Главная страница
Навигация по странице:

  • Көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негіздері

  • Елестер

  • Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері Тифлопедагогика

  • Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың vпсихологиялық-педагогикалық сипаттамасы Логопедия

  • Сөйлеу тілі кемістіктерінің топтастырылуы Қазіргі уақытта сөйлеу тілінің кемістіктері екі түрге жіктеледі:- Клиникалық-педагогикалық

  • - Психологиялық-педагогикалық

  • Клиникалық-педагогикалық

  • Дисфония

  • Тұтығу

  • Психологиялық-педагогикалық топтастыру

  • Жалпы тіл кемістігі

  • 3. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін түзету-тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары

  • Есту қабілеті бұзылған

  • Тақырып бойынша негізгі ұғымдар

  • 1. Сурдопедагогика мәні мен міндеттері Есту қабілеті

  • 2. Есту қабілеті бұзылған адамдардың педагогикалық топтастырылуы

  • дефектология каз 54 с. Дефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология


    Скачать 110.85 Kb.
    НазваниеДефектология негіздері хамбетова айгерим мейірбекызы мазмны Дефектология пніне кіріспе Дефектология
    Дата28.02.2022
    Размер110.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладефектология каз 54 с.docx
    ТипДокументы
    #377571
    страница4 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Көрмейтіндер (зағип) – бұл категорияға жататын көрмейтіндер жарықты сезеді немесе жартылай көре алады (көзілдірік тағатын көзінің жітілігі 0,04 дейін), сондай-ақ көзі прогредиентті ауруларға шалдыққан және көздің жітілігі 0,08 бола тұра көзбен шолу өрісі 10-15 градусқа дейін жетеді. Көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне қарай көзі көрмейтіндер көзбен мүлде қабылдай алмайтын екі көзі толық көрмейтіндерге немесе жарықты сезетін болмаса жарықты, түсті, заттардың кескінін қабылдауға мүмкіндік беретін қалдықтық көру қабілеті бар көрмейтіндерге бөлінеді.

    Нашар көретіндер – мұндай адамдардың жай көзілдірік таққанда жақсы көретін көзінің жітілігі 0,05- 0,2 құрайды.

    Өтемдеп қайта өзгерту көздің мүлтіксіздігіне байланысты, көру қабілетінің тіпті мардымсыз қалдықтары көздерінің ауыр мүкістіктері бар адамдардың бағдарлануы және танымдық жұмыс жасауы үшін маңызды. Л.С.Выготский көрмейтін адамдарда заттарды қашықтықта байқауға мүмкіндік беретін алтыншы (жылу) сезімі болатынын айтқан. Көру кемістігін толықтыру балаға сыртқы әлемнің жағымды және белсенді көрінісін қамтамасыз ететін сенсорлық, қимыл-қозғалыс, ақыл-ой бөліктерінің жүйесін, толық психикалық дамуды береді.
    Көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негіздері

    Көру қабілеті зақымдалып туылған адамдардардың ең жоғарғы танымдық үрдістері қалыпты дамиды. Сонымен қатар сезім, ақыл-ой қызметтердің әрекеттесуінің бұзылуы абстрактілі ойлаудың дамуының басымдылығымен кейбір ойлау әрекеттерінің ерекшелігінде білінеді.

    Түйсіктер – көріп қабылдау қызметтері азаяды және әлсірейді. Кеңістікте бағдарлануда естіп қабылдауының маңызы зор. Кеңістік қасиеттерін ажырату көзбен шолу арқылы емес, түйісу арқылы ажыратылады. Тері- бұлшық ет және қимыл-қозғалыс талдағыштары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда кеңістікті сезу арқылы қабылдауға болады, арнайы оқыту нәтижесінде көрмейтін балаларда кеңістік белгілерін (пішін, көлем) және кеңістік қатынастарын сезіп қабылдау қасиеттерін жетік дамытуға болады.

    Елестер – көру қабілетінен бала неғұрлым кеш айырылса, сөздік суреттеулер арқылы қайта жаңғыртуға болатын көру елестерінің көлемі соғұрлым үлкен болады.

    Сөйлеу тілі – еліктеу қызметі мүмкіндіктерінің шектелуінен, тіл құралдарының жинақталуында сөйлеу тілінің дағдыларының қалыптасыуының артта қалуымен, таным үрдісінің тарлығымен, қимыл-қозғалыс дамуының мүмкіндігінің азаюымен көрінуі мүмкін. Көру кемістігі бар балалардағы тіл кемістігі қалыпты көретін балаларға қарағанда, 2 есе көп кездеседі.

    Ойлау – объектілер арасындағы мағыналық байланысты бекіту қиынға түседі. Көрнекі-бейнелі ойлау қабілеті толық дамымаған, нақты-түсініктік ойлау қабілеті өзгеше (математика пәні бойынша туындайтын қиындықтар).
    Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері

    Тифлопедагогика – (грек тіл. көрмейтін) көру кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым, жалпы педагогиканың бір бөлігі, дефектология бөлімі.

    Мектепке дейінгі мекемелер – көрмейтін, нашар көретін балаларға, оған қоса қыликөзді және амблиопиясы бар екі жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған. Мақсаты: Көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу, емдеу, көру кемістігін мүмкіндігінше қалпына келтіру және дамыту, оларды мектепте оқуға дайындау. Нашар көретін балаларға арналған балабақшаларға көзілдірік таққанда көз өткірлігі 0,05-0,4 құрайтын балалар қабылданады. Амблиопиясы бар және көзі қыли балалар жеке ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі мекемелерде бір жыл және одан да көп мерзім бойы тәрбиеленеді. Көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беру мектептері үш сатыдан құралады: 1 – бастауыш мектеп (1-4); 2 – негізгі, толық емес орташа (5-10); 3 – орта мектеп (11-12).

    Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың vпсихологиялық-педагогикалық сипаттамасы Логопедия
    Мақсаты: логопедия ғылымы туралы түсінік беру

    Дәріс жоспары:

    1.Логопедия ғылымының даму тарихы

    2. Логопедияның пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері

    3.Логопедияның зерттеу әдістері

    4. Логопедия ғылымының қағидалары

    5. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы
    Мазмұны:

    Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін, механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. «Логопедия» термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу; грек тілінен аударған кезде «логопедия» сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны білдіреді.

    Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады. Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.

    Тіл кемістіктерін көптеген басқа да ғылымдар зерттейді: физиология, невропатология, психология, лингвистика және тб. Олардың әр қайсысы тіл кемістікті өз мақсаттар мен құралдарына сәйкес белгілі тұрғыдан қарастырады. Логопедия тіл кемістіктерін педагогика тарапынан зерттейді деп айтуға болады, себебі логопедия сөйлеудің бұзылуын арнайы үйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу арқылы түзету және болдырмау жағын қарастырады. Сондықтан да логопедия ғылымын арнайы педагогиканың бір саласына жатқызады.

    Қазіргі логопедияның құрылысында мектепке дейінгі логопедияны, мектеп жасындағы және жеткіншек пен ересектердің логопедиясын ажыратады.

    Логопедияның негізгі мақсаты - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйісін ғылыми дәлелдеп құрастыру, өндеу және жетілдіру.

    Логопедияның ғылым ретінде қарастырылуы бойынша оның келесі міндеттерін белгілеуге болады:

    Сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;

    Тіл кемістіктерінің таралуын, көріну денгейін, белгілерін анықтау;

    Сөйлеу іс-әрекеті бұзылған балалардың өз бетінше және бағытты дамуының динамикасын белгілеу, сонымен қатар, тіл кемістігінің баланың тұлғалық қасиеттеріне, психикалық дамуына, түрлі іс-әрекеттерінің қалыптасуына білдіретін әсерін қарастырып белгілеу;

    Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың (ақыл-ойы кем; есту немесе көру қабілеті бұзылған; тірек-қимыл аппараты зақымдалған) сөйлеу іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл кемістіктерін зерттеу;

    Тіл кемістіктерінің себептерін, мехнизмдерін, құрылысын анықтау;

    Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық диагностикалаудың ғылыми әдістерін кұрастыру, жетілдіру;

    Тіл кемістіктерін жүйелеу;

    Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген әдістерін, принциптерін және құралдарын құрастыру және жетілдіру;

    Тіл кемістіктерін алдына алу, болдырмау жолдарын жетілдіру;

    Логопедиялық көмегін дұрыс үйымдастыру жолдарын көрсету.

    Логопедия міндеттерінде ғылымының теориялық және практикалық бағытарын белгілеуге болады. Теориялық бағыты — тіл кемістіктерін зерттеу және оларды болдырмау, анықтау, жою әдістерін ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Практикалық бағыты – тіл кемістіктерін болдырмау, анықтау және жою. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыс байланысты.

    Логопедия сөйлеу  тілі туралы ғылымдарымен: лингвистика,  психолингвистикамен тығыс байланысты. Сөйлеу тілінің құрамын және  сол құрамындағы тіл компоненттерінің  қызметтерін анық түсіну, баланың ана тілінің нормаларын меңгеру ретін, заңдылықтырын білу логопедиялық жұмысының жүйесін құрастыру үшін аса қажет.

    Логопедия ғылымының негізгі принциптері:

    Жүйелік принципі сөйлеу тілін күрделі функционалды жүйе ретінде қарастыруды ұйғарады. Осыған байланысты сөйлеу тілі дамуын зерттеу, тіл кемістіктерін түзету жұмыстарын сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне қатар әсер ету арқылы жұргізу керек. Себебі сөйлеу тілінің даму барысында тіл компоненттері бір-бірімен тығыс байланыста жетіледі, бір компоненттің  бұзылуының нәтижесінде басқаларының дамуында жағымсыз көріністер пайда болады.

    Кешенді жұмыс принципы. Логопедиялық қорытындыны дұрыс беру үшін, тіл кемістіктерінің ұқсас формаларын шатастырмай алу үшін тіл кемістігінің өзіндік және қосалқы белгілерін талдау, медициналық, психологиялық зерттеудің нәтижелерін түсіну және сөйлеу тілінің даму деңгейін таным әрекетінің даму деңгейімен салыстыру қажет, яғни кешінді жұмыс болғаны жөн. Тіл кемістігі көп жағдайда нервтік және нервтік-психикалық ауруларының синдромдарына кіреді, мұндай кезде сөйлеу тілі ақаулығын түзету жұмысының кешенді болуы аса қажет және маңызды.

    Даму принципі. Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзету барысында балалар дамуының  жалпы және ерекше (ауытқуына байланысты) заңдылықтарын есепке алған жөн. Сонымен қатар, даму принципі логопедиялық жұмыс барысында бала дамуының жақын аймағының кезендерін, қиыншылықтарын, мақсаттарын белгілеуін және бала дамуындағы әр мерзімінің негізгі іс-әрекет түрін есепке алуды  ұйғарады. 

    Онтогенетикалық принцин  бойынша логопедиялық-түзету жұмысының әдістемесін сөйлеу тілінің формалары мен қызметтерінің және баланың іс-әрекет түрлерінің онтогенетикалық дамуында  пайда болу  ретін еске алып құрастыру қажет, мысалы, қарапайым формаларынан күрделіге қарай көшуін

    Ақаулықтың құрылысын  есепке алу принципі. Тіл кемістігін түзету жұмысы сәтті болуы үшін сол кемістіктің себептерін, бұзылу механизмдерін, көріністерін нақты білү, кемістік құрылысында алғашқы және туынды ақаулығын белгілеу, сөйлеу және сөйлеуден тыс белгілерінің ара қатынасын анықтау маңызды.

    Айналма жол принципін  бұзылған сөйлеу қызметінің орнын толтыру (компенцация) барысында, функционалды жүйелерінің жұмысын қайта құрастыруында  пайдаланады, нақты айтқанда бұл принцип зақым тиген бөлімді айналып, жаңа функционалды жүйені құрастыруды талап етеді

    Логопедия – педагогикалық ғылым. Сол себептен тіл кемістіктерін  зерттеу және түзету жүмысы үшін дидактикалық принциптерінің орны ерекше. Оларды атап айтсақ, көрнекілік принципі, саналылық   принципі, жұмысты жекелендіру принципі т.б.

    Логопедия ғылымының зерттеу әдістерін шартты түрде үш топқа бөлүге болады:

    Бірінші топ – ұйымдастыру әдістері: салыстыру, лонгитюдтік (динамикада зерттеу), кешенді.

    Екінші топ– эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперимент (табиғи, лабораторлық, қалыптастырушы, психологиялық-педагогикалық), психодиагностикалық (тестер, анкеталар әнгімелер, сауалнама), биографилық (анамез мәліметтерін жинау және талдау), іс-ерекетті және оңын өнімдерін талдау.

    Үшінші топ - зерттеу нәтижесінде алған мәліметтерін сан және сапа жағынан талдау әдістері.

    Төртінші топ – тұжырымдау әдістері: зерттеп жатқан құбылыстар арасындағы байланыстарын теориялық жағынан зерттеу және түсіндіру.

    Сөйлеу тілі кемістіктерінің топтастырылуы

    Қазіргі уақытта сөйлеу тілінің кемістіктері екі түрге жіктеледі:

    - Клиникалық-педагогикалық

    - Психологиялық-педагогикалық

    Жіктемелер арасында қарама-қайшылықтар жоқ, олар бір-бірін толықтырғандай болады. Бұл топтастыру балалардағы сөйлеу тілінің біріншілік кемістігіне қатысты, яғни есту және ақыл-ой кемістігі жоқ балаларға қатысты жасалған. Клиникалық-педагогикалық топтастыру сөйлеу тілі кемістіктерін барынша ажырататын белгілеріне негізделіп жасалған. Психологиялық–педагогикалық топтастыру сөйлеу тілі кемістігінің көріну ортақтығына негізделген.

    Клиникалық-педагогикалық топтастыруда қарастырылатын барлық сөйлеу тілі кемістіктерін екі топқа бөлуге болады:

    Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы: а) сөйлеу тілінің дыбыс шығару жағының фонациялық (сыртқы) бұзылуы; б) айтылған сөзді құрылымдық-мағыналық (ішкі) жағының бұзылуы.

    Сөйлеу қабілетінің фонациялық бұзылуы белгілі-бір буынның зақымдануына байланысты ажыратылады:

    1. дауыс шығару;

    2. айтылымның екпіндік-ырғақтық ұйымдастырылуы;

    3. дыбыс шығару.

    Тіл кемістіктерінің дәстүрлі түрде бекітілген ұғымдар арқылы белгіленетін түрлері бар.

    Дисфония (афония) – дауыс аппаратының патологиялық өзгеруі салдарынан фонацияның жоқтығы немесе бұзылуы.

    Брадилалия – сөйлеу тілінің патологиялық баяуланған екпіні. Ми қабығындағы сөйлеу тілі орталықтарының бұзылуынан пайда болған баяуланған артикуляциясымен білінеді.

    Тахилалия – сөйлеу тілінің патологиялық жылдамдатылған екпіні. Кейде баттаризм (ұру, соғу), парафазия сияқты дербес бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Егер сөйлеген сөзінде негізсіз үзіліс, мүдіріс бар болса, ол полтерн ұғымымен белгіленеді.

    Тұтығу – сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеуі себебінен сөйлеу тілінің екпінді-ырғақты жағының бұзылуы.

    Дислалия – қалыпты есту қабілеті және сөйлеу тілінің аппаратының қалыпты сақталған иннервациясы кезінде дыбыс шығарудың бұзылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, дыбыстау мүкістіктері. Сөйлеу тілін дыбыспен дұрыс айтуымен байқалады.

    Ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық мүкістіктерінің себебінен дауыс ырғағының және дыбыстаудың бұзылуы. Синонимдер: мыңқылдаулық, палатолалия. Қатты және жұмсақ таңдайдың жарылуы, ашық формада аденоидтер, аңқа ісіктері, жабық формада мұрын қалқасының қисаюы байқалады. Ауа мұрын арқылы да, ауыз қуысы арқылы да өтеді. Сөйлеген сөзі бір сарынды және түсініксіз.

    Дизартрия – сөйлеу аппараты иннервациясының органикалық жеткіліксіздігі себебінен дыбыс айтуының бұзылуы, дыбыстау механизмінің барлық буындарының қалыптаспағандығы байқалады. Дизартрия церебралды салдану кезінде ОЖЖ зақымдалуының нәтижесі болып табылады, бірақ нейроинфекция және басқа да ми ауруларының нәтижесі ретінде пайда болуы мүмкін.

    Алалия – баланың құрсақішілік және алғашқы жылдарындағы даму кезеңінде бас миы қабығының сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдалуы нәтижесінде сөйлеу қабілетінің жоқтығы немесе толық дамымауы. Айтылған сөзді қабылдау және қайта жаңғыртудың барлық кезеңдерінде іріктеп алу және бағдарламалау операциялары бұзылған. Алалия моторлық (сөзді қайта жаңғырту қабілеті бұзылған) және сенсорлық болып бөлінеді.

    Афазия – бас миының жергілікті зақымдалуымен байланысты бұрын құрастырылған сөзді толық немесе жартылай айта алмау. Афазияға үш жастан кейін пайда болған бұзылысты жатқызады. Моторлық афазия – сөйлеу қабілетінің экспрессивті формасы бұзылады. Сенсорлық афазия – сөйлеу қабілетінің сенсорлық жағы бұзылған.

    Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы:

    Дислексия – бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуымен немесе толық жетілмегендігімен байланысты оқу қабілетінің бұзылуы.

    Дисграфия – жазу үрдістерінің жартылай айрықша бұзылуы.
    Психологиялық-педагогикалық топтастыру бойынша келесі топтар қарастырылады:

    Фонетикалық-фонематикалық жетілмегендік - фонемаларды қабылдау және айту кемістігінің нәтижесінде түрлі тіл кемістіктері бар балаларда ана тілінің дыбыс шығару жүйесінің қалыптасу үрдісінің бұзылуы.

    Жалпы тіл кемістігі – сөйлеу жүйесінің дыбыстық және мағыналық жағына жататын барлық құрамдастарының қалыптасуы бұзылған.

    Қарым-қатынас құралының қолданудағы бұзылыстар: тұтығу, Жалпы тіл кемістігі және тұтығу.
    3. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін түзету-тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары

    Білім беру жүйесінде мектепке дейінгі мекемелер және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар топтары туралы типтік ереже белгіленген. Арнайы топтардың үш бағыты бөліп шығарылған.

    - Фонетикалық-фонематикалық бұзылысы (ФФБ) бар балаларға арналған;

    - Жалпы тіл кемістігі (ЖТК) бар балаларға арналған;

    - тұтығатын балаларға арналған.

    Логопедиялық көмек жалпы білім беретін мектептер, денсаулық сақтау жүйелерінде көрсетіледі. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептер жұмыс істеуде.

    Қорытындылар

    Жыл сайын сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы логопедиялық пункттер саны көбеюде. Ертедегі кезеңде тіл кемістігін анықтау және түзету мәселелері көтеріліп отыр.

    Есту қабілеті бұзылғанбалалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
    Мақсаты: Есту қабілеті бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру.
    Жоспары:

    1. Сурдопедагогика мәні мен міндеттері.

    2. Есту қабілеті бұзылған балалардың педагогикалық топтастырылуы.

    3. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері.

    Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: сурдопедагогика, естімейтіндер, нашар еститіндер, кейіннен естімей қалғандар, кохлеарлы имплантация, аудиометрия.
    Мазмұны

    1. Сурдопедагогика мәні мен міндеттері

    Есту қабілеті – болмыстың дыбыстық құбылыстар түрінде бейнеленуі, адамның дыбыстарды ажыратып қабылдау қабілеті. Бұл қабілет есту талдағышы арқылы іске асырылады.

    Сурдопедагогика (лат. естімейтін) – Есту қабілеті бұзылған адамдарға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесін білдіретін арнайы педагогиканың құрамдас бөлігі.

    Аудиометрия – құлақтың зақымдалған орнын және дәрежесін зерттеу.

    Кохлеарлық имплантация – бұл жоғары дәрежеде дамыған электрондық есту қабулетін протездеу жүйесімен хирургиялық жолдың көмегімен жартылай имплантант қолдану.

    Есту қабілетінің бұзылу себептері: туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған.

    Тұқым қуалаған: құлақтың ауыр бұзылыстарына бейімділігін анықтайтын есту мүшесінің туа біткен жетілмегендігі.

    Туа біткен: құрсақішілік кезеңде зиянды факторлардың әсер етуі: жұқпалы аурулар, интоксикациялар, жарақаттар.

    Жүре иеленген: жұқпалы аурулар – қызылша, менингит, қызамық, паротит, пневмония, жарақаттар және т.б.
    2. Есту қабілеті бұзылған адамдардың педагогикалық топтастырылуы

    Баланың дамуы барысында есту қабілетінің қай кезеңінде және қандай дәрежеде бұзылғанына байланысты есту қабілеті бұзылған балалардың үш тобын ажыратады:
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта