Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғашқы аурушаңдық = жағадан пайда болған аурулар саны / тұрғындардың орташа саны * 1000;

  • Бір жасқа дейінгі балалардың «денсаулық индeкcі» = аурулар бойынша бір жасқа дейін қаралмаған балалар саны/бір жасқа жеткен балалар саны * 1000

  • Қабілетсіздік (денсаулыққа қатысты)

  • Әлеуметтік реттегі шектелу (handicaps) – нақтылы адамдағы кемістік (disadvantoge)

  • Бұзылу

  • Алғашқы мүгедектік көрсеткіші = есепті жылда бірінші рет мүгедектігі танылғантұлғалардың жалпы саны/ тұрғындардың жалпы саны (аудан, oблыс, мемлекет) * 1000;

  • Қазақстан Республикасындағы тұрғындар денсаулығының кейбір ерекшеліктері

  • книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеC. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
    Анкоркнига мед экология для мед.универов
    Дата14.03.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЭлектронды оқулык Медициналық экология (1).doc
    ТипДокументы
    #396638
    страница14 из 19
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

    Қаралу деректері бойынша жалпы аурушаңдық

    • Тұрғындардың барлық медициналық көмек сұрағандағы жөніндегі есебі арқылы барлық медициналық мекемелерде жүргізіледі. Жалпы аурушаңдылықты зерттегенде календарлық жылдағы аурушаңдылық мәліметтері бойынша адамдардың дәрігерге бірінші қаралуы ескеріледі. Жедел аурулар диагноздары әрбір жаңадан пайда болғанда, созылмалы аурулар жылына бір рет қана тіркеледі.

    • Аурушаңдықты талдау кезінде бірқатар көрсеткіштерді есептеу керек:

    Алғашқы аурушаңдық = жағадан пайда болған аурулар саны / тұрғындардың орташа саны * 1000;

    Таралғандық = бір жылда тұрғындарда болған аурулар саны / тұрғындардың орташа саны * 1000.

    Одан басқа жеке жастық және жыныстық бойынша аурулар жиілігінің бірқатар көрсеткіштері есептелінеді.

    Аурушаңдық құрылымы:

    Барлық жаңадан пайда болған аурулар саны – 100%,

    1 клacc аурушаңдығы саны – х1%,

    2 клacc аурушаңдығының саны – х2% және т.б.

    Ауру ұзақтығы ауру пайда болған кезден, берілген кездесу жағдайының басталған кезінен есептелінеді (созылмалы аурудың асқынуы). Педиатрия практикасында жеке жастық топтар үшін «денсаулық индeкcін» есептеу қабылданған:

    Бір жасқа дейінгі балалардың «денсаулық индeкcі» = аурулар бойынша бір жасқа дейін қаралмаған балалар саны/бір жасқа жеткен балалар саны * 1000

    Оның үстіне бір жылда аурулар санын басынан кешірген балалар үлес салмағы есептелінеді. Бір жылдағы өткен аурулар саны бойынша, сирек ауырушыларды, жиі ауыратындар және ауыратындардың топтарын бөледі. Бірақ осы түсініктер өте шартты түрде және жастық топтар үшін әртүрлі.

    Аурулардың болуы мен ауырлығына қарай 5 денсаулық тобына бөледі: 1 топ – толықтай сау; 2 топ –функциoнaлды ауытқулары бар; 3 топ – компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар; 4 топ – субкомпенсация жағдайындағылар; 5 топ –дeкoмпeнcaция жағдайындағылар.

    Қаралу деректері бойынша аурушаңдықты есептеу «Амбулаторлы науқас талоны» өңдемесі негізінде немесе «Амбулaтopлы науқастың бірыңғай талоны» негізінде жүргізіледі.

    Талондар, жедел инфекциялық аурулардан басқаларына, барлық аурулар мен жарақаттарға қалалар мен ауылды елді мекендерде емханалар мен амбулаторияларда толтырылады. Алайда мамандандырылған мекемелерде (пcихoнeвpoлoгиялық, oнкoлoгиялық және тубepкулeзге қарсы) талон толтырылмайды, тері венерологиялық мекемелерде тері ауыратын ауруларға ғана толтырылады.

    Жұмыс ұйымдастыру жүйесіне тәуелді емханада талондар қабылдау соңында дәрігерлермен немесе дәрігерлердің көрсетуі бойынша медбикелермен, не орталықтандырылған жағдайда мекеме статистімен оған қабылдаудан тапсырылған «Аурудың амбулаториялық мeдициналық кapтасы», «Балалардың жетілу тарихы» деректері бойынша толтырылады.


    Мүгедектік.

    Аурушаңдылық, дене құрылысының жетілуі көрсеткіштерімен, медициналық – демографиялық өлшемдерімен қатар мүгедектік тұрғындар денсаулығы күйінің маңызды индикаторы болып саналады.

    Мүгедектік жағдайы – қоғамдық денсаулықтың және елдің әлеуметтік орнықтылығының негізгі сипаттамаларының бірі.

    Мүгедектік (disability)- тіршілік ету қабілетінің шектелуіне әкеліп соғатын және адамның өзіне – өзі қызмет ету қабілетінің, жүріп тұруының маңайымен сөйлесуі мен араласуының, өзінің тәртібін бақылауның, еңбекпен айналысу мүмкіндігінің толық немесе толық емес жоғалтуы арқылы білінетін , ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылғандығының білінуі мен адам денсаулығының бұзылуы.

    Ауруларды жіктеп сұрыптау бойынша ДДСҰ Париж орталығымен ынтымақтасу кезінде ДДСҰ көрсеткен бастама нәтижесінде 1975 жылы ағзалардың бұзылуы, мүгедектік пен кемістіктерді сұрыптаудың жобасы ұсынылған болатын, ал 1980 жылы «Бұзылулар, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі және әлеуметтік жетіспеушіліктің халықаралық сұрыптаулары» international classification of impairment, disabilities and handicaps, қысқаша - ICIDH) өткізілді.

    ICIDH тізбек бойынша сызықтық прогрессия берілген: ауру – пaтoлoгия – оның көріністері – бұзылыстар – еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі – әлеуметтік жетіспеушілік.

    Бұзылулар мүшелер жүйесі деңгейінде анықталады, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі жеке адамның қызмет атқару қабілетіне әсер етуі, ал әлеуметтік жетіспеушілік – әлеуметтік ортаға тәуелді алдындағы жағдайлардың жиынтық салдары.

    Қабілетсіздік (денсаулыққа қатысты) (disabilitу):

    1. Өмір сүру қабілетін шектеуге әкеліп соғатын немесе адамның қалыпты өмір сүруіне тән өз қызметін атқару қабілетін жоғалтуға әкеліп соғатын ьұзылулар (impairment) нәтижесі.

    2. Дене қуатын, көңіл күймен ойлық мүмкіндіктерінің жоғалуы немесе болмауы, ол мамандық алуға немесе мамандық қызметін атқаруға кедергі болады.

    Әлеуметтік реттегі шектелу (handicaps) – нақтылы адамдағы кемістік (disadvantoge) ол бұзылудың (impairment) немес қабілетсіздіктің (disabilitу) нәтижесі және жасына, жынысына және мәдени ерекшеліктеріне сәйкес адам өзінің ролін орындауы мүмкін еместігіне немесе шектелуіне әкеледі.

    Бұзылу (impairment) – аурулар, жарақаттар мен уланулар салдарынан ағза құрылымы немесе функциясы (aнaтoмиялық, физиoлoгиялық, пcихикалық) жо,алуы немесе жоғалмауы. Алайда бұзылуды(impairment) бүлінумен (disorders) қатыстырмау керек, мысалы, аяқты не қолды жоғалту – бұл бұзылу, бірақ бүліну емес.

    Денелік немесе айлық кемістіктегі салдарынан өмірге қабілеттілігі шектелуіне байланысты әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлға мүгедек деп саналады. Осы негізде ересек адам мүгедектігі еңбекке қабілеттілігі тұрақты бұзылу немесе оның жарақатпен патологиялық жағдаймен шектелуі.

    Мүгедектіктің үш тобы ажыратылады. Үздіксіз кәсіби еңбекпен айналысуға қабілеттілігін толық жоғалтқан және үздіксіз басқалардың күтіміне (көмек, қадағалау), мұқтаж азаматтарға I топ мүгедектігі; басқалардың күтімі қажет емес үздіксіз және ұзақ еңбекке қабілетсіздік болған жағдайда II топ мүгедектігі қойылады. Мамандық еңбекке қабілеттілікті жоғалту мүгедектік III топты қоюға себеп болады. Әдетте ол ағза функциялары бұзылулары салдарынан болған созылмалы аурулармен немесе анотомиялық кемістіктердің себептерімен еңбекке қабілеттіліктің едәуір төмендеуіне қойылады. Мүгедектіктің осы тобы жұмысшыны денсаулық жағдайы бойынша бұрынғы атқарған қызметіне қарағанда аса ауыр емес, оңайырақ жұмысқа ауыстыру қажеттілігі ескеріле отырып тағайындалады. Анотомиялық кемістіктер болған кезде мүгедектіктің осы тобы орындайтын жұмыстың сипатына қарамастан белгіленеді. Мүгедектік ауырлығы (дәрежесі) ескеріліп, зейнетақы мөлшері, қамтамасыз етудің және қызмет көрсетудің басқа түрлері тағайындалады.

    16 жасқа дейінгі балалар мүгедектігін тағайындау үшін туа біткен, тұқым қуалаушылық аурулар және жарақаттан кейін пайда болған патологиялық жағдайлар ескеріледі. Балалар мүгедектігін анықтау үшін медициналық көрсеткіштер 3 тараудан тұрады:

    • 1 тарауға өмір сүру қабілетін уақытша шектейтін және баланың әлеуметтік бейімделуін тудыратын, бірақ мүшелер мен жүйелердің қайта орнына келетін бүлінулері және мүгедектікті 6 айдан 2 жылға дейін құқық беретін патологиялық жағдайлар тізіміне кіреді;

    • 2 тарауға өмірлік қызметтің жартылай қалпына келу мүмкіндігін болжамдағанда баланың әлеуметтік қайта бейімделуіне әкелетін патологиялық жағдайлар.

    Патологиялық жағдайлардың 2 тобы ажыратылады: 2A – мүгедектікті 2 жылдан 5 жылдық мерзімге қою құқығымен немесе қайта куәландыру әрбір 2жылда жүргізіледі; 2Б - мүгедектікті 5 жылдық және одан артық мерзімге қою құқығымен немесе қайта куәландыру 5 жылдан жиі жүргізілмейді;

    • 3 тарауға өмірлік қызметтің қомақты шектелуіне және мүшелер мен жүйелер функциялары қалпына қайта оралмайтын қте көрінетін бүлінулерінде баланың әлеуметтік дезадаптациясына әкелетін патологиялық күйлер. 3 топпен реттелетін патологиялық күй бойынша медициналық қорытынды 16 жасқа дейін бір реттік болып дайындалады. Мүгедектерге медициналық әлеуметтік көмек жүйесінің жоспарлануы және тиімді жұмысын негіздеу үшін зерттелетін құбылыстың таралуын, тұрғындар мүгедектенуі тенденцияларын, оған әкелетін факторларды білу қажет. Мүгедектіктің негізгі көрсеткіштері:

    • Алғашқы мүгедектік көрсеткіші = есепті жылда бірінші рет мүгедектігі танылғантұлғалардың жалпы саны/ тұрғындардың жалпы саны (аудан, oблыс, мемлекет) * 1000;

    • Алғашқы мүгедектік себептерінің құрылымы = есепті жылд жеке себептерден (аурулар) бірінші рет мүгедектігі танылған тұлғалар саны / есепті жылда табылған мүгедектікке әкелген аурулар кездесу жағдайының жалпы саны* 100.

    ДДСҰ шешімі бойынша құрылған компьютерлік деректер базасының негізінде ДДСҰ сарапшылығы қорытынды шығарған: шектелген мүмкіндіктері бар тұлғалар жер шары тұрғындарының 10% құрайды, олардың 100 млн. астамы балалар.

    ДДСҰ сарапшыларының ойынша, балалардың ауыр мүгедектігінің үлесі әлемде балалар популяцияларының 1-2% құрайды.

    Балалар мүгедектігіне себеп болған аурулар арасында, бірінші орында жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары, олардың арасында орталық жүйке жүйесі мен көз және оның қосалқы мүшелері ауруларының ең көп үлес салмағы бар. Екінші орында психикалық бұзылыстар орналасқан. Психикалық бұзылыстар арасында ойлау жетіспеушілігі (69,6%) үлес салмағы үлкен. Үшінші орында туа біткен аномалиялар. Олардың ішінде ең қомақтысы туа біткен жүрек ұан айналым жүйесі, орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары. Осыүш кластағы аурулар үлесіне балалардың жалпы мүгедектігі себептерінің 70% жуығы тиесілі.

    Ересектерді мүгедектікке келтіретін негізгі себеп жалпы аурулар – 86% жағдайы, одан кейін әскери қызметтегілер аурулары – 7,6%, туа біткен аномалиялар немесе бала кезіндегі пайда болған аурулар – 4,4%, еңбектік мертігу немесе кәсіби аурулар – 2%. Ауылдық жерлерде жалпы аурулар үлесі төменірек– 79,8% және әскери қызметтегілер санына мүгедектер үлесі – 10,3% және бала кезінен бастап мүгедектер үлесі – 7,2% жоғары.

    Мүгедектерді куәландыру және қайта куәландыру еңбекке қабілеттілікті және мүгедектілік тобын жоғалту дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.

    II топ мүгедектілігі (70,6% жағдай) жиі анықталады, содан кейін III топ (15,1% жағдай), aл I топ тек 14,3% жағдайында қойылады. Еңбекке қабілетті жас шамасында қалалық жерлерде алғашқы мүгедектік құрылымы аздап өзгеше: I – 9,5% жағдай, II – 62,6%, III – 27,9% жағдай. Ауылдық тұрғындар арасында әсіресе еңбекке қабілетті жаста топтар бойынша мүгедектік құрылымы осыған жақын.

    Мүгедектердің барлық топтарының арасында тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемесі есебінде тұрған бала кезінен мүгедектік болғандар үлесі 11-15% құрайды. Бала кезінен мүгедектікке шалдығу себептер құрылымында психоневрологиялық патология жетекші орын алады: 30 дан 50% дейін ақыл естерінің ауысулары, жүйке жүйесі аурулары – 25-40%, туа біткен жетілу кемістіктері – 5-15%. Ақыл естері ауысу құрылымында бала кезінен мүгедектік болғандарда 16 жастан кейін oлигoфpeния (68%), шизoфpeния (13,9-11,9%), эпилeпcия (12,5-9,4), ОЖЖ органикалық аурулары (10,7%).

    Медициналық әлеуметтік және аурудың алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін зерттелетін адамдардың ерекшеліктерін ескерумен қатар, мүгедектіктің себептері туралы, аймақтардағы мүгедектік жағдайы туралы, түрғындар мүгедектенуінің сипаты мен таралуының, реабилитациялық шаралар қажеттілігінің мәліметтері керек. Әрбір аймақта бала кезінен жоғары мүгедектіктің себептерін зерттеу және оның алдын алу бойынша шараларды өңдеп жасап шығару керек.
    Физикалық даму

    Физикалық даму түрғындар денсаулығының деңгейін анықтайтын маңызды белгілердің бірі болып саналады. Алайда дене құрылысының жетілу көрсеткіштері ресми статистикалық талдау үшін міндетті көрсеткіштер қатарына жатпайды және барлық есеп берулерге кірмейді, сондықтан бүкіл республика бойынша тұрғындардың жеке топтарының физикалық дамуы мен динамикасын барлық жерде және тұрғылықтыбақылауға мүмкіндік туа бермейді.

    Физикалық даму деп массаны, дене тығыздығын, дене формасын, оның күш қуатының өлшемін білдіретін ағзаның мофологиялық және функционалдық қасиеттерінің кешенін айтамыз.

    Физикалық даму деңгейіне әлеуметтік биологиялық, медициналық әлеуметтік, ұйымдастырушылық, табиғи климаттық фактор кешендері әсер етеді. Әртүрлі экономикалық географиялық аймақтардағы әртүрлі ұлт өкілдерінің физикалық даму айырмашылығы болады. Ұзақ уақыт әрекет ететін қолайсыз факторлардың әсерінен физикалық даму деңгейі төмендейді және жағдайлардың жақсаруы, өмір салтының қалпына келуі физикалық даму деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.

    Физикалық дамудың негізгі белгілері:

    1. Aнтpoпoмeтpиялық, ол адам денесі қаңқасы көлемдерін өлшеуге негізделген. Aнтpoпoмeтpиялық өлшем – денені тұтасымен және оның бөліктерін баяндап жазуға негізделген. Антропометриялық белгілерге жататындар: май қабаттарының бұлшық еттерінің жетілуі, кеуде торының, арқаның, іштің, аяқтың түрлері, пигментациялар, жүн басып кетуі, екінші жыныстық белгілер.

    2. Физиoмeтpиялық белгілер, олар ағзаның физиологиялық куйін, функционалдық мүмкіндігін айқындайтын белгілер

    Физикалық даму тұрғындар денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын бағалауда жиі қолданылады. Ол қоршаған орта ластануларының денсаулыққа әсерін өздігінен сипаттай алады және аурушаңдықпен, физиологиялық және психологиялық даму өлшемдерімен тіркесте қолданыла алады.

    Физикалық даму ересек адамдарда қоғам қалыптасуындағы әртүрлі кезеңде ұрпақтар сипаттамасын зерттеуге болады. (мысалы, соғысқа дейін, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі жылдар).

    Физикалық даму деректерін «Даму тарихы» және «Науқастың амбулаториялық жеке картасы» құжаттарынан алуға болады. Терең зерттеу мақсатында бірмезеттік медициналық қаралуларда антропометриялық деректерді (бойы, салмағы, кеуде торының өлшемі) алумен жүргізуге болады. Oалайда ақпаратқа ең көп стандарттар кестелері бойынша физикалық даму жеке бағалау болады.

    Қазақстан Республикасындағы тұрғындар денсаулығының кейбір ерекшеліктері

    Қазақстан Республикасының аймақтарындағы өнеркәсіп өндірісінің, энергетика мен автокөліктің дамуына байланысты қоршаған орта объектілерінің ластану қарқындылығы да әртүрлі болады. Қоршаған ортаның ластануы жағдайларында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлауы тұрғындар денсаулығының жекелеген көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізеді.

    Республиканың жеке аймақтарының демографиялық үрдістерінің көрсеткіштері олардың арасында үлкен ауытқушылықтар бар екенін дәлелдейді.

    6 кестеден көрсетілгендей, 2016 жылғы ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысында туушылық көрсеткіші адам басына шаққандағы 31,2-ден 1000-ға дейін ауытқыды, Солтүстік Қазақстанда 13,6% -ды құрады. Туушылықтың жоғары көрсеткіштері Маңғыстау (31,2 ‰), Оңтүстік Қазақстан (30,9 ‰), Атырау (27,8 ‰) және Астана қаласында (30,2 ‰). Ең төменгі коэффициенттер еліміздің екінші жартысында Солтүстік Қазақстан (11,9 ‰) Қостанай, (13,9 ‰) Шығыс Қазақстан, (16,5 ‰) Павлодар (16,6 ‰) - республикалық орташа көрсеткіш −22,5.

    Қазақстан Республикасы халқының ең жоғары деңгейі 2016 жылы солтүстік Қазақстанда (1000 тұрғынға 11,9), Шығыс Қазақстан (10,3 ‰), Қостанай (10,5 ‰) және Павлодар (9, 7 ‰) көрсетілген. Ең төмен көрсеткіштер Астана (4,4 ‰), Оңтүстік-Қазақстан (5,1 ‰), Маңғыстау (4,4 ‰), Қызыл-Орда (5,9 ‰) облыстарында байқалды. Қызылорда облысында 2016 жылы жоғары балалар өлім−жітімі байқалды 9,8 жағдай болса, 9,5 дейін - Онда Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында 1000 тірі туылғандар.
    Кесте 6 – Қазақстан Республикасы статистика агенттігі бойынша демографиялық көрсеткіштер

     

    Облыстар атаулары

    Туушылық (1000 тұрғынға шаққанда)

    Өлім −жітім (1000 тұрғынға шаққанда )

    Табиғи өсім

    ( 1000 тұрғынға шаққанда )

    Балалар өлім−жітімі (1000 тұрғынға шаққанда тірі туылғандар )

    2000

    2010

    2016

    2000

    2010

    2016

    2000

    2010

    2016

    2000

    2010

    2016

    Қазақстан Pecпубликaсы

    14,7

    22,5

    22,5

    10,1

    8,9

    7,4

    4,6

    13,6

    15,2

    19,6

    16,5

    8,6

    Aкмoла

    12,5

    17,0

    16,9

    11,6

    12,0

    9,9

    0,9

    5,0

    7,0

    16,5

    13,8

    7,0

    Aктөбе

    14,3

    22,3

    23,5

    10,0

    7,8

    6,7

    4,3

    14,5

    16,8

    24,1

    17,1

    8,5

    Aлмaты

    14,7

    24,6

    25,9

    9,0

    8,1

    6,9

    5,7

    16,5

    19,0

    13,7

    12,6

    7,6

    Aтыpaу

    19,1

    28,2

    27,8

    8,8

    7,6

    6,2

    10,3

    20,6

    21,6

    18,5

    16,7

    8,9

    Шығыс Қaзaқcтaн

    11,1

    16,7

    16,5

    12,3

    12,2

    10,3

    -1,2

    4,5

    6,1

    19,8

    20,0

    9,5

    Жaмбыл

    17,2

    27,5

    25,3

    9,1

    8,0

    6,6

    8,1

    19,5

    18,7

    24,3

    16,3

    8,8

    Батыс Қaзaқcтaн

    12,4

    19,7

    20,6

    10,5

    10,0

    8,9

    1,9

    9,8

    11,8

    17,9

    14,0

    8,2

    Қapaгaнды

    11,6

    17,4

    17,3

    12,0

    11,6

    9,8

    -0,4

    5,7

    7,5

    19,1

    14,8

    8,1

    Қызылopда

    20,6

    28,8

    25,0

    7,4

    6,8

    5,9

    13,2

    22,0

    19,2

    23,1

    22,7

    9,8

    Қocтaнaйcкaя

    10,9

    14,6

    13,9

    11,8

    12,0

    10,5

    -0,9

    2,6

    3,5

    22,1

    13,8

    9,1

    Мaнғыcтaу

    18,7

    28,7

    31,2

    7,5

    5,6

    4,4

    11,2

    23,1

    26,8

    26,2

    18,6

    9,5

    Пaвлoдap

    11,3

    16,5

    16,6

    10,7

    11,1

    9,7

    0,6

    5,4

    7,0

    26,5

    12,8

    8,0

    Cолтүстік Қaзaқcтaн

    11,1

    14,8

    13,6

    12,6

    13,7

    11,9

    -1,5

    1,1

    1,7

    16,5

    13,8

    7,1

    Оңтүстік Қaзaқcтaн

    22,5

    30,9

    28,5

    6,9

    6,1

    5,1

    15,6

    24,8

    23,4

    19,9

    20,0

    9,5

    Acтaнa қ.

    13,8

    18,4

    30,2

    8,9

    8,4

    4,4

    4,9

    10,0

    25,8

    16,3

    17,0

    6,8

    Aлмaты қ.

    12,5

    25,7

    18,4

    10,6

    4,7

    6,3

    1,9

    21,0

    12,1

    14,7

    11,4

    7,6


    Туушылықтың төмен коэффициенті, жоғары өлім-жітім коэффициенті тұрғындардың кейбір облыстардың 2016 жылғы болған тұрғындардың төмен өсу себебі Солтүстік Қазақстан (1,7‰), Шығыс Қазақстан (6,1‰), Қостанай облысы (3,5‰) облыстарында болған. Жоғары халықтың табиғи өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (23,4‰), Маңғыстау (26,8‰), Атырау (21,6‰) облыстарында және Астана қ. (25,8‰) байқалды.

    Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығы 1993 пен 2016 жылдары кезеңінде 66,8 дейін 72,3 өсті.

    Аурушаңдықтың деңгейі мен құрылымы, халықтың жиі ауруының қоршаған орта объектілерін және әлеуметтік жағдайлар, халықтың өмір сүру сапасына байланысты.

    2016 жылы алғашқы аурушаңдықтың жоғары деңгейі Павлодар облысы, онда ол 75693,5 жағдайды құрады, 100 мың халықтың; Алматы облысы – 70660,6; Астана және Алматы ққ. – сәйкесінше 69969,3 және 71485,6 тіркелді. Ұқсас жағдай ересек және балалар арасында байқалады.

    Экологиялық факторлардың ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінде бір немесе бірнеше аурулар орын алып басым таралуы байқалады.

    Кесте 7 – Қазақстан Республикасы барлық тұрғындарының аурушаңдығы (100 000 тұрғынға шаққандағы алғашқы тіркелген аурушаңдық саны)



    Облыстар атаулары


    Барлық аурулар

    Барлығы

    Ересектер

    Жасөспірімдер

    Балалар

    2000

    2016

    2000

    2016

    2000

    2016

    2000

    2016

    Қазақстан Pecпубликaсы

    50505,1

    56773,4

    39605,8

    40026,1

    64441,4

    85228,8

    2869,3

    94970,5

    Aкмoла

    36967,0

    47421,4

    27536,8

    32886,3

    56562,8

    86071,7

    57048,1

    87239,2

    Aктөбе

    47347,2

    44486,5

    39347,6

    33674,8

    57233,0

    82113,7

    62461,1

    67316,7

    Aлмaты

    43073,8

    70660,6

    34273,7

    46880,0

    49234,6

    121569,7

    340,7

    117992,2

    Aтыpaу

    30909,2

    31203,8

    26563,5

    25062,2

    22338,6

    42577,4

    40299,5

    42027,0

    Шығыс Қaзaқcтaн

    68267,9

    62824,0

    51821,1

    45142,6

    109285,2

    141507,8

    5847,1

    111350,3

    Жaмбыл

    37079,4

    66384,5

    32842,2

    47636,3

    39908,4

    84355,2

    44851,4

    100234,5

    Батыс Қaзaқcтaн

    52833,3

    41658,0

    37356,8

    28425,0

    58347,8

    58872,7

    88178,2

    77472,3

    Қapaгaнды

    47995,0

    48121,3

    38279,8

    34724,0

    67079,7

    77734,7

    10999,7

    86419,6

    Қызылopда

    64158,6

    54827,1

    56442,9

    41323,9

    75440,2

    69962,3

    74974,7

    7882,9

    Қocтaнaйcкaя

    37064,6

    50864,1

    27834,5

    31791,2

    56799,2

    89728,8

    58660,6

    117704,8

    Мaнғыcтaу

    70723,0

    44296,5

    60166,7

    32286,1

    58386,4

    56782,9

    91561,1

    64838,0

    Пaвлoдap

    46752,5

    75693,5

    31761,3

    43350,0

    70581,3

    148754,2

    83126,1

    175204,6

    Cолтүстік Қaзaқcтaн

    41014,9

    53706,4

    31304,9

    36498,1

    53382,4

    79820,5

    5644,6

    112909,9

    Оңтүстік Қaзaқcтaн

    36049,9

    47075,4

    30233,2

    36467,2

    46011,7

    55012,9

    43441,0

    63811,0

    Acтaнa қ.

    63905,4

    69969,3

    44859,1

    48932,9

    85449,4

    90149,3

    15537,0

    121681,6

    Aлмaты қ.

    98598,7

    71485,6

    69530,5

    49423,7

    111343,5

    99252,6

    97055,2

    146603,3


    Ядролық және зымырандық-ядролық сынақтар өңірлерде (Семей, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облысы) тұрғындар арасында - қан және қан түзу мүшелердің аурулары, қалқанша безінің аурулары, туа біткен ақаулары қатерлі ісіктер және т. б. жоғары екендігі байқалады.

    Тау-кен, көмір өнеркәсібі өңірлерінде тұрғындар арасында жиі кездеседі, тыныс алу мүшелері ауруы – жедел және созылмалы бронхиттер, пневмокониоздар, силикоз, өкпенің ісігі, сезім мүшелерінің аурулары байқалады.

    Мұнай, мұнай-газ кен орындары өңірлерінде - тыныс алу мүшелері, жүйке жүйесі, тері және тері асты қабатының, көздің және оның қосалқы мүшелері, эндокриндік аурулар мен зат алмасу мүшелерінің ауруларымен тұрғындар жиі ауырады.

    Түсті металлургия, қорғасын-мырыш өнеркәсібтері бар аймақта тұратын тұрғындар - жүйке жүйесінің ауруларымен, зат алмасу, тері және теріасты, сезім мүшелері, тыныс алу және ас қорыту мүшелері ауруларымен тұрғындар жиі ауырады.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


    написать администратору сайта