Главная страница

Серік Лина Дипломдық жұмыс 1. Дипломды жмыс Таырыбы ытайды азіргі заман жазушысы Юй Хуа жне оны Тіршілік


Скачать 127.73 Kb.
НазваниеДипломды жмыс Таырыбы ытайды азіргі заман жазушысы Юй Хуа жне оны Тіршілік
Дата10.10.2021
Размер127.73 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСерік Лина Дипломдық жұмыс 1.docx
ТипДиплом
#244601
страница4 из 7
1   2   3   4   5   6   7

2.1 «Тіршілік» романының өзекті идеясы.

Әр түрлі кезеңдегі әдеби шығармалар автордың өмір сүрген және жұмыс істеген кезеңіндегі қоғамдық жағдайын көрсетеді. Юй Хуаның «Тіршілік», «Қан сату хикаясы», «Ағайындылар» романдары Юй Хуаның кейінгі кезеңіндегі сыншыл реалистік шығармалар болып табылады және ХХ ғасырдағы Қытай тарихының жауһарларының бірі болып табылады. Бұл роман Сю Фугуйдің 40 жылдық отбасылық тарихын баяндайды, опалықтың жолдарын, жеке тұлғаның дамуы, жеке өмірі мен мемілекет саяси өмірдің тоғысқан мәселелерді ашады. Бұл роман шыққаннан кейін көп ұзамай Қытайда тыйым салады. Бұл тыйым Юй Хуаның Коммунистік партияның билігін сынға алуы себеп болды. Жалпы алғанда, бұл роман жеке өмір мен тарихи өмірдің тоғысуының мысалы, адамды және оның мемлекетінің саяси тарихының әсерінен болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бұл романның сюжеті Қытайдың қырық жылдық тарихын қамтиды. Романның көрінісі ретінде ең маңызды саяси және тарихи оқиғаларға Қытай-Жапон соғысы, Қытайдағы Азамат соғысы (Гоминдан мен Коммунистік партия арасындағы) және Қытай Халық Республикасының құрылуы жатады. Алайда, үлкен секіріс қозғалысы мен мәдениет зор төңкерісі ерекше көңіл бөлінді. Осы оқиғалардың астарында романның атауы күлкілі болып көрінеді. Романға «Тіршілік» деп ат қою өте таңқаларлық, өйткені романдағы көптеген кейіпкерлер қайтыс болды. Алайда, бұл тақырып кейіпкер Фугуйдің романда аман қалған жалғыз адам екенін көрсете алады.

Роман мемлекеттің сол кездегі нақты жағдайын, оның ішінде қоғам мен саясатты бейнелейді және Қытай тарихын ұсынады. Сондықтан, сол кездегі басқа да қытайлық азаматтар сияқты, Фугуй бізге коммунизмнің жалынды жақтаушысы деген әсер қалдырды. Қолдаудан басқа әрекеттер коммунистік партияға қауіп ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл қоғамдық қорлауға, тіпті өлім жазасына апаруы мүмкін. Лонг Эрдің мысалы оның коммунистікке дейінгі Қытайда өз жеріне иелік еткен бай помещик екенін дәлелдейді. Фугуй өз ауылындағы жер реформасын сипаттады.

Роман Қытайдағы коммунистік жүйенің іс-әрекетінің зардаптарын тікелей дәлелдейді. Партияның ойынша қауіпті болуы мүмкін білімі бар адамдарды депортациялау арқылы жою немесе одан құтылу ниеті көптеген мәселелерге алып келді. Мысалы, дәрігерлер сол қалаусыз адамдардың қатарында болды және оларды жою көптеген өлімге әкелді. «Тіршілік» – коммунистік партия құрған үкіметтің адамдардың негізгі қажеттіліктерін елемеуі туралы әңгіме.

Юй Хуа осы романы арқылы оқырмандарға адамдардың бұл өмірде үлкен азапқа қалай шыдап өмір сүріп жатқанын айтады. «Тіршілік» сонымен қатар көз жасының кеңдігі мен көптігі туралы; үмітсіздіктің жоқтығы туралы; өмір сүруден басқа ештеңе үшін емес, өз өмірі үшін өмір сүретін адамдар туралы айтады. «Тіршілік» романында сонымен қатар үмітсіздіктің жоқтығы туралы; тірі жүруден тыс заттар үшін емес, өмір сүруден басқа ештеңе үшін емес, адам тірі болу үшін тірі жүреді[24, 4]. Сондықтан, адам сыртқы кедергілерге ұшырағанда, оның санасында тек қана тірі қалу басты мақсаты болады. Осындай тірі жүру бір түрлі күй болып қалмастан ол жапакештікпен өмір сүруден басқаша болады.

Негізінде Фугуй бай отбасының ұлы, ол жас кезінде ойын-күлкіге құмар болды,кейітінен ол ата-бабасының қалдырған байлықтарын құмарға тігіп тастайды. өмір оны тұрмыстың тапшылығна төтеп беруіне мәжбүрлейді. Қарт әке, қарт ана, кішкене ұлы, босанғалы тұрған әйелі және тозған үй осылардың барлығы оны материалдық азап пен еріксіздікке душар етті. Содан бастап, Фугуй бұрынғы еркелік пен жалқаулығын қойып, күні бойы атыз басында жұмыс істеседе, тұрмыстарын жақсарта алмады. Бұрыннан жоқшылықты көрмеген Фугуйдың отбасылары үшін алып айтқанда мұндай жапа машақатты тұрым кешіру олар үшін қыиын ақ еді. Мәдениет зор төңкерісі сияқты көптеген саяси оқиғаларға байланысты Фугуй Гоминдаң тарапынан тұтқындалды.соғыс азабын әбден шеккен Фугуй үйіне қайтқанда, қарт анасының сағыныштан ауырып көз жұмғаның, қызының ауырудан сақау болып қалғаның байқайды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Фугуйдің отбасыларының тұрмысы біртіндеп жақсара бастайды. бірақ, көп өтпей Фугуйдің ұлы Юцин бақытсыздыққа тап болады. Сюциң аудан бастығының әйеліне қан тапсыру барысында ол саяси құрбандық үстеліндегі құрбандыққа айналуы үшін өлімге апарылды. Бұл шығармада өмірдің құндылығын зерттеу адамдар туралы дерексіз ойлау емес, керісінше, өмір құндылығының шын мәнін зерттеу үшін өмірден эскиз жасау тәсілін қолданады, ал өмір құндылығы арқылы жүзеге асырылады шамадан тыс асыра салыстыру әдісін жан-жақтылы жазады. Әкесін ызадан өлтірді, анасы аурудан қайтыс болды, ұлы қансырап өледі, қызы дистокиядан қайтыс болды, әйелі шамадан тыс жұмыстан қайтыс болды, күйеу баласы кездейсоқ апаттан қайтыс болды, немересі іші жарылып қайтыс болды, ал Фугуй өмірдегі көптеген қиындықтарды басынан өткізседе қайсарлықпен өмір сүріп келе жатыр. «Өмірде көптеген қайғылы жағдайларды бастан өткізгеннен кейін Фугуй: « өмірде қарапйым адам болған дұрыс, анаған таласып мынанған таласып, соңында өз өмірін құрбандыққа шалып жүрме», сонымен, ол «өмір сүруден басқа ештеңе үшін емес, адам тірі болу үшін тірі жүреді». «Тірі» адамдардың азап пен әлемге деген оптимизмге қарсы тұру қабілетін білдіреді. Фугуйдің пікірінше, өмірді өліммен бірге жүру керек, ол өмір бойы көптеген қайғы-қасіреттерді басынан өткерді, бірақ ол өмірге деген сенімін жоғалтпады, бірақ күшті өмір сүруді таңдады. Фугуй үшін өмірдің мәні тірі болғанда, ал тірі болу – өмір құндылығының ең жоғарғы бейнесі болмақ. Фугуй өмірінде тағдыр абсолютті болымсқа айналды, бұл көрінбейтін қара қолдар мен құдай сияқты, әлемді меңгеріп, адамдардың өмірі мен өліміне үстемдік етеді. «Тіршілік» романда азап пен өлімді таратып, асыра сілтейді, ал өлімнің артында жасырын бейлеп тұрған күш пен бәрін бұл із-түзсіз тағдыр. Тағдырдың алқабында адам мінезі мен бақытсыздық арасындағы күрес». Демек, Фугуй өміріндегі қауіп тек кедейліктен ғана емес, соныменбірге адам болжай алмайтын өлімнің тағдырынан да туындайды. Қысқаша айтқанда, қайсарлықпен өмір сүру Фугуй өміріндегі қалыпты жағдайға айналды және ол Фугуй өмірінде таңғаларлықтайжәйіт емес, бірақ Фугуй осыған болаөмірден түңілген емес,керісінше ол қызу ынтамен бар пейілмен таңқаларлық күшпен өмір сүрді.

Юй Хуаның «Тіршілік» романында Фугуй басында ойын-күлкі құмар ойнағанға әуес болатын. Фугуй әйелі Жяжінді масқаралап, жұдырықтап, тепкілеп сабасада, Жяжін оған мойынсұнды және ешқандай шағымдары болған емес. Әкесі төркініне алып қайтсада, Жяжін Юциңды дүниеге әкелгеннен кейін Фугуйдың қасына қайта оралады. Осы кездегі Фугуй құмар ойынның кесірінен бар мүлкінен айрылып, тозығы жеткен кедейге айналады.

Жяжін неге оралады? бір жағынан, қытайдың ертедегі дәстүрі бойынша, неке туралы дәстүрлі түсініктері, енді бір жағынан, бұл Цзячжэннің Фугуйге деген махабаты, сондай-ақ оның отбасы алдындағы жауапкершілігі және екі балаға деген сүйіспеншілігі.

«Тірі» жүру үшін шыдамдылық қажет. «Тірішілік» романында кейіпкерлердің өлімі туралы көптеген оқиғалар айтылады. Осы қайтыс болған кісілердің әңгімелері арқылы біз: өмір сүру үшін не нәрсеге сүйену керек? өмірдегі барлық азаптарға кезіккенде, біз онымен қалай күресу сияқты терең ойларға батамыз. Бұл шығармада біз тағдырдың дәрменсіздігін және отбасылық сүйіспеншіліктің күшін сезінеміз. Юй Хуа кезінде Фугуйды бұл өмірде көрген тірі жүруге ең құқығы бар адам деп айтқан[25]. Фугуй өз өмірінде көрген қиындықтары қарапайым адамдардың көтере алатын шегінен әлдеқайда асып түседі. Сонымен, Фугуйді қалайша қайсар және табанды өмір сүруге болады? Автор әңгімеден Фугуйге үшін шешім тапты: шыдамдылық. Туыстары Фугуйді бірінен соң бірін тастап кетті. Барлық бақытсыздықтар кезінде Фугуйде өзіне қол жұмсауды таңдаудың көптеген себептері болды, бірақ ол табандылық танытып, қайсарлықпен тірі жүрді.

Қарапайым адамдар үшін алып айтқанда өмір сүру өте қарапайым оңай сияқты көрінеді, бірақ Юй Хуаның жазбаларында өмір сүру дегеніміз табандылық пен шыдамдылқты білдіреді. Барлық азаптарға кез болып, бар күш-жігерімен төзіп, өмірдегі қиындықтарды жеңіп. Ең соңында жалғыздық пен азапқа шыдауды үйрену. Шығармаларды мұқият оқып шыққаннан кейін, Фугуйдің өміріндегі көптеген қиындықтарға төзе алуының себебіжанашыр жақындарынң сүйіспеншілігнен айрла алмайды. Фугуй өмірінің көптеген қиын-қыстау кезеңдерінде отбасылық сүйіспеншіліктің күші оны әсерлендірді, жан ашыр жақындарының қайтыс болуы Фугуйді тіпті де қайсарландыра түсті. Бұл туындыдағы отбасылық сүйіспеншілік әрқашан тақырып ретінде «махаббат» тақырып ретінде әуен болды. Оқиғаның дамуы барысында Фугуйдің отбасы оны бірінен соң бірін қалдырғанымен, бұл үлкен отбасында ешқашан сүйіспеншілік кем болған емес, ата-анасы, әйелі мен балалары, тіпті қыздары мен күйеу балалары болсын, олардың арасында сүйіспеншілкке толы, махабаттары берік болды. Шексіз азап пен тоқтаусық жақындарынан айырлған қасірет жағдайларға, Фугуй ешқашан шегінген емес, өйткені адамның табиғи инстинкт, мәдени мінезі, әсіресе ыстық және берік отбасылық сүйіспеншілік Фугуйдің тірі жүруіне сүйеніш болады.

Тірі болу – барлық тірілердің тіршілкке деген ұмтылысы, ал Фугуйда соның ішінде. «Тіршілік» романы бүкіл жерде «өлімді» терең бейнеленгенімен, шығармадағы кейіпкерлер арқылы автор өмірде адамдардың жүрегінде жасырынған табанды өмірге деген ұмтылу инстинктін жазады. Фугуйдың анасы: «Адамдар көңілді өмір сүрсе, олар кедейліктен қорықпайды», – деп біледі; «жауынгер жолдас» Лао куан: «Мен өлсем де тірі жүруім керек» деп айғайлады. Лонг Эр атылғаннан кейін, қорыққан Фугуй «Мен жақсы өмір сүруім керек» деп ойлады. Ұзақ ауырып жатқан әйелі Жяжін күрсінді: «Мен өлгім келмейді, мен сендерді күн сайын көргім келеді» [26: 30]. Отбасылық меншігінен және ата-бабадан жалғасып кележатқан кәсібінен айрылған Фугуйге Жяжін қайта оралып, бірге жапа-машақатты тұрмыс кешірді. Бұрынғы ауқатты өмір мен салыстырғанда, Жяжін Фугуйдың ең қиын кезінде оның жанында болды, бұл Фугуй үшін ең үлкен көмескі күш. Оған сүйіспеншіліктің күші ешқашанда салыстыруға болмайтынын түсіндірді. Бақытсыздық Фугуй отбасылары үшін алып айтқанда, оларға түсінеді: мейлі шіріген бай болсаңда немесе тақыр кедей болсын, тірі жүруден басқасының бәрі маңызды емес.

Отбасылық сүйіспеншілікпен өмірді іздеу инстинктінің күшінің әсерінен Фугуи өзін-өзі ұстайтын, адал және еңбекқор адамға айналды, Өйткені оның жүрегінде сеніммен үміт бар: «Менің өлуіме болмайды, мен сөз жоқ анаммен Фыңшянды бағуым керек. Жяжін – сенің әйелің, Ючиң–сенің ұлың, олар ертеме, кешпе қайтып оралады», нағыз отбасылық сүйіспеншілік және «балапан тауыққа, тауық қазға, қаз қойға айналады, содан кейін қойларды сиырға айналдырып, ауқаттану арманы Фугуйдің өмір сүруге деген ұмтылысының жеке көрінісі болды. Табандылық пен оптимизм –Қытай халқының ежелден келе жатқан мәдени сипаты және Фугуйдің қайсарлықпен өмір сүруіндегі себебі. «Фугуй сондай азап шегу кезінде отбасылық сүйіспеншіліктің зор күшін біртіндеп сезініп, оны тіршілік етудің рухани тірегі ретінде қарады. «Тірі» сөзі қарапайым және оңай болып көрінгенімен, бірақ ойлануға тұрарлық мәселелерді жасырын түрде жасырады. Фугуй жас кезінде, олда көп азап шеккенімен, оның қалған өмірі мен салыстырғанда, төмен сатыдағы жайбұқараның өмірі оқырмандарға адамзаттың тағдырға қарсы күресінің қайғысын одан ары сезіндірді. Отбасылық өзгерістерді бастан өткергеннен кейін, Фугуй өзін тоқтаусыз өзертіп отырды. Ойынпаз мал шашпақ жігіттен өмір философиясының мәнін түсінетін «алып адамға» айналды. «Тіршілік» романың оқығаннан кейін біз өзімізге бірнеше рет сұрақ қойдық: біз неге тірі жүрміз? Өмірдің құндылығы мен ұзақтығын шынайы бағалау үшін біз қалай өмір сүруіміз керек. Романдағы Фугуй қоғамның төменгі сатысындағы еңбекшілердің өмір салтын бейнелейді. Оның бастан кешкен оқиғалары оның өмірлік азаптарының бір бөлігі болып табылады. Нағыз қиыншылық басқа түскенде, ол енді еркелігін қойып, қайсарлық пен еш шағымсыз осы басына түскен қиындыққа төтеп беруден басқа амал жоқ. «Оның істегені шыдам және тіршілік» үшін болды, өйткені ол тек тірі жүру ғана өмірді жалғастырудың жалғыз жолы екенін біледі. Ал тірі жүру адамның ең негізгі үміті екенін білді. Фугуй үшін тірі жүру дегеніміз – ештеңе үшін өмір сүру емес, адамның өзі үшін тірі болу. Мүмкін Фугуймен оның отбасымен достары үшін алып айтқанда, өмірдің мәні мен құндылығын анықтау қиынға соғатын шығар, өлімнің кенеттен болуын түсіну мүмкін емес шығар, бірақ оларда туада тіршілік етуге табиғи ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік Фугуйдің басына көрінген кезде, ол бізге көп азаппен жанашыр жақындарынан айырылған азапты басынан өткізгенен кейін де Фугуйдің жүрегінен үміт ұшқының көрдік, өйткені ол тірі жүруден артық ешнәрсе жоқ екенін білді. Сондықтан дәрменсіз Фугуй «күлімсіреп жылап, өліммен өмір сүретін» алыпқа айналдып.

«Тіршілік» романында өлім бүкіл шығарма барысында әрдайыміз болды. «Фугуйдің отбасы бірінен соң бірі қайтыс болды. Олардың өлімдері әдеттен тыс болды. «Тағдыр Фугуймен және оның отбасымен әдейі әзілдескендей. Фугуй өмірі оның атына қарама-қарсы. Ол атына заты сай бай болғаның орнына, өмірі қиындықтарға толы еді. Фугуйдің өміріндегі барлық құлшыныстары тек тіршілік үшін еді, біз осыдан өмірдің өзінде болатын үлкен күшті көре аламыз».

Романдағы «Мен» Фугуймен құрдас көптеген қарт адамдарды жолықтырдым, мүмкін олардың өмірі әлде қайда бақытқа толы болуы мүмкін, олар бүгін балалармен немерелермен бірге болуы керек, бірақ олардың күлкілері мен көз жасы қартаюдың белгілері. Өткен күндеріне көз жүгіртсе олардың елестерінде тек өзге жандардың айтқан әңгімелері ғана болуы мүмкін. Сонымен қатар оларда еш қызығушылық қалмаған. Алайда ауыр қиындықтарды басынан өткізген Фугуй өмір шеңдікке толы және қиында жалғыз өмірде әзіл-оспақ темпераментке ие. Ол әлі күнге дейін адамдармен жұмыс істегенді ұнатады, өйткені біреу оны тыңдағаны үшін қуанышты және ризашылық білдіреді. Ол өзінің бұл өмірде басынан талай қыиыншылқтарды өткізгендерін өте анық біледі. «Ол өзінің бұрын қандай болғанын көре алатын адам. Ол жас кезіндегі жүрген жүрістерін дәл бейнелеп бере алады. Тіпті өзінің қалай қартайып кеткенін көре алады»[27]. Юй Хуада Фугуй мен оның кәрі сиырының өрістегі көңілділікке толы етіп бейнелеген. Ол «патша мені өзінің күйеу баласы етіп таңдайды, жолшалғаймен бармаймын» (皇帝招我做女婿,路远迢迢我不去)[28, 5]. Деп бір жағынан ән салып бір жағынан жер жыртады. Ол кәрі сиырды қолға үйретудің қызықты әдісін ойлап тапты, ол өзінің қайтыс болып кеткен туыстарының атын айтып, кәрі сиырдың жер жыртуға ынтасын арттырды. Ол кәрі сиырды қолға үйретемін деп айтудан гөрі, өзін өз отбасындағылармен бірге жүрген сияқты сезінеді деп айтқан дұрыс. Өмірлік қабілеті бар қарт адам көптеген туыстарының қайғылы қазасын бастан өткізген адамға ұқсамайды. Романда оның ішкі сезімдері туралы көп жазбайды, бірақ бізді терең ойға батыруға мәжбүр етеді.

Біз тағдырға мойынсал болғаның Фугуйдің сөздерінен байқаймыз. Бұл қарапайым және адал халық өмірінің өзінді көмір сүру тәсілі бар: олар өмір жолында кез-келген кездескен жағдайдан бас тартуға болмайтынын, олар шын жүректен өмір сүру керектігін түсінеді. Төзімділік пен шыдамдылықтың арқасында ғана олар өмір мен үмітке ие бола алады және өмірің мән - мағналы өткізеді. Романда мағынасы мол үзінді бар.

Жалаңаш арқасын соқаға тіреген қарт кәрі сиырдың теріс көзқарасына наразы болып көрінді, мен оның сиырға қатты дауыспен айғайлап жатқаның естідім:

«Сиыр жер жыртады, ит қақпаны күзетеді, монах қайырымдылық жасайды,тауық таңды хабарлайды, әйел тоқу тоқыиды, қай сиыр өрісті жыртпайды? Бұл ежелгі заманнан бері келе жатқан дәстүр, бар, кет».

Шаршаған кәрі сиыр қарттың айқайлаған дауысын естігенде, қатесін білгендей басын көтеріп, соқаны алға қарай тартты[28, 5].

«Тіршілік» де іс жүзінде бізге адам қалай өмір сүру керектігін айқын көрсетпейді, тек қарапайым адамдардың тарихи өлшемде қалай өмір сүретіндігін ғана айтады. Шын мәнінде, бұл адамдар үшін өмірдің мәні «өмір сүру» және «төзімділік» болып табылады. Тірі жүру - азап шегу. Бұл әлемде өмір сүру үшін ажырасу, жарақаттану, сүйіспеншілік және мұраттарды жою осылардың барлығына төзіу қежет. Бұдан біз Фугуй өмірінің өмірдің азабы мен туыстарының қайтыс болуына байланысты күйремегенін көре аламыз, өлім мен көз жасын қайта-қайта басынан өткізгенен кейін оның өмірі «біртіндеп тыныштық пен сабырлыққа» айналды[29, 2]. Ал оның рухы бағытталған, бірақ ол «тірі» деңгейге көтерілді - жалғыз қарт Фугуй қарапайым адам болып, әзілқой, кеңпейіл еркін өмір сүреді.

Романда баяндауында тарихтың өзі жоқ, қиғаның фонында нақты басталатын нүкте жоқ және одан кейін нақты аяқталу болмайды, тек процесте. Бұл бізге адамдар өмір мен өлімнің арасында өмір сүріп, өмір сүруге себепсіз және аяқсыз келетіндігін айтады. Жараланған Фугуй, барлық қыиыншылқтарды басынан өткізген соң, тынышталды, оның сөздері тыныштыққа толы болды, өйткені ол өзін-өзі өлеңіндегідей мысқыл етті: «Жастар қаңғып, орта жастағы адамдар Тибетті қазуға кетеді, өмірінің соңында монах болады». Өмірінің барысын қорытындылады:

Осы өмірді ойласам, ол өте тез өтті, ал менің өмірім қарапайым болды. Әкем менің ата-бабаларымның абройын асқақтатады деп маған сенді. Ол адам танвмайды екен. Менің тағдырым солай болды ғой! Жас кезінде ата-бабаларының қалдырған байлығына сүйеніп біраз масайрап.Кейіннен бәрінен айырлды.бұлай болғаны да жөн болды. жанымдағы адамдарға қарасаң Луңыр,Чуншэн, оларда біраз уақыт қана жақсы тұрмыс кешірді, соңында тіпті жанынан жұда болды. Қарапайым адам болған жақсы.анаған мынаған таласып,ең оңында өз өміріңді құрбандыққан шалып,мен сияқты болып,ештеңеге жарамай қаласын.бірақ,жасын ұзақ болады, Мен танитын адамдар бірінен соң бірі қайтыс болады,ал мен әлі тірі жұрмін[30, 180].(«Тіршілік» романнан алынған үзінді)

这辈子想起来也是很快就过来了,过得平平常常,我爹指望我光耀祖宗,他算是看错人了,我啊,就是这样的命。年轻时靠着祖上留下的钱风光了一阵子,往后就越过越落魄了,这样反倒好,看看我身边的人,龙二和春生,他们也只是风光了一阵子,到头来命都丢了。做人还是平常点好,争这个争那个,争来争去赔了自己的命。像我这样,说起来是越混越没出息,可寿命长,我认识的人一个挨着一个死去,我还活着[30, 180].

(«Тіршілік» романнан алынған үзінді)

Шынында, Фугуйдің осындай өмірінің өзі зерігіштік және қарапайым, бірақ олар үшін осыны өмірдің қымбат байлығы деп санауға болады. Ең болмағанда, өмір оны тіршіліктің қымбаттығын одан сайын тереңірек түсінуге ​​мәжбүр етті, өйткені адам өмірге бір-ақ рет келеді. Тірі жұру - бұл адамзаттың табиғи құбылысы, сонымен қатар бұл өмірдің дараланған кешені. Әр заманның өз өмір сүру тәсілі бар, әр адамның өз өмір сүру тәсілі бар. Біздің өмір әрдайым құлдыраулармен сәтсіздіктермен толы емес, бірақ барлық жерде күн сәулесі шуақ төге бермейді,гүлдер құлпырып ашылып тұрмайды. «Тіршілік» романы тек адамдардың бұрын асып өткен белестерінің іздері. Адамдар ретінде біз шындық – адамдар мен тарих пен идеалдар арасындағы қайшылық екенін терең түсінеміз, біз адамзат тарихын, өмір сүрген күндерді ұмытыуымзға болмайды, өткенді есімізге мықты сақтасақ, бүгін мен болашақты тіпті де жақсы игереміз.

Шынайы өмірде адамдар өмір бойы көптеген күтпеген соққыларға ұшырайды. Кейбір адамдар қайсарлықпен өмір сүруді таңдайды, ал кейбір адамдар өз өміріне немқұрайлы қарайды, өз өмірін аяқтатпақшы болады. Бұл өз өмірімен өзінің үйдегілеріне деген жауапкерсіздігі. Адамдар бес күндік жарық дүниеде, өз өмірінің құндылығын бөлісуі тиыс, шектеулі өмірде өздерін сезініп, өздерінен асып кетулері керек. Сонда ғана біз жақсы өмір сүре аламыз және осы өмірімізді босқа өткізбеген боламыз. Сонда барып біз кеудемізді керіп тұрып, бұл өмірге бекер келмеппін деп айта аламыз.

Луң Эр төрт жыл ғана масайрады. Коммунистік партия оның жерін тәркілеп алды. Дұрыс уақытта жер иесі болуды бұйыртпапты. Адамдар оны қамауға алып, оны бұзақы иесі деп айтты. Бірақ ол сол кездегі жағдайды білмеді, ақыры мылтықпен атылып өлтіріледі. Тағдыр бұл жерде үлкен бетбұрыс жасады. Бұл кездейсоқтық сияқты, бірақ бұл дәуірдің өзгерісі, Жершары тоқтаусыз қозғалыста болса, адамдар әрдайым бір орында тұра бермейді және өмір бойы жолы болмай жүре бермейді. Лонг Эр: «Мен өлсемде мені атады деп ойлаған емеспін». – деп айтады. «Фугуй, мен сенің орныңа өлгелі тұрмын ғой». Осы кезде Фугуй өзін мысқылдап:

Егер менің әкем екуіміз содыр болмасақ, дәл қазір атылуға тиісті адам мен болатын едім. Мен өлуім керек еді деп ойладым, бірақ мен өлмедім. Мен соғыс майданынан аман қалдым, ал Лонг Эр қайтадан менің суррогатыма айналды[31, 66].

Бұл ұзіндіде тағдырдың алдын-ала болжанбайтындығын көрсетеді. «Жылқыны жоғалту – бата». Ақыры Фугуй: «Енді мен жақсы өмір сүруім керек», – деді.

Юй Хуа өзінің «Тіршілік» романының алғы сөзінде: «Уақыт өте келе менің ішкі ашу-ызам бірте-бірте бәсеңдеп, мен нағыз жазушының іздегені - бұл шындық, адамгершілік үкімінен бас тартқан шындық екенін түсіне бастадым. Жазушының миссиясы – ашуланбау, шағымданбау немесе әшкерелеу емес, ол адамдарға тектілік танытуы керек. Мұнда айтылған тектілік таза сұлулық емес, бәрін түсініп, жақсылық пен жамандыққа бірдей қарап, дүниеге жанашырлықпен қарағаннан көзқарасы болып табылады.

«Дәл осы көңіл-күйде мен Американың «Қара құл» деген халық әнін естідім. Әндегі кәрі қара құл өмір бойы азапты бастан өткізген, ал оның отбасындағылары одан бұрын көз жұмады, сөйтсе де ол әлі күнге дейін дүниеге еш өкпесіз,үмітпен тіршілік етеді. Бұл ән маған қатты әсер етті, мен осындай роман жазуды жөн көрдім, бұл дәл осы «тіршілік», адамдардың азапқа шыдамдылығы және дүниеге деген оптимистік көзқарасы туралы. Жазу процесі маған адамдар өмір сүруден басқа еш нәрсе үшін емес, өздері үшін өмір сүретіндігі туралы түсінік берді. Мен асыл туындылар жазғанымды сеземін.

Автор сонымен бірге романдағы мәдениет зор төңкерістің бір бөлігін әшкерелеген, бірақ бұл істер бір қарапйым диханның алдында маңызды емес, сондықтан автор егжей-тегжейлі сипаттамаған. Ол жай ауыл капитандарынан «Қалада күнде адам өледі, мен үрейленіп өлетін болдым, көз алда қалаға жиналысқа барсаң, табытқа кірдім дей бер»[32]. Егіншілікке арналған жер және егіншілікке арналған тұқым болса болғаны, қарапайым дихандар мәдениет зор төңкерісі ме, әлде экономикалық зор төңкеріс пе, оларға бәрібір, олар тек бүкіл отбасы мүшелерінің ішерге тамағы, киерге киімі болса болды. Бірақ саясаттың күші өте зор, тіпті қыстақтағы бір мұржа мен темір қазандыда бос қоймайды. «Тай қазаннан» тамақ жеу, ал халық коммунасы осында, дихандардың тұрмысы әлі күнге дейін саясаттың үлкен қазанында құмырсқадай қашып жүр, бірақ барлық дихандар өздерінің өмір сүріп жатқанын немесе қашып жүргенін білмейді. Осындай қоғамдық ортаның баяндалуы қарапайым дихандардың тіршілік ету психологиясын көрсетеді және кейіпкер тағдырының кездейсоқ екендігін ашып көрсетеді.

Жалпы, бұл романнан алған әсер екіұшты. Бұл бір жағынан қиындықтар мен қайғылы оқиғаларға толы отбасылық оқиға. Екінші жағынан, тарихи оқиғалардың отбасы мен оның мүшелерінің нәтижесіне әсері айтарлықтай және оны жоққа шығаруға болмайды. Бұл ауқатты отбасы қарапайым қытай отбасының ұжымдық бейнесі екенін көрсетеді. Бұл отбасының бірнеше ұрпағы өзгермелі уақытта өмір сүруі керек және уақытқа бейімделу үшін өздерін өзгертуі керек. Роман сол кездегі оқиғалардың дәлелі болып табылады және оқырманға кейіпкерлер басынан кешіруі керек таңдаулар мен шешімдердің дұрыстығын бағалау еркіндігін береді.

Автор арқылы біз тіршілік қарапайым еткенде оның қарапайым болатынын түсіндік. Автор қарапайым тіршілік – адамның тамақ, су, киім, баспана және жұмыс сияқты негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және адамға табыс кіргізуге көмектесу тәсілі деп көрсетеді. Адам қарапайым өмір сүрген кезде, оны сақтау үшін кейбір қатаң мерзімдерді белгілеудің қажеті жоқ. Негізгі идеясы – экономикалық күрестерге немесе әлеуметтік тапқа алаңдамай, өмірден ләззат алуды барынша арттыру. Романның басты кейіпкері Фугуй екі түрлі өмірі сүреді, біреуі күрделі өмірі, содан кейін өте жайлы өмірі сүреді. Ол кезінле қанша зәулім үйде тұрып, оған күндіз-түні қызмет ететін қызметшілері болсада, ол құмармен айналысқаннан бастап осы рахатты тұрмыстарының бәрі көзден бұлбұл ұшты. Кейін ол ауылда қарапайым дихан болды, тірі қалса да, қарапайым өмірден ләззат алып жүрді.

Бір сөзбен айтқанда, романның басты кейіпкері – тірі аяқталған жалғыз адам. Бұл роман басты кейіпкер арқылы Қытай мен басқарушы жүйелердің ащы тәжірибесін бейнелейді. Ең қызықты роман оптимизммен және туннельдің соңында жарықпен әдемі түрде аяқталады. Мұның соңында көрермендер өмірдегі маңызды сабақтарды түсінеді, өмір сүру – үлкен мәртебе. Юй Хуа романды шеберлікпен таңданарлықтай және керемет стильде жасады. Шынында да, автордың жұмысы мақтауға тұрарлық болып қала береді.
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта