Главная страница

дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


Скачать 110.85 Kb.
НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
Дата28.02.2022
Размер110.85 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладефектология каз 54 с.docx
ТипДокументы
#377571
страница3 из 7
1   2   3   4   5   6   7

1. Кеңінен қолданылып жүрген мүмкіндіктері шектеулі адамдарды топтастырудың авторлары кім?

А) Л.С.Выготский

В) М.А.Власова, М.С.Певзнер

С) О.И.Солнцева

Д) В.А.Лапшин, Б.П.Пузанов

Е) Р.М.Боскис

2. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов зияты бұзылған балалар тобынан қанша топшаларды бөліп шығарды?

А) 3

В) 2

С) 6

Д) 4

Е) 5

3. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов көру кемістігі бар балалар тобынан қанша топшаларды бөліп шығарған?

А) 3

В) 2

С) 6

Д) 4

Е) 5

4. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов есту кемістігі бар балалар тобынан қанша топшаларды бөліп шығарған?

А) 3

В) 2

С) 6

Д) 4

Е) 5

5. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов сөйлеу қабілетінде ауыр бұзылыстары бар балалар тобынан қанша топшаларды бөліп шығарған?

А) 3

В) 2

С) 6

Д) 4

Е) 5
Дамуында ауытқуы бар балалардың сезінуі мен қабылдауы.

Се зіну мен қабылдау – қоршаған ортаны танудың алғашқы сатысы. Бұл саты барлық өмір жолында маңызды болып қала береді. Кемақыл балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына орасан зор әсер етеді. Сезіну мен қабылдаудың дамуы жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің біртіндеп орнына келуінің көмегімен спонтанды түрде дамуы мүмкін. Осыған орай, жүйке процестері анағұрлым икемделіп, күшейе бастайды, сезіну мен қабылдау қарқыны жылдамдайды. Өмірлік тәжірибесі молайған балалардың дүниетанымдары кеңейеді, мағлұматтары көбейеді. Айналаны тану – қабылдау мен сезіну сапасын жоғарылатудың негізгі жолы. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Бұл балалар кез келген затты таныс емес ракурста немесе схемалық түрінде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.
Соқыр және нашар көретін балалар есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Әр түрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды дифференциалдай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді талап етеді, сондықтан да олардың есту қабілеттері жетіле түседі.
Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезінуі дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады.
Церебральды сал аурулы кейбір балалардың өз қимыл-қозғалыстарын нашар сезіну мен заттармен іс-әрекет орындау қиындығы церебральды сал ауруы балалардың белсенді сипап сезу арқылы қабылдау мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, оның ішінде заттарды сипап сезу арқылы тануы (стерегноз). Балалар церебральды сал ауруының барлығында да кеңістіктік қабылдаудың бұзылуы орын алады. Гемиплегияда бүйірлік бағдарлау бұзылады, диплегияда — тік сызықтағы бағдар (вертикальдық), тетраплегияда — алдан артқа қарай бағдар жасау (сагиттальдық) бұзылады. Тетраплегияда сонымен бірге, кеңістіктік қабылдаудағы дөрекі бұрмаланулардың баланың психикасына тигізетін зардабы өте ауыр.
Күрделі сенсорлық кемістігі бар балаладың тері арқылы түйсінуі мен қимыл-қозғалыстық жады бұл балалардың қоршаған ортаны танудағы ерекше мүмкіндігі болып табылады Соқыр немесе нашар көретін бала өз денесінің барлық қимыл-қозғалысын әуел бастан-ақ көріп бақылай алмайды. Есту қабілетінң бұзылуы да мұндай баланы дыбыстың көмегімен бағдау жасау мүмкіндігінен айырады. Соқыр-саңырау баланың барлық жағынан да жеке өзінің қимыл-қозғалыс және сипап сезу тәжірибесіне сүйенуіне тура келеді. Сондықтан бала неғұрлым ерте жастан өздігінен қозғалуға үйренсе – аударылып жату, созылу, ұстау, отыру, тұру, еңбектеу т.б. Соғұрлым ол келешекте кеңістікте еркін қозғала алады.
Тактильдік сезім бұл балалардың айналаны танудағы негізгі қабілеттерінің бірі, яғни затпен тікелей жанасу арқылы оларды қабылдауға болады. Бұл балалар заттың пішінімен, текстурасымен, салмағымен, температурасымен сипап сезу арқылы танысады. Сол сияқты адам затпен белгілі бір арақашықтықта да таныса алады. Бірқатар авторлар бұл категорияға жататын балалардың иіс сезу қабілеті әсіресе жақсы жетілгендігін атап өтеді.
Тактильдік-вибрациялық сезімдердің көмегімен адамдар мен заттардың қозғалысын, дыбыстарды, олардың қандай қашықтықта екендігін біле алады. Айналасында болып жатқан оқиғаларды, маңайындағы адамдарды ажыратады. Музыканы, қатты дыбыстарды табанымен сезінеді, адамдарды жүрісінен таниды.

Зияты бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру

Патогенезге сүйене отырып, М.С.Певзнер олигофренияның келесі түрлерін бөліп шығарған. Олардың ішінде төртеуі негізгі болып табылады:

  1. Негізгі түрі ми қабы астындағы қабаттары зақымдалмай, бас миының үстіңгі бетінің диффузиялық жарақаттануымен сипатталады. Сезім мүшелерінің қызметі аса бұзылмаған, ерік-жігер аясында, қимыл-қозғалысында, сөйлеу тілінде күрделібұзылыстары жоқ. Бұл ерекшеліктер барлық танымдық қызметтерінің толық дамымағандығымен үйлеседі.

  2. Нейросерпінді бұзылыстар айқын білінеді. Бала тез ашуланады, жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу үрдістерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылған.

  3. Бас ми қабының диффузиялық зақымдануы сол жақ жарты шарының самай-желке жағындағы жергілікті зақымдануымен үйлесіп жүреді. Ойлау және кеңістікті қабылдау қабілеті бұзылған.

  4. Танымдық қызметтің толық дамымауы аясында адамның өзі толық дамымаған. Патологиялық әдеттері байқалады.

Сонымен қатар олигофренияның мынадай түрлері дер бар:

  1. Жыныс хромосомалары қалыптан ауытқып дамыған жағдайда. Дене және психикалық салаларда ерекшеліктері бар.

  2. Клайнфельтр синдромы кезінде. Бұл синдром тек қана ер адамдарда кездеседі. Мұндай аурулардың кариотипі қосымша Х-хромосомасының арқасында 47 хромосомадан құралады. Сыртқы кескіні әйел тәріздес болуы мүмкін.

  3. Жыныс (қосымша) хромосомаларының полисомиясы кезінде. Х-хромосомалар саны өскен сайын ақыл-ойының бұзылу дәрежесі жоғарылайды. Соның нәтижесінде есалаңдық немесе имбецильдік аурулары асқына береді.

  4. Шерешевский-Тернер синдромы кезінде. Бұл аномалия тек әйелдерде ғана кездеседі, және бір жыныс хромосомасы жоқ болады.

  5. Гидроцефалияның себебінен асқыну.

  6. Туа біткен мерезбен ауырған жағдайда. Анасының жүктілік кезінде мерезбен ауыруының нәтижесі.

  7. Фенилкетонурия кезінде. Аминқышқыл алмасу бұзылған. Дегенераттық өзгерістер байқалады.


Мақсаты: «Ақыл-ой кемістігі» ұғымының мазмұнын ашу. Ақыл-ойының дамуында бұзылыстары бар адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық сипаттама беру.
Жоспар:

  1. «Зияттық жетіспеушілік» («ақыл-ой кемістігі») ұғымы.

  2. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру.

  3. Ақыл-ойының төмендеуінің дәрежелері.


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: жеңіл түрі, орташа түрі, ауыр түрі, бас миының диффузиялық жарақаты, нейродинамикалық бұзылыстар, гидроцефалия, фенилкетонурия.
Мазмұны

1. «Ақыл-ой кемістік» ұғымы

Ақыл-ой – (лат. таным) кең мағынада жеке тұлғаның барлық танымдық қызметтерінің жиынтығы болып табылады.

Ақыл-ойы кем балалар – бас миы (әсіресе ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсіресе жоғарғы танымдық үрдістерінің (белсенді қабылдау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, есте сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар. Ақылы кем балаларда мынадай белгілер байқалады: танымдық қызметінің (бірінші кезекте абстрактілі ойлаудың, талдап қорыту және назарын аудару үрдістерінің) алғашқы кемістігі және жүйке үрдістері серпінінің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ екіншілік кемістіктер – сөйлеу қабілетінің, ерік-жігер аясының толық дамымауы, дене дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулар.

Олигофрения (грек тіл. ақылдың аздығы) – психикалық қызметтің күрделі формаларының ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі немесе баланың ең алғашқы даму кезеңіндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болатын толық дамымаушылық. Көбінесе олигофренияның пайда болуына құрсақ ішіндегі қабыну үрдістері себеп болады. Сыртқы факторлардың ішінен анасының жүктілік кезінде немесе баланың өмірінің алғашқы жылдарында (тұмау, қызамық және т.б.) ауырған жұқпалы ауруларды айта кеткен жөн. Әдетте олигофрения кезінде бірқатар анатомиялық өзгерістер пайда болады – мидың толық дамымауы және басқа да кемістіктер. Көбінесе олигофрения барысында жоғарғы жүйке қызметі, жүйке үрдістерінің қозғалмалылығы бұзылып, белсенді ішкі тежеу әлсірейді.

Деменция (лат. ессіздік) – жарыместік, танымдық қызметтің тұрақты әлсіреуі, сыншылдық пен еске сақтау қабілетінің төмендеуі, ерік-жігер аясының дөрекіленуі. Балалық шақта шизофрения, эпилепсия, мидың қабынған аурулары, мидың жарақаттануы кезінде мидың органикалық бұзылыстары нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Олигофренияға қарағанда, деменция кезінде мидың қызметіндегі бұзылыстар баланың қалыпты даму кезеңінен кейін пайда болады. Деменция кезінде ақыл-ой кемістігін қалпына келтіру мүмкін емес. Алайда негізгі ауруды сәтті емдеген жағдайда психикалық қызметтерді жартылай қалпына келтіруге болады. Көмекші мектепте оқытылады.

3. Ақыл-ойының төмендеуінің дәрежелері

Ақыл-ойы кем балалар психикалық және дене дамуының бұзылу дәрежесіне қарай келесідей топтарға бөлінеді:

1. Жеңіл түрі – ақылының кемдік дәрежесі мардымсыз балалар. Олар арнайы бағдарлама бойынша мектепте жүйелі түрде білім алуға қабілетті. Ең жоғарғы психикалық үрдістерінің: есте сақтау және назар аударудың ерікті үрдістерінің, талдау және жинақтау, ойлау, сөйлеудің талдап қорытушы және реттеуші, себепті-тергеушілік байланыстарды анықтау үрдістерінің толық дамымағаны байқалады.

2. Орташа түрі – танымдық үрдістеріндегі, ерік-жігер аясындағы бұзылыстардың салдарынан ұзақ уақыт бойы өз бетінше мақсатты түрде жұмыс істеуге қабілеті аз, ақылының кемдік дәрежесі орташа балалар. Ұзақ уақыт бойы оқытып, жүйелі түрде жаттығу жасаған жағдайда балалар оқу техникасын, жазу дағдыларын меңгереді, өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті.

3. Ауыр түрі – жалпы баланың жеке тұлға ретінде бұзылуының ең ауыр дәрежесі. Олар сөйлей алмайды, басқалардың сөзін түсінбейді, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруге қабілетсіз, моторикасында ауыр бұзылыстары бар.

Теориялық білімдерін бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Репродуктивті деңгей

  1. Арнайы педагогикадағы «ақыл-ой кемістігі» ұғымы нені білдіреді?

  2. Олигофренияның басты белгілерін атаңыз.

  3. Олигофрениялық емес этиологияның ақыл-ой кемдігіне сипаттама беріңіз.

  4. Ақыл кемдігінің әртүрлі дәрежелеріне сипаттама беріңіз.


Репродуктивті-тәжірибелік деңгей

  1. Олигофренияның негізгі формаларын сипаттаңыз.

  2. «Ақылы кем балалар», «олигофрения» ұғымдарын түсіндіріңіз. Аталған әдебиеттерді қолданыңыз.

  3. Ақыл-ойында кемістіктері бар балаларға жалпы психологиялық-педагогикалық сипаттама беріңіз.

  4. Кестені толтырыңыз




Олигофрения

Деменция








Дәрістер мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз.
Шығармашылық деңгей

Егер көпшілікке арналған балабақша тобында ақыл-ойы төмен бала бар болса, оны сіз қандай маманға жіберуіңіз керек? Оның ата-анасымен не жөнінде әңгімелесу керек? Осындай әңгімелесудің жоспарын құрыңыз.
Өнімді жұмыс деңгейі

Көмекші мектеп-интернатқа барыңыз. Ақыл-ойы төмен оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмысты негіздеңіз. Бұл жағдайларда педагог пен тәрбиешінің бағыттары қандай?
Репродуктивті –практикалық қызмет деңгейі

Баланың ақыл-ойын байқауға арналған жаттығуларды, сұрақтарды, тапсырмаларды іріктеп алыңыз. Ол тапсырмаларға ақыл-ой кемдігін ажыратуға болатын тапсырмаларды қосыңыз.
Сыни-шығармашылық қызмет деңгейі

«Ақыл-ой кемдігінің жеңіл дәрежесіндегі балаларды әлеуметтік бейімдеудің мүмкіндіктері» тақырыбына шағын-шығарма жазыңыз.
Бір дұрыс жауабы таңдап алынатын жабық тапсырмалар

1. «Олигофрения» ұғымы мынаны білдіреді:

А) Баланың қалыпты даму кезеңінен кейінгі олигофрения

В) Психиканың үдемелі төмендеуі

С) Психикалық-дене дамуының күрт бұзылуы

Д) ОЖЖ зақымдануының нәтижесінде психикалық қызметтің күрделі формаларының толық дамымауы

Е) сыртқы әсерлердің салдарынан психикалық үрдістердің бұзылуы

2. «Деменция» дегеніміз:

А) Баланың қалыпты даму кезеңінен кейінгі олигофрения

В) Психиканың үдемелі төмендеуі

С) Психикалық және дене дамуының күрт бұзылуы

Д) ОЖЖ зақымдануының нәтижесінде психикалық қызметтің күрделі формаларының толық дамымауы

Е) сыртқы әсерлердің салдарынан психикалық үрдістердің бұзылуы

3. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов топтастыруындағы «идиотия» - бұл:

А) ақыл –ой кемдігінің жеңіл дәрежесі

В) ақыл-ой кемдігінің ауыр дәрежесі

С) ақыл-ой кемдігінің орташа дәрежесі

Д) психикалық дамудың тежелуі

Е) психофизикалық инфантилизм

4. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов топтастыруындағы «имбецильдік» ұғымы мынаны білдіреді:

А) ақыл-ой кемдігінің жеңіл дәрежесі

В) ақыл-ой кемдігінің ауыр дәрежесі

С) ақыл-ой кемдігінің орташа дәрежесі

Д) психикалық даму тежелуі

Е) психофизикалық инфантилизм

5. В.А.Лапшин мен Б.П.Пузанов топтастыруындағы «дебильділік » - бұл:

А) ақыл-ой кемдігінің жеңіл дәрежесі

В) ақыл-ой кемдігінің ауыр дәрежесі

С) ақылдың кемдігінің орташа дәрежесі

Д) психикалық даму тежелуі

Е) психофизикалық инфантилизм

6. Олигофренияның негізгі (жиі кездесетін) формасы немен сипатталады?

А) фенилкетонуриямен

В) гидроцефалиямен

С) жыныс хромосомаларының қалыптан ауытқуымен

Д) айқын білінетін нейросерпінді бұзылыстармен

Е) бас миы қабының диффузиялық (сырттай) зақымдануымен

7. Зияты бұзылған балалар қай түрдегі мектепте оқытылады?

А) Сөйлеу тілі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепте

В) Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепте

С) Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектепте

Д) Көмекші мектеп-интернатында

Е) Нашар еститін балаларға арналған арнайы мектепте.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Мақсаты: Көру қабілеті зақымдалған балаларға (адамдарға) психологиялық-педагогикалық сипаттама беру.
Жоспар:

1. Көру кемістігінің негізгі клиникалық формалары және оларды қалпына келтіру әдістері.

2. Көру қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының негіздері.

3. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: тифлопедагогика, көз талдағышы, көру қабілетінің өткірлігі, көрмейтін, зағип балалар, нашар көретіндер, амблиопия, қылилық, тифлотехника.
Мазмұны

1. Көру кемістігінің негізгі клиникалық түрлері және оларды қалпына келтіру (компенсация) әдістері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 10 млн. астам көрмейтін адамдар бар. Көру қабілетінің зақымдалуының кеңінен таралуы салдарынан көрмейтін балалардың саны азаяр емес. Ресейде көру кемістігінің себептерін зерттеу жұмыстары 19 ғ. 80-шы жылдарында басталды және Долганов (1893), Скребицкий, Головин және т.б. есімдерімен байланысты. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту тифлопедагогиканың негізін салушы - француз педагогы, Франция мен Ресейдегі көрмейтіндерге арналған алғашқы білім беру мекемелерін негізін қалаушы В.Гаюи (1745-1822) болып табылады. В.Гаюидің арқасында көру қабілеті зақымдалған адамдарды жүйелі түрде оқыту басталып, оларға қоғамның толық мүшелері ретінде адамгершілік көзқарас қалыптасты.

Тифлопедагог, соқырларды оқыту жүйесін өзгерткен жаңа жасалымның авторы Л.Брайль (1809-1852) 3 жасында көру қабілетінен айырылды. Алты нүктелік қисындауға негізделген оның бедерлі жазу жүйесіне көрмейтін адамға жазуға және оқуға мүмкіндік беретін әріптік, математикалық және басқа да белгілер енгізілген. Брайль әдісі бойынша кітаптар 1852 ж. Францияда басыла бастады, Ресейде алғашқы кітап 1885 ж. шығарылды.

Тифлопедагогиканың дамуы М. И. Земцов, Л. И. Солнецева, Р. С. Муратов, И.С.Моргулис сияқты ғалымдардың есімдерімен байланысты.

Көру кемістігі туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін.

Туа біткен көру кемістігінің пайда болуына ұрықтың құрсақішілік дамуы кезіндегі зақымдануы немесе ауыруы, болмаса көру кемістігінің тұқым қуалаушылық салдары себеп болады.

Жүре пайда болған көру кемістігі әдетте көз мүшелерінің – ішкі тор қабығы, мүйізгек қабығы ауруларының, ОЖЖ ауруларының (менингит, ми ісігі), организмнің жалпы аурулары асқынуларының (қызылша, тұмау, қызамық), мидың немесе көздің жарақаттануларының нәтижесі болып табылады.

Көз талдағышының үдемелі (патологиялық үрдістің әсерінен көру қызметтерінің бара-бара нашарлауы) және үдемелі емес (астигматизм – көздің сыну қабілетінің қалыптан ауытқуы, фокустық нүктенің жоқтығы, катаракта – көзбұршақтың бұлдырлануы) бұзылыстары болады.

Көру қабілеті зақымдалып туылған адамдардардың психикалық дамуы көру қабілеті қалыптағы балалардың даму заңдылықтары сияқты, бірақ көзбен шолып бағдарлануының жоқтығы қимыл-қозғалысына, әлеуметтік тәжірибесінің мазмұнына кері әсерін тигізеді. Қалыптағы көретін ерте жастағы баланың дыбыстық тітіркендіргіштерге жауабы сияқты, көру қабілеті зақымдалған балаға да дыбыс - бейімделу болып саналады, бірақ көрмейтін бала үшін дыбыс - бейімделудің негізгі факторы болып табылады. Көру қабілетінің зақымдалу дәрежесіне байланысты Көру қабілеті зақымдалған балалардың екі тобын ажыратады:
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта