Главная страница
Навигация по странице:

  • Өлім жітімнің жалпы бір жылда өлгендердің жалпы саны Жалпы коэффициенті = ––––––––––––––––––––– х 1000

  • Қазақстан тұрғындарының өлім−жітім динaмикaсы

  • Тұрғындардың табиғи өсімі.

  • Тұрғындардың табиғи өсімінің көрсеткіші = (туғандар саны – өлгендер саны) / тұрғындардың орташа жылдық саны * 1000.

  • Алдағы өмірдің орташа ұзақтылығы

  • Тұрғындар аурушаңдығы

  • книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеC. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
    Анкоркнига мед экология для мед.универов
    Дата14.03.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЭлектронды оқулык Медициналық экология (1).doc
    ТипДокументы
    #396638
    страница13 из 19
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

    Бір жылда тірі туғандардың жалпы саны


    ––––––––––––––––––––––––––– * 1000

    15-49 жастағы әйелдердің орташа саны



    Бала тууға қабілетті жалпы коэффициетін есептегенде 15 жасқа дейінгі де, 49 жастан кейінгі де аналар туған барлық балалар екеріледі. Туушылықты есептеу үшін демогрфиялық көрсеткіштер қатарындағы есептер бойынша тірі немесе өлі туылғандар, жүктілік мерзімі, уақыты толық жеткен т.б. ескеріледі.

    4 суретте көрсетілгендей Қазақстан Республикасында 1980 мен 2000 жж. Аралығында тұрғындарда туушылық көрсеткіші төмендеген, одан кейінгі жылдары туушылық біршама артқан.


    Сурет 4 - Қазақстан Республикасында туушылық көрсеткішінің динамикасы (1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш)
    Өлім−жітім.

    Кейбір территорияның әлеуметтік, демографиялық және медициналық тұрақтылығын бағалау үшін туушылық көрсеткішін ғана ескеріп қоймай, өлім−жітім көрсеткішін де ескеру керек. Туушылық пен өлім−жітім көрсеткіштерінің өзара әрекеті, бір ұрпақтың келесі ұрпақпен алмасуы тұрғындарды үздіксіз қайта өндірілуін қамтамасыз етеді.

    Өлім−жітім көрсеткіштері өте күрделі демографиялық үрдістерді көрсетеді. Өлім−жітімге көптеген биологиялық, әлеуметтік, медициналық факторла әсер етеді. Солардың ішінде қоршаған орта ластануының әрекетін бөліп шығару және оны анықтау өте қиын. Тұрғындардың өлім жітімінің жалпы көрсеткішін шамалау бағытында ғана, қоршаған ортаның әртүрлі деңгейде ластануымен қалалардағы жас шамасы бойынша стандартталған өлім жітім көрсеткіштерімен салыстырып пайдалануға болады.

    Осындай салыстырмалы зерттеулер үшін, оларды алдын ала жыныс және жасы бойынша стандарттап жүрек қантамыр ауруларының, миокард инфарктісі және әсіресе қатерлі ісіктер өлім жітімінің көрсеткіштерін пайдаланады. Созылмалы, жедел әрекеті де ластаушы заттарды зерттегенде осы көрсеткіштерді қолданады. Жедел әрекеті ластанудың жоғары деңгейлері күндеріндегі өлім жітім санының өзгеруі бойынша, созылмалы әрекеті тқрғындардың әртүрлі тобындағы жылдық көрсеткіштер динамикасы бойынша қарастырылады.

    Бұл әсіресе ластаушылардың канцерогендік әрекетіне қатысты. Осы денсаулық күйінің сипаттамасы тұрғындардың жеткілікті санында (10000 кем емес) қолдану керек.

    Өлім жітімнің алғашқы толық бағалануын өлім жітімнің жалпы көрсеткіші негізінде беруге болады, ол мына үлгіде есептелінеді:
    Өлім жітімнің жалпы бір жылда өлгендердің жалпы саны

    Жалпы коэффициенті = ––––––––––––––––––––– х 1000

    орташа жылдық тұрғындар саны



    Бірақ өлім жітімнің жалпы коэффициенті қандай да бір салыстырулар үшін жарамдылығы аз, өйткені оның шамасы мағыналы дәрежеде тұрғындардың жас құрамының ерекшеліктеріне тәуелді.

    Соңғы жылдары кейбір экономикасы дамыған елдерде өлім жітімнің нақты өсуін нақты куаламайды, ол тұрғындардың жастық құрылымында жасы ұлғайған адамдардың соншалықты үлес салмағының артуын көрсетеді.

    Тұрғындардың жекелеген жастық жыныстық топтарының өлім жітім көрсеткіштерінің өзіндік арнайы есептеулері мен талдаулары бар. Жастық жыныстық өлім жітім көрсеткіштеріне тұрғындардың жастық құрылымы әсер етпейді деуге болады.

    Тұрғындардың жекелеген жастық жыныстық топтарының өлім жітім көрсеткіштері дәлірек болады.

    Сәбилік, перинаталдық және аналық өлім жітім көрсеткіштерініңөзіндік арнайы есептеулері мен талдаулары бар. жастық жыныстық өлім жітім көрсеткіштеріне тұрғындардың жастық құрылымы әсер етпейді деуге болады.

    Заңға сәйкес өлім жітім мемлекеттік мекемелердің азаматтық жағдайы актілері жазбасында қайтыс болған адамның тұратын жері қайтыс болған жері бойынша медициналық мекеменің қорытындысы негізінде қайтыс болған кезінен немесе өлік табылғаннан үш тәуліктен кем емесуақытта тіркелуі тиіс.

    Қазақстан тұрғындарының өлім−жітім динaмикaсы

    Өлім-жітім динамикасы көрсеткендей 80 жылдары төмендеу байқалды, жыл сайын өлім-жітімді төмендету, aл 90-шы жылдардағы бірінші жартысында орын алған жыл сайынғы өсу өлім-жітім 1995 жылы ол 10,2 оқиғаны 1000 тұрғынға құрады. 2005-2007 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы халқының өлім деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады, (5-сурет).

    Сурет 5 - Қазақстан Республикасы түрғындарының өлім−жітімі

    (1000 тұрғынға шаққанда)
    Әйелдермен салыстырғанда ерлерде уланулар мен жарақаттардан 4 есе көп өлімге әкеледі, қатерлі ісіктерден 1,4 есе, тыныс алу мүшелерінің ауруынан көлемі 2,4 есеге, асқорыту жүйелері ауруларынан жалпы көлемінен 1,6 есеге, 5,1 есе жұқпалы және паразиттік ауруларына қатысты. Алайда әйелдердің қан айналым жүйесі ауруларынан 1,2 есе жиі өледі.

    ХХ ғасыр соңында өлім−жітімнің артуы дамыған мемлекеттердің экономикалық сипатында тұрғындардың қартаю үрдісімен байқалады. РФ 90-шы және 2000-ші басында өлімнің артуы әлеуметтік себептермен байланысты. 90-шы жылдарындағы сипаты:

    1. Ерлер еебінен алғанда көп жағдайды көрсеткіш жағдайын қамтамасыз етті.

    2. «Ерлердің аса көп өлім−жітімі».

    3. Келеңсіз жағдайдан өлім−жітім, уланулар мен жарақаттар, өлім мен өзіне қол жұмсау.

    4. Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындарының өлімінің күрт артуы.


    Тұрғындардың табиғи өсімі.

    Тұрғындардың табиғи өсімі жеке – дара қалпында қоғамдағы демографиялық жағдайды кез-келген уақытта дәл көрсете алмайды, өйткені nұрғындардың көбеюінің бір мөлшері туушылық пен өлім – жітімшіліктің әр түрлі көрсеткіштерінде алынуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың табиғи өсімін туушылық пен өлім-жітімшілік қатынастарында ғана бағалау керек:
    Тұрғындардың табиғи өсімінің көрсеткіші = (туғандар саны – өлгендер саны) / тұрғындардың орташа жылдық саны * 1000.

    Тұрғындардың жоғары табиғи өсімін адамдар өлімі аз болған кездегі қолайлы демографиялық құбылыс ретінде бағалауға болады.

    Адамдардың біршама көп туғандағына қарамастан, адамдар көп өлген кездегі жоғарғы өсім халықтың өсуіне қатысты жағдайдың қолайсыз болғандығын сипаттайды.

    Өлім-жітім көбейген кезде өсімінің төмен болуы да демографиялық жағдайдың нашар екендігін сипаттайды. Мұндай демографиялық жағдай әдетте , соғыс кезеңіне, экономикалық дағдарысқа , басқа да қиыншылықтарға тән пайда болады. Табиғи өсімінің азаюын халықтың азаюы деп қабылдаған жөн.

    6 суреттке көрсетілгендей, Қазақстандағы тұрғындардың табиғи өсімі 90-шы жылдары төмендеп, 2000 жылдан бастап өсу байқалады.


    Сурет 6 – Қазақстан Республикасы тұрғындарының табиғи өсімі

    (1000 тұрғынға шаққанда)
    Алдағы өмірдің орташа ұзақтылығы

    Болашақ өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіші қоғамдық денсаулықты бағалау мақсатында пайдаланылатын көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл адамдардың жалпы өлімі мен тұрғындардың табиғи өсуінің көрсеткішіне қарағанда анағұрлым айқын көрсеткіш екендігі рас.

    Алдағы өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіші дегеніміз бүгінгі туған ұрпақтың немесе бір жылғы туған құрдастардың алдағы ғұмырларының болжамды жастарының шамасы. Бұл ретте осы есептеу жүргізілген жылдағы жағдайға сәйкес, олардың қайыс болуының есебі де алынады. Бұл көрсеткіш тұрғындардың өмір сүру қабілеттілігін сипаттайды, ол тұрғындардың жастық құрылымының ерекшеліктеріне тәуелді емес және әртүрлі елдер бойынша деректердің динамикасы мен салыстыруын талдауға жарайды. Болашақ өмірдің орташа ұзақтығын өлгендердің орта жасымен немесе тұрғындардың орташа жасымен шатыстыруға болмайды.

    Кесте 4 – Қазақстан Республикасы тұрғындарының алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)


    Есептелген көрсеткіш аралығы, пepиoды

    Ерлер мен әйелдер

    Ерлер

    Әйелдер

    1964-1965

    71,4

    66,6

    75,4

    1969-1970

    70,1

    64,1

    74,9

    1974-1975

    69,3

    63,8

    74,0

    1979-1980

    67,0

    61,6

    71,9

    1984-1985

    67,7

    62,2

    72,7

    1989-1990

    68,6

    63,8

    73,1

    1993-1994

    66,8

    60,7

    71,1

    1995

    63,7

    58,4

    69,5

    1996

    64,0

    58,5

    70,0

    1997

    64,4

    59,0

    70,2

    1998

    64,4

    59,0

    70,4

    1999

    65,5

    60,3

    71,0

    2000

    65,5

    60,3

    71,0

    2001

    65.6

    60.3

    71.2

    2002

    66.1

    60.8

    71.6

    2003

    65.9

    60.5

    71.5

    2004

    66.14

    60.57

    71.98

    2005

    65.91

    60.3

    71.77

    2006

    66.19

    60.55

    72.03

    2007

    66.38

    60.69

    72.32

    2008

    67.11

    61.91

    72.43

    2009

    68.33

    63.53

    73.15

    2010

    68.45

    63.55

    73.41

    2011

    68.98

    64.16

    73.81

    2012

    69.61

    64.84

    74.33

    2013

    70.45

    65.75

    75.06

    2014

    71.62

    67.12

    75.94

    2015

    71.95

    67.44

    76.44

    2016

    72.3

    68.1

    76.6




    Сурет 7 - Қазақстан Республикасы тұрғындарының алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)



    Сурет 8 - Қазақстан Республикасы ерлер мен әйелдердің алдағы өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)
    Кесте 5 – 2016 жылы Қазақстан Республикасы жекелеген аймақтары туылғаннан бстап өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы (жасы)

    Облыстар атауы

    Ерлер мен әйелдер

    Оның ішінде

    Ерлер

    Әйелдер

    Қазақстан Республикасы

    72,3

    68,1

    76,6

    Aкмoла

    70,8

    66,3

    75,8

    Aктөбе

    72,8

    68,5

    77,4

    Aлмaты

    72,7

    69,0

    76,3

    Aтыpaу

    72,3

    67,3

    76,7

    Шығыс Қазақстан

    71,3

    66,7

    77,2

    Жaмбыл

    71,9

    68,2

    76,0

    Батыс Қазақстан

    71,5

    66,6

    77,1

    Қapaгaнды

    70,9

    66,4

    75,5

    Қызылopда

    72,2

    69,0

    76,3

    Қocтaнaй

    71,5

    67,2

    75,4

    Мaңгыcтaу

    73,8

    69,8

    78,7

    Пaвлoдap

    71,4

    67,1

    76,2

    Cолтүстік Қазақстан

    71,1

    66,6

    76,3

    Оңтүстік Қазақстан

    72,6

    69,3

    76,2

    Acтaнa қаласы

    75,3

    71,5

    78,9

    Г. Aлмaты

    75,9

    71,4

    78,9


    Тұрғындар аурушаңдығы

    Қоршаған орта ластануының халықтың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуде негізгі көрсткіш ретінде көбінесе адамдардың аурушаңдығы пайдаланылады.

    Аурушаңдық - қоршаған орта ластануларының зиянды әрекетіне тұрғындардың неғұрлым өзіне тән, ресми тіркелетін реакциясы . Бұл көрсеткіш қоршаған ортаның зиянды әрекетіне ағза реакциясын дәлірек көрсетеді. Оның тіркейтіні:

    • Жалпы аурушаңдық – әлдебір кезең ішінде белгілі бір аймақтағы халықтың тап болған ауруларының барлығы (жедел және созылмалы)

    • Жұқпалы аурушаңдық - СЭС-ға «Инфекциялық ауру туралы шұғыл хабарлау» бойынша деректер негізінде ең дәл ескерілетін аурулар;

    • Ең маңызды эпидемиялық емес аурушаңдылық (онкологиялық, кардиологиялық, эндокриндік, психикалық аурулар)

    • Еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалту аурушаңдығы , ол «уақытша еңбекке қабілетсіздік парақтарын» талдау негізінде зерттеледі. Оның талдауы өндірісте зиянды факторларға байланысты экономикалық және еңбектік шығындарды анықтау үшін қажет;

    • Госпитилизацияланған аурушаңдылық, ол «стационарлық шыққандар» картасын талдау жолымен зертеледі.

    Қоршаған орта ластануларының тұрғындар денсаулығына әсерін табу үшін бұрын емдеу мекемелеріне белгісіз созылмалы аурулардың құрылымы мен деңгейін анықтаудың ерекше мағынасы бар. Бұл барлық негізгі мамандар мен зертханалардың қатысуымен кешендік медициналық тіркеулер жүргізу жолымен орындалатын өте байыпты жұмыс. Медициналық -тексерулер арқылы – тұрғындарды 7-10% қамту жергілікті ренрезентативті саналады. Қоршаған орта ластануларының әсерін табу бір кезеңдегі ҚО ластанулары мен аурулар кездесу жағдайларын тіркеу бойынша арнаулы мақсаттық зерттеулер жүргізіледі. Тұрғындар мен аумақтарының арнайы тәжірибелік және бақылау (контроль) топтары іріктеліп алынады.

    Ғылыми зерттеудің және денсаулық сақтау мекемелерінің машықтық қызметінің нысаны ретінде өзара байлнысқан түсініктерінің күрделі жүйесін көрсетеді:

    • Аурушаңдылықтың өзі (алғашқы аурушаңдылық , incidence) – жаңа, бұрын еш жерде ескерілмеген және берілген календарлық жылда тұрғындар арасында табылған аурулар жиілігі;

    • Таралғандықтан (аурушаңдық, жиналған аурушаңдылық, prevalence) – берілген календарлық жылда табылған әне бұрынғы жылдары тіркелген, солар бойынша ауру қайтадан білініп, медициналық көмек алған барлық тұрғындар арасындар бар аурулар жиілігі;

    • Қаралғанда табылатын аурулар жиілігі (патологиялық зақымдану ,poinprevalence) бір уақытта медициналық тексеру жүргізу нәтижесінде ескерілетін барлық аурулар және преморбидік фон мен күйлер анықталып қойылған тұрғындар арасындағы патология жиілігі.

    Статистикада аурушаңдылықты былайша бөледі: жалпы аурушаңдылық (қаралу деректері бойынша, медициналық деректер бойынша, өлу себептерін талдау бойынша), жұқпалы аурушаңдылық аса маңызды жұқпалы емес аурулар, госпиатльдық аурушаңдылық, еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту аурушаңдылығы. ДДСҰ (ВОЗ) қандай аурушаңдылық көрсеткіші есептелсе де, ол бірқатар талаптарға сай болу керек: сенімді, объективті, сезімтал, дәл.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


    написать администратору сайта