Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуа және оның «Тіршілік » атты романындағы кейіпкерлер образы»

  • Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

  • Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны.

  • Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

  • Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі.

  • Дипломдық жұмыстың зерттеу әдісі.

  • Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы

  • Дипломдық жұмыстың құрылымы.

  • Серік Лина Дипломдық жұмыс 1. Дипломды жмыс Таырыбы ытайды азіргі заман жазушысы Юй Хуа жне оны Тіршілік


    Скачать 127.73 Kb.
    НазваниеДипломды жмыс Таырыбы ытайды азіргі заман жазушысы Юй Хуа жне оны Тіршілік
    Дата10.10.2021
    Размер127.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСерік Лина Дипломдық жұмыс 1.docx
    ТипДиплом
    #244601
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7


    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті









    Кафедра меңгерушісі

    Ақбарқан Дәулетәліден

    «Қорғауға жіберілді»











    Дипломдық жұмыс

    Тақырыбы: «Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуа және оның «Тіршілік» атты романындағы кейіпкерлер образы»



    Мамандық: 5В021000 - Шетел филологиясы: қытай тілі



















    Орындаған: Серік Лина

    Ғылыми жетекші:

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

    Серік Лина

    «Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуа және оның «Тіршілік» атты романындағы кейіпкерлер образы»

    ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
    Мамандық: 5В021000 - Шетел филологиясы: қытай тілі
    Ғылыми жетекші:


    Нұр-сұлтан, 2021

    МАЗМҰНЫ

    КІРІСПЕ....................................................................................................................4
    I ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАЗУШЫСЫ ЮЙ ХУАНЫІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ………….................………………..…………...............7
    1.1 Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуаның өмір сүрген дәуірі …….7

    1.2 Юй Хуаның шығармаларындағы стиль………………………..………..….10

    1.3 Жазушының қазіргі қытай әдебиетіндегі орны ..……..…………………..18
    II ЮЙ ХУАНЫҢ «ТІРШІЛІК» АТТЫ РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ОБРАЗЫ………….................………………..………...........................................27


    2.1 «Тіршілік» романының өзекті идеясы ………..……..……………………..27

    2.2 Бас кейіпкер Фу Гуйдің трагедиялық образы…….……………..………....35

    2.3 «Тіршілік» романындағы жанама кейіпкелер образы……..………..…......41
    ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............52
    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………..………..........................55

    Кіріспе

    Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Юй Хуа (余华)–қазіргі заманғы Қытайдағы ең талантты және Қытайдың қазіргі заман әдебиетіне көп үлестерін қосқан жазушы. Ол Қытай әдебиетіндегі рухы жағынан Лу Шунге жақын жазушы. Юй Хуаның көптеген танымал шығармалары жарық көрген. Оның шығармалары ағылшын, неміс, жапон, орыс, итальян, француз, голланд, корей және норвег тілдеріне аударылып, шет мемілекеттерде жарық көрді. Оның көптеген шығармаларының арасында «Тіршілік» және «Шүй Сәнгуәннің қан сатуы» атты романдары 100 сыншы мен әдеби редактор талдаған «1990 жылдардағы ең ықпалды он шығарма» ретінде таңдалды. Итальяндық әдебиет бойынша «Гринзана Карвер» сыйлығын (1998) және Австралияның «тосын тіркестер» сыйлығын (2002) жеңіп алды [1]. Ал «Тіршілік» атты роман Юй Хуаның жазу стильін өзгерткеннен кейінгі тұңғыш шығармасы, сонымен қатар, Юй Хуаға үлкен бедел әкелген шығарма.

    Юй Хуа Бұл романында Қытайдың өзгеше бір дәуірі мен тарихи атмосферасын ашты. Қытай халқының өмір сүру жағдайы қасретті әрі аянышты. Ол осы шындық пен қатігездікке толы оқиғаны қарапайым ғана жазбалармен бізге сипаттап береді: Фугуй атты қаря мен отбасындағылары – әйелі Жяжін, қызы Фыңшя, ұлы Юучиң, күйеу баласы Арши, немересі Кугін. Оның осы жанашыр-жақындары арт-артынан дүниеден өтеді, Фугуй болса қайсарлықпен өмір сүреді. Юй Хуа бұл шығармада Фугуй қатарлы кейіпкерлердің образын бейнелеп береді. Осы кейіпкерлер «тіршілік» үшін өмірдегі көптеген қиындықтарды басынан кешіреді, осы түрлі қиындықтарды басынан өткізсе де, олар өмірге деген үміт ұшқының ешқашан өшірген емес.

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әр түрлі кезеңдегі әдеби шығармалар автордың өмір сүрген және жұмыс істеген кезеңіндегі қоғамдық жағдайын көрсетеді. Юй Хуаның «Тіршілік», «Шүй Сәнгуәннің қан сатуы», «Ағайындылар» романдары Юй Хуаның кейінгі кезеңіндегі сыншыл реалистік шығармалары болып табылады және ХХ ғасырдағы Қытай тарихының жауһарларының бірі болып табылады. Бұл роман Фугуйдің 40 жылдық отбасыларының тарихын баяндайды, опалықтың жолдарын, жеке тұлғаның дамуы, жеке өмірі мен мемлекеттік саяси өмірдің тоғысқан мәселелерін ашады. Осы роман шыққаннан кейін көп ұзамай Қытайда тыйым салынады. Бұл тыйым Юй Хуаның коммунистік партияның билігін сынға алуы себеп болды. Қысқаша айтқанда, бұл роман жеке өмір мен тарихи өмірдің тоғысуының мысалы, адамды және оның мемлекетінің саяси тарихының әсерінен болатын құбылыстарды сипаттайды.

    Романның сюжеті Қытайдың қырық жылдық тарихын қамтиды. Романның көрінісі ретінде ең маңызды саяси және тарихи оқиғаларға «Қытай-Жапон соғысы», «Қытайдағы азамат соғысы» (гоминдаң мен коммунистік партия арасындағы) және Қытай Халық Республикасының құрылуы жатады. Бұл романда «зор секіріс қозғалысы» мен «мәдениет зор төңкерісі» ерекше көрнектіленеді. Бұл оқиғалардың астарында романның атауы мысқыл болып көрінеді. Осы романға «Тіршілік» деп ат қою өте таңғаларлық, өйткені, романдағы көптеген кейіпкерлер қайтыс болды. Бірақ, бұл тақырып кейіпкер Фугуйдің романда аман қалған жалғыз адам екенін көрсете алады.

    «Тіршілік» атты роман Юй Хуа шығармашылығының ең үлкен жетістігі. Романда адамдардың бірінен кейін бірі өлгенін көрсетіп, олардың азаптың толассыз толқынында өмірге деген мойымас позициясын бейнелейді. Тіршілік өте қиын, ал тіршілікті жалғастыру үшін қиындықтарға шыдап өмір сүру керек, дәл осындай қиындықтарды бастан өткізгенде ғана өмір сүрудің мәні бар. Өмір сүруден артық, өмір сүруден қиын ештеңе жоқ.

    Біз осы дипломдық жұмысымызда Юй Хуаның «Тіршілік» ромманын әр қырынан қарастыра отырып, Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуаның өмір сүрген дәуірімен танысамыз. Қаламгер алғашқы қадамын орта мектеп табалдырғын бітірген соң әкесінің орналастыруы бойынша Юй Хуа қалашықтағы кішкентай ауруханада тіс дәрігері болып істейді.

    Юй Хуа шығармашылқта жолы болған жазушы. Ол жазудағы стилі бөлек жазушы. Оның алғаш қолына қалам алғандағы жазу стилі мен кейінгі кезеңнің жазу стильнің өзгерісі ерекше қазіргі заман жазушысы. Романдары дәстүрлі жазушылқты өзгертіп, оқырмандарға жаңаша ойлау мен бақаша толғаныс әкеледі. Оның шығармашылық аспектілері жаңаша туындыны жарық көрсетеді. Ол мейлі өзіндік түпкі шығармашылық ойы, шығармашылық коннотация болсын, немесе өзіндік жеке шығармашылығы болсын, барлығының бөгенайы бөлек стильы бар. Шығарма тілі біздің терең талқылауымызға және зерттеуімізге тың жол ашады.

    Шығарма жазушысы ретінде Юй Хуа өзін-өзі сынға алу сезімін жоғары сезінеді және ол үнемі өз ойынан өзі асып түсуді армандайды. Юй Хуа өзінің шығармашылық идеялары тұрғысынан болсын немесе шығармаларының коннотациясы тұрғысынан болсын, оның шығармалары арасында айқын өзгерістер мен дамулар бар. Ал бұл Юй Хуаны қазіргі заман жазушылар арасында жарқыраған жұлдыздай етіп көрсетеді, бұл сонымен қатар әдебиет зерттеушілерін өз шығармаларына әртүрлі пікір туғызады.

    Жазушыны қазіргі қытай әдебиетінің ортасынан ойып орын алған деп айта аламыз. Оның жазудағы бағын жандырған әйгілі туындысы - «Он сегіз жастағы алыс сапар» повесі; автор оған дейін жиырмадан астам роман шығарған, бірақ оқырманға дәл осы шығармадай әсер бермеді, бұл шығарма жарйаланғаннан кейін ол Ли Туо қатарлы танымал сыншылардың алқауына ие болды. Юй Хуаның атағы сонымен елге танылды. ол "Табыс" қатарлы ел ішіндегі маңзды басылмдарда кезек-кезек көптеген үздік туындыларды ұсынды. Содан бері ол әдеби орта мен оқырмандар ортасын дүр сілкіндірді. Сыншылардың мұқият назарымен ол көп ұзамай Ма Юаньнан кейінгі қытай авангарады болды.

    Біз жұмысымызда атап айтып отырған «Тіршілік» романында жазушы жоғрада айтылған ерекшеліктері мен өзгеше жазу бағытынан мүлде бөлек стильде жазады, жазушының шоқтығы биік шығармасының ішкі астарына осы жазған еңбегіміздің ішінде тереңдей бойлайтын боламыз.

    Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Қытай жазушысы Юй Хуаның шығармашылығына айырықша назар аударып, атап айтқанда, біз «тіршілік» атты романында кейіпкерлер образымен Қытайдың қоғамына талдау жасаймыз.

    Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман қытай жазушысы Юй Хуаның шығармашылық шеберілгіне талдау жасау және оның «тіршілік» романындағыбарлық кейіпкерлер образына талдау жасау.

    Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

    – Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй хуаның өмір сүрген дәуіріне талдау жасау;

    – Юй Хуаның шығармаларындағы жазу стильіне зерттеу жүргізу;

    – Жазушының қазіргі қытай әдебиетіндегі орны мен әсерін зерттеу;

    – «Тіршілік» романының өзекті идеясын ашу, зерттеу;

    – «Тіршілік» романындағы бас кейіпкер Фугуйдің образына талдау жасу;

    – Романдағы жанама кейіпкерлердің образына талдау жасау;

    Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуа және оның «Тіршілік» романын зерттеу барысында осы тақырыпқа қатысты басқа да отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін қарадық. Олардың ішінде жақын жылдарда баспадан шыққан әйгілі сыншы, Қытай жазушылар қауымдастығының орынбасары Хұң Жыгаңның «Юй Хуа туралы баяндамасында» (余华评传) [2] Юй Хуаның өмірі туралы мәліметтерді жазған. Сонымен қатар, «Жанашырлықтың құдіреті» (悲悯的力量) [3] атты мақаласында Юй Хуаның әйгілі шығармаларына талдау жасаған.

    Дипломдық жұмыстың зерттеу әдісі. Дипломдық жұмысты жазу барысында салыстырмалы, сипаттамалы, жүйелеу, жинақтау, тарихи салыстырмалар мен тиісті әдебиеттерді, журналдарды, ғылыми мақалаларды қорытындылау әдістері қолданылды.

    Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу жұмысында сараланып берілген теориялық тұжырымдар мен практикалық мәліметтерді студенттерге арналған оқу құралына қосымша әдебиет ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қытайдың қазіргі заман әдебиетін зерттейтін, қытай тілі мамандығын оқитын және шығыстану мамандығындағы студенттер пайдалана алады.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    1. Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуаның өмірі және шығармашылығы
    1.1 Қытайдың қазіргі заман жазушысы Юй Хуаның өмір сүрген дәуірі.

    Өткен ғасырдың соңында қытай әдебиеті ұшқан құстай дами бастады, бірақ бұл даму қазіргі заманғы әдебиеттің әлемдегі сол кезең деңгейінен асып кеткендігін білдірмейді. Деседе, қазіргі заманғы әдебиеттің қарқынды даму серпіні бар. Сол кезде: Жя Пиңау, Мо Янь, Юй Хуа, Уаң Иән, Чін Жұңшы, Су Тоң қатарлы көптеген көрнекті жазушылар пайда болды. Ал осы жазушылардың ішінде Юй Хуа шетелде бірінші болып танылды [4].

    80-90 жылдары әдебиетте үлкен өзгеріс болды және көптеген әдеби ағымдар пайда болды, бұл адамдарға әдеби шығармаларды көбірек оқуға мүмкіндік берді. Сонымен, 1980-1990 жылдары әдебиет қалай өркендеді?

    80 жылдары заттық жақтан онша бай болмаған, тіпті тапшы деуге болады. Адамдардың заттық жағдайы жақсы болмағанымен, адамдардың рнхани дүниесі бай болған. Сол кезде рухани азық ретінде әдебиет шабыттандырушы рөл атқарды және адамдарға үміт сыйлады. Заттық жағдайды адамдар өзгерте алмағанымен, халық әдебиетке бет бұра бастады. Содан көптеген жақсы романдар жарық көрді. Сол кезде жақсы өлеңнің өзі де адамдарды бір-бірін көшіруге және оқуға қызықтырды. Ешқандай дәуір әдебиетке осындай мән бермейтін сияқты және ешбір дәуірдің адамдары әдебиетке соншалықты аш болған емес.

    Мәдениет зор төңкерісінен кейін адамдар кітап оқығанды қойды. Төраға Маоның (毛主席) және Лу Шунның (鲁迅) кітаптарын оқыды, ал басқаларын оқи алмады. Олар өткенді ой елегінен өткізе бастағанда «Жаралы әдебиет» (伤痕文学) пен «Рефлексиялық әдебиет» (反思文学) пайда болды, одан кейін «Ауыл әдебиеті» (乡土文学), «Тамырға бойлау әдебиеті» (寻根文学), «Авангард» (先锋派) және т.б. Ал бұл болса адамдардың еркіндік алуына көмектесті, адамдарға және айналасындағы заттарға назар аудара бастады. Реформа жасап, есік ашу адамдардың ойлау қабілетін жандандыра түсті, сонымен қатар, олардың сыртқы әлемді түсінуге деген қызығушылығын туғызды. Сонымен «Реформаланған әдебиет» (改革文学) пайда болды, адамдардың ой-өрісі ашылды, тіпті де жақсы шығармаларды оқуға мұқтаж болды. Идеологиялық әлемде де үлкен талқы бастап, әдебиеттің өркендеуіне жол ашты[5, 3].

    ⅩⅩ ғасырдың 80-90 жылдары, Қытайдың қазіргі заман әдеби әлемінде «авангардтық әдебиет» пайда болған кез еді. Ол кезде «авангардтық әдебиеттің» өкілдері Ма Юань, Гы Фій, Су Тұң, Хұң Фың болды. Юй Хуа осы жазушылармен қатар «Пионердің бес жолбарысы» деп аталды[6].

    Юй Хуа ол қытайдың қазіргі заман жазушысы. Ол 1960 жылы сәуірдің 3-і күні қытайдың Жыжяң өлкесінің Хаңжоу қаласында дүниеге келеді. Әкесі Жыжяң медициналық университетінде өзінің мамандандырылған оқуын аяқтап, Жыжяң өлкесі Жяшиң қаласы Хәйән ауданының халық ауруханасының сыртқы аурулар дәрігері болып жұмыс атқарады. Юй Хуаның отбасылары әкесімен бірге Хәйәнға қоныс аударады. Сонымен Юй Хуа осы Жяңнәннің кішкентай қалашығында балалық шағын өткізеді[7].

    Юй Хуа 1972 жылы сәуірде бастауыш мектепті бітіреді. Сонымен қатар Хайиән аудандық кітапхана қайта ашылады, әкесі ағасы екеуі үшін кітап алу картасын сыйлайды. Содан бастап Юй Хуа романдарды оқи бастайды, ол сол дәуірдегі бүкіл шығармаларды оқып шығады. «Шұғылалы аспан»«Ню тянь яң», «Хұңнәннің шайқас тарихы», «Жаңа көпір», «Кентау хикаясы», «қар мен көктем», «жарқыраған қызыл жұлдыз» қатарлы романдарды қамтыған. Сол жылы қыркүйекте Юй Хуа Хайиән орталау метебіне оқуға түседі[7].

    1973 жылы 14 жастағы Юй Хуа жалғасты Хайиән орта мектебінде оқып жүреді. Ол біртіндеп көшенің шетіне жапсырып қойған газеттерге қызыға бастайды. Әр күні мектептен қайтар жолында Юй Хуа сол газеттерге қарап біраз уақытын жұмсайды. Юй Хуаның ойынша сол дәуірде адамдардың қиялы барынша дамыды. Әсірелеу, теңеу, шенеулердің барлығы көркем әдебиетте ерекше деңгейге жетеді. Бұл – Юй Хуаның ең алғаш жуысқан көркем әдебиеті еді. Содан бастап оның әдебиетке деген қызығыушылығы арта бастайды.

    Юй Хуа Орта мектепті бітіргеннен кейін әкесінің орналастыруы бойынша Юй Хуа қалашықтағы кішкентай ауруханада тіс дәрігері болып істейді. Әкесі оның өмір бойы дәрігерлікпен айналысуын қалайтын. Бірақ, Юй Хуа бұл жұмысты ұнатпайтын, кейін Юй Хуа былай дейді: «Маған тіс дәрігерінің жұмысы ұнамайды, мен күніне сегіз сағат жұмыс істеймін және өмірімнің соңына дейін басқа адамдардың аузын көруім керек. Бұл әлемдегі көрінісі ең нашар жер. Тіс дәрігерінің өмірі мені мұңлы сезіндіреді. Тіс дәрігерінің өмір жолы маған көптеген үмітсіздіктерді бағыштады».

    Вйвән қаласындағы денсаулық сақтау орталығы Хайиән аудандық мәдени орталығына қарама-қарсы орналасқандықтан, Юй Хуа мәдениет орталығы қызметкерлерінің әрқашан уақытымен жұмысқа келмейтінін көріп, қатты қызығады. Алайда, сол кездегі мәдени орталықтың барлық қызметкерлерінің музыка, сурет салу немесе шығарма жазатын қабілеттері болуы қажет еді. Өзін салмақтап алғаннан кейін, Юй Хуа әдебиет саласы оның мәдени орталыққа кіруіне мүмкіндік береді деп ойлады, содан ол шығарма жаза бастады. Юй Хуа 1983 жылы қаңтарда «бірінші жатақхана» әңгімесін «Шиху»-дың алғашқы санында жариялады, бұл Юй Хуаның төл шығармасы. Сол жылы «Шиху»-дың сегізінші санында «Венеция тіс емханасы» повесі жарық көрді[7].

    Қаламгер жазушының шығармашылқ жолы сәтті болды деуге болады, қарашада Юй Хуа сол кездегі Пекин әдебиетінің редакторы Жоу Иәнрудан жақсы хабар алады, қолжазбаны қайта қарау үшін Пекинге барды. Бұл қолжазбаны қайта қарау Юй Хуаны оның шығармашылық жолына маңызды бетбұрыс жасады. Юй Хуаның сөзімен айтқанда:«жаңа Қытай құрылғанан бері, мен біздің ауданда тұңғаш Пекинге барып қолжазбаны қайта қаратқан адаммын. Аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөліміндегілер мені нағыз талантты деп санап, осыдан былай тіс дәрігері болмай-ақ қой деді. Сосын не керек, мәдениет орталығына кел деп, менің арманымды іске асырады»[8].

    Юй Хуа өте шынайы адам, Юй Хуа бірінші күні мәдениет орталығына жұмысқа барғанда әдейі екі сағат кешігіп барса, ол жұмыс орнына бірінші болып барып алған екен, сонымен, ол ішітей дұрыс жерге келіппін деп ойлайды. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін болды, кейін келе жұмыс орнына ол ай сайын айлық алатын кезде ғана баратын болды, соңында ол жұмыстан шегініп, кәсіби жазушының жолына түседі. Сол жылы желтоқсанда «Көгершіндер, көгершіндер» әңгімесі сол кездегі танымал «Жастық» журналында жарияланды.

    1984 жылы қаңтарда Юй Хуа «Жұлдыздар» повесін «Пекин әдебиеті»-нде жариялады, содан кейін «Бамбук қызы» және «ай сәулесі саған да, маған да түседі» қатарлы повестерін журналға жариялады. Олардың ішінде «Жұлдыздар» повесі сол кездегі «Пекин әдебиеті» сыйлығын жеңіп алады. Мамырда «Шығыс теңіз» журналында «ердің жасы қорғасын» атты әңгімесін жариялады. Тамызда Юй Хуа ресми түрде Хайиән аудандық мәдени орталығына ауыстырылды.

    Біржылы қыста Юй Хуа «Пекин әдебиеті»-нің қаламдастық конференциясына қатысу үшін Пекин қаласындағы Шаньюань қонақ үйіне барып, әйгілі әдебиет сыншысы Ли Томен кездесті. Юй Хуа «он сегіз жастағы ұзақ сапар» атты жаңа туындысын Ли Тоға редекциялау үшін тапсырды. Оны оқығаннан кейін Ли То: «Сіз қазіргі қытай әдебиетінің алдыңғы қатарына жеттіңіз», – деді. Кейін Юй Хуа: «Ли Тоның осы сөзін естіген соң мен кейінгі шығармаларды батылдықпен жазатын болдым. Мен осы айтқандарды өмір бойы ұмытпаймын» дейді[9].

    Юй Хуа 1987 жылы «Пекин әдебиеті»-нде «Он сегіз жастағы ұзақ сапар» және «солтүстік-батыста жел ұлып жатқан түсте», сонымен қатар «Сәуірдің үшіндегі оқиға» мен «1986 жыл» атты шығармаларын жариялайды[7]. Юй Хуа Қытайдың пионер жазушылар арасындағы өз орынын бекемдеді. Ақпанда Юй Хуа әдеби семинарға қатысу үшін Пекиндегі Лу Шун әдебиеті колледжіне барды. Шілденің соңында Хайиәнға оралады.

    Кейін келе Юй Хуа Лу Шун атындағы әдебиет колледжі мен Пекин педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырған шығармашылық аспирантураға түсіп, сол кезде Мо Янь және Лю Ирәндармен сабақтас болады.

    Ол Лу Шун атындағы әдебиет мектебінде оқып жүргенде, Юй Хуа көптеген заманауи жазушылардың, оның ішінде Маркес, Фолкнер, Хуан Рульфо және т.б. Содан ол классикалық шығармаларымен кеңінен таныса бастады және көптеген жол ашар повестер мен романдарды жазды.

    Жазушы бір ғасыр бойы Қытай революцияға ұқсас нәрсемен әуестенді, бұл Юй Хуа шығармаларындағы тақырып, ол төраға Маоздұңның сөздерінен үзінді келтіріп, революцияның кешкі қонақасы емес екенін қатты мысқылмен еске салды. Осы бүлік, зорлық-зомбылық әрекеті. Ол нарықтық революция өзінің алдындағы аты шулы дүрбелеңге көбірек ұқсайтынын айтты: 1949 жылы коммунистік партияны билікке келген «азаттық соғысы»; 1950 жылдары Маоздұң бастаған «зор секіріп ілгерілеу», ол индустрияландырудың аяғына дейін созылды. Осыдан кейін 1960-1970 жылдар аралығында белгісіз болған «мәдениет зор төңкерісі» болды. Бүкіл шексіз революциялардың мәселелері олардың барлығын саяси монополиялар басқарады. Олар әрқашан зорлық-зомбылық көрсетіп, қатығысудың орынына үгіт-насихат арқылы жұмылдырылады. Әдетте, олар ұзақ мерзімді нәтижелерге мән бермейді, тіпті көптеген Қытайлықтарды бай еткен нарықтық төңкерістеде.

    Юй Хуаның осы уақытқа дейінгі туындысы үш кезеңнен тұрады: 1980 жылдардағы авангардтық әңгімелер үшін бір кезеңге, 1990 жылдардағы үш романға және жаңа ғасырдан бергі екінші реткі кезеңге бөлінді. Бұл бөлу негізінен қалыптасқан, бірақ Юй Хуаның жаратылуында әлі де болса ескерусіз қалған кезең бар, яғни 1983ж. Басынан басталуы мүмкін ерте жасампаз кезең бар деп санайды. Юй Хуа бірінші санында жариялады. «Батыс көлі», «Бірінші жатақхана» 1987 жылдың басында аяқталды, яғни Юй Хуа өзінің «Он сегіз жастағы ұзақ сапар» атты әйгілі туындысын «Пекин әдебиеті»-нің 4 жылға жуық созылған бірінші санында жариялаған кезде аяқталды. Осы кезеңде жазушы жалпы 12 әңгімелерін жариялады [10, 56].

    Сол кезеңдегі Юй Хуа шығармаларын біздің зерттеу көкжиегімізге қосу жазушының өзін және қазіргі әдеби тарихын түсіну үшін өте маңызды деп айту керек. Оның алғашқы жылдарында шығарған осы шығармаларына көз жүгіртсек, олардың мазмұны мен стилі жағынан кейінгі авангардтық романдар мен романдардан мүлдем өзгеше екенін көреміз. Жазушының алғашқы романдарында мұндай стильдің пайда болуының, әрине, көптеген себептері бар, бірақ, ол ең негізгі себеп оқу деп санайды. Юй Хуаның ерте оқуы мен оның алғашқы шығармашылығының арасында тиісті байланыс бар.

    1980-1990 жылдары шынымен де беделін тарихи рефлексияға негіздемеген көптеген жазушылар болды, тіпті олар тарихи рефлексияны қасақана немесе байқаусызда идеологиямен жасалған қастандық ретінде қабылдамады және бастартудың жаңа жолдарын ашты. Мысалы, Сюй Син мен Лю Суоланың қазіргі жастардың өмір сүру тәжірибесін 1970 жылдары туған жазушыларға 1990 жылдардағы қала өмірінің құпияларына жақындағанға дейін жария етуі Ван Шуо идеологияға қарсы және интеллектуалдыққа қарсы барлық түрлеріне күдікті болды. Империяның заманауи маркасының құндылық пұттарына арналған күлкілі мысқылдардың бәрі тосын туады және Мо Яньнің 1980 жылдардағы Уаң Иъән мен оны қолдаған Чэн Ран және Лин Байдың адамның қабылдау әлемін жарылғыш сипатта көрсетуі. Әйелдер өмірі мен эмоцияларының құпиясына қатысты осындай тұрақты сауалдар керісінше әдебиеттің негізін қалады[11, 82].
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта