реаниматолог кеңесі.
    Емі; тудыру себептерын анықтау, консервативтик немесе хирургиялык ем болады. Консевативтык ем комей стенозынын 1 – 2 кезеіынде қолданылады. Стенозбен курес; 1 – ыстык аяк ваннасы, 2 – балтырга кыша кою, тіндердің ісінуді қайтаратын зәр айдайтын заттар, тамыр өткізгштігін төмендететін дәрілер. Хир,ем:жедел трахеостомия және коникотомия. Коникотомия – тыныс жолын сакина тәрізді шемыршектің шетімен байланыстыратын сүйір байламды тіліп жібіріп ашу.


    1. ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

    1.Алда болатын емшара туралы қажетті ақпараттарды науқасқа хабарлау

    1. Амандасу, ӛзін таныстыру;

    2. Вербалдық және вербалдық емес (ишарат, мимика, жанасу, кӛзбен қатынас) әдістерді қолдану арқылы науқаспен ӛзара сенімді қатынас орнату;

    3. Емшараны ӛткізу үшін тұлғааралық қашықтық – тұлғалық (45-120 см);

    4. Емшараны ӛткізу жолдарын науқасқа түсіндіру, науқастың келісімін алу;

    5. Қарсы кӛрсетілімдердің болмауына кӛз жеткізу (тері тұтасығының бұзылуы, патологиялық элементтердің болуы, санасының бұзылуы);

    6. Манипуляцияларды ӛткізу үшін ыңғайлы қалыпта болуды ұсыну (препаратты енгізу техникасына байланысты);

    7. Науқастың ақпараттанған келісімін алу.


    2.Емшара ӛткізуге қолды дайындау (қолды антисептиктерді қолдану арқылы ӛңдеу, қолғап кию)

    1. Қолды ағынды сумен жуу (30 сек-1 мин). Қолды жуу техникасы:

     Қолды сулау және дозатор кӛмегімен сұйық сабынды тамызу;

     Қолдың екі жағын, саусақтар арасын, қолдың ӛзін сабындау;

     Сабынды жуып тастау және бір рет қолданылатын қағаз сүрткішпен кептіру;

    2.Дозатор кӛмегімен қолдарды дезинфекциялық ерітінділермен ӛңдеу;

    3.Стерильді медициналық қолғап кию.
    3.Дәрілік препараттарды тексеру.

    1. Дәрігер тағайындауына сәйкестігін;

    2. Препараттың атауын

    3. Жарамдылық мерзімін

    4. Флаконның/қораптың/ампуланың тұтастығын;

    5. Консистенциясының, түсінің, тұнбасының, қоспаларының осы дәріге сәйкес келуін;


    4.Инъекция үшін шприцті жинау.

     Шприц қаптамасының тұтастығын тексеру (қорапты қысып және босату арқылы);

     Қаптаманы ашу және шприцті поршень ұстағышы жағынан шығару;

     Шприцтің бұрышасты конусына иненің қалыңдаған ұшын (канюля) жалғау және бекіту.

     Иненің ӛткізгіштігін тексеру (ауаны сору және шығару) және стерильді ыдысқа салу.
    5.Ампулалар дайындау

    1. Ампуланы шайқау;

    2. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен ӛңдеу;

    3. Ампуланың мойын қылтасын кесу;

    4. Ампуланы 70% этил спиртіне малынған мақта бӛлшегімен қайта ӛңдеу (үгінділерді алып тастау үшін);

    5. Кесілген сызық бойынша сындыру.


    6.Шприцте дәрілік препарат ерітіндісін дайындау

    1. Ампуладан шприцке дәрілік препараттың қажетті мӛлшерін тартып алыңыз; Шприцтегі дәрілік препараттың мӛлшері тағайындау қағазына сәйкес болуы тиіс.

    2. Инені ауыстыру (қолданылған инені тастау, инъекцияға арналған басқа стерильді инені салу);

    3. Ауа кӛпіршігін шығару, иненің ӛткізгіштігіне кӛз жеткізу (инесін кӛздің деңгейінде жоғары ұстау арқылы шприцті тігінен ұстау, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні поршеньді басып тұрып шығару), әрі қарай шприцті қаптаманың ішіне немесе стерильді ыдысқа салу.


    7.Инъекция орнын анықтау және қолғапты, инъекция орнын ӛңдеу.

      1. Инъекция орнын таңдау:

    Б) Теріастына (т/а) – жауырын асты аймағы/құрсақтың алдыңғы-бүйір беткей

      1. Қолғапты тері антисептиктерімен ӛңдеу;

      2. А) т/а, б/і үшін – тері антисептигіне малынған мақта бӛлшегімен ӛңдеу, алдымен инъекция салынатын үлкен аймақты, сосын тікелей инъекция орнын.




    1. Дәрілік препаратты енгізу техникасы

    т/а үшін:

    1. Инъекция орнындағы терінің негізін тӛмен ұстай отырып теріні үшбұрыш түрінде қатпарлап жинау;

    2. Инені 45 градус бұрышта теріастына жылдам енгізу;

    3. Дәрілік препаратты поршеньді баса отырып баяу енгізу.

    9.Емшараны аяқтау.

    1. Инъекция орнын тері антисептигіне малынған мақта бӛлшегімен сүрту;

    1. Инъекция орнынан инені жылдам қимылмен шығару;

    2. Инъекция орнына мақта бӛлшегін теріден алмай тұрып жеңіл массаж жасау.

    10.Қолданылған материалдарды қайта ӛңдеу

    Қолданылған материалдарды (мақта бӛлшектері; сүрткіштер; инесімен шприц, иненін қақпағын жаппай, бос ампуланы, ампуланың тар бӛлігінің шыны үгінділерін, ашылған бір реттік пакетті, қолғапты) емшараны орындаудың барлық кезеңінде қауіпсіз қайта ӛңдеу контейнеріне тастайды.

    1. 68 жастағы, науқаста созылмалы калькулезді холецистпен ауыратын, диетада өзгеріс болғаннан кейін іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен арқаға қарай жайылған ауырсыну, бірнеше рет өтпен құсу, 37,6 гипертермия, қалтырау пайда болды Тәуліктен соң терінің сарғаюы пайда болып, ішінің ауруы сақталған. Объективті: Жағдайы орташа. Терісі және аққабағы сарғайған. Пульсі минутына 90. ҚҚ сын.бағ.мм. 120/80. Тілі ылғалды, сары қақ жамылған. Іші кепкен, жұмсақ, эпигастрияда ауырсынады. УДЗ: өт қабының пішіні 73х20см өзгерген, қабырғалары тығыздалған, қуыста 8см дейін көптеген конкременттер. Жалпы өт жолының тесігінде 1х3 см тас бар. Болжам диагноз?

    Жедел калькулезді холецистит. Механикалық сарғаю (холедохолитиаз)

    Билет-7

    1. Трахеотомия туралы түсінік. Коникотомия.

    ТРАХЕОТОМИЯ – кеңірдекті кесіп, оның қуысына арнайы түтік орналастыру.Адамның көмекші немесе кеңірдектен жоғары тыныс жолы зақымданып дем ала алмайтын болса кеңірдекті тесу арқылы тыныстандырады. Операцияға ең жиі кездесетін көрсеткіштер:

    • мойын мен трахеяның зақымдануы (кейде төменгі жақ бұлшық еттерімен, үлкен жарақаттар салдарынан тілдің кері кетуіне және асфиксияға жол бермейді.

    • қабыну процестеріне байланысты көмей мен трахея стенозы(дифтерия,туберкулез,химиялық заттардың әсерінен ісінулер және ісіктер).

    • көмейдегі және трахеядағы бөгде заттар. Коникотомия – жұтқыншақтың екі шеміршегі:қалқанша безі және крикоид арасында орналасқан байламды тілу арқылы жасалатын хирургиялық операция. Коникотомия жасауға көрсеткіштер 1.Тыныс алудың қиындауы болған жағдайда 2.Науқас ысқырықты шуылмен тыныс алатын болса 3.Трахеостомияны жүзеге асырудың уақыты мен жағдайлары болмаса 4.Коникотомия ересектер мен 8 жастан асқан балаларға жасауға болады

    1. Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу




    Қадам

    Әрекет алгоритмі

    1

    Емшара маңызын түсіндіру, келісімін алу

    Манипуляцияны өткізу мақсаты мен емшараны түсіндіру, науқастың келісімін алу (алып келушінің, ата-анасының немесе қамқоршысыың)

    2

    Жарақаттың сипатын (status localis) бағалау

    Жарақаттың орналасуын, сипаты мен өлшемін, ластану дәрежесін, мүмкін болатын асқынулардың болуын (қан кету, төменде жатқан құрылымдардың

    зақымдануы) анықтау

    3

    Қолды өңдеу. Стерильді қолғап кию. Қажетті құрал- саймандарды

    дайындау.

    Қолды жуу және кептіру. Асептика ережелерін сақтай отырып қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу. Қолды қайталап кептіру.

    Стерильділік ережесін бұзбай стерильді қолғап кию. Емшараны өткізу үшін қажетті құрал-саймандарды дайындау.

    4

    Жарақаттың

    айналасындағы теріні өңдеу

    Жарақаттың айналасындағы теріні 70% спирт ерітіндісіне малынған стерильді мақта бөлшегі бар пинцетпен өңдеу. Өңдеуді ортасынан шетіне қарай үш рет жасайды, әр ретте стерильді мақта бөлшектерін

    ауыстырып отырады.

    5

    Бөтен денелерді алып тастау

    Пинцетпен бөтен денелерді (шыны сынықтары, мата, шөп т.б.) алып тастау

    6

    Жарақат беткейін тазалау

    Жарақатты антисептик ерітіндісіне (3% сутегі тотығы ерітіндісі) малынған стерильді дәкелік бөлшектермен суландыру, жарақат толығымен тазарғанға дейін қайталау. Асқынуларды (қан кету, аурулық синдром, жарақат беткейінің қосымша зақымдануы) болдырмау үшін жарақатқа шектен тыс әсер етпеу. Жарақат айналасындағы теріні кептіру, жарақаттың жиегін 5% йод ерітіндісімен (бетадин) өңдеу.

    Жарақатты бақылауды өткізу: жарақаттың

    жиектерінің жағдайын, қан кетудің болмауын, тазалығын бағалау.

    7

    Жарақатты стерильді дәкелік сүрткішпен жабу

    Жарақатқа жиектерін толығымен жауып тұратындай етіп стерильді дәкелі сүрткішті жабу. Үстіне қосымша тағы екі стерильді дәкелі сүрткішті қосу.

    8

    Бинтпен таңғыш салу

    Дәкелі сүрткіштерді бинттік таңғышпен бекіту қажет. Бұл үшін бетпен бинттейтін беткейге қарай орналасу қажет. Дененің бинттелетін бөлігін орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

    Бинтті бір қолда ұстау керек, басын екінші қолына ұстайды, нәтижеде ашылатын жағы жоғарыға қарауы

    тиіс.







    Бинттеуді екі циркулярлық бекітуші айналымнан бастайды. Бинтті бір бағытта ашады, бинттің әрбір айналымы алдыңғысының жартысын немесе оның

    енінің үштен екісін жауып тұруы қажет.

    9

    Таңғышты бекіту

    Бинттеуді аяқтаған соң бинтті енінен, сосын ұзына бойынан кеседі, осылайша жеткілікті ұзындықтағы таңғыш жасалады. Бинтті таңғышты сау жағындағы анағұрлым тар жерге бекітеді. Науқасқа емшараның аяқталғанын және таңғышқа қарау ережелерін сақтау қажеттілігі айтылады (сулауға, өзі ауыстыруға

    болмайды, шағымы пайда болғанда медициналық қызметкерге жедел түрде қаралу керек)

    10

    Қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды

    ыдысқа салу

    Әр кезде қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салыңыз (дезинфекцияға арналған ыдыс). Емшараны аяқтағаннан кейін бақылау өткізіңіз.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта