Главная страница
Навигация по странице:

  • І.ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГ

  • Ф_КАЗ_1-50. Дорогие коллеги!


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеДорогие коллеги!
    Дата02.09.2022
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ_КАЗ_1-50.doc
    ТипУчебник
    #659302
    страница1 из 12
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    Дорогие коллеги!
    Я искренне рад тому, что материал моего учебника будет использоваться при изучении курса фармакологии студентами Казахского Национального медицинского университета, обучающимися на казахском языке.


    С уважением,

    Академик РАМН,

    засл.деятель науки РФ,

    профессор Д.А.Харкевич

    I. КІРІСПЕ

    І.ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ. БАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ. ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ.

    Фармакология1 - химиялық қосылыстармен тірі ағзаның өзара әсерлесуі жөніндегі ғылым. Фармакология негізінен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттарды оқытады. Фармакологияның алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі - тиімді және қауіпсіз жаңа дәрілік заттарды іздеу.

    Фармакологиялық зерттеулердің ауқымы өте кең. Оған дәрілік заттардың күрделілігі, әртүрлі биологиялық жүйелерге - тұтас ағзадан жеке жасушаларға, жасушаға дейінгі құрылымдарға, рецепторларға және ферменттерге әсерлерін зерттеу жатады. Химиялық заттардың әсерінен биологиялық жүйелердің қызметінің өзгеруі олардың биологиялық әсерлерінің (белсенділігінің)2 көрінісі болып табылады.

    Медико-биологиялық ғылымның бірі болғандықтан фармакология эксперименталдық және практикалық медицинаның әртүрлі салаларымен тығыз байланысады. Атап айтқанда, фармакология көптеген басқа медико-биологиялық пәндердің әсіресе, физиология мен биохимияның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, вегетотропты заттардың көмегімен медиаторлар қатысуымен жүзеге асатын синапстық берілудің нәзік механизмдерін ашу мүмкін болды. Нақты ферментті бағытты тежейтін немесе олардың синтезін жылдамдататын заттарды алу энзимологияның дамуына ықпал етті. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) көптеген күрделі қызметін зерттеуге нейротропты заттардың нәтижесінде қол жетті.

    Фармакологияның практикалық медицина үшін маңызы өте зор, өйткені тәжірибешілер үшін фармакологиялық заттардың басты құндылығы, олардың негізінде жатқан көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқаруға және механизмдерін сараптауға сол заттардың кең мүмкіндіктер беруі болып табылады.

    Жоғары тиімді көптеген препараттардың алынуы нәтижссінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің жан-жақты әдісі болды. Орталық және шеткі жүйке жүйесін тежейтін немесе ынталандыратын;

    1 Грек тлінен рhаrтасоп – дәрі, Іogos - ілім (бұл жерде және әрі қарай транскрнпциясында беріледі).

    3 "Биологиялық әсер" сөз тіркесін физиологиялық әсер" сөз тіркесімен жиі алмастырады.

    артериялық қысымды жоғарылататын немесе төмендететін; жүрек қызметін, тынысты ынталандыратын; қан жасауды, қан ұюын, зат алмасу үрдісін және т.б. реттейтін дәрілік заттар медицинада кең қолдану тапты. Жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын микробтарға қарсы және паразиттерге қарсы заттар маңызды рөл атқарады.

    Фармакологияның алға басуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Атап айтқанда, наркозға арналған заттардың, жергілікті анестетиктердің, кураре тәрізді заттардың, ганглиоблокаторлардың және басқа препараттардың пайда болуы хирургияның дамуына ықпалын тигізді. Психиатрияның дамуындағы сапалы жаңа кезең психотропты заттардың ашылуына байланысты. Гормондық заттардың бөлініп алынуы және синтезделуі эндокриндік аурулары бар науқастарды емдеудің нәтижесін біршама өзгертті. Бактериялық инфекцияларды тиімді емдеу тек антибиотиктер мен сульфаниламидтік препараттарды алған соң ғана мүмкін болды. Мүшені ауыстырып салу негізінен иммунодепрессанттарды алған соң ғана жүзеге асты. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

    Практикалық медицинада фармакотерапияның зор маңыз алуына байланысты фармакология жөнінде білімі болу әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін өте қажет. Бұл ерекше маңызға ие болды, өйткені, көптеген қазіргі дәрілік заттардың белсенділігі өте жоғары болатындықтан, оларды тағайындаудағы сол ұқыпсыздық наукастың жағдайына зиянды жағымсыз әсерлердің себебі болуы мүмкін.

    Фармакологияның клиника үшін маңызы соңғы жылдары дәрілік заттардың адам ағзасымен өзара әсерлесуін зертейтін (көбінесе патологиялық жағдайда) клиникалық фармакологияның өз алдына пән болып бөлініп шығуымен толықтырылады.

    Әрине, фармакологияның алдындағы басты мәселе жаңа дәрілік заттарды табу. Оларды алудың негізгі жолы-бұл химиялық синтез. Сонымен қатар өсімдіктердің, жануарлар тіндерінің, минералдардың табиғи қосылыстары да қолданылады. Көптеген құнды препараттар саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері болып табылады. Жаңа дәрілік заттарды іздеу және сынау фармакологтардың химиктермен және клиницистермен тығыз бірлестігіне негізделеді.

    Жоғарыда айтылғанның бәрі фармакологиядағы ғылыми бағыттың сан алуандығын түсіндіреді. Бұл дәрілік заттардың әсер ету механизмін оқуға арналған түпкілік мәселе немесе қолданбалы, тіпті жаңа дәрілік препаратты алуға, оны медициналық практикаға енгізуге байланысты практикалық аспектілер болуы мүмкін.

    Дәрітану саласындағы алға басу бірқатар ғылыми пәндердің және

    бағыттардың бөлініп шығуына, қандай да бір дәрежеде өзінше ерекшеленуіне әкелді. Оларға эксперименталдық және клиникалық фармакологиядан басқа фармация1, токсикология2, иммунофармакология, фармакогенетика, инфекцияның химиотерапиясы, қатерлі ісіктердің химиотерапиясы және т.б. жатады.

    Фармакологияның тарихы адамзат тарихы сияқты ұзақ. Көптеген мыңдаған жылдар бойы дәрілік препараттарды дайындау және қолдану эмпирикалық жүзеге асты. Бірақ, IX ғасырдың өзінде-ақ арабтар сол кезде қолданылып жүрген препараттарды жүйелендіруге және стандартизациялауға талпыныс жасады. Осы мақсатта қазіргі уакыттағы фармакопеяның ізашары болған арнайы кітаптар құрастырылды. Европадағы алғашқы басылымдық фармакопея Италияда ХVғасырда шықты. Одан кейін фармакопея Англияда (XVII ғ.)Францияда (XVII ғ.), Ресейде (XVIII ғ.), АҚШ-та (XIX ғ.) пайда болды. XIX ғ. басында тазартылған алкалоидтарды (морфин, хинин және т.б.) бөліп алу және алғашқы органикалық заттардың (мочевина) синтезі біршама алға басу болып табылды.

    XIX ғ. басында фармакологиялық зерттеулер тәжірибелерін жануарларға жасаудың енгізілуі маңызды оқиға болды. Өткен ғасырдың ортасында Юрий (Тарту) университетінде дүние жүзіндегі ең алғашқы эксперименталдық фармакология зертханасы ұйымдастырылды. Осының бәрі ғылыми фармакологияның қалыптасуына қажет негіз жасады.

    Біртіндеп фармакологиялық зертханалардың саны көбейе бастады. Дәрілік заттардың әсер ету механизмін және орнын анықтайтын зерттеулер кең көлемде жүргізіле бастады. Жаңа препараттар алынды. Атап айтқанда, XIX ғ. 40-жылдарынан бастап медициналық практикаға алғаш рет наркозға арналған заттар (эфир, хлороформ, азоттың шала тотығы), ұйықтатқыш зат хлоралгидрат, жергілікті жансыздандырушы зат кокаин және бірқатар басқа заттар енгізілді.

    XIX ғ. басында инфекцияның химиотерапиясының негізі принциптері жасалды, бұл оның ары қарай дамуына маңызды әсерін тигізді. Мерезге қарсы алашқы препарат сальварсан синтезделді. Дәл сол уақытта алғашқы витамин (В,) бөлініп алынды. Аритмияға қарсы алғашқы препарат (хинидин) пайда болды.

    20-жылдар инсулин алынуымен және пенициллиннің ашылуымен әйгілі. 30-жылдардағы ірі оқиға сульфаниламидтердің антибактериалдық

    ' Фармация пәндердің кешенін: фармацевтикалық химияны, фармакогнозияны (өсімдік тектес және жануар тектес дәрілік шикізат жөніндегі ғылым), дәрілік қалыптар және галендік препараттар технологиясын, фармацевтикалық істі ұйымдастыруды біріктіреді.

    2Улар жөніндегі ғылым (грек тіл. tохісоп - у).

    Белсенділігін анықтау болды. Осы кезеңге жоғары тиімді инсектицид ДДТ-ның синтезі де жатады.

    40-жылдардағы аса зор табыс пенициллиннің, стрептомициннің және басқа антибиотиктердің алынуы және практикаға енгізілуі; глюкокортикоидтарды бөліп алу және оларды қабынуға қарсы, аллергияға қарсы зат ретінде қолдану; азотты иприттердің қатерлі ісікке қарсы белсенділігін анықтау; курарені анестезиолгияда қолдану және кураре тәрізді синтетикалық заттардың алынуы; кристалдық ВІ2 витаминін бөліп алу болды.

    Фармакологиядағы зор табыстар 50-жылдар үлесіне тиеді. Ең алдымен алғашқы тиімді психотропты заттардың (аминазин, мепробромат, имипрамин және т.б.) алынғанын айта кеткен жөн. Негізін қалаушы және клиникалық фармакологияның өте қарқынды дамуы басталды. Осы онжылдықта ішке қабылдауға арналған диабетке қарсы алғашкы дәрілік заттар, алғашқы β-адреноблокаторлар, анаболикалық стероидтар синтезделді. Қатерлі ісікке қарсы тиімді алкилдеуші заттар және антиметаболиттер алынды. Энтералды қабылдауға арналған гормондық контрацептивті заттар ұсынылды.

    Жоғары даму қарқыны келесі екі онжылдықта да сақталды. 60-жылдары микробқа қарсы заттардың қатарын жартылай синтетикалық пенициллиндер, цефалоспориндер, рифампициндер толықтырды. Үлкен назарды препараттардың жаңа топтары - кальций каналының тежегіштері және Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері аударды. Қабынуға қарсы стероидты емес белсенді қосылыстардың едәуір саны синтезделді. Практикаға бензодиазепиндер қатарының көптеген анксиолитиктері, сонымен қатар, нейролептанальгезия үшін препараттар енгізілді.

    70-жылдары простагландиндерді зерттеу кең қанат жайды, олардың кейбірі акушерлік-гинекологиялық практикада қолданыла бастады. Осы кезеңде ірі жаңалықтар жасалды. Атап айтканда, қабынуға қарсы стероидты емес заттардың простагландиндер синтезіне тежегіш әсері; простациклин-тромбоксан жүйесі ашылды; эндогенді опиоидты пептидтер бөлініп алынды. Ангиотензиндік рецепторлардың және ангиотензинге айналдырушы ферменттің, алғашқы тежегіштері алынды. Герпеске қарсы жоғары тиімді препарат ацикловир синтезделді. Холестерин синтезінің алғашқы ингибиторлары (статиндер) пайда болды.

    Фармакология ілімінде 80-жылдар ерекше жемісті болды. Ойық жараны емдеуге арналған препараттардың принципиалды жаңа түрі - протондық насостың тежегіштері алынды. Бірқатар препараттардың калий белсендендіретін қабілеті ашылды және олардың артериялық гипертензияны емдеудегі тиімділігі көрсетілді.

    Эндотелиялық релаксациялаушы және констрикторлык факторлар,

    сонымен қатар жүрекшенің натрийуретикалык факторы бөлініп алынды. Таңдамалы әсер ететін фибринолитикалық препарат - профибринолизиннің тіңдік активаторы алыңды. Глутаматтық рецепторлардың, NMDA-рецептарлар деп аталатын, белгілі тип тармақтарының кейбір тежегіштерінің ишемия кезінде ОЖЖ-де нейрондардың дегенеративті өзгерістеріне жол бермейтіні тәжірибеде анықталды. Микробқа қарсы тиімді заттар - фторхинолондар алынды. Қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5α-редуктазаның тежегіші финастерид алынды. ЖИТС-мен ауыратын науқастарға зидовудин (азидотимидин) препараты қолайлы әсер ететіні көрсетілді. Биотехнологиялық әдістермен адам инсулині алынды.

    90-жылдарда медиииналық практикаға рекомбинанттық колония ынталандырушы фактор енгізілді. Қабынуға қарсы заттардың жаңа топтары - циклооксигеназа-2-нің таңдамалы тежегіштері алынды. Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін препараттар жасалды: 5-липоксигеназаның (зилеутон) тежегіші, сонымсн қатар, лейкотриендік рецепторлардың (зафирлукаст) тежегіштері. Ангиотензиндік рецепторлардың пептидті емес (лозартан) тежегіші синтезделді. Таңдамалы түрде имидазолиндік рецепторлармен өзара әсерлесетін гипотензивті заттар (моксонидин) алынды. Нитроглицерин әсеріндегі NO-ның, натрий нитропруссидінің рөлі ашылды. NO-синтетазаның тежегіші синтезделді. Тромбоциттерді активтеуші фактор рецепторларының тежегіштері алынды. Құсуға қарсы жаңа әсерлі зат ретінде серототиндік 5-НТ3-рецепторлардың тежегіштері ұсынылды. Жаңа цефалоспориндер, эритромициннің жартылай синтетикалық аналогы және көптеген басқа препараттар пайда болды. "Антисенстік олигонуклеотид" принцип негізінде алғашқы препарат (витрабен) алынды.

    Фармакология жетістіктерінің осындай қысқа шолуы, оның өте ерекше даму қарқыны және медициналық ғылым мен денсаулық сақтау үшін аса маңыздылығы жөнінде мағлұмат береді.

    II. ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

    Жалпы фармакологияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.

    Фармакокинетика1 - бұл дәрілік заттардың сіңуі, ағзада таралуы, қорға жиналуы, метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі. Фармакодинамиканың2негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны мен механизмі.

    Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерілесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастырып қоймай, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі карастырылады.

    Сонымен қатар, фармакотерапияның аса маңызды түрлері, дәрілік заттардың жанама және уытты әсерлерінің жалпы заңдылыктары да талқыланады.

    І.ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ. СІҢІРІЛУІ.

    Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетіне жанастырудан басталады. Әсердің даму жылдамдығы, оның айқындығы және ұзақтығы снгізілу жолына тәуелді. Жвке жағдайда енгізу жолы дәрінің әсер ету сипатын анықтайды.

    Енгізу жолдарын әдетте энтералды (ас қорыту жолы арқылы) және парентералды (ас қорыту жолдарынан тыс) деп бөледі.

    Энтералды жолдарына ауыз арқылы,тіластына,трансбуккалды, он екі елі ішекке, тік ішекке (ректалды) енгізу жатады.

    Енгізудің ең көп тараған жолы - ауыз арқылы (ішке; per os). Бұл енгізудің ең қолайлы және қарапайым түрі болып табылады. Бұл кезде, препараттардың стерилдігін қажет етпейді. Бірқатар дәрілік заттардың (мысалы, ацетилсалвцил қышқылы, барбитураттар және басқа кышқылдық қасиеті бар, әлсіз электролиттер) сіңуі (абсорбция3) жартылай асқазанда4 жүреді. Бірак дәрілік заттардың басым көпшілігі негізінен аш ішекте сіңеді. Бұған ішектің
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта