Главная страница
Навигация по странице:

  • Күрделі кемістіктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

  • Тақырып бойынша негізгі ұғымдар

  • 2. Күрделі кемістіктері бар балалардың негізгі топтары

  • 3. Күрделі кемістіктері бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру

  • Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

  • 1. Балалардың дамуындағы бұзылыстардың пайда болу себептері

  • 2. Психикасының дамуы тежелген (немесе үйлеспеген) балалардың негізгі топтары

  • Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беруді ұйымдастыру жүйесі

  • Мазмұны 1. ҚР-ғы арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі

  • Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі және мектеп мекемелері жүйесі

  • дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


    Скачать 110.85 Kb.
    НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
    Дата28.02.2022
    Размер110.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладефектология каз 54 с.docx
    ТипДокументы
    #377571
    страница6 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Қорытындылар

    Ой-өрісі потенциалды сақталған жағдайда аутизмге шалдыққан балаларды көпшілікке арналған мектепте оқыту үшін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажет. Көптеген жағдайда алғашқы кезеңдегі қиындықтардан кейін оң нәтижеге жетуге болады. Аутизмге шалдыққан баламен жұмыс жүргізу – қазіргі заманғы арнайы педагогикадағы ең күрделі істердің бірі деп айтуға болады.

    Күрделі кемістіктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
    Мақсаты: студенттерді дамуында күрделі кемістіктері бар балалар тобымен таныстыру.
    Жоспар:

    1. «Күрделі кемістік», «құрама бұзылыстар» ұғымдары.

    2. Бұзылыстары күрделі балалардың негізгі топтары.

    3. Күрделі кемістіктері бар адамдарға түзету-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


    Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Күрделі кемістік, құрама бұзылыстар, тифлосурдопедагогика.
    «Күрделі кемістік», «құрама бұзылыстар» ұғымдары

    Күрделі кемістіктері (құрама) бар балаларды зерттеумен, оқытумен және тәрбиелеумен отандық дефектология соңғы 10-15 жылдар ішінде айналысты. Бала дамуының күрделі бұзылыстарына бір баланың бойында екі немесе одан артық психикалық және дене (көру, есту, сөйлеу, ойлау және т.б. қабілеттер) бұзылыстарының үйлесімін жатқызады. Мысалы, естімеушілік пен нашар көрудің, ойлау қабілетінің кемістігі мен зағип және т.б. үйлесімі. Балалардың осы тобына көңіл бөлінуі мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дифференциацияланған тәсілінің кеңейюімен, сондай-ақ осы балалар категориясының санының көбеюімен түсіндіріледі. Осы балаларды зертеудің, олардың білім алу қажеттіліктерін, оларды реабилитациялау жолдарын жасаудың практикалық қажеттілігі өте маңызды.

    Күрделі кемістіктері бар балалардың дамуына тән жалпы заңдылық бұл баланың ертедегі даму жағдайларының ерекше ауырлығы болып табылады. Баланың сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасауы әлсіз, бұл кейбір функциялардың (заттық әрекеттер, заттар кескіндерінің қалыптасуы, кеңістікте бағдарлануы және моторикасы, үлкендермен эмоция мен сезім арқылы түйісу және қарым-қатынас жүргізу) толық дамымауына, сондай-ақ психикалық дамудың жалпы бөгелуіне алып келеді.

    Күрделі кемістіктердің өзіндік нәтижесі кемістікті өтеудің қолжетімді жолдарын азайту болып табылады.

    Күрделі кемістік – бұл тек екі (немесе одан да көп) кемістіктердің жиынтығы ғана емес, бұл өз құрылымы бар дамудың сапалық өзіндік бұзылысы. Осыған байланысты, басқа бұзылыстар тобынан ажырату мақсатымен Күрделі кемістіктері бар балаларды зерттеуді ұйымдастырудың маңызы зор. Алғашқы мәселелердің қатарына күрделі кемістікті барынша ерте диагностикалау мәселесі жатады. Әдетте, дамуының бұзылыстары күрделі балалар әлеуметтік білім беру саласына кеш түседі. Ертеден диагностикалауда баланың алғашқы өмір сүру жылдарында сенсорлық бұзылыстарды диагностикалауға мүмкіндік беретін нейрофизиологиялық зерттеу әдістерінің рөлі зор. Ертеден диагностикалау мақсатында психологиялық зерттеудің қиындықтары елеулі. Баланың ой-өрісілік және эмоциялық дамуындағы ауытқуларды саралауда және олардың себептерін анықтауда қиындықтар пайда болады. Медициналық-генетикалық зерттеудің маңызы зор, себебі көптеген күрделі бұзылыстар генетикалық фактордың әсерімен байланысты.
    2. Күрделі кемістіктері бар балалардың негізгі топтары

    Бұзылыстың құрылымына қарай бұзылыстары үйлескен балалар үш негізгі топқа бөлінеді:

    1 топ: анық байқалатын екі психикалық және дене бұзылыстары бар балалар (саңырау-зағип балалар, ақылы кем естімейтін балалар, психикалық дамуында (бастапқы) бөгелісі бар нашар еститіндер);

    2 топ: бір негізгі психикалық және дене бұзылысы және оған ілескен дамуының барысын қиындататын тағы бір әлсіз байқалатын бұзылысы бар (есту қабілеті нашарлау ақылы кем балалар);

    3 топ: әртүрлі дәрежеде байқалатын және баланың дамуында едәуір ауытқуларға алып келетін көптеген, үш және одан артық бұзылыстары (бастапқы) бар балалар (нашар көретін естімейтін ақылы кем балалар).

    Көптеген кемістіктерге, сонымен қатар бір баланың бірқатар бұзылыстарының үйлесімін жатқызуға болады.
    3. Күрделі кемістіктері бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру

    Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу арнайы педагогиканың толық зерттелмеген және аса күрделі проблемасы болып табылады. Осыдан біраз уақыт бұрын осындай балалар оқытылмайтын болып саналатындықтан, оларға нақты педагогикалық көмек көрсету мүмкін емес болып көрінген. Алайда соңғы онжылдықта жағдай өзгерді. Дамудың шешуші факторы баланы білім беру процесіне қосу, баланы мәдени тығырықтан, қоршаған ортадан оқшаулану жағдайынан шығару болып табылады. Сенсорлық кемістіктері күрделі балалардың санасының даму мүмкіндіктерін шектелген деп санауға болмайды. Зағип-саңырау балаларды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жүйесін жасауға көп үлес қосылды. Профессор А.И.Мещеряков (Александр Иванович Мещеряков – дефектолог, психология ғылымдарының докторы, 1923-1974) зағип-саңырау баланың қоғамда қалыптасқан білімді меңгеруін және оның ерекше адами мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін бірқатар жағдайларды тұжырымдады. Бұл, біріншіден, заттармен практикалық әрекет жасау, онсыз заттың толық бейнесін тұжырымдау мүмкін емес. Екіншіден, адамның тікелей айналасына жататын заттармен әрекет жасаудың әлеуметтік әдістерін пайдалану. Үшіншіден, әрекеттердің баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы.

    Кішкентай зағип-саңырау баланың білім берушілік маңызы бар қызмет саласы өзіне-өзі қызмет көрсету (өзіне-өзі қызмет көрсетуді үйрету) және қол еңбегі болып табылады. Нақ осы салада алғашқы рет зағип-саңырау адамдарға қолжетімді сыртқы ортамен әлеуметтік әрекеттесу ұйымдастырылады.

    Зағип-саңырау балалар тобы ең күрделі болып табылады. Бұл балалардың ерекшелігі – биологиялық кемістігі бар болғандықтан, олар айналасындағы туралы ақпаратты табиғи арналар бойынша алу мүмкіндігінен дерлік толық айырылған және арнайы ұйымдастырылған білім беру тәсілі болмаса, ой-өрісі дамымайды. Отандық тифлосурдопедагогиканың негізін салушы И.А.Соколянский (Иван Афанасьевич Соколянский – дефектолог, 1889-1960) болып табылады. Қазіргі уақытта зағип-саңырау балаларды оқытудың, олардың қажетті қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырудың арнайы әдістемелері қолданылуда. Тифлосурдопедагогтардың міндеті – сенсорлық шектелгендік жағдайларында жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
    Қорытындылар

    Күрделі кемістіктері бар әрбір балаға кемістіктің құрылымымен, оның этиологиясымен, психикалық және дене ерекшеліктерімен анықталатын дамудың жеке бағдарламаларын белгілеу қажет. Тәжірибе көрсеткендей, күрделі кемістіктері бар оқушылар үшін еңбек білім берудің (тұрмыстық еңбек пен үй шаруашылығын қоса алғанда), кәсіби-еңбектік білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың маңызы зор.

    Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
    Мақсаты: студенттерді психикасының дамуы тежелген балалар тобымен таныстыру.
    Жоспар:

    1. Балалардың дамуында бұзылыстардың пайда болу себептері.

    2. Психикасының дамуы тежелген (немесе үйлеспеген) балалардың негізгі топтары.

    Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: невротикалық типті психикалық декомпенсация, психопатия тәрізді психикалық декомпенсация, әуестіктер патологиясы, мінез-құлықтағы ауытқулар.
    Мазмұны

    1. Балалардың дамуындағы бұзылыстардың пайда болу себептері

    Жасөспірімдік жаста, әсіресе бүкіл организмнің күрделі қайта құрылуына алып келетін жыныстық жетілу кезеңінде бала әртүрлі қолайсыз әсерлерге биологиялық және әлеуметтік тұрғыда осал болады.

    Девиантты мінез-құлық деп тәртіп, даму нормасынан ауытқуды айтады. Девиантты мінез-құлық – бұл осы қоғамда ресми белгіленген немесе нақты қалыптасқан нормалар мен болжамдарға сәйкес келмейтін әрекеттер, қылықтар. Жасөспірім-олигофрендердің мінез-құлықтарының бұзылуында маңызды рөлді психиканы жарақаттайтын факторлар, атап айтқанда көпшілікке арналған мектепте сәтсіз оқуымен, құрдастарының менсінбей қарауымен және т.б. байланысты күйзелістер атқарады. Мінез-құлықтың бұзылу типтерінің ішінде қоғам ішінде сәтті бейімделуіне кедерге болатын, ал кейде құқық бұзушылық пен қылмыстарға апарып соғатын бейәлеуметтік мінез-құлықтың қалыптасуына себеп болатын психопатия тәрізді бұзылыстардың маңызы аса зор.
    2. Психикасының дамуы тежелген (немесе үйлеспеген) балалардың негізгі топтары

    Декомпенсация – компенсацияға кері процесс – компенсациясының бұзылуының салдарынан организмнің белгілі-бір жүйесінің қызметінің бұзылуы. Әдетте, ол организмнің жағдайы нашарлаған кезде немесе жаңа бейімделу реакцияларының қалыптасуын талап ететін күтпеген жаңа жағдайлармен түйіскен кезде пайда болады.

    К.С. Лебединская (1976) мынадай типтерді бөліп шығарды:

    Невроз тәрізді психикалық декомпенсация.

    Невроз тәрізді психикалық декомпенсация жеке басының ақылының жетілмегендігін сезу күйзелістерімен байланысты. Жасөспірімдердің ауыр психикалық қамкөңілдігі, өз мүмкіндіктеріне сенбеушілігі, болашақтан қорқу сезімі, сәтсіздіктерді асыра уайымдауы байқалады. Оқу қызметінің өнімділігі төмен. Ауызша жауап берген кезде, бақылау жұмысын жасаған кезде қорқыныш сезімі пайда болады. Жетілмегендік сезімі кейбір жасөспірімдердің аутизмге бейімділіктерінің туындауына түрткі болады. Сырт көзге бейәлеуметтік сипаты бар болып көрінетін бірқатар әрекеттер (себепсіз сабаққа бармау, қаңғыбастық өмірге ұмтылу) қорғану үшін жасалған қылық болып табылады. Осымен қатар, балалардың ата-аналарына ынтықтығы, тілектестігі байқалады, олар үй, интернат ішіндегі қолынан келетін жұмысты ынталана орындайды.

    Психопатия тәрізді психикалық декомпенсация.

    Психопатия тәрізді психикалық декомпенсация әртүрлі байқалады: эмоциялық-еріктік тұрақсыздық, аффективті қозғыштық, қозғалыстарының тежелгендігі, әуестіктерінің патологиясы.

    Жасөспірімдердің бұл бөлігі мектеп тәртібін бұзумен қатар (шыдамсыздық, ашушаңдық, мұғалімдермен себепсіз дау шығаруға, агрессияшылдыққа бейімділігі), мінез-құлқының бейәлеуметтілігі (алкогольдік ішімдіктерге ерте салынуы, ұрлық жасауға, нашақорлыққа, токсикоманияға, жеңсікқұмарлық эксцесстерге бейімділігі) байқалады. Балалар білім алуға қызығушылығын жоғалтады. Тәртібінде эмоциялық-еріктік ұшқалақтық, жетілмегендік басым болады. Жасөспірімдердің тәртібінің негізгі қозғаушы себебі – көңіл көтеру. Сабақта балалар көп сөйлейді, көңілдері басқа жақта болады. Иланушылығы жоғары болғандықтан, олар дау-жанжалдарға жиі тартылады немесе құқық бұзушылық жасау құралына айналады. Ақылының кемдігімен көбінесе қызығушылықтардың өзіндік ересектігіне, олардың тұрмыстағы бір жақты бағыттылығына (тұрмыс құру, отбасы, ұнамды жұмыс туралы армандарға) қарама-қарсы болады. Көбінесе, жасөспірімдер өздерінен жасы үлкен жастар ортасына ұмтылады. Жасөспірімдердің денесі ерте «жетіледі» (екінші жыныс органдарының және сыртқы жыныс органдарының асыра немесе ерте дамуы, дене бітімінің конфигурацияларының аса ерте жетілуі).

    Әуестер патологиясын жеңуге болмайды. Бұл бүкіл өмір салтын алдын ала анықтайды және көбінесе мектепте білім алуына кедергі болады. Жасөспірімдердің осы категориясына жататын қыз балалардың жеңсіктігі жоғары болады. Жеңсіктігінің жоғарылауымен қаңғыбастыққа бейімділігі байланысты. Жасөспірімдер бейберекет жыныстық қатынастарға салынады, шылым шегіп, алкоголь қабылдайды. Көбісі ұсақ-түйек ұрлықтарға әуес болады.

    Ұл-балалардың, жеңсіктікпен қатар, бірінші кезекте қаңғыбастыққа, ұрлыққа, алкоголизмге бейімділігі тұрады. Мақсатсыз қашып кетулер орын алады. Ұрлыққа құмарлығын тежей алмайды. Алкоголизмге бейімділігі әдетке айналады.

    Қорытындылар

    Дамуы бұзылған (немесе үйлеспеген) жасөспірімдер педагогтар мен тәрбиешілер тарапынан аса жоғары көңіл бөлуді, ал шиеленіскен жағдайда – психоневрологиялық стационарларда немесе психоневрологиялық ауруханалар жанындағы балаларға арналған бөлімшелерде емделуді талап етеді.

    Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беруді ұйымдастыру жүйесі
    Мақсаты: студенттерді мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп және мектепке дейінгі мекмелерін толымдау жүйесімен және ұстанымдарымен таныстыру.
    Жоспар:

    1. ҚР-ғы арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі

    2. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мекемелердің мектеп және мектепке дейінгі жүйесі
    Мазмұны

    1. ҚР-ғы арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі

    ҚР-да арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесін құру процесі 20-30-шы жылдарда басталды. Басты міндеті балаларды арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне іріктеу, оларды негізі толымдау болып табылды.

    Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізімі. (ҚР БҒМ 29.10.2003 ж. №787 «Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің Тізімін, арнайы білім алуды қажет ететіндерге білім беру ұйымдарында қажетті орындар санын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген).

    1. Арнайы білім беру ұйымдарының типтері.

    а) мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің түзету (қалпына келтіру) ұйымдары;

    б) түзетушілік білім беру ұйымдары;

    б) бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім берудің түзету ұйымдары;

    4) арнайы білім беру ұйымдары;

    5) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы білім беру ұйымдары.

    2. Арнайы ұйымдар түрлері, арнайы білім алуды қажет ететіндерге арнайы білім беру ұйымдарындағы қажетті орындар саны.

    3. Психикалық және дене дамуының бұзылуына және жас шамасына қарай арнайы білім алуды қажет ететіндерге қажетті орындар саны қарастырылған, топтары 3 жасқа дейін және 3 жастан үлкен балалардан құралатын арнайы мектепке дейінгі ұйымдар түрлері.

    а) бөбекхана;

    б) төмендегідей балаларға арналған мүмкіндіктері шектеулі балалар балабақшасы:

    - сөйлеу қабілетінде ауыр бұзылыстары бар балалар:

    3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес.

    - естімейтін (саңырау) балалар:

    3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес;

    - көзі көрмейтін (зағип) балалар:

    жас шамасына қарай бөлінген екі топта да – 10 баладан артық емес;

    - нашар көретін, амблиопияға шалдыққан, қыли көзді балалар:

    3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 15 баладан артық емес;

    - тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар:

    3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес;

    - ойлау қабілеті (ақылы кем) балалар:

    3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;

    психикалық дамуында бөгелістері бар балалар:

    3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;

    3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;

    ақылында терең кемістіктері бар балалар:

    3 жастан жоғары – 8 баладан артық емес;

    күрделі мүкістіктері бар балалар:

    - жас шамасына қарай бөлінген екі топта да – 8 баладан артық емес;

    в) жалпы даму және түзету функцияларын қатар қолданатын құрама балабақша (бөбекхана-бақшасы);

    г) дені сау, мүмкіндіктері шектеулі және дамуы қалыпты балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған жалпы типтегі жалпы даму балабақшасы (бөбекхана - бақшасы).

    3. Сыныптарды (топтарды) толықтыру тәртібі төмендегідей мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзетушілік білім беру ұйымдарының түрлері:

    1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы:

    - көзі көрмейтін (зағип) - 12 адамнан артық емес;

    - нашар көретін және кейіннен зағип болғандар – 12 адамнан артық емес;

    2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы:

    - құлағы естімейтін (саңырау) – 8 адамнан артық емес;

    - екі бөлімшелі балаларға арналған нашар еститін және кейіннен саңырау болғандар:

    1 бөлімше – 10 адамнан артық емес;

    2 бөлімше – 8 адамнан артық емес;

    3) екі бөлімшелі сөйлеу қабілетінде ауыр мүкістіктері бар балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы:

    1 бөлімше – 12 адамнан артық емес;

    2 бөлімше – 10 адамнан артық емес;

    4) тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы – 10 адамнан артық емес;

    5) психикалық дамуында бөгелістері бар балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы – 12 адамнан артық емес;

    6) ақылы кем балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы (көмекші мектеп) – 12 адамнан артық емес;

    7) эмоциялық-ерік аясы бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы – 10 адамнан артық емес;

    8) мүкістігінің құрылымы күрделі балаларға арналған арнайы (түзету) ұйымы – 6 адамнан артық емес.

    4. Арнайы тобы 8 адамнан аспайтын бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім беруге арналған арнайы түзету ұйымдарының түрлері:

    а) бастапқы кәсіби мектеп;

    б) мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған бастапқы кәсіби (арнайы) мектеп.

    5. Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері:

    а) Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (бір кеңес 60 мың адамға беріледі);

    б) реабилитациялық орталық (республикалық және облыстық дәрежедегі қалаларда);

    в) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (аудан орталықтарында);

    г) мектеп жанындағы логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып бар болған жағдайда).

    6. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беретін арнайы ұйымдар түрлері:

    - мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі балалар тобына арналған);

    - жалпы типті балалар үйі мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйінің функцияларын қатар қолданатын құрама балалар үйі.

    Арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы принциптеріне мыналар жатады:

    • мекемелерді балалардың негізгі мүкістіктері бойынша толымдау;

    • әр топтағы балалар санының 15-тен аспауы;

    • қызметкерлер штатына дефектолог-мамандардың енгізілуі;

    • тәрбиешілер мен дефектологтар арасында сабақ түрлерін қайта үйлестіру;

    • арнайы сабақтар түрлерін ұйымдастыру (есту зейінінің дамуы, дене шынықтыру және т.б.)


    Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі және мектеп мекемелері жүйесі

    Жалпы білім беруді ұйымдастырумен байланысты негізгі мәселелерді шеше отырып, арнайы білім беру ұйымдары жойылған функцияларды қалпына келтіруге, бастапқы және қайталама бұзылыстарды түзетуге; сақтау талдағыштары функцияларын дамытуға; балалар мен жасөспірімдердің қоғамға әлеуметтік-еңбектік бейімделуіне, реабилитациялануына және ықпалдасуына жағдай туғызатын компенсатордық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ерекше мәселелерді де шешеді. Сонымен қатар, олардың алдына мынадай міндеттер де қойылған:

    - азаматтылық пен патриоттық сезімін, өз отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілігін, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, халық дәстүрлерін қадірлеу, конституцияға қарсы кез-келген көріністерге төзу сезімдерін тәрбиелеу; республиканың саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

    - дүниежүзілік және отандық мәдениет жетістіктеріне, тарихты, дәстүрлерді, қазақ және республиканың басқа да халықтарының дәстүрлерін оқып білуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге қатыстыру;

    - оқытудың жаңа технологияларын енгізу және т.б.

    Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың толық дамуына қажетті жағдайлар жасалуда. Балабақша 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың оқытылуын, тәрбиеленуін, күтімін және сауықтандырылуын қамтамасыз етеді. Оқыту және тәрбиелеу арнайы түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Білім алу қажеттіліктері ерекше мектеп жасындағы балалар арнайы білім беру стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру мекемелерінде немесе үйлерінде оқытылады.

    Баланы арнайы мектепке білім беруді басқару органдары тек қана ата-анасының келісімімен және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы (ұсынымы) бойынша жібереді. Тәртібінде ауытқулары бар жасы кәмелетке толмаған балаларға арналған режимі ерекше арнайы білім беру ұйымдарына және арнайы ұйымдарға балалар мен жасөспірімдер кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның тапсыруы бойынша сот шешімінің негізінде жіберіледі.

    Арнайы (түзетушілік) білім беру мекемелерінің (ақылы кем балаларға арналған мектеп-интернатты қоспағанда) түлектері жалпы білім беретін мектептердің білім деңгейіне сәйкес келетін цензді білім алады. Оларға білімінің деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат немесе арнайы (түзетушілік) білім беру мекемесін тәмамдағаны туралы куәлік беріледі. Ақылы кем (ойлау қабілетінде бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарының түлектеріне осы ұйым түріне арналған белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

    Кез келген арнайы мектепте ақылының дамуында айқын білінетін бұзылыстары бар балаларға арналған сынып ашылуы мүмкін. Арнайы мектеп оқушысын жалпы білім беретін жай мектепке білім берудің басқару органдары ата-анасының келісімімен және ПМПК қорытындыларының негізінде көшіре алады. Білім берумен қатар арнайы мектеп балаларды медициналық және психологиялық көмекпен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда балалар дәрі-дәрмекті және физиотерапевтік ем, уқалау емін, шынықтыру процедураларын алады.

    Құлағында мүкістігі бар балаларға арналған арнайы (түзетушілік) ұйым – оқытудың 3 сатысы:

    1 саты – жалпы бастауыш білім (5-6 жыл немесе 6-7 жыл бойы – дайындық сыныбында оқытылған жағдайда).

    2 саты – жалпы негізгі білім (5-6 жыл бойы)

    3 саты – толық орта білім (2 жыл).

    Бірінші сыныпқа балалар 7 жастан бастап қабылданады.

    Оқытудың негізіне ауызша ауызекі тіл мен жазбаша тілді, қатынас тілін, айналадағы адамдардың тілін есті-көрі арқылы түсіну ептілігін қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстар жатқызылған. Балалар есту қабілетінің қалдықтарын тілді құлақ арқылы түсіну және құлақ-көз арқылы дыбысты күшейткіш аппаратураны пайдаланып қолдануды үйренеді. Есту түйсігін дамыту және ауызекі тілді айтуын қалыптастыру сабақтары үздіксіз жүргізіледі. Билингвистикалық негізде жұмыс істейтін мектептерде ауызша және қимыл тіліне тең құқықты оқытады, оқу процесі қимыл тілінде жүргізіледі.

    Көзінде мүкістігі бар балаларға арналған арнайы (түзетушілік) ұйымдар.

    Бірінші сыныпқа 6-7 жасар балалар қабылданады. Оқыту мерзімі 12 жыл. Оқушылар орта (толық) жалпы білім алады.

    Сөйлеу қабілетінде күрделі мүкістіктері бар балаларға арналған арнайы (түзетушілік) мектептер.

    Бірінші бөлімшеде сөйлеу қабілетінде ауыр дәрежеде шала жетілген (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия) балалар, сонымен қатар сөйлеу қабілетінде тұтығумен қабаттасқан жалпы кемістіктері бар балалар оқытылады. Екінші бөлімшеде сөйлеу қабілеті дұрыс дамыған, бірақ тұтығудың ауыр формасына шалдыққан балалар оқиды. Бірінші сыныпқа 7-9 жасар балалар қабылданады. Балаға арнайы логопедиялық және педагогикалық көмек оқыту және тәрбиелеу барысында, барлық сабақтарда және сыныптан тыс уақытта көрсетіледі.

    Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы (түзетушілік) ұйымдар.

    Бірінші сыныпқа 7 жасар балалар қабылданады. Мектепте арнайы қозғалыс режимі орнатылған. Білім баланың қозғалыс аясын, оның сөйлеу қабілетін және жалпы танымдық қызметін қамтитын кешенді түзету жұмысы жүргізіле отырып беріледі.

    Психикалық дамуында бөгелістері бар балаларға арналған арнайы (түзетушілік) ұйымдар.

    Балалар дайындық, 1-ші, 2-ші сыныптарға қабылданады. Оқытылып жатқан балалардың дамуындағы ауытқулардың түзелгеніне, жалпы бастауыш білім алғаннан кейін біліміндегі кемшіліктердің жоюлуына қарай жай мектепке көшу мүмкіндіктері бар. Балалар арнайы педагогикалық көмекті жеке және топтық сабақтарда, сонымен қатар логопедиялық сабақтарда алады.

    Ақылы кем (ақыл-ойының дамуында бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (түзетушілік) ұйым (көмекші мектеп).

    Бұл ұйымдарда берілетін білімнің сапасы өзгеше. Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша алатын білім мазмұнының өздеріне қолжетімді көлемін меңгеруі кезінде әлеуметтік бейімделу мен кәсіби еңбекке дайындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепті бітірер кезде оқушылар еңбек пәні бойынша емтихан тапсырады.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта