книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
Скачать 2.3 Mb.
|
Биогеохимиялық шет аймақтар территориясындағы тұрғындар денсаулығы Тіршілік жасау орталарының әртүрлі нысандарында химия заттар жинақталуы адамға тура әсер жасайды. Ол әсер жеке нозологиялық аурулар түрлерінің, туылған даму кемістіктері, тұрғындардың әртүрлі топтарының өлім-жітімінің өсуі, соның ішінде сәбилік өлім-жітім, мүгедектікке алғашқы шығудың өсуі, орташа болашақ өмір үзақтығының қысқаруы. Бірақ олардың деңгейі мен құрылымын табу үшін, терең әлеуметгік-гигиеналық зерттеулер жүргізу қажет және түрғындар денсаулығының жеке көрсеткіштерін табу және анықтау қажет. Бірақ ең қиын мәселе, жеке факторлардың экологиялык тәуекелдігін анықтау, олар жеке аурулар пайда болуының және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Осы факторларды табу биогеохимиялық шет аймақтарда тұрғындар топтарының арасында профилактикалық шараларды мақсатты бағытта жүргізуге мүмкіндік береді. 8. Қазіргі елді мекендердің медициналық экологиялық мәселелері. Тұрғындар денсаулығына әсер етуші факторлар 8.1. Уpбaндалу түсінігі, урбандалу мәселесінің заманауи жағдайы Экономикалық дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының күйі қомақты өзгерді. Ғылыми-техникалык прогресс жағдайларында өнеркәсіп тасқындап өсуде. Бұл жағдай кезегінде урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация калалану латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді. Қазіргі жағдайларда адамның қоршаған орта мен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалык түрғындар саны өсуі зандылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдык байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді. Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамту, өндірістік және әлеуметтік көлік пен байланыс, қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты инфрақұрылымдар дамуына келтіреді. Қазіргі уақытта еліміздің бір қатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыздандырылмаған, кейбір қалалардың ауа бассейіндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың концентрациялары қойылған нормативтерден бірнеше есе артады. Сондықтан адам тіршілік етуіне жайлы (оптимальды) орта туралы мәселе туады. Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалар өсуі адамзат өркениеті дамуының алып тастауға болмайтын бөлігі болады. ХХ ғасырда миллион түрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн.адам), Шанхай (26 млн.адам), Сан-Паулу (22 млн.адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11% дан 1989 жылы 46% ға дейін. Бұрынғы ССРО қарамағында болған біздің Республикада калалық тұрғындар саны 1926 жылы 18,0%, 1940 жылы 33,0%, 1959 жылы 48,0%, 1986 66,0% және 1989 жылы 51,0% құрады. Қазіргі урбанизация біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдык үрдістердің бірі. Бұл өндіруші күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өңдірістік қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи зандылық үрдістері, бүл. түрғындар қайта өндірілуінін жана тәртібіне демографиялық өту, аз балалы жанүяға, төмен туушылыкқа, тұрғындардың жас шамалык жаңа құрылымына өту. Осылайша, урбанизацияны қалалардың сандык өсуінің үрдісі емес, көрсеткіштер құрылымы мен урбанизацияның бағалануын коғамдык ойда зандылықпен өзгеретін, өз дамуында фазасы бар үрдіс ретінде көру керек. Барлық жерлердің урбанизациялануына байланысты қалаларда тұрғындардың шектен тыс орналасуы және қоршаған ортаның ластануы олардың бір катарында үрей тудыруда. Қалалар түрғындарын жақсы сапалы ауыз сумен, тамақпен камтамасыздандыру, қалдықтарды жинау және шығару, қоршаған ортаны, ірі қалаларда, әсіресе өте ірі қалаларда адам тіршілік ететін ортаны қорғау бірінші дәрежелері маңызы бар міндет болады. 8.2 Қазіргі қалаларда тіршілік ету ортасының факторлары Өткен уақыт да осы заманда да қалалар құрылуының анықтаушы факторы экономикалық мәселелер. Бірақ, гигиенистердің ойынша, кала тұрғындарының оптимальдық саны 500 мың құрайды. Соған қарамастан тұрғындары l млн. астам қалалар саны өсуде, сонымен бірге бұл үрдіс сандық өсумен ғана сипатталмайды. Қалалар дамуы, тұтас қоғам сияқты, қоршаған ортаға да, адамның өзіне де антропогенцік әрекеттердің күрт көбеуімен бірге жүреді. Негізінен бұлар өндірістік және көліктік шығарындылар. Қазіргі техника мен технологиялық үрдістер осы теріс әсерді, іс жүзінде жоя алады, бірақ осы шараларды іске асыру орасан экономикалық шығындармен байланысты, оған адамзаттың әзірше мүмкіндігі жоқ. Урбанизация, түрғындар мен адам қызметі шоғырланған салыстырмалы шағын территорияларда ғылыми-техникалық прогресс әсерінен дамиды. Елді мекендер саны әдетте азаяды, бірақ олардың аумағы ұлғаяды. Урбанизация үрдісінің ерекше қарқындылығы ХХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Осылай, 70-жылдар басында экономикалық дамыған елдерде түрғындардың жартысынан артығы қалаларда тұрды. Сонымен бірге өндіргіш күштердің өсуі кала тұрғыңдарыңа амалсыздықтан техногендік әрекеттерін күшейтеді. Қазіргі 4 миллиард адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті, өзінін масштабы бойынша тас дәуірінің 40 миллиард адамының әрекетіне тең. Осы жағдайда әрекеттін негізгі күші қалалардың өз территорияларына және олардың айналасына түседі. Тұрғындар өмірі жағдайларын көп жағынан жақсарта отырып, ірі қалалар табиғи жүйелерді жасандылармен ауыстырып, қоршаған ортаны ластайды, адамға физикалық, химиялық және техникалық жүктемені көбейтеді. Атмосфера, су нысандары, топырак, өсімдіктер, климат та өзгереді. Ғимараттар мен территориялар инсоляциясы 15-30%, ультракүлгін сәулелендіру 50%, бүлтты күндер саны 10% (жазда 30% және қыста 100%) жоғарылайды, түмандар жиілейді. Қала қаншалықты ірірек болса, соншалық өзгерістер айкын болады. Урбанизацияның теріс факторлары өзінің табиғаты бойынша физикалык, химиялық,биологиялық және әлеуметтік болады. Жағдайлардың басым көпшілігінде ортаны ластау көздері қалалардың өзі ішінде болады, бірінші кезекте түрғындарға әрекеті болады. Шығарып тастауға болмайтын, кез келген ірі қалаға тән факторларды ғана қарайық, атап айтқанда автомобиль көлігі мен шуыл (физикалық және химиялық факторлар ауа температурасы, бір бөлмеде көп адам түру, ылғалдылық, ультракүлгін сәулелендіру, көтеретін жүктемелердің жоғары деңгейі). Автотранспорт. Қазіргі қалалардың көпшілігінде Қоршаған орта ластануының негізгі көзі автомобиль көлігі болады. Оның шығаратын, адам үшін улылығы бар газдары 200 ден астам химиялық қосылыстар қүрайды. Бүлар әртүрлі көмірсутектер, азот оксидтері, альдегидтер, иіс газы (CO) және басқалар. Қалалар ауасындағы барлық улы заттардың 70% дейін мөлшері автокөлік есебіне жатады деп саналады. Қалалық шу. Аса өзекті мәселелердің бірі қалалық шу болып табылады, бұл өз кезегінде автокөлік қозғалысы, жалпы көліктермен байланысты шулар. Сондықтан автокөлік тек химиялық фактор ғана емес, физикалық та болып есептеледі (шу). Бұл екі фактор қазіргі кезде тұрғындар ағзасына жағымсыз әсердің басым бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары барлық ғылыми жариялымдарда атмосфера мен шу химиялық факторлардың қосарланған әсеріне арналған. Адам ағзасына шу екі бағытта әсер етеді: арнайы және арнайы емес. Жалпы алғанда шудың арнайы әсері есту мүшелерінің зақымдалуымен көрініс алады. Ұлғайып жатқан қалалық шу жағдайларында есту анализаторының үнемі кернеуі оның тұрады, ол есту шегінің 10-25 ДБА көбеюіне әкеледі, кейінен саңыраулық дамуына келтіреді. Шудың өзіне тән емес әрекетіне жатады: -орталық жүйке жүйесінің реакциясы (тез қажу, жоғарылаған тітіркенушілік, енбек қабілеттілік төмендеуі); -шу көзіне қатысты шаралар; техникалық жағынан аз шулы көлік жасау мүмкін, бірақ өнеркәсіп өңделген конструкциялар бойынша жүздеген мың машиналар жасап шығаруда. Сондықтан жақын болашақта көліктік шудың қомақты азаюы көрінбейді. Шуға аса сезімтал балалар мен ауру адамдар, оларда жүйке мен жүрек қантамыр жүйесі функциялары бұзылады, сауығу тежеледі, стационарда болу уақыты ұзарады. Шудың әсерінен жалпы аурушаңдық пен адамның өмір сүру ұзақтығы қысқарады делінген мәліметтер де бар. Шуға қарсы іс шаралар үш бағытта жүргізіледі: Шу көздеріне байланыст шаралар; Шу таралу жолдарына байланысты шаралар; Шудан қорғау объектілерінде жүргізілетін шаралар. 8.3. Тұрғындар денсаулығыан қала ортасы факторларының әсерін зерттеу Тұрғындардың кейбір ауруларының деңгейіне, құралымына және динамикасына бір қатар биологиялык, экологиялық және әлеуметтік гигиеналық факторлардың әсерін зерттеу мақсатымен математикалық талдау ретінде көпфакторлық логарифмдік модельдермен көптік корреляциялық регрессиялық талдау қолданылды. Ересектерде аурулардың медициналық мекемеге қаралуына әсер ететін себептерді талдауда көпфакторлық логарифмдік сызықтық модельдерді қолдану, аурушандылыктың деңгейі мен жиілігіне тұрмыстық жағдайлар, жанұяның материалдық қалпы, тамақтану тәртібі, жанұя құру жағдайы, мамандығы және кәсіби зияндылықтар болуы қомақты әсер жасайтыны байқалады. Ересек тұрғыңдардың аурулары бойынша қаралу жиілігіне мәні бар көрсеткіштер ішінен тіршілік ету орны және тұру ұзақтығы, жас шамасы, білімі, жанұядағы өзара қатынасы және зиянды әдеттерінің көрсеткіштері болды. 8.4. Ауылды елді мекендердің урбандалуы Осы кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерге де жетті. Соңғы онжылдарда шаруашьшықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі концентрацияланды, ол бір елді мекендердің үлғаюына, басқаларының бос қалуына әкелді. Ауылшаруашьшық өндіріс қайта құрал-жабдықтануы механизацияны кең қолдану, ірі малшаруашьшық кешендер, ауылшаруашылық өнімдерді бастапқы өндеу және ауылшаруашылық техниканы жөндеу өндірістері (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) құрылыстары салынды. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды қолайлы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыздандыру, қатты және сұйық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі, іс жүзінде қалалық өмірге жақындады. 8.5. Ауылдардың экологиялық жағдайын анықтайтын фaктopлар Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді колайлы жабдықтауға жоғары талаптар қойылады. Олардың бастылары территорияны функционалдьдық зоналау және санитарлық гигиеналық нормаларды қатаң түрде орындау. Территорияны дұрыс таңдау және зоналау, сәулеттік негіз бен тұрғын зоналардың функциональды ыңғайлы ұйымдастыруды анықтайтын маңызды факторлар, және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай колайлы жабдықтау. Ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге ауылдың экологиялық жағдайы тәуелді. Осылай, мысалы, ауылдың өндірістік зонасы селитебтік зонаға катысты ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау зонасын сақтаумен жердің рельефі бойынша төмен орналасуы керек. Ауылдық құрылыстың кейбір өзінше ерекшеліктері бар, олар ауылды тазарту күйіне, қолайлы жабдықтауға және гигиеналық жағдайына әсер етуі мүмкін. Ең алдымен құрылыс басым түрде 1-2 қабаттық болуы керек, оның өзі негізінен мекендеген зонаны сумен камдау мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталыктандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс басымды түрде жергілікті күрылыс материалдарын пайдаланумен жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек. Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен реконструкцияларында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыру болады. Ол ауылдық елді мекеннің 40% территориясын жалпы және сирек пайдаланатын зоналар түрінде, және де арнаулы тағайындалған (өнеркәсіп секторының санитарлық-қорғау зонасын және қар токтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек. Осы уақытта, өнімдер өңдіру қажеттілігіне байланысты табиғатта адамнын ауылшаруашылық қазметі туғызатын өзгерістердің үлес салмағы үлғаюда. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлермен, суарылатын алаптармен, жасанды жайылымдармен ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамнын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы кызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, адам экологиялық жүйенін барлық компоненттерше әсер жасауда: топырақка химизация, механизация, мелиорацияны енгізумен агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен; атмосфералық ауаға, ауылшаруашылық өндірісті химизациялау және индустриализациялау есебімен; су қоймаларына, ауылшаруашылық ағынды мөлшерін күрт үлғайту жолымен. Мал шаруашьшығын өнеркәсіптік негізіне көшірумен байланысты ауылды жерде қоршаған ортаны ең қуатты ластау көздері малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері болды. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығы өсуі, онын қалдықтарының аумағы коммунальдық қалдықтар аумағынан әжептеуір артуына әкелді, мысалы, Германияда 5 рет, АҚШ 10 рет. Бір сиыр шығаратын эскременті 16 адам шығарғанға тең, бір шошқаның шығарғаны 2 адамның шығарғанына тең. Тұрғындар орналасуының жоғары тығыздығы бар, шағын территориялы Данияда, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарына эквивалентті, ал Голландияда мал шаруашылы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануымен теңеледі. 100 мың. бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғаны сиякты екендігі есептелініп шығарылған. Қазіргі уақытта, мал және құс шаруашылықтарынын кешендері мен фермалары ауылды жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері болады, ал қуаттылығы мен масштабы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады. Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықгарынан корғау кешендерді тұрғын құрылыстарға қатынасты, таңдау және қалдықтарды өңдеу мен детализациялаудын оптимальдық жүйелерін негіздеуге тиісті нактылы технологиялық шешімдер жүйесімен камтамасыз етіледі. Сұйық жоне қатты қалдықтарды жинаумен шығару механизацияланған түрде тезек қабылдаушы орындарда жиналады. Осылай, ірі қара малдың, мысалы, тезекті кір су ағындарының органикалық және бактериалдық мол ластануы болады. Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, тифпаратифтік инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл малшаруашылық кешендерінің тезекті жуынды ағындыларының эпидемиологиялық қауіптілігін растайды. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м3 дейін) ластанады. Малшаруашылық кешендердің органикалық заттары мен минералдық тұздарының концентрациялары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындылардағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы концентрациялардан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластауыштар болады. 8.6. Ауылдар қоршаған орта объектілерінің ластаушы көздері Топырақ және су көздері ластануына әкелетін жағдайлар мынадай: өнеркәсіптік алаңшалар бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылу; тезек сақтау қоймаларынан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулар жырып өтіп кетуі; жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы; ауылдық территорияны дұрыс жоспарламау. Су қоймасына түскен жуынды судын әсері суда еріген оттегі мөлшерінің күрт азаюымен шіріген иістер пайда болуымен, қарақошқыл түсімен, органикалық заттар ОБҚ және қышқылдануының көбеюімен білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак және органикалық қосылыстар концентрациялары күрт жоғарылайды. Топырақта ішек тобындағы патогендік бактериялар мен сальмонеллездер айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 см және одан да тереңге кіруі мүмкін. Атмосферны газдармен ластанудың негізгі көзі тезек пен саңғырық болады. Газдар экскременттер түсу, тасымалдану, сақтау, өндеу және утилизациялау үрдістерінде шығарылады. Жаңа түскен тезекте түскеннен кейін аэробтық үрдістер дами бастайды: қышқыл ашу жасушадан тыс ферменттер көміртектік кешенді қарапайым канттарға, протеинге және аминоқышқылдарға, майға және майлы қышқылдарға (уксус, май, пропиондық қышқылдары) дейін гидролиздейді. қышқыл ашудың регрессиясы: органикалық қышқылдар ерітетін азоттық косылыстар аммиакқа, көмір қышқыл газына, азотқа, метанға, сутегіге ыдырайды және күкіртті сутегі, индол, скатол. Меркаптан пайда болады. сілтілік ашу: органикалық қышқылдар көмір қышқыл газы метанға ыдырайды. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық үрдістерінің нәтижесінде 27 газтәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутегі, аммиак, көмір кышкыл газы, индол, скатол, меркаптандар. Олар фекалийлерден иістер шығуының себебі болады. Олар жануарларға да, адамдарға да зиянды әрекет жасайды. Олардын жиіркеніш сезімінен басқа да әсері болады: бас ауыру, жүрек айну және үстүрт тыныс алу, қышқылдану үрдістерінің әлсіреуіне, тыныс алу мүшелерінің функциясы бұзылуына, орталық жүйке мен сезім мүшелерінің (иіс сезу) бұзылуына ықпал жасайды. Ауылдық елді мекендердің сумен қамдалуынын қаладан айырмашылығы үлкен. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300=350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 5060 л ғана құрайды. Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар денсаулығын сақтауда судың мағынасы зор. Бұл ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік. Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, тиф-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына себеп болады. Сонымен бірге қалаларда да, ауылдық жерлерде де ауыз судың химиялық құрамы тұрғындар арасында инфекциялық емес таралуына коп жағдайда әсер ететді: тіс жегісі, флюороз, бүйректас ауруы, өт−тас ауруы, созылмалы гастриттер, дерматиттер, остеохондроздар, қан аурулары (метгемоглобинемия), атеросклероз, жүйке жүйелері аурулары. Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химизациялату топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе үлкен масштабта ол ауылшаруашылықта гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минералды тыңайтқыштарды (нитраттар, нитриттер) қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазарты 1 өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге,ауылшаруашылық өнімдерге, жануарлар ағзасына, содан кейін транслокациялық жолмен адам ағзасына, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады. Ауылшаруашылықта қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, түрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі. Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі. Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерге тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам ағзасына түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қондану адамнын жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитритгермен және нитраттармен созылмалы ауыр қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады. 8.7. Ауылдар экологиясына байланысты ауыл тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері Ресми статистикалық деректер бойынша ауылдық тұрғындар денсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғындар көрсеткіштерінен көп жақсырақ. Осылай, мысалы ауылды жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл тұрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары. Қалалық тұрғындардың жалпы аурушандылығы ауылдық тұрғындар аурушандылығынан көп асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушандықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500-1800 кездесу жағдайы болады). Шынында да осылай ма? Осы көрсеткіштер деңгейі не нәрсеге тәуелді? Осы сұрақтар көп себептерге тәуелді және солардың ішінде мыналарға: біріншіден, дәрігерлік кадрлармен тұрғындардың қамтамасыз етілуіне және осымен байланысты диагностика деңгейі мен (ауылда ауруларға диагностика жасайтын кәп мамандар жетіспейді); екіншіден, медициналық көмекке тұрғындардың қолы жетуінде; үшіншіден, тұрғындардың білімділігіне. 9. «Денсаулықтың» заманауи түсінігі. Тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын анықтаушы фaктopлар Денсаулық түсінігі оны бағалау. Денсаулықты анықтаушы факторлар "Денсаулық" түсінігі нені көрсетеді? Қазіргі әдебиетте "денсаулық" атауына 100-ден артық анықтаулар мен түсіндірулар бар. Әдебиетте бар "денсаулық" түсінігін анықтауға бағытталған жолдарды мынадай үлгіде жіктеуге болады. 1) денсаулық аурулар болмауы; 2) денсаулық және норма ұқсас түсінік; 3)денсаулық морфологиялық, психоэмоциональдық және әлеуметтік экономикалық константалар ретінде Академик Ю.Лисицын көрсеткендей, осы жолдардың барлығына тән жалпы ортақтығы, денсаулық ауруға қарсы, аурудан басқа деп түсіндіріледі, былайша айтқанда "денсаулық" түсінігі осы уақытқа дейін “саулық емес" деген түсінік арқылы анықталады және аурулардың, даму кемістігінің, келеңсіз жағдайларының, өлім-жітім деңгейінің тарауларына тәуелді. Осы үлгіде, медицина және оның теориясы патология қоластында қалуда. Осы уакытқа дейін жеке және қоғамдық денсаулықтың өлшемі мен құрамын, сапасы мен санын көрсететін индекстері жоқтың қасы. Осы уақытта бұрыннан келе жатқан патология теориясымен қатар жаңа теория, денсаулық теориясы валеология дамып келеді. Денсаулықты бағалауда 4 денгейге бөлу қабылданған: 1 деңгей − жеке адам денсаулығы; 2 деңгей −aз әлеуметтік немесе этникалық топтардың денсаулығы топтық денсаулық; 3 деңгей −тұрғындар денсаулығы әкімшілік-территориялық бірлік. 4 деңгей −қоғамдық денсаулық тұтасымен қоғамның, популяцияның денсаулығы. Топтық денсаулық тұрғындар денсаулығы, қоғамдық денсаулық сипаттамалар статикада және динамикада бөлек әрбір адамның жеке басынын денсаулығының интегральдық түсінігі ретінде қаралады. Бірақ та оны жай деректер жиынтығы ретінде емес, санды-сапалы көрсеткіштермен көрсетілген, біртұтас өзара байланысты мәліметтер жиынтығы ретінде түсіну керек. Академик В.П. Казначеевтін пікірі бойынша, индивидуумның денсаулық күйін онын оптималдық енбекке қабілетгілігі мен өмірінін максималдық ұзақтығында әлеуметтік белсенділігін психикалық, физиологиялық функциялардың сақталуы мен дамуы үрдістері ретінде анықтауға болады. Осы анықтаманы профессор И.М.Воронцов балаларға қатысты толықтыруға болады деп санайды. Оның пікірінше, бала денсаулығы бұл әлі ұзақтығы бойынша максималды, аурусыз және әлеуметтік өмірінің ұзақтығы денесінің де, интелектуалдық және адамгершілік жетілінуінін де макисмалдык биологиялық детерминацияланған деңгейлеріне ересектік өмір кезеңінде жету және оптималдык дамуға кедергі жасайтын қауіптілік факторлар мен себептер жоқтығы. И.М.Воронцов "денсаулық-ауру" кеңістігінде нозологиядан сырт, әлеуметтік-бағытталған ортақ критерийлер бөліп шығарады. Бұзылулар кез келген өмірлік қызметі маңызды анатомиялық құрылымның, физиологиялық немесе психологиялық функцияның жоғалуы, жеткіліксіздігі, анатомиясы немесе бүлінуі. Өмірлік қызмет шектелуі өзіне-өзі қызмет атқару, жүру, бағытталу, сөйлесу өзінін тәртібін бақылауды іске асыру қабілеттілігінің шектелуімен сипатталатын денсаулық бұзылуы салдарынан адам кызметінің нормадан ауытқуы. Әлеуметтік жетіспеушілік берілген жастағы, жыныстағы, онын әлеуметтік және мәдени орнының ерекшеліктеріндегі адам үшін әдеттегі функцияларды өмірде және қоғамда бұзылулардан немесе өмір қызметінің шектелуінен туылған орындау мүмкіндігінің болмауы немесе төмендеуі, басқаша айтқанда қоғамда тірі қалуға және оның алдында өз парызын орындауға бағытталған "өмірлік бағытталған" реализациясы. Бала мен болашақ ересек денсаулығы генетикалық бағдарламаның оптималдық реализациясының жинағы (нәтижесі). Индивидуалдық денсаулықты бағалау үшін бір қатар шартты көрсеткіштер денсаулық ресурстары, денсаулық потенциалы және денсаулық балансы сияқты терминдер қолданылады. Денсаулық ресурстары – ағзаның моральдық-функционалдық және психологиялық мүмкіндіктері денсаулық балансын оң жақка өзгеруі. Денсаулық ресурстарын жоғарылату салауатты өмір салтының (тамақтану, физикалық дене жүктемелері) барлық шараларымен қамтамасыз етіледі. Денсаулық потенциалы − бұл сырткы факторлар әрекетіне индивидуумның адекватты реакция жасау қабілеттерінің жиынтығы. Реакциялар адекваттығы компенсаторлаық бейімдегіш жүйелердің (жүйке, эндокрин) күйімен және психикалық өзін-өзі реттеу (психологиялық қорғау, автотермалар) механизмімен аныкталады. Денсаулық балансы −денсаулық потенциалы мен оған әрекет ететін факторлар арасыңдағы тепе-тендіктің жақсы көрінген күйі. Балалар денсаулығын индивидуалдық кешендік бағалау мақсаты мен педиатрияда баланы сол не басқа денсаулық тобына жатқызу қабылданған. Әдетте, жедел немесе созылмалы ауруларының барлығына және олардың компенсациялық дәрежесіне тәуелді 5 денсаулық тобын ажыратады. Балалар денсаулығының күйін кешенді бағалау берілген медициналық қарап-тексеру нәтижелерінің есебін беру негізінде және ССРО ДМ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы институты ұсынған 4 негізгі денсаулық критериін талдау жолымен алынады. Оларға аурулардың бөлу болмауы, мүшелер мен жүйелердің функционалдық күйі, ағза резистентгігі, психикалық және физикалық дене жетілуі және гармониялығынын дәрежесі. Көрсетілген критерийлерге сәйкес педиатриялық ғылымда және практикада балалардың денсаулық топтарын аныктайды: I денсаулық тобына дені сау қалыпты физикалық және психикалық жетілген, зағыптықтары жоқ мүшелері бүтін және функциональдық ауытқулары жоқтар жатады. Кариоздық бірнеше тісі болуы, туберкулездік интоксикациясыз он Пирке реакциясы, миндалиналардың І дәрежедегі гипертрофиясы, ІІ дәрежесі қалқан безі функциясы бүзылуынсыз балаларды І топқа жатқызу үшін кедергі бола алмайды. ІІ топқа жататын балалар мен жасөспірімдерде созылмалы аурулары болмайды, бірақ олардың кейбір функционалдық немесе морфологиялық ауытқулары болады: жалпы тоқтау, эндокриндік патологиясыз нашарланған және дене жетілуі, гемоглобиннің төмендеген мөлшері, гипер және гипотониялық вегетативтік лабилдік, невротикалық немесе астениялық реакция, аллергиялық реакция, менструальдық цикл бұзылуы. ІІІ топқа компенсацияланған күйдегі созылмалы аурулармен ауыратын балалар жатады. IV топқа функционалдық мүмкіндіктері төмендеген, субкомпенсациялық күйдегі ауыр созылмалы аурулары бар балалар жатады. V топқа І және ІІ стадияда декомпенсацияланған ауыр созылмалы аурулары бар балалар жатады. Адам денсаулығы әртүрлі аспектілерде қаралуы мүмкін: әлеуметтік-биологиялык, әлеуметтік-саяси, экономикалық, моралдық-эстетикалық, психофизикалық және т.б. Сондықтан казіргі тәжірибеде адам денсаулығын бір қырынан ғана көрсететін терминдер кең қолданыла бастады "психикалық денсаулық", "репродуктивтік денсаулық", "жалпы соматикалық денсаулық". Осы терминдер "денсаулық" деген ұғымды тарылтып көрсетуде. Бірақ медицинада денсаулық пен ауру тарады жалпылама айтуға болмайды. Бұл адамға биологиялық, жануарлық ағза деп қана емес, оған биоәлеуметгік ағза ретінде қарау керек. Қазіргі адамның денсаулығы homo sapiens түрінің онда әлеуметтік факторлар әсері үнемі өмір берген табиғи эволюцияның нәтижесі болады. Олардың рөлі 10 мың жыл өркениет дамуында барлық жағынан өсті. Адам денсаулықты табиғит сыйы ретінде қабылдайды, ол өзінің жануар аталарынан табиғи негізді, осы әлемдегі тәртіп бағларламасын мирас қылған. Бірақ әлеуметтену үрдісінде денсаулық деңгейі бірде бір жағына, келесіде екінші жағына өзгеріп тұрады, табиғат зандары ерекше, қайталанбайтын, адамға ғана тән түрде білінеді. Биологиялық адамда еш уақытга таза табиғи түрінде білінбейді ол әр уақытта әлеуметтіқ арқылы жүреді. Адамда биологиялық пен әлеуметгіктің қатынастары онын денсаулығының, онын ауруларының, биоәлеуметгік категориялар деп аталатын табиғаты мен сипатын түсінудің кілті. Адам денсаулығы мен аурулары, жануарлармен салыстырғанда бұл жаңа, әлеуметгік арқылы болатын сапа. Денсаулық медициналық-әлеуметгік түсіндірілуі үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған нұсқасы: Денсаулық аурулар және дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, дененің, рухтың және әлеуметтік толык аман-есендік күйі. Адамдар денсаулығы әлеуметтік сапа, осыған байланысты қоғамдық денсаулықты бағалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мынадай көрсеткіштері үсынады: Жиынтық ұлттық өнімнен денсаулық сақтауға бөліп беру. Алғашқы медициналық-әлеуметгік көмекке қол жетушілік. Тұрғындарды медициналық көмекпен қамту. Тұрғындардың иммунизациялық деңгейі. Екіқабат әйелдерді мамандандырылған персонал қарап=тексеру дәрежесІ 6. Балалардың тамақтану күйі. 7. Балалар әлім-жітімнің деңгейі. 8. Болашақ өмірдің орташа ұзақтығы. 9. Тұрғындардың гигиеналық білімділігі. Бірақ топтық денсаулықты, түрғындар денсаулығын және қоғамдық денсаулықты медициналық-әлеуметтік зерттеуде мынадай индикаторларды пайдалану қабылданған: 1. Демографиялық көрсеткіштер. 2. Аурушандық және мүгедектік. 3. Физикалық дене дамуы. Біз денсаулықтың әлеуметтік салдарын айтқанда онда өзінің мағынасы бойынша бірінші дәрежелі, ал жиірек әлеуметтік қауіп−қатер факторлардың шешуші әрекеті туралы айтамыз былайша айтқанда, әрекеті компенсаторлық-бейімдеуші механизмдердің бұзылуына әкелетін факторлар және сонымен бірге патология дамуына ықпал жасайтын факторлар. Денсаулықтың әлеуметгік тәуелділігі көптеген медициналық-әлеуметтік зерттеулермен көрсетілген. Мысалы, тосын уақытынан ерте босану бойдақ әйелдерде жұбайы бар әйелдерге қарағанда 4 есе жиі кездеседі; толық емес жанүяда тұратын балалардың пневмониямен аурушандылығы толық жанұядағы балалармен салыстырғанда 4 есе артады. Өкпенің катерлі ісікпен (рак) аурушаңдылығына темекі тарту, алкогольды теріс пайдалану, тұрған мекен әсер етеді. Аурулардың тура себептерінен (вирустар, бактериялар) қауіп−қатер факторлардың айырмашылығы олар басқалар арқылы әрекет жасайды, реттеу механизмдерінің орнықтылығын бұзады, аурулар пайда болуы және дамуы үшін қолайсыз фон жасайды. Осы үлгімен, патологиялық үрдіс дамуы үшін қауіп−қатер фактордан басқа және басқа нақтылы себептік фактор әрекеті керек болады. Оны анықтайтын қоғамдық денсаулық факторларын зерттеуде, оларды мына топтарға біріктіру қабылданған: 1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (еңбек жағдайлары, баспана жағдайлары, материалдық қолайлықтары). 2. Әлеуметтік-биологиялық факторлар (ата-анасының жасы, жынысы, антенаталдық кезең өтуі). 3. Экологиялық және табиғи-климаттық факторлар (тіршілік ортасының ластануы, орташажылдық температура, күн радиациясынын деңгейі). 4. Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (медициналық көмектің деңгейі және ұйымдастырылуы). Денсаулық тәуелділігі шамамен есептелінген: 50% және одан астам жағдайларда өмір салтына, 20-25% сыртқы орта күйіне (ластануына), 20% генетикалық факторларға және 10% денсаулық сақтау ісінің деңгейіне. Бірақ осындай есептелу ересектер үшін әділ. Сәбилер үшін әлеуметтік-биологиялық факторлардың басым әсері болады. Өсе келе әлеуметтік-биологиялық фактор ығысып әлеуметтік-экономикалық факторларға орын береді, жекелегенде өмір салты мен жағдайларына тәуелді. Бірақ факторларды келтірілген топтарға бөлу өте шартты және адам әдетте комплекстік, өзара байланыскан, бір-біріне тәуелді факторлар әрекетіне душар болады. Осылай, мысалы, сәби туғандағы ата-анасының жас шамасы жанұянын материальдық тұрмыстық жағдайларына тәуелді болуы мүмкін, өйткені, әдетте, жанұя туушылықты реттейді. Сондықтан қоғамдық денсаулықты зерттеуде, оларда барынша көп санды факторлар әсері ескерілетін, олардың өзара байланысы мен әрқайсысының рангтық бағалануы ескерілетін комплекстік медициналық-әлеуметтік зерттеулер жүргізу қабылданған. Денсаулық сипаттамасын көрсету үшін жалпы қабылданған көрсеткіштермен (туушылық, өлім-жітім,аурушаңдық, мүгедектік, физикалық дене жетілуі) қатар, ағзаға қоршаған орта ластанулары әсерін зерттеуде, ағзаның функционалдық күйін әртүрлі физиологиялық және биохимиялық өзгерістері бойынша бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің үлкен мағынасы бар. Бұл әзгерістер әлі ауруға келтірілмейді, бірақ ағзаның адаптациялық мүмкіндіктерін азайтады, олар "преморбидтік" күй ұғымына біріктіріледі. Жоспарланатын зерттеулердің мақсаттарына, міндеттері мен көлеміне, факторлар әрекетінің сипатына, деңгейі және ұзақтығына тәуелді денсаулықтың сол не басқа сипаттамалары немесе олардың тіркестері таңдалады. Факторлар әсерінің карқындылығын зерттеуде ең жақсысы "преморбицтік" күйді бағалау енетін денсаулықтың комплекстік сипаттамасы болады. Тұрғындар денсаулығының күйіне қоршаған орта ластануы сонша және өзі ғана әсер етпейді, оған бір қатар биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, климатгық-георгафиялык факторлар мен жағдайлар әсері болады. Түрғындар денсаулығының күйіне қоршаған орта ластануы сонша және өзі ғана әсер етпейді, оған бір қатар биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, климаттық-географиялык факторлар мен жағдайлар әсері болады. Сондықтан қоршаған орта ластануын адам денсаулығына басқа да әрекет жасайтын факторларын ескермей зерттеуге болмайды. Денсаулыққа бір фактор әсерін бөліп шығару қиын және бақылау аудандарын тандау, тұрғындар топтарын таңдап алу, денсаулық сипаттамасын анықтау, бақылау әдістерін, алынған деректерді талдау мен топтау үшін арнаулы әдістемелік жолдар керек. Ересек адамның денсаулығына өмір бойы әсер еткен барлық факторларды ескеру іс жүзінде мүмкін емес. Осы жағдай, осы уақытта қоршаған орта ластануларынын (ең әуелі атмосфера ластануы) денсаулыққа әсерін табысты зерттеулердің көпшілігі балалар коллективтерінде орындалуына әкеледі. Мамандық анамнез жоқтығы, қысқа мерзімде жағдайларды ескеру мүмкіндігі, балалар тобы мен олардың медициналық қызметінің ұйымдастырылғандығы, зиянды әдеттер болмауы (темекі шегу, алкоголь және ұйықтау дәрілерін қабылдау) осының барлығы топтарды таңдау мен қоршаған орта ластықтарының мүмкін қолайсыз әсерін бөліп шығаруды оңайлатады. Қоршаған орта ластануына байланысты балалар денсаулығын зерттеу артықшылығы, жоғары зат алмасудағы өскелең ағзаның, токсикалық қосылыстарды қоса, кез келген қолайсыз факторлар әрекетіне өте сезімталдығына қарай болады. 9.2. Денсаулыққа қоршаған орта ластануының әсер ету типтері Ластаушы заттар табиғатына және биологиялық әрекетіне, денсаулыққа әрекетінін ұзақтығы мен қарқындылығына тәуелді шартты түрде жедел және созылмалы деп бөлуге болады. Ластаушы заттардың жедел әрекеті жағдайларда ғана білінеді: берілген елді мекен үшін әдеттегі ластаушылардың күрт көбеюі нәтижесінде немесе жаңа зиянды заттардың уақытша білінуінде болуы мүмкін. Қоршаған орта ластануының көбеюі кезеңі күндер немесе сағаттар құрауы мүмкін, ол болған ластанудың деңгейін сипаттау үшін, материалдың орташа дәрежесін аныктайды. Ластаушы заттың биологиялық әрекетінін ерекшеліктеріне және дозасына (әрекет ұзақтылығы мен және карқындылығымен анықталатын) тәуелді тұрғындар өлім-жітімі мен жалпы аурушаңдығы көбеюі, ағзаға арнаулы емес физиологиялық және биохимиялық өзгерістер білінуі мүмкін. Ластаушы зат бұл жерде провокациялық фактор рөлін атқарады, өйткені ұқсас өзгерістер ағзада баска факторлар әсерінен де байқауды мүмкін. Ластаушы зат этиологиялық фактор рөлін атқарғанда жеке жағдайларда арнайы (спецификалы) аурулар пайда болады. Ауаның тоқыраушылық құбылыстары қаншалықты ұзақ уакыт сақталса, токсикалық тұмандар кезендерінде солғұрлым ластану кобеюі тіркелген. Жедел әсерлері кезеңдерінде ластану деңгейлері әдетте метеорологиялық факторлар әрекетінен өзгереді, сондықтан метеорлогиялык жағдайлар бірақ төмен ластану деңгейлерімен өзеруінін денсаулыққа мүмкін қолайсыз әсерін ажырату (дифференциялау) қажет, осыған байланысты олардың жоғарылау кауіпті мағыналарға жетпейді. Осы жағдайдағы эффект айырмашылығы атмосфералық ластанулардың жедел әрекетін айырып алуға мүмкіндік береді. Қоршаған орта ластанулары әрекетінің сипаты бойынша оны зерттейтін әдістемелік жолдар ерекшеліктерін анықтайтын 2 типке бөлуге болады: ластықтардың созылмалы арнайы емес (провокация) әсері және арнайы әрекеті, онда ластаушы этиологиялық фактор рөлін ойнайды. Соңғы тип накты ластушылардың азғана сандарының әсерімен шектелген. Осы әсер арнайы симптомдармен және белгілермен аныкталады. Бірінші тип үшін, биологиялық әрекеті бойынша әртүрлі және әртүрлі кластарға жататын заттар әсерінің көптүрлі білінуі тән. Ластаушылардын арнайы әрекетінің типтік білінулеріне итай-итай, Минамата, Юшо, флюороз, бериллиоз, асбестоз ауруларын жатқызуға болады. Нақтылы ластаушының әрекеті үшін арнайы аурулар емдеу мекемелерінде немесе арнаулы медициналық қарауларда табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаның арнайы қосылыстармен ластанған аудандарда санитарлық дәрігер емдеу-профилактикалық мекемелер дәрігерлерінің назарын нақты ластаушылар әрекетінің ерекшеліктеріне аудару керек. 9.3. Қоршаған орта факторлары әсеріне ағзаның биологиялық жауап деңгейлері Химиялық заттар әсеріне ағзаның реакциясы үш көрсеткішке байланысты: - заттардың биoлoгиялық белсенділігі; - әср ету дoзасы; - ағза немесе экспозицияның қарсы тұруы. Заттардың биологиялық белсенділігі және оның кoнцeнтpaциясы (дoзa) жоғары болғанда, сәйкесінше ағзаның қарсы тұруы төмен болса патологиялық жауап күштірек байқалады. Биологиялық жауап реакциясының келесі түрлері бар: өлім−жітім, аурушаңдық, аурудың физиологиялық белгілері, табиғаты белгісіз ағзадағы ауытқулар, ағзадағы заттардың жинақталуы. Сонымен қатар келесі заңдылықтарды айтуға болады: 1. Биологиялық жауаптың ең көп күшіне (көлемі) есептердің ең жоғары жиілігіне сәйкес келеді, яғни ол қолайсыз жағдайға бейім тұрғындардың аса аз маңызды бөлігін қамтиды. 2. Биологиялық жауаптың аса аз күшіне (ағзадағы заттардың жинақталуы) жауаптығ аса жиілігіне сәйкес келеді, яғни барлық тұрғындарды қамтиды. 3. Ағзаның қарсы тұруы өзгеріп отырады да, ол генетикалық код пен функционалды жағдайына байланысты қолайсыз фактор әсеріне байланысты. Бірдей жағдайда бір адам ауыратын болса, келесі адам ауырмауы мүмкін. Аса сезімтал контигент балалар мен қартта болып табылады. Сурет 3 – Қоршаған орта факторларына ағзаның биологиялық жауап түрлері Барлық тұрғындар әсерді бірдей қабылдамайды: әсер етпейтін және аса сезімтал топтар бар. Балалар мен егде адамдардың қоршаған ортаның факторлары әсеріне жоғары сезімталдығы байқалатыны белгілі. Биологиялық жауап деңгейлері қоршаған орта ластануларының зияндылықтары критерийін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Гигиeниcтердің преморбидті жағдайға үлкен мән береді, (клиничecких көріністер байқалғанға дейін) бұл қоршаған ортаның қолайсыз жағдайын сипаттайтын көрініс болып табылады. Осылайша қоршаған ортаның арнайы емес созылмалы сипатын аз қарқынды сипаттайтын кең спектрлі биологиялық жауаптың тұрғындар денсаулығы, зерттеу бағдарламасында белгілі бір орны болады. Бұл қоршаған ортаның арнайы емес созылмалы сипатын аз қарқынды сипаттайтын бақылау және тәжірибе топтары денсаулығы көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүргізеді. Соңғысын таңдау басқа факторлар бойынша теңестіру (қоршаған ортаның ластануынан бөлек),тұрғындар денсаулығына айтарлықтай әскр етіп, бұл зерттеулердің жауапты және қиын міндеттерінің бірі болып табылады. 9.4. Қоршаған орта факторларына әсерін сипаттайтын тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері Тұрғындар денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер мен белгілерге санитарлық−демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты, мүгедектікті, тұрғындардың физикалық дене жетілуі және ағзаның функционалдық күйі жатады. Зерттеулерде жиі зерттелетін қоршаған орта ластаушысына тән немесе сезімтал денсаулық белгілері алынады. Ол үшін денсаулық күйін ұдайы немесе кезенді бақылаудың, шолу немесе арнайы терең тексерудің, ортаны ластайтын зат әрекетінін (токсикалық ерекшеліктері, аз уақыттық, тез және жинақтаушы эффектімен ұзақ әрекеттері) мағынасы бар. Дeмoгpaфиялық көрсеткіштер Демография сөзі грек сөздерінен шығады: demos халык және grapho жазу. Осы үлгіде, демография тұрғындар туралы ғылым. Демография мәселелерінің шеңберіне тұрғындардың территориялық орналасуы, әлеуметгік-экономикалық өмір жағдайларымен, тұрмыспен, салттармен, экологиялық, медициналық, құқықтық және басқа факторлармен байланысты тұрғындарда жүріп жатқан тендециялар мен үрдістерді зерттеу кіреді. Тұрғындар (халық тұрғындар) 6ip не басқа елдін немесе оның территориялық бөлігінде (облыс, өлке, аудан, кала), елдер тобы, әлем көлемінде бірлескен тіршілік өмір сүрумен біріккен адамдар жиынтығы. Жалпы демография мен медицина қиылысында ортақ ғылыми пән медициналық демография бөлініп шықты. Медициналық демография тұрғындар қайта өндірілуі мен әлеуметгік-гигиеналық факторлардың өзара қатынасын зерттейді және осы негізде, демографиялық үрдістер ең қолайлы дамуын және тұрғындар денсаулығы жақсаруын қамтамасыз етуде бағытталған медииналық-әлеуметтік шаралар жасап шығарады. Түрғындарды статистикалық зерттеу екі негізгі бағытта жүргізіледі: 1. тұрғындар статикасы. 2. тұрғындар динамикасы. Тұрғындар статикасы− белгілі (сын) уақыт лезіндегі түрғындардың сандық қүрамы. Тұрғындар құрамы негізгі белгілер катары бойынша зерттеледі: жыныс, жастық шама, әлеуметгік топтар, мамандығы мен айналысуы, жанұялык орны, тұратын жері, географиялык орналасуы, тұрғындар орналасу тығыздығы. Тұрғындар динамикасы белгілі уақыт аралығында (әдетте 5-10 жыл) тұрғындар санының қозғалысы мен өзгеруі. Тұрғындар санының өзгеруі оның механикалық қозғалысының миграциялық үрдістер әсерінен болуы мүмкін. Медицина қызмкерлері үшін тұрғындардың табиғи козғалысының көрсеткіштері, оның ішінде туушылық көрсеткішінің ең үлкен мағынасы бар. Туушылык жаңа ұрпақтардың жаңару үрдісі, оның негізінде, ағзаның ұрпақ өндіру (ұрықтану, ұрыктандыру, бала көтеру) қабілеттілігіне әсер ететін биологиялық факторлар жатыр. Адамдық қоғамда туушыпық туралы айтканда, берілген жағдайда ол биологиялық үрдістермен ғана емес, әлеуметгік-экономикалык үрдістермен, өмдр жағдайларымен, түрмыспен, салттармен, діндік қондырғылармен және баска факторлармен детерминацияланғанын есте үстау керек. Туу үрдісінің қарқындылығын анықтау үшін әдетге туушылык көрсеткіштерін пайдаланады. Туушылықгың жалпы коэффиценті формула бойынша есептелінеді: Бір жылда тірі туғандар саны Орташажылдық түрғындар саны Туушылықтың жалпы коэффициенті үрдістің қарқындылығы туралы толық көрініс бермейді, ол қүбылысты шамамен сипаттауға ғана жарайды. Туушылыкгың дәрілік сипаттамасын арнаулы көрсеткіш түқымдылық коэффициентін есептеуде туушылық коэффициентінен айырмасы түрғындарды жалпы санының орнына 15-49 жастағы әйелдер саны алынады. Осы жастар шамасының интервалы генеративтік, немесе әйелцің түқымды кезеңі аталады. Осы жастық интервалға дейін және кейін туу сандары өте аз, сондықтан оларды алмауға болады. Одан басқа, туушылық көрсеткіші жастар бойынша түқымдьшық көрсеткіштерімен дәлелденеді, ол үшін әйелдің тиеп генеративтік кезеңі шартты түрде бөлек интервалдарға (15-19, 20-24, 25-29, 30-39, 40-44, 45-49 жас) бәлінеді. Түқымдьшықгың жалпы коэффициенті мына формула бойынша есептеледі. |