Главная страница
Навигация по странице:

  • Дефектология міндеттері

  • Дефектологияның даму тарихы

  • Дефектологияның негізгі ұғымдары Мақсаты

  • коррекция

  • Логопедия

  • Тифлопедагогика

  • Ерекше білімді қажет ететін бар балалар (адамдар

  • Арнайы білім

  • Қалыпты және қалыпты жағдайдан ауытқыған баланың психикалық және дене дамуының негізгі заңдылықтары

  • дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


    Скачать 110.85 Kb.
    НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
    Дата28.02.2022
    Размер110.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладефектология каз 54 с.docx
    ТипДокументы
    #377571
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

    ДЕФЕКТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

    ХАМБЕТОВА АЙГЕРИМ МЕЙІРБЕКҚЫЗЫ

    Мазмұны

    Дефектология пәніне кіріспе

    Дефектология – ( defectus деген латын тілінде кемістік деген мағынаны көрсетеді, ал logos грек тілінде – сөз, ілім) балалардың арнайы педагогикалық ғылымына жатады оның негізгі 

    Мақсаты – әртүрлі кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындау.
    Дефектология міндеттері:

    1) Ертедегі диагностика әдістерін ғылыми түрде құрастыру, өңдеу, айқындау және есепке алу.

    2) Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесін ұйымдастыру қағидаларын құрастыру, өңдеу, дамыту және негіздеу. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі – арнайы мектеп қызметінің негізгі қағидаларының бірі. Барлық арнайы білім-тәрбие беру мекемелеріндегі ұстанатын басты қағида – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға адамгершілік көзқараспен қарап, олардың адамгершілік абыройын сыйлап, қадірлеу болып табылады.

    3) Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелердегі оқу-тәрбиелеу үрдісінің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын және әдістерін анықтау. Дефектологияның түбегейлі мәселелеріне жалпы және арнайы тәрбие беру ара қатынастарының мәні, емдік шаралар мен құралдар арқылы мүмкіндіктері шектеулі баланың ақауларын жеңу мүмкіндігі туралы мәселелер жатады.

    4) Қалыптағы жағдайдан ауытқитын балалық шақты болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын жасау.

    5) Қалыпты жағдайдан ауытқыған бала дамуының түрлі кезеңдерінде әлеуметтендіру үрдісінің тиімділігін арттыру. Дефектология мүмкіндіктері шектеулі балалардың қызметтері мен өмірінің кең көлемді мәселелерін зерттейді.
    Категориялары: 
    Дефектология арнайы педагогикалық ғылыми ретінде, әртүрлі кемістіктері бар балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастыру үшін бірнеше салаларды біріктіреді:
    – Сурдопедагогика – есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
    – Тифлопедагогика – көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
    – Олигофренопедагогика – ақыл – ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін, тәрбиелеу және оқыту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін зерттейді;
    – Логопедия – тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппарты кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерн зерттейді.

    Дефектологияның даму тарихы

    Дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ілімнің пайда болуына, қалыптасуына және дамуына ретроспективті шолу жасау

    Дамуында ауытқулары бар балалар туралы Аристотель заманынан белгілі. Көп ғасырлар бойында тән саулығына табынушылық құрылған ежелгі Спартада қалыпты жағдайдан ауытқулары айқын білінетін адамдар (және бірінші кезекте балалар) жойылатын болатын.

    Кейіннен медицина дами келе осындай балаларға көмек көрсету мәселелері көтеріле бастады. Дамуында бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетудің бірінші кезеңі қалыпты жағдайдан ауытқулары айқын білінетін – бұл психикалық және зияттық ауытқулары бар балалармен байланысты еді.

    Француз психиатр дәрігері Филипп Пинель (1745-1826) алғашқы рет есі ауысқандарға адамгершілік көзқарас білдіріп, сондай-ақ осындай ауруларға ғылыми ыңғайын тапты. Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840) - «деменция» түсінігін, «ақыл-ой кемістігі» ұғымын енгізді. Эскироль жарыместіктің смптоматикалық жіктемесінің негізін салушылардың бірі болды.

    Ақыл-ой кем балалар оқыту және тәрбиелеудің ерекше түрін қажет етеді, - деген пікірді ең алғаш рет Песталоцци (1746-1827) білдірді.

    Жан Итар (1775-1838) зиятының терең ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің медициналық-педагогикалық бағытының негізін салды, оның ішінде медициналық тәсіл басым болды.

    ХІХ ғ. ортасындағы жаратылыс ғылымдары саласында ашылған іргелі жаңалықтар жарыместіктің сипаты мен мәнін түсінуде екі жаңа: анатомиялық-физиологиялық (Б.Морель, Э.Крепелин, А. Берштейн, Г.Трошин және т.б.) және психологиялық-педагогикалық (Ж.Филипп, П.Бонкур, Т.Симон, А.Бинэ және т.б.) бағыттың пайда болуына негіз болды.

    Э.Крепелин (1856-1926) «олигофрения» ұғымын енгізді.

    ХІХ ғ. басы мен ХХ ғ. соңында келесі негізгі тәсілдер, көзқарастар бөліп шығарылды:

    1. Медициналық-клиникалық: ақыл-ой кемістігі себептерінің біліміне негізделген. Ақыл-ойдың бұзылуына алып келетін анатомиялық-физиологиялық және генетикалық бұзылыстар қарастырылған.

    2. Психологиялық: ақыл-ойы зақымдалған адамдардың психикалық қызметінің, эмоциялық аясының және жалпы жеке тұлғаның бейнесін қарастырады.

    3. Педагогикалық: ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеудің, түзетудің әдістері мен түрлерін, педагогикалық қағидаларын зерттейді және ұйымдастырады.

    Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету жүйесінің пайда болуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-шы жылдарында салынды. 1931ж. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы міндетті оқытуды енгізу туралы шешім қабылданды. 1969-1970 жылдары арнайы мектептердің саны 49-ға жетті. 1992ж. мемлекетімізде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 126 арнайы мектеп ашылып үлгерді. Қазақстанда ХХғ. 90-шы жылдарында басталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер демократизация және гуманизация ұстанымдары негізінде білім беру жүйесінің сапалы жаңартылуына түрткі болды. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы (2002ж.) арнайы білім берудің міндеттерін сапалы жаңа деңгейде шешудегі бастапқы негізі болды.

    Қазақстанда балаларды оқыту, үйрету және тәрбиелеу мәселесі кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық сипаттау.

    Дефектологияның негізгі ұғымдары
    Мақсаты: дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ілімнің пайда болуына, қалыптасуына және дамуына ретроспективті шолу жасау, осы балаларға көрсетілетін көмектің жағдайын, осы бағыттағы қателіктер мен ізденістерді қарастыру және арнайы педагогиканың қазіргі мәселелеріне баға беру.

    Компенсация (лат. compensatio - өтеу, теңдестіру, толықтыру) - организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.

    Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын табуға ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемсітігін жетілдіруге жетелейді. Сөйтіп, оның бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп, кемістік есесін толықтырып, оның талапкерлігі мен дарыны өрістейді. Осы бағытта ертедегі грек халқының шешені Демосфен тілінің кекештік кемістігін жою үшін тілінің астына ұсақ тас салып, тауда, теңіз жағасына барып, өзінше сөйлеп жаттыққан. Сөйлеу тілін жетілдіру үшін көптеген кедергілерді жеңген. Сөйтіп, заманының әйгілі шешені болған. Өз организмінің кемістіктерін жою жолында көптеген қиыншылықтарды жеңу үшін аянбай күш жұмсаған адамдарды біздер тарихтан жақсы білеміз. Мысалы, оларға А.В.Суворов, Л.В.Бетховенді жатқыщзуға болады. Ал, К.Демулен деген кекеш әйгілі шешендік дәрежеге жеткен. Бойында күрделі кемістігі бар Е.Келлер тіршілік азабын табандылықпен жеңіп, атақты жазушы болған. Осы баяндалған дәлелдердің барлығы адамның бойындағы кемістіктерін толықтырып, қалыпты жағдайға келтіру жолында ерік-жігерін шыңдап, онымен күресуді сергітіп, өз бойындағы күш-қуатына сенімін арттыра түседі.

    Дефектологиядағы коррекция (лат. correctio - түзеу) – балалардың психикалық және дене дамуының кемшіліктерін түзеуге немесе жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі.

    Арнайы педагогика (біздің елімізде дефектология, түзету педагогикасы деп те аталады) педагогиканың бір құрамдас бөлігі, оның бір буыны болып табылады (лат. specialis – түр). Арнайы педагогика – қалыптасқан мәдениетпен анықталатын әдеттегі педагогикалық жағдайларда жалпы педагогикалық құралдар мен әдістердің көмегімен білім алу қиын немесе мүмкін емес, дене және психикалық дамуында ауытқулары бар адамдарға арнайы (ерекше) білім берудің теориясы мен практикасы.

    Логопедия – тіл кемістіктері туралы, оларды арнайы оқыту және тәрбие беру құралдарымен анықтау, жою және алдын алу әдістері туралы ғылым.

    Сурдопедагогика (лат. - саңырау) – есту кемістігі бар адамдарға білім беру туралы ғылыми білім жүйесін құрайтын арнайы педагогиканың құрамдас бөлігі.

    Тифлопедагогика (грек – көрмейтін) – көру кемістігі бар адамдарды оқыту және тәрбие беру туралы ғылым.

    Олигофренопедагогика – зияты бұзылған (ақыл-ойы кем) балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.

    Ерекше білімді қажет ететін бар балалар (адамдар) – білім алу үшін арнайы жағдай жасамай білім беру бағдарламасын меңгеруге кедергі жасайтын дене немесе (және) психикалық кемістіктері бар балалар (адамдар).

    Арнайы білім – денсаулықтарында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнайы жағдай жасап мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру.

    Л. С. Выготскийдің дефектологияға қосқан үлесі

    Л. С. Выготский (1896-1934) 17.11.1896 ж. Белоруссияда Орша қаласында туған. Аса көрнекті психолог Лев Семенович Выготский дефектология ғылымының дамуына ден қойып, оның өзекті мәселелерін зерттеуге көп күш жұмсады. 1923 жылдың аяғында РСФСР Халық ағарту комиссариатына қарасты тәрбиесі қиын деп саналатын балалармен 1926 жылға дейін және осы кезден бастап Комиссариатқа қарасты Медициналық және педагогикалық станция жанынан өзі құрған кеміс балалардың психологиясын зерттеу лабораториясында қызмет істейді. Осы станция негізінде 1929-1930 жылдары тәжірибелік дефектология институты құрылды. Институттың директоры И.И. Данюшевский Выготскийді институтқа ғылыми жетекшілік қызметке шақырады. Сөйтіп ол мұнда өмірінің соңғы кезіне дейін жемісті қызмет атқарады. 1944 жылы бұл институт РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы құрылған кезде соның құрамына енді. Мәскеу университетінің заң факультетін және А.П.Шанявский атындағы Халық университетінің филология факультетін бітірген. 20-шы жылдардың ортасында Наркомпроста жұмыс істеп, ақаулы балалық шақ бөлімшесін басқарды, Медицина Университетінде психология институтында дәріс оқыған. Эксперименталды дефектологиялық институтын, қазіргі кезде – РАО Коррекциялық педагогикасы институтын құрады. Қазіргі дефектологиядағы бағыттардың барлығы Л.С.Выготскийдің іргелі эксперименттік және теориялық зерттеулеріне негізделген деп айтсақ, артық емес. Оның психикалық даму теориясы қалыпты жағдайдан ауытқыған балалық шақты зерттеудің негізіне алынды.

    Л.С. Выготскийдің бірден қолға алған мәселесі дефектологияны ғылыми тұрғыдан іздестіру. Осы бағытта ол дамуында кемістігі бар балаларды зерттеп, оларға сапалы тәлім-тәрбие беру мен оқытудың өзіндік әдіс-тәсілдерін іздестірді. Сөйтіп, дефектология ғылымының болашақта шұғылданатын мәселелерінің ауқымын, мақсат-міндеттерін анықтап берді.

    Дамуында кемістігі бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды одан әрі өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттігіне көніл аударады. Дамуында кемістігі бар балалардың денесі мен ақыл-ой кемістігін толықтырып отырудың талап-тілектері балалардың жеке басының дамуымен ұштасып отыратындығына ерекше мән берді. Мұндай қүрделі мәселелерді шешіп отыру үшін баланың бойындағы кемістіктер мен олардың сыр-сипаты да алуан-алуан болып отыратындығын анықтап алу керек дейді. Осындай талаптарды жүзеге асыру үшін ең алдымен кеміс балалардың сан қилы ауру түрлерін, не зақымға ұшырау салдарынан ақыл-ой мен сезім күйлерінің түрліше екендігін анықтап алу керек болады. Олардың жоғарғы дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше екендігін ескеру керек.

    Балалардың бойындағы түрлі кемістіктердің сыртқы көрінісін және олардың белгілерін әуел бастан анықтап алып, оларды өзгертудің, сөйтіп баланың бойындағы сапа жағынан жаңа қасиеттерді тәлім-тәрбие арқылы қалайша түзетуге болады деген міндеттерді шешіп отыру күн тәртібінің маңызды мәселесі деп санады. Баланың психикалық дамуы мен денесінде пайда болатын жаңа қасиеттер оның бүкіл өткен өмір кезендерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден дайын күйінде аңғарылмайды. Егер баланың бойындағы кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай кемістіктерді қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан былайғы даму кезендерінде жандандырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру керек. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалардың дамуында бірдей.

    Даму заңдылықтарын ашып көрсету үшін адамның туған күнінен бастап оның организм тіршілігін қамтамасыз ететін қызмет түрлерінің де мән-жайын талдай отырып іздестіру керек. Мұндай зерттеулер тек психикалық процестермен бірге, жоғарғы жүйке жүйесінің өзара ұштастығын, түрлі қызмет ерекшеліктерінен туындайтын себеп-салдарлардың пайда болуы мен организм тіршілігінің әсерленулерін де қамтиды. Жоғарғы жүйке қызметінің өзара ұштастығы мен олардан туындаған себеп-салдар байланыстарын бүкіл адам организмінің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін бұл жайттар организмнің белгілі қалпынан ауытқып, кемістік түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Л.С.Выгосткийдің осы бағытта жүргізген зерттеулері дамуында кемістігі бар балалардың жоғарғы психикалық қызметінің даму сипатын қарапайым психикалық даму ерекшеліктерімен салыстыра отырып, қарастыру нәтижесінде айқындала түсті. Осындай зерттеулер баланың ақыл-ойы мен жекелеген сезім мүшелерінің кемістіктерін түзетіп, оларды толықтыру үшін жоғарғы психологиялық қызметтерді жетілдіре түсу қажет деп көрсетті. Осы орайда, бала кемістігін қарапайым жаттығулар арқылы түзетуге болады дейтін пікір дәрменсіз болып қалды. Ол тұжырымға орай, Выготскийдің барлық еңбектерінде психиканың жоғарғы қызметі мен оның қарапайым қызметі арасында алшақтық кездеседі дейтін бірсыпыра дефектолог мамандардың ойы шындыққа сай келмейтіндігі анықталды. Себебі, жоғарғы жүйке жүйесінің барлық деңгейі өзара тығыз байланыста болып отыратындығы кез келген көзі маманға белгілі жайт.

    Л. С. Выготский зерттеулерінде қамтылған маңызды мәселенің бірі – бала психикасын дамытуда оқыту үрдісінің алатын орны мен ақыл-ойын жетілдіруде жетекші фактор екендігін айрықша атап көрсетеді. Ол өзінің бұл пікірлерін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оқыту ісін үнемі баланың табиғи дамуынан ілгері жүргізу керек деді. Өйткені, бала табиғаты сезімтал, әрбір нәрсені шапшаң қабылдап, олардың мән-жайын тез түсіне алады, осындай ерекшелігіне байланысты, оқу үрдісі баланың өздігінен ойланып толғануын, әрбір нәрсені байыптап ұғынуға жетелеп отырады деп санады. Баланың сезімталдық ерекшеліктері сензитивтік кезең деп аталады. Бұл бала ұғымталдығының өрбуі. Мұндай кезеңдер баланың әртүрлі жастағы даму кезеңдерінде қайталанып отырытандықтан оқу мазмұны мен игеруге тиісті материалдар да күрделене түсіп, баланың ойланып-толғану әрекеттерін өрістетеді.

    Л.С.Выготский анықтаған тағы бір маңызды мәселе – жекелеген психикалық қызметтердің дамуы мен қалыптсауы бала дамуының түрлі кезеңдерінде бірі ерте, бірі кеш дамып, адам санасында түрліше деңгейде болатындығын өзі жүргізген тәжірибелер арқылы баяндайды. Адам психикасының дамуындағы мұндай заңдылық тек дамуында кемістігі бар балаларда ғана емес, қалыпты дамыған балаларды да оқытып, тәрбиелеу істерінде маңызды екендігіне көз жеткізді. Бала психикасының бастапқы даму кезеңінде қабылдау үрдісінің алатын орны ерекше. Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші роль атқаратын ес процесі. Бұл кезеңде бала есінің қарқынды дамуы қабылдауы мен сөйлеу тіліне, ойлау әрекетіне негізделіп, олардың дамуы неғұрлым күрделене бермек. Мектеп жасындағы балалар санасының дамып жетілуінде жетекші процесс – ойлау әрекеті. Ойлау әрекетінің бұл кезеңінде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық үрдістерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады.

    Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, әр кемістік бірнеше сатылы болады. Органикалық, яғни биологиялық ауытқу кемістіктің бірінші сатысы болып есептелсе, сол кемістіктің салдары - оның екінші сатысы болып табылады. Яғни, баланы кем ететін ақаудың өзі емес, оның салдары. Мысалы: баланың көру қабілеті нашар немесе мүлдем жоқ болғанда, ол бірнеше екі сатылық кемістікке әкеледі: кеңістікте еркін бағдарлана алмайтындығы, қимыл-қозғалысының бұзылуы, дүние-танымының тарлығы және т.б. Баланы өзгелерден кем етіп сезінетіндігі көру қабілетінің зақымдалуы емес, оның салдары болып есептеледі.

    Л.С.Выготскийдің адам мүшелерінің компенсаторлық мүмкіндіктері, кемістіктің күрделі құрылымы, оның ішіндегі биологиялық және әлеуметтік ортаның өзара серпінді қатынасы, белсенді және жақын арадағы даму аймақтары туралы және тағы басқа да ілімдері отандастық психология мен дефектологияның даму жолдарын сол кезде-ақ анықтап, қалдырған.

    Қорытындылар

    Дефектология мен оның пән салалары жанама ғылыми салалармен тығыз байланысты. Бұл мәліметтер дефектология ғылымында зерттеулерде және тәжірибелік қызметте, арнайы білім беру технологияларын құрастыруда шығармашылық түрде қолданылады. Мұндай жанама салалардың қатарына: философия, тарих, педагогика, психология, клиникалық, әлеуметтік және арнайы психология, тәнтану, медицина, әлеуметтану, лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік педагогика, физика, информатика негіздері тиісті оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес гуманитарлық және ғылыми ғылымдар жатады.

    Дефектология саласындағы ғылыми және тәжірибелік білімнің анық топтастырылуы уақыт өте келе педагогикалық білімнің жаңа салаларының пайда болуына және дамуына алып келеді. Олардың пәні – бүгінгі таңда білім алудан тыс қалған өмір тіршілігінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар тобына білім беру мен дамыту, немесе арнайы педагогика жүйесінде жеке бағыттарды ажыратуға арналған қазіргі уақыттағы ғылыми және тәжірибелік білімнің аздығы және жетіспеушілігі туралы мәселелер болады.

    Қалыпты және қалыпты жағдайдан ауытқыған баланың психикалық және дене дамуының негізгі заңдылықтары
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта