Главная страница
Навигация по странице:

  • Есту қабілетінен кейіннен айырылғандар

  • Саңырау балалар

  • Тірек–қозғалыс аппараты бұзылған балалардың психологиялық–педагогикалық сипаттамасы

  • Тақырып бойынша негізгі түсініктер

  • Мазмұны 1. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері

  • Балалар церебралды параличінің

  • 2. Балалар церебралды параличінің (БЦП) негізгі түрлері

  • 3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы

  • Ерте балалар аутизміне шалдыққан балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру

  • Мазмұны 1. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) синдромы туралы ұғым. Аутизм себептері

  • 2. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) шалдыққан балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

  • 3. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) кезінде түзету-педагогикалық көмек көрсету

  • дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


    Скачать 110.85 Kb.
    НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
    Дата28.02.2022
    Размер110.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладефектология каз 54 с.docx
    ТипДокументы
    #377571
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Естімейтін балалар –сөздік қорын толықтыру үшін өз бетінше пайдалана алмайтын есту қабілетінен мүлдем айрылған балалар.

    Есту қабілетінен ерте айырылғандар – сөйлеу тілі қалыптаспағанға дейін ерте балалық шақта пайда болған немесе туа біткен екі жақты тұрақты және ауыр есту қабілеті бұзылған балалар.

    Есту қабілетінен кейіннен айырылғандар – есту қабілетін кейіннен жоғалту жағдайымен салыстырғанда, сөйлеу тілі қалыптасқан, есту кемістігі бар балалар.

    Нашар еститіндер (мүкіс құлақ) – сөйлеу тілінің дамуын қиындататын есту қабілетінің жартылай жеткіліксіздігі бар, бірақ есту талдағышының көмегімен сөздік қорын өз бетінше толықтыруға мүмкіндіктері сақталған балалар.

    Саңырау балалар – сөйлеу тілі пайда болғанға дейін немесе сөйлеу тілі жаңадан қалыптасып келе жатқан кезде есту қабілетінің зақымдалуы.
    3. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері

    Нашар еститіндерге және кейіннен есту қабілетінен айырылғандарға арналған мектептер – цензілік білім беруге сәйкес.

    Оқу үрдісінің мазмұндық және әдістемелік бағыттылығын сақтау, негізіне оқытудың түзете-дамыту қағидасы алынған.

    Естімейтін балаларға арналған мектептер – ауызша сөйлеу тіліне және қалдықтық есту қабілетіне барынша сүйену негізінде оқыту.

    Тірек–қозғалыс аппараты бұзылған балалардың психологиялық–педагогикалық сипаттамасы
    Мақсаты: студенттерді тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар тобымен, балалар церебралды параличінің негізгі түрлерімен, түзету жұмыстарының басты бағыттарымен таныстыру.
    Жоспар:

    1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері.

    2. Балалар церебралды параличінің негізгі түрлері.

    3. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы.
    Тақырып бойынша негізгі түсініктер: тірек-қозғалыс аппараты, балалар церебралды параличі, спастикалық диплегия, паралич, гемипаретикалық форма, гиперкинетикалық форма, гиперкинездер.
    Мазмұны

    1. Тірек- қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері

    Балалардың 5-7%-нда тірек-қозғалыс аппаратында туа біткен және жүре пайда болған аурулары және бұзылыстары бар. Бұзылыстар туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін.

    Тірек-қозғалыс аппараты (ТҚА) патологияларының түрлері:

    1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалар церебралды параличі, полиомелит (орталық жүйке жүйесінің ауыр инфекциялық ауруы).

    2. Тірек-қозғалыс аппаратының туа біткен патологиясы: жамбас сүйегі буынының туа біткен шығуы, мойынның қисықтығы, аяқтың маймақтығы, табанның пішінінің бұзылуы, сколиоз, аяқ-қолдардың дамып жетілмегендігі немесе мүкістігі.

    3. Тірек-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары немесе зақымдануы: жұлынның, бас миының, аяқ-қолдардың жарақаттануы, полиартрит, қаңқаның аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері), қаңқаның жүйелі бұзылыстары (рахит).

    ТҚА бұзылған балалардың басты кемістігі қозғалыс ақауы болып табылады. Олардың ішінде басым бөлігін церебралды параличке шалдыққан балалар құрайды (89%).

    Балалар церебралды параличінің (БЦП) жалпы сипаттамасы

    Балалар церебралды параличі – баланың құрсақішілік дамуы барысында, дүниеге келу сәтінде және алғашқы өмір сүрген жылында әсер еткен әртүрлі зиянды себептердің ықпалымен пайда болатын жетілмеген мидың ауруы. Церебралды параличке шалдыққан әрбір 100 баланың 30-ында бұл ауру құрсақ ішінде, 60-ында – туылу сәтінде, 10-ында туылғаннан кейін пайда болады.

    Балалар церебралды параличін тудыратын себептер:

    Құрсақ ішінде: анасының инфекциялық аурулары (вирустық инфекциялар, қызамық, токсоплазмоз), анасының жүрек-қан тамырларының аурулары, анасының эндокриндік бұзылыстары, жүктілік токсикозы, анасы мен құрсақ ішіндегі нәрестенің қандарының иммунологиялық сәйкессіздігі, психологиялық жарақаттар, физикалық факторлар (күн өту немесе қатты тоңу, сәулеге шалдығу), жүктілік кезінде қабылданатын кейбір дәрілік заттар, оның нәтижесінде ұрықтың тамақтануының бұзылуына және оттегі тапшылығына алып келетін жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылысын тудырады. Құрсақ ішіндегі нәрестенің, әсіресе оның жүйке жүйесінің дамуы бұзылады. Ең алдымен бас миының қозғалыс аймақтары зақымданады, сондай-ақ жалпы оның жетілуі бөгеліп, нәтижесінде БЦП шалдыққан балалардың қозғалысы, ой өрісі, сөйлеу қабілеті бұзылады.

    Балалардың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуына толғақ жарақаттары себеп болуы мүмкін, олар анасының жамбас сүйегінің тарлығынан, туу әрекетінің әлсіздігінен, ұрықтың дұрыс орналаспауынан және т.б. пайда болады. Әдетте толғақ жарақаттары асфикциямен (қанның құрамындағы оттегінің жетіспеушілігімен және белгілі-бір алмасу, патологиялық-анатомиялық және клиникалық белгілермен үйлесетін көмір қышқылдардың артық жиналуымен сипатталатын организмнің патологиялық жағдайы) үйлесіп жүреді. Ұрыққа ертедегі постнаталды кезеңде әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады: бұрын ауырған нейроинфекциялар (менингит, энцефалит), полиомелит, баланың алғашқы жылында басын ауыр соқтыруы. Балалар церебралды параличі негізінен тұқым қуаламайды.
    2. Балалар церебралды параличінің (БЦП) негізгі түрлері

    Балалар церебралды параличінің бірнеше түрлері бар:

    1. Спастикалық диплегия – балалар церебралды параличінің ең жеңіл формасы болып табылады. Ол үндескен патологиялық рефлекстердің бар болуымен ерекшеленеді. Әдетте баланың қолдарына қарағанда, аяқтары көбірек зақымдалады. Спастикалық параличпен ауырған кезде артикуляциялық бұлшық еттер зақымдалып, ретсіз қозғалады. Жүрген кезде аяқтың табанына емес, саусақтарына сүйенеді.

    2. Қос гемиплегия (тетрапарез) – баланың аяқтары да, қолдары да зақымдалады. Бұл жағдайда қозғалыс қызметтері күрделі дамиды. Көптеген жағдайларда бұл нышандардың барлығы мүгедектікке әкеліп соғады. Бала басын ұстай алмайды немесе берік ұстай алмайды, отыра және тұра алмайды.

    3. Гемипаретикалық форма бір жақты қозғалыстың бұзылуымен сипатталады, көбінесе баланың қолдары ауруға шалдығады, қол бұлшық етінің тонусы жоғары, оның барлық буындары бүгілген, кеудеге келтірілген болады; қолының буыны жұдырықталған. Егер, бала зақымдалған қолын пайдаланбаса, жыл өткен сайын оның қысқарғаны, көлемінің кішірейгені (атрофия) байқалады.

    4. Гиперкинетикалық форма күштелген еріксіз қозғалыстар – гиперкинездер (hyper грек сөзінен – аса және kinesis – қозғалыс деп аударылады: орталық жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық бұзылыстары кезінде пайда болатын күштелген еріксіз қимылдар) түрінде байқалатын қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады.

    5. Атоникалық-астатикалық синдром – балалар церебралды параличінің бұл формасында бұлшық ет тонусы төмен, бұлшық еттердің қысылу қабілетінің жеткіліксіздігі байқалады. Қозғалыс бұзылыстары ең алдымен қозғалыстың жеткіліксіз үйлесуінен анықталады, баланың тепе-теңдік реакциялары қалыптаспаған. Баланың қозғалыстарынан атаксия – тұрақсыздық байқалады.

    Церебралды параличке шалдыққан балалардың әртүрлі қозғалыс бұзылыстарының туындауына аурудың өзінің ерекшелігімен тікелей байланысты бірқатар факторлардың әсер етуі себеп болады. Олардың ішінде маңыздылары мыналар:

    - ерікті қозғалыстардың шектелгендігі немесе мүмкіндігінің жоқтығы. Мидың зақымдалу ауырлығына қарай белгілі-бір қозғалыстар толық немесе жартылай байқалмауы мүмкін. Ерікті қозғалыстар көлемінің шектелуі әдетте бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлесіп жүреді;

    - бұлшық ет тонусының гипотония (бұлшық ет тонусының төмендеуі) немесе спастикалық (бұлшық ет тонуысының жоғарылануы) типі бойынша бұзылуы. Кез-келген қозғалыс актісі үшін қалыпты бұлшық ет тонусы қажет;

    - кез-келген ерікті қозғалыстарды орындауды қиындататын күштеу қозғалыстарының (гиперкинездердің) пайда болуы;

    - тепе-теңдік пен қозғалыстар үйлесімінің бұзылуы;

    - қозғалыстарды сезудің бұзылуы.
    3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы

    Балалар церебралды параличіне шалдыққан көптеген балалардың бас миы ертеден бұзылуының нәтижесінде сөйлеу, есту, көру қабілеттері бұзылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, балалар церебралды параличіне шалдыққан балалардың 80%-нда сөйлеу қабілетінің бұзылғаны байқалады. Сөйлеу патологиясының ең жиі кездесетін түрі – дизартрия, көбінесе сөйлеу қабілетінің бөгелуімен үйлесіп жүреді. Сөйлеу қабілетінің бұзылу дәрежесі бас миының бұзылу уақыты мен шоғырлануына байланысты. Балалар церебралды параличіне шалдыққан көру қабілеті бұзылған балаларда қылилық байқалады, оларда бір заттың екіншісіне ауысу қабілеті қиындатылған. Орта есеппен әрбір төртінші баланың есту қабілеті бұзылады. Ой-өрісінің дамуының сақталуы, бірақ аздап төмендеуі мүмкін. Балалар церебралды параличіне шалдыққан дерлік барлық балалардың тез шаршағыштығы жоғары болады.

    Балалар церебралды параличі кезінде түзету жұмыстарының негізгі мақсаттарына мыналар жатады: балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық, әлеуметтік көмек көрсету, барынша толық және ерте әлеуметтік бейімділікті, жалпы және кәсіби білім беруді қамтамасыз ету.

    Балалар церебралды параличі шалдыққан балалармен түзету-педагогикалық жұмыс жүргізудің принциптері:

    1. Түзету-педагогикалық жұмыстың кешенді сипаттамасы.

    2. Балалар церебралды параличін ертеден диганостикалау.

    3. Алдыңғы қатарлы қызмет саласындағы жұмысты ұйымдастыру. Сәби жасында (1 жасқа дейін) – үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас жасау; ерте жасында (1-3 жаста) – пәндік қызмет; мектепке дейінгі жаста (3-7 жас) – ойын қызметі; мектеп жасында – оқу қызметі.

    4. Жалғасып жатқан психикалық-сөйлеу қабілетінің дамуы серпінінде баланы қадағалау.

    5. Баланың ата-анасымен және айналасындағыларымен тығыз қарым-қатынас жүргізу.


    Қорытындылар

    Ауруды диагностикалау, сондай-ақ бұзылыстарды жоюға бағытталған емдеу-түзету жұмыстары қаншалықты тез және толық жүргізілсе, соншалықты оның нәтижесі оңтайлы болады. Түзету жұмыстары барысында дәрігерлер, педагогтар және психологтардан басқа, баланың ата-анасының да орны зор. Олардың көмегімен бала өмірге сәтті бейімделуі үшін қажетті өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгереді. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, емдік, педагогикалық және психологиялық ықпалдармен бірге үйлестіріліп отыруы тиіс.

    Ерте балалар аутизміне шалдыққан балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру

    Мақсаты: студенттерді «ерте балалар аутизмі» (ЕБА) ұғымымен, ЕБА шалдыққан балалардың психикалық даму ерекшеліктерімен таныстару.
    Жоспар:

    1. Ертедегі балалар аутизмі (ЕБА) синдромы туралы ұғым. Аутизм себептері.

    2. Ертедегі балалар аутизміне (ЕБА) шалдыққан балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

    3. Ертедегі балалар аутизміне (ЕБА) шалдыққан балаларға түзете-педагогикалық көмек көрсету.

    Мазмұны

    1. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) синдромы туралы ұғым. Аутизм себептері

    Ерте балалар аутизміне алғашқы рет сипаттама бергендердің бірі Л.Каннер (1943 ж.) болды. Ол негізгі белгілерін талдап қорытып, оларды жеке ауру ретінде бөліп шығарды. Л.Каннердің пікірінше, Ерте балалар аутизмінің (ЕБА) негізгі белгілері мына нышандар болып табылады: аутистикалық күйзелістері бар аутизм; әңгілік элементтерімен стереотипті, біркелкі әрекет жасау; сөйлеу қабілетінің дамуының ерекше бұзылыстары.

    Аутизм деп «шынайы болмыстан қол үзуді, өзімен-өзі болып кетуді, сыртқы әсерлерге әрекеттердің жоқтығын немесе оқшаулығын, ортамен қарым-қатынас жасаудағы енжарлық пен аса қамкөңілділікті» атайды (К.С.Лебединская).

    Ерте балалар аутизмі (ЕБА) – бұл аутизм, әртүрлі аффектті белгілер, агрессия жататын бірнеше белгілер түрлерінің жиынтығы.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған көрсеткіштер бойынша, мінез-құлқы бұзылған адамның бойында келесі өзгешіліктер байқалады: әлеуметтік өзара әрекеттесу аясындағы сапалық бұзылыстар; қарым-қатынас жасау қабілетінің сапалық бұзылыстары; тәртіптің, қызмет мүдделері мен түрлерінің шектелген қайталанатын және стереотиптік үлгілері.

    Шамамен алғанда, әрбір 10 мың жаңа туылған нәрсетенің 15-20-сында аутизм байқалады. Аутизмнің себептері толық анықталмаған.

    Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы аутизмнің этиологиясына байланысты 50 жылдан астам уақыт бойы қарастырылып келе жатыр. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) диагнозы бар көптеген балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалу белгілері байқалады, алайда олардың пайда болуын және дәрежесін анықтау қиын. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) зақымданудың белгілі-бір оқшаулануымен байланыстыруға әрекет жасалған, бірақ бұл зерттеулер жеткіліксіз. Қазіргі кезге дейін аутизмнің пайда болуының себептері толығымен анықталмаған. Ерте кездегі балалардың аутизмінің этиологиясында басты орынды алатын генетикалық фактор, аутизмнің басым бөлігі тұқым қуалайды. Тұқым қуалаудың механизмі әлі түсініксіз болып келеді, бірақ ол моногенді емес, яғни аутизмнің пайда болуы бір генге емес, гендер тобына байланысты болады. Яғни генді комплекс патологияның нақ өзін емес, оның пайда болуына соғатын бейімдейтін факторларды тудырады, ол тек ауруды шығаратын факторларға байланысты болуы мүмкін, мысалы:

    • экзогенді фактор – травма, инфекция, интоксикация, психотравма және т.б.;

    • эндогенді фактор – ерте жас дағдарысы, конституционалды ерекшеліктері және т.б.

    Балалардың аутизмінің этологиясы мен патогенезі белгісіз болғандықтан, түсініктеме ретінде «ата-анасының баладан эмоционалдық шектелуі теориясы» және тұқым қуалайтын бөгелістер мен орталық жүйке жүйесінің органикалық түрде зақымдалуы қолданылады.

    АҚШ пен Батыс Еуропада психогенді фактор психоаналитикалық тәсіл шегінде қарастырылады. Отандық әдебиеттерде психогенді аутизм орын алуы мүмкін, бірақ оның анық сипаттамалары жоқ деген мәліметтер бар.
    2. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) шалдыққан балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

    Ерте балалар аутизмі (ЕБА) кейбір белгілері ертеден-ақ байқалады. Емшектегі балалардың анасымен жалғасқан кезде «жандану кешені» байқалмайды, олар белгілі-бір сыртқы қоздырғыштарға әрекет етпеуі мүмкін. Әдетте, балалар аз ұйықтайды; олардың ұйқысы тынышсыз, үзілмелі, қатты емес.

    Әсіресе аутизм 3-5 жаста анық білінеді. Оның белгілері мынадай:

    - бала көзін тігіп, тікелей «көзбе-көз» қарай алмайды;

    - алғашқы рет нақты біреуге қарап күлімдемейді, күлкіге, қуанышқа қозбайды;

    - бала қолға алуын сұрамайды, қолға ыңғайланбайды;

    - жақын адамдарын таниды, бірақ ұзақ эмоциялық әрекетін байқатпайды;

    - бала еркелеткенді я көтереді (немқұрайлы қарайды), я жақтырмайды;

    - жайсыздыққа көзқарасы оғаш: не оны мүлде көтермейді, не болмаса селқос қарайды;

    - басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттігін байқатпайды, қашқақтауға тырысады немесе немқұрайлы қарайды.

    Мінез-құлқына әдеттегі тұрақтылықты сақтау ниетінен байқалатын тепе-теңдік феномені тән. Көбінесе тәртібі біркелкі. Балалар бірнеше сағат бойы бір әрекетті қайталауы, яғни бір қимылды (қолдарын тербету, сілку) көп рет қайталауы, ыдысқа суды құйып-төгуі, әртүрлі заттарды бір орыннан екінші орынға ауыстыруы мүмкін. Ойыншықтарды дұрыс пайдаланбайды.

    Ерте балалар аутизмі (ЕБА) шалдыққан балалардың қозғалыс сферасы бұзылады. Оны жүрісінің сенімсіздігінен, ұсақ моторикасының әлсіз дифференциациялануынан, жүрісінің орашолақтығынан байқауға болады. Екі жасқа жеткен кезде стереотиптік қозғалыстар кешені біліне бастайды. Ертедегі даму кезеңінен бастап-ақ ЕБА шалдыққан балалардың жат және жаңа нәрселерден қорқыныш сезімі пайда болады. Қорқыныштары диффузиялы, анық емес, жалпы үрей мен мазасыздық деңгейінде, және бала белгілі-бір заттар мен құбылыстардан (қолшатыр, жұмсақ ойыншықтар, ақ түсті заттар және т.б.) қорыққан кезде дифференциацияланған болуы мүмкін.

    Сөйлеу қабілетінің дамуының ерекшеліктері:

    - мутизм – сөйлей алмауы;

    - эхолалиялар – көбінесе естіген сәтте емес, біраз уақыттан соң басқа адамның айтқан сөздерін, сөз орамдарын қайталауы;

    - айтатын сөздерінің – штамптар мен сөз орамдарының – көптігі, сөзінің фонографиялығы («қайталануы»), есте сақтау қабілеті жоғары болған жағдайда сөйлеу қабілеті дамыған болып көрінеді;

    - сөзінде қаратпа сөздердің жоқтығы, әңгімесінің негізсіздігі;

    - сөзінің автономдылығы;

    - кейіннен сөйлеген сөзінде жеке есімдіктердің пайда болуы (әсіресе, «мен»);

    - семантикасының бұзылуы;

    - сөзінің грамматикалық құрылысының бұзылуы;

    - дыбыстауының бұзылуы;

    - сөзінің просодикалық жағының бұзылуы.
    3. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) кезінде түзету-педагогикалық көмек көрсету

    Аутизмге шалдыққан адамдарға көрсетілетін көмек жүйесі 60-шы жылдарда алдымен АҚШ-та, содан кейін Батыс Еуропада қалыптаса бастады. Аутизмі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу жеке бағдарламаны талап етеді. Отандық дефектологияда К.С.Лебединский мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзету әдістері кеңінен таралған. Кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық түзету әдістемесі аутизмді аффективті бұзылыс ретінде түсіндіруге негізделген. Педагогтардың, психологтардың, дәрігер-психиатрлардың үздіксіз қарым-қатынас жасауының рөлі зор. Ерте балалар аутизмі (ЕБА) кезіндегі психиканы түзетуде баланың эмоциялық даму проблемаларын ескеру қажет. Психологиялық түзету әрдайым баламен психологиялық байланысты белгілеуден басталады. Аутизмге шалдыққан балалардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау қиын. Олардың қарым-қатынасқа қажеттілігі туындамайды, адамдармен қарым-қатынас жасау әдістері дамымаған. Қарым-қатынас жасау кезінде ешқандай қысым жасалмауы тиіс. Баламен алғашқы қарым-қатынасты қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болған кезде орнату керек. М.Велштің – холдинг-терапия әдістемесі кеңінен таралған. Бұл әдісте анасы баласын қолына алып, бауырына қатты қысады да, көздерін түйістіру үшін бетпе-бет ұстайды. Анасы баласын ол әлсіреп, бауырына басылғанша ұстап тұруы қажет.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта