Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Тақырып бойынша негізгі ұғымдар

  • Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің мәселелері

  • Инклюзивті оқыту

  • 3. Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытуды жүзеге асу түйінтектемелері

  • дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


    Скачать 110.85 Kb.
    НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
    Дата28.02.2022
    Размер110.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладефектология каз 54 с.docx
    ТипДокументы
    #377571
    страница7 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Қорытындылар

    Арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесін дамытудың қазіргі заманғы жағдайларында мемлекеттің заманауи әлеуметтік-мәдени және экономикалық өмір жағдайларына және білім алып жатқан балалардың ерекше білім алу қажеттіліктеріне сай келетін үлгілер іздестірілуде. Арнайы мектепте түлектерді қазіргі жағдайларда жұмыспен қамтамасыз ету үшін тек қана білім беру құрылымдары емес, сонымен қатар кәсіптік бейімделу құрылымдары да үйлесу керек.

    Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогиканың қазіргі уақыттағы мәселелері мен даму тенденциялары

    Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогиканың қазіргі уақыттағы түйінтектемелерімен таныстыру.
    Жоспар:

    1. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің мәселелері.

    2. Инклюзивті оқыту (біріктіріп оқыту, білім беру) жүйесінің пайда болуы.

    3. Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың жүзеге асу түйінтектемелері.



    Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: инклюзивті оқыту, оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру ережесі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру ережесі, логопедиялық пункттердің қызметін ұйымдастыру ережесі.


    1. Қазақстан Республикасындағы арнайы білім берудің мәселелері

    Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепте біріктіріп оқыту - өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында арнайы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының жабылуы мен қысқартылуына байланысты ұйымдастырылған шара болып саналады. 1991 жылы мектеп жасындағы зиятында және дене дамуында кемістіктері бар 7 мыңнан астам балалар арнайы мектепте оқу орнының болмауына байланысты жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда оқыды. 1999 жылы жалпы білім беретін мектептерде 45,7 мың мүмкіндігі шектеулі балалар білім алды. 2006 жылы 60 мыңнан астам бала оқыды.

    Республикалық ПМПК-ның мәліметтері бойынша 2003 жылы 120665 мүмкіндігі шектеулі балалар анықталған, 2007 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар көрсеткіші 154926 өсті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тек 15% ғана арнайы түзете білім алумен қамтылған, бұл көрсеткіш жалпы білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі баланың жалған біріктіріп оқыту үрдісінің ілгері дамуына әсер етті.

    Жалпы білім беру Департаменті мен ЮНЕСКО арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында 2000 жылы «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға базалық білім беруге көмек» атты Пилотты жоба жүзеге асырылды, орындаушы ӘЕОБ орталығы болды. Шетел тәжірибесі, білім беру үрдісінде қоғамның дайындығы мен қажеттілігі және мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу туралы зерттеулері жүзеге асты.

    Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Р.А.Сүлейменова мен Г.Д. Хакимжанованың «Зарубежный и отечественный опыт включения детей со специальными нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения» кітабы жарық көрді. Сонымен, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан коррекциялық көмек көрсету жүйесінің негізін салушы Р.А.Сүлейменова болып табылады.

    Тәжірибелерді жалпылау - мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада оқыту үрдісі кеңінен өзінің тарауын алуда және бұл үрдісті мемлекеттің білім беру саясатын дамытуда енгізген жағдайда жағымды нәтижесін беруде.

    Бұл жобадағы инклюзивті оқытудың (біріктіріп оқыту, білім беру) шетел мен отандастық тәжірибенің салыстырылуы қазіргі кездегі білім беру жүйесінде инклюзивті оқытудың (біріктіріп оқыту, білім беру) маңызын көрсетті және арнайы және жалпы білім беру жағдайларын жақындату мақсатымен оның ілгері дамуын және ортақ білім беру ортасын құруды болжауға мүмкіндік берді.
    2. Инклюзивті оқыту (біріктіріп оқыту, білім беру) жүйесінің пайда болуы (құрылуы)

    2002 жылы САТР орталығының ұсынысымен құрылған ҚР-ның «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медациналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы қабылданды.

    Заңда «Барлығына арналған білім беру туралы Бүкіл әлемдік декларацияда» (1990 ж.); «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру» Саламандық Декларация (1994 ж.) және т.б. көрсетілген білім беру саласындағы қазіргі уақыттағы халықаралық талаптар мен тенденциялар ескерілген.

    Бұл заңның қабылдануы ҚР-ның арнайы білім беру жүйесінің дамуына негіз болып, арнайы білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды.

    Республикада 0-18 жастағы балалардың 1:60 мың есебінен 55 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (кеңес беру) (ПМПК), 98 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), 12 оңалту орталықтары (ОО), 223 логопедиялық пункттер ашылды.

    Арнайы білім беру саласындағы Республикада жүргізіліп жатқан іс-шаралар білім беру үрдісіне дамуында күрделі кемістіктері бар балаларды енгізу туралы мәселелерді шешуде көмектесуде жалпы білім беретін мектептерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете қолдау көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне негізгі жүк жүктеледі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңына сәйкес мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алуға жағдай жасайды, даму кемістігін түзетеді және әлеуметтік бейімдейді.

    ПМПК мүмкіндігі шектеулі баланы тексеруді және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін жүзеге асырады, қажеттіліктеріне сәйкес білім беру мекемесіне оқытудың ұсынысымен қорытынды шығарады.

    Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқықты.

    Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың (біріктіріп оқыту, білім беру) құқықты базасын (орталығын) құруға арналған іс-шаралар тізбегі жүргізілді. Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы құрастырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен (ҚР Б және ҒМ) бекітілген бірнеше нормативті құжаттар:

    • Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру ережесі;

    • Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру ережесі;

    • Логопедиялық пункттердің қызметін ұйымдастыру ережесі.


    Мәселенің мазмұны

    Сонымен қатар, арнайы білім беру мекемелерінің қызметін, көмекші және компенсаторлық техникалық құралдарының ретін, жалпы білім беру үрдісіне арнайы қажеттіліктері бар балаларды енгізуді қамтамасыз ететін МБСО ережелері (талаптары, жағдайлары) көрсетілген нормативті-құқытық актілер.

    «Арнайы білім беру мекемелерінің қызметін ұйымдастыру ережесінде» арнайы мектептерге кеңес беру бөлімшелерін ашуға және сәйкес қызмет көрсетуге құқық беріледі, бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін қолдау сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасында арнайы мектептерде кеңес беру бөлімшелері ашылуда, шетел мемлекеттерінің тәжірибесі, инклюзивті оқыту (біріктіріп оқыту, білім беру)тәжірибесі, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуде кеңес беру бөлімшелерінің маңыздылығын көрсетті.

    Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру ортасында оқыту түйінтегінің құрылымаралық талдау қажеттілігі туды. Бұл талқылаудың нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мекемелеріне енгізу үрдісін көрсететін нормативті құжаттар жүйесі жасалды.

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізудің кеңінен таралған тәжірибесі – арнайы сыныптарда оқу, жалпы сыныптарға ену болып табылады. Мысалға, Алматы қаласының өзінде ғана жалпы білім беру мектептерінде 104 арнайы сыныптар өз қызметтерін орындауда. Алайда, инклюзивті оқыту үрдістері ғылыми, нормативті, материалдық-техникалық жүйемен (базамен) бекітілмеген (тұжырымдалмаған).

    Арнайы білім беру мекемелері Республикада бірдей орналаспаған, облыс орталықтарында арнайы білім беру мекемелері көбірек ашылған, сондықтан да балалардың 90% көбісі өз отбасыларын және туған-туыстарынан алшақтанып, интернаттарда тұруға мәжбүрлі. Көптеген облыстарда есту, көру қабілеттері, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектептер жоқ.

    Бұл мәселелерді шешу ППТК, ОО және инклюзивті оқытуды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлардың жасалуын кеңейту арқылы мүмкін болады.

    Нәтиже: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын сақтау (Баланың Құқықтары туралы Қонвенция 9 бап. 1б.).

    Қазақстан Республикасында түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (ТП ҰҒПО) арнайы мектептік білім беру лабораториясында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу мәселесінің ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

    3. Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытуды жүзеге асу түйінтектемелері

    - Білім беру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайлары жасалынбаған, бұл жағдайлардың жасалынбауы жалған интеграцияға, одан кейін оқушылардың мектептерден іріктелуіне және дезадаптацияға әкеледі.

    - Дамуында психикалық және дене кемістіктері бар балаларды ерте жастан анықтау және оларды түзете-дамыта оқыту жүйесі нашар қызмет атқаруда.

    - Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалпы білім беру мекемелеріне шынайы қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.

    - Жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде әлеуметтік, медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (қолдау) жоқ.

    - Бұл топтағы балаларға педагогтар білікті көмек көрсетуге қабілеттері жоқ, себебі, ЖОО-ның дайындығы арнайы педагогика және арнайы психология саласындағы білімді толық қамтамасыз етпейді.

    - Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін мекемелерде көмекші және компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз етілмейді.

    - Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу баяу және бақылаусыз өтуде.

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған іс-шаралар:

    - Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды ұйымдастыру және оларға түзете-педагогикалық көмек көрсету.

    - Жалпы мектепке дейінгі және мектепте оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті-құқықтық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

    - Жалпы білім беру мекемелерінде, ОО-нда, ППТК, логопедиялық пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

    Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған іс-шаралар:

    - Жалпы білім беру мекемелерінде оқитын балаларды көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.

    - Білім беру жүйесінің барлық керекті, қызығушылықтары бар құрылымдармен (денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет, қаржы мекемелері және т.с.с.), қоғамдық мекемелермен, НПО және ата-аналармен өзараәрекеттесуін қамтамасыз ету.

    - Инклюзивті оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін құрастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.

    - Арнайы қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін МБСО жүзеге асыру.

    Шешу жолдары

    Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық–техникалық құралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді.

    Инклюзивті оқытудың болжамдары мен стратегиялық мақсаттары отандастық білім беру жүйесімен осы мәселе өте жоғарғы деңгейде шешілген мемлекет өкілдерімен үнемі кең өзараәрекеттесу үрдісінде шешіліп, жетістіктерге жету керек.

    Стратегияның құрылуына тек осы жолы ғана - аймақтық тәжірибе мен жергілікті білім беру жағдайларының ескерілуімен инклюзивті оқытудың ұлттық білім беру моделін құрастыруға мүмкіндік береді.

    Қорытындылар

    Жыл сайын сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы логопедиялық пункттер саны көбеюде. Ертедегі кезеңде тіл кемістігін анықтау және түзету мәселелері көтеріліп отыр.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта