Главная страница
Навигация по странице:

  • Фармацевтикалык өзара әсерлесу

  • Ф_КАЗ_1-50. Дорогие коллеги!


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеДорогие коллеги!
    Дата02.09.2022
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ_КАЗ_1-50.doc
    ТипУчебник
    #659302
    страница8 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Фармакологиялық өзара әсерлесу

    Фармакологиялық өзара әсерлесу бір заттың, қоспаның басқа компоненттерінің фармакокинетикасын немесе (және) фармакодинамикасын өзгертуіне байланысты болады. Фармакокинетикалық өзара әсерлесу түрі сіңудің, биотрансформацияның, тасымалданудың, қорға жиналудың және заттардың біреуінің шығарылуының бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Фармакодинамикалық өзара әсерлесу түрі рецепторлар, жасушалар, ферменттер, мүшелер немесе физиологиялық жүйелер деңгейінде заттардың тікелей немесе жанама өзара әсерлеуінің нәтижесі болып табылады. Бұл кезде негізгі әсср сандық (күшеюі, әлсіреуі) немесе сапалык өзгеруі мүмкін. Бұдан басқа, заттарды қосып қолданғанда химиялық және физико-химиялық өзара әссрлесу болуы мүмкін.

    Фармакокинетикалық өзара әсерлесу түрі, тіпті заттың сіңуі кезеңінде көрінуі мүмкін, ол әртүрлі себептерге байланысты

    32

    өзгереді. Атап айтқанда, ас қорыту жолында заттар адсорбциялаушы заттармен (активтелген көмірмен, ақ саз топырақпен) немесе анион алмастырушы шайырмен (смола) (мысалы гииолипидемиялық зат холестираминмен) байланысуы, белсенді емес хелатты қосылыстар немесе комплексондар (мысалы, осы принцип бойынша тетрациклин тобының антибиотиктері темір, кальций, магний иондарымен өзара байланысады) түзуі мұмкін. Өзара әсерлесудің барлық бұл түрлері дәрілік заттардың сіңуіне кедергі жасайды және осыған сәйкес олардың фармакотерапиялық әсерлерін азайтады. Ас қорыту жолынаң бірқатар заттардың сіңуі үшін ортаның рН-ның айтарлықтай маңызы бар. Осылайша ас қорыту сөлінің реакциясын өзгерте отырып, әлсіз қышқыл және әлсіз сілтілік қосылыстардың абсорбциясының жылдамдығына және толықтығына айтарлықтай ықпал етуге болады. Иондалу дәрежесін төмендеткен кезде, осындай заттардың липофилдігі жоғарылайтындығы, олардың сіңуіне әкелетіні бұрын айтылған болатын.

    Ас қорыту жолының перистальтикасының өзгеруі заттың сіңуіне әсерін тигізеді. Осылай, ішек перистальтикасын холиномиметиктермен жоғарылатқанда жүрек гликозиді - дигоксиннің сіңуі төмендейді, перистальтиканы азайтатын холиноблокатор -- атропин дигоксиннің оңтайлы сіңуіне әкеледі. Ішектің шырышты қабаты арқылы олардың тасымалдануы деңгейінде заттардың өзара әсерлесуінін мысалдары белгілі (мысалы, барбитураттар саңыраукұлактарға қарсы зат - гризеофульвиннің сіңуін азайтады).

    Ферменттер белсенділігінің тежелуі де сіңірілуге әсер етуі мүмкін. Эпилепсияга қарсы препарат дифенин фолатдеконъюгазаны тежейді және ас тағамдарынан фолий қышқылының сіңуін бұзады. Нәтижесінде фолий қышқылының жетіспеушілігі дамиды.

    Кейбір заттар (алмагель, вазелин майы) ас қорыту жолының шырышты қабатының бетінде қабат түзеді, ол дәрілік заттың сіңуін біршама қиындатуы мүмкін.

    Заттардың өзара әсерлесуі олардың қан белоктарымен тасымалдану (байланысуы) кезеңінде болуы мүмкін. Бұл кезде бір зат, қанның сарысу белогымен біріккен басқасын ығыстыруы мүмкін. Мысалы, қабынуға қарсы препараттар индометацин және бутадион қан сарысу белогымен біріккен кешеннен тікелей емес антикоагулянттарды (кумарин тобын) босатады. Бұл бос антикоагулянттардың концентрациясын жоғарылатады және қан кетуіне әкелуі мүмкін. Осы ұқсас принцип бойынша бутадион және салицилаттар қанда бос гипогликемиялық заттардың (бутамид сияқты) концентрациясын жоғарылатады және гипогликемиялық кома шақыруы мүмкін.

    33

    Кейбір дәрілік заттар биотрансформация деңгейінде өзара әсерлесуге қабілетті. Бауырдың микросомалдық ферменттерінің белсенділігін (өндірілуін) жоғарылататын препараттар (фенобарбитал, дифенин. физеофульвин және басқалар) бар. Соңғылардың әсер етуі кезінде көптеген заттардың биотрансформациясы қарқындырақ жүреді және бұл олардың әсерінің айқындығын мен ұзақтығын төмендетеді (ферменттерді өндіретіндердің өзін де). Бірақ клиникалық жағдайда бұл көріністер ферменттерді өндіретіндерді тек жоғарғы мөлшерде және жеткілікті ұзак уақыт қолданғанда ғана айтарлықтай анық көрінеді.

    Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі микросомалдық және микросомалдық емес ферменттерге тежегіш әсер етуіне байланысты болуы мүмкін.Ксантиноксидазаның тежегіші, подаграға қарсы препарат -аллопуринол белгілі, ол ісікке қарсы зат меркаптопуриннің улылығын жоғарылатады (оның қан түзілуіне тежегіш әсерін күшейтеді). Маскүнемдікті емдеуде қолданылатын тетурам, альдегиддегидрогеназаны тежейді және этил спиртінің метаболизмін бұза отырып, оның уытты әсерін жоғарылатады.

    Заттарды жұптастырып қолданғанда, дәрілік заттардың шығарылуыда айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бүйрек өзекшелерінде әлсіз қышкыл және сілтілік қосылыстардың реабсорбциялануы, біріншілік зәрдің рН мәніне тәуелді болатыны бұрын да айтылған. Оның реакциясын өзгерте отырып, заттың иондалу дәрежесін жоғарылатуға немесе азайтуға болады. Ол аз болған сайын, заттың липофилдігі жоғары болады және бүйрек өзекшелерімен оның реабсорбциялануы да соншама қарқынды жүреді. Әрине, көп иондалған заттар нашар реабсорбцияланады және көп дәрежеде зәрмен бөлінеді. Зәрдің сілтілігін арттыру үшін натрий гидрокарбонаты қолданылады. ат қышкылдығын арттыру үшін - аммоний хлориді (осыған ұқсас әсер ететін басқа препараттар да бар). Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда бүйрек өзекшелерінде олардың секрециялануы бұзылуы мүмкін. Атап айтқанда, пробенецид бүйрек өзекшелерінде пенициллиндердің секрециялануын тежейді, сонымен қатар олардың антибактериалдық әсерін ұзартады.

    Заттар өзара әсерлескен кезде, олардың фармакокинетикасынын бір уақытта бірнеше кезеңдерінің өзгеру мүмкіндігін ескерген жөн (мысалы, барбитураттар неодикумариннің сіңуіне, тасымалдануына және биотрансформациясына әсер етеді).

    Заттардың өзара әсерлесуінің фармакодинамикалық түрі, олардың фармакодинамикалық ерекшеліктеріне негізделген өзара әсерлесуін көрсетеді. Егер өзара әсерлесу рецептор деңгейінде жүзеге асатын болса, онда ол негізінен әртүрлі типті рецепторлардың агонистеріне және

    34

    антогонистеріне қатысты болады. Бұл кезде, бір қосылыс басқаның әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Синергизм жағдайында заттың өзара әсерлесуі соңғы әсердің күшеюімен қатар жүреді.

    Дәрілік заттың синергизмі, әсердің жәй қосындысымен немесе күшеюімен көрінеді. Қосынды (аддитивтік2) әсер әрбір компоненттің әсерін жәй қосқанда байқалады (мысалы, наркозға арналған заттар өзара осылай әсерлеседі). Егер 2 затты енгізгенде жалпы әсері екі заттың қосынды әсерінен жоғары болса (кейде өте жоғары), бұл күшейтілгені жөнінде мәлімдейді (мысалы, антипсихотикалык препараттар наркозға арналған заттардың әсерін күшейтеді).

    Синергизм тікелей (егер екі қосылыста бір субстратқа әсер етсе)

    немесе жанама (олардың әсері әр жерде орналасқанда) болуы мүмкін. Бір

    заттың қандай да бір дәрежеде басқаның әсерін азайтатын қабілетін.

    антагонизм деп атайды. Синергизммен ұқсастығы бойынша тікелей немесе

    жанама антагонизмге (рецептор денгейінде өзара әсерлесу сипаты жөнінде жоғарыны қара) бөледі.

    Сонымен қатар, синергоантагонизм деп аталатындарға бөледі, бұл кезде біріктірілген заттардың кейбір әсерлері күшейеді, ал басқалары әлсірейді. Мысалы, а-Адреноблокаторлардың әсері кезінде адреналиннің тамырлардың а-адренорецепторларына ынталандырғыш әсері азаяды β -адренорсцепторларға - айқындау бола түседі.

    Ағза ортасында заттардың химиялық және физико-химиялық өзара әсерлесуін дәрілік заттардың көп мөлшерін енгізгенде немесе жедел

    уланғанда өте жиі қолданады. Мысалы, ас қорыту жолынан заттың сіңуін қиындататын адсорбциялаушы заттардың қабілеті бұрын ескертілген болатын. Антикоагулянт гепаринді артық мөлшерде енгізгенде оның антидоты -протамин сульфатын тағайындайды, ол электростатикалық өзара әсерлесу арқылы гепаринді инактивациялайды. Бұл физико-химиялық өзара әсерлесудің мысалдары.

    Комплексондардың түзілуі химиялық өзара әсерлесудің мысалы болып табылады. Атап айтқанда, этилендиаминтетрасірке қышкылының динатрий тұзы (трилон Б; Nа2ЭДТА) кальций иондарын; қорғасын, сынап, кадмий, кобальт, уран иондарын - тетацин-кальций (Са Nа2 ЭДТА); пенициламин - мыс, сынап, қорғасын, темір, кальций иондарын байланыстырады.

    Сонымен, заттардың фармакологиялық өзара әсерлесу мүмкіндіктері сан алуан.

    Г рек тілінен sупergоs - бірге әсер ететін. Латын тілінен additiо - қосу.

    35

    Фармацевтикалык өзара әсерлесу

    Фармацевтикалық үйлеспеушілік жағдайлары болуы мүмкін, бұл кезде препараттарды дайындау және (немесе) оларды сақтау барысында, сонымен қатар бір шприцте араластырғанда, қоспалар компонентінің өзара әсерлесуі болады және өзгерістің болатындығы соншама, нәтижесінде препарат практикада қолдануға жарамсыз болып қалады. Бұл кезде бастапқы компонентте бар болған фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады. Кейбір жағдайларда жаңа, ал кейде (уытты) жағымсыз қасиеттер пайда болады.

    Фармацевтикалық үйлеспеушілік заттардың химиялық, физикалык және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, үйлеспеушілік заттың еріткіште жеткіліксіз немесе толық ерімеушілігімен, дәрілік калыптардың коагулациялануымен, эмульсияның қабатқа бөлінуімен, ұнтақтардың суды сіңіруіне байланысты ылғалдануымен және еруімен жүзеге асырылуы мүмкін; белсенді заттардың жағымсыз адсорбциясы болуы мүмкін. Рецепт дұрыс жазылмағанда заттардың химиялык өзара әсерлесуі нәтижесінде, кейде тұнба түзіледі немесе дәрілік қалыптардың түсі, дәмі, иісі және консистенциясы өзгереді.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта