Главная страница
Навигация по странице:

  • В) ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

  • Г) АҒЗАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

  • ТӘУЛІКТІК ЫРҒАҚТ

  • 8. ДӘРІЛІК

  • Ф_КАЗ_1-50. Дорогие коллеги!


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеДорогие коллеги!
    Дата02.09.2022
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ_КАЗ_1-50.doc
    ТипУчебник
    #659302
    страница9 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    7. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР КӨРІНІСТЕРІ ҮШІН

    АҒЗАНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕШЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

    А) ЖАСЫ

    Дәрілік заттарға сезімталдылық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін перинаталдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңатуылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардаң айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) ете сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты,

    36

    ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Кішкентай жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.

    Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерітеумен айналысатын фармакология саласын педиатриялық фармакология деп атайды.

    Мемлекеттік фармакопеяда, әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және қауіпті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестесі келтірілген. Басқа заттар үшін баланың әрбір жыл өміріне ересектерге арналған мөлшердің 1/20 қабылдап, жеңілдетуге болады.

    Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизмінің тиімділігі аздау, препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға ссзімталдылық жоғары, осыған байланысты олардың мөлшері төмен болу қажет. Бұл кезде препараттардың көп түрлілігін, уыттылығы аз заттармен шектеу керек.

    Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және қолданылу (гериатриялық деп аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда, себебі бұл жастағы топтардың үлесі жалпы адамдар саны ішінде өсіп кеткен.

    Б) ЖЫНЫСЫ

    Жануарларға зерттеу жүргізгенде көрсетілгендей, оның аналығына қараганда, аталық түрлерінде бірқатар заттарға (никотин, стрихнин) сезімталдылық аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метаболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын. Сонымен қатар, клиникалық бақылаулар да бар. Мысалы, парацетамолдың клиренсі әйелдерге қарағанда, еркектерде тезірек жүреді. Әйелдерде менопауза кезінде ішекте кальций ионының абсорбциясы баяулайды. Еркектерге қарағанда, әйелдерде верапамилдің биожеткіліктігі жоғары. Әйелдерде диазепамның тотығуы тезірек жүреді. Әйелдерде аритмияға қарсы заттар аритмогенді әсерді («пируэт» деп аталатын) жиі туғызады. Операциядан кейінгі ауыру сезімді басу үшін, әйелдерге қарағанда, еркектерге морфиннің жоғарғы мөлшері қажет болады.

    Бірақ, жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Әрбір жағдайда,

    1 Грек тілінен gеrоп — кәрі, іаtrеіа — емдеу.

    37

    дәрілік заттардың фармакокинетикасындағы және фармакодинамика-сындағы жыныстық айырмашылықтардың себептерін аныктау маңызды.

    В) ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

    Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл сандық қалай болса, сапалық та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзактығы кенеттен жоғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жетуі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 мин. бойы әсер етеді).

    Туберкулезге қарсы зат изониазидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарды тез және баяу метаболизмдік белсенділігі бар деп бөледі. Изониазид баяу инактивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін, ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіепеушілігі бар деп есептейді.

    Заттарға тән емес реакциялардың (идиосинкразия') мысалдары белгілі. Мысалы, 8-аминохинолин тобының безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мүмкін (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігі хинонның түзілуіне әкеледі, ол гемолитикалық әсер көрсетеді). Потенциалды гемолитикалық әсері бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорихин), сульфондар (дапсон), сульфаниламидтер (стрептоцид, сульфацил-натрий, сульфапиридазин), нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), опиоидты емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) жәнс әртүрлі басқа заттар (налидикс қышқылы, хинин, хинидин, левомицетин) жатады.

    Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың рөлі фармакологияның арнайы саласы - фармакогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.

    Г) АҒЗАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

    Препараттардың әсері ағзаның жағдайына, соның ішінде оларды тағайындайтын патологияға байланысты болуы мумкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді (олар қалыпты температурада әсер етпейді). Жүрек гликозидтерінің қан айналымына әсері тек жүрек жетіспеушілігі кезінде көрінеді. Симпатикалық иннервацияның тонусы жоғары болған сайын, ганглиоблокаторлардың гипотензивтік әсері

    1 Грек тілінен idios- өзгеше; sinkrasis- араласу.

    38

    көп болады. Гипертиреоз кезінде миокардтың адреналинге сезімталдығы жоғарылайды.

    Бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар заттардың экскрециясын және биотрансформациясын өзгертеді. Бұл кезде басқа параметрлер де - белокпен байланысуы, биожеткіліктік, таралуы өзгеруі мүмкін.

    Дәрілік заттардың фармакокинетикасы жүктілікте, семіздікте өзгереді.

    Д) ТӘУЛІКТІК ЫРҒАҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

    Физиологиялық1 қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар. Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні жалпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік периодизмге тәуелділігін зерттеу, хронофармако-л о г и я деп аталған жаңа бағыттың негізгі мәселелерінің бірі. Соңғыға хронофармакодинамиканы да және хронофармакокинетиканы2да жатқызады.

    Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай-ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда -күндізгі уакытта, түнгі жануарларда – тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады. Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің (энкефалиндер, эндорфиндер) өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған. Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.

    Тәуліктік периодизмге байланысты заттың уыттылығы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, жануарларға зерттеу жүргізгенде уытты мөлшерде фенобарбиталдың леталдық әсері тәуліктің әрбір уақытында 0 ден 100%-ке дейін ауытқиды.

    1 Сонымен қатар, «циркадтық (тәулікке жуық) ырғақтар» термині қолданылалы (латын тілінен сіrса—жуык, dіеs- күн). Биологаялық процестердің 20-28 сағат аралығында циклдік ауытқуы туралы айтылады.

    1 Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұқсас екі термин - «хронестезиял (тәулікгің әрбір уақытында затқа сезімталдық) және «хронокинетика» (тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипаттайтын тәуелділігі) ұсынылған.

    39

    Фармакокинетикалық параметрлер де тәуліктік ырғаққа тәуелді болады. Мысалы, адамдарда саңырауқұлақтарға қарсы гризеофульвин препаратының көбірек сіңуі шамамен күндіз сағат 12-де жүреді. Тәулік ішінде заттардың (мысалы, гексобарбиталдың) метаболизмінің қарқыны да өзгереді. Тәулік уақытына байланысты бүйрек қызметі және олардың фармакологиялық заттарды шығару қабілеті де айтарлықтай өзгереді. Адамдарда фенамин, әсіресе оның жоғарғы мөлшері таңертең ертемен бүйрек арқылы бөлінетіні көрсетілген (бұл, сірә зәрдің рН-ның ауытқуына байланысты болуы керек). Литий препаратын ішке енгізгенде күндізгі уакытқа қарағанда түнде аз мөлшерде бөлінеді.

    Сонымен, заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге тәуелді болады. Бұған тәуліктік ырғақтың фазасына және амплитудасына дәрілік заттардың өзі ықпал ететінін қосу керек. Әртүрлі патологаялық жағдайлар мен аурулар кезінде тәуліктің әрбір уақытында олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі өзгеретіндігін де ескерген жөн.

    Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препараттарды рационалды мөлшерлеу үшін бұл мәліметтердің маңыздылығы күдік туғызбайды. Физиологиялық қызмет үшін, сондай-ақ мезгілдік ырғақтың да белгілі бір мәні бар, бұл сірә фармакологиялық заттардың әсеріне де ықпал ететін болуы керек.

    8. ДӘРІЛІК ЕМНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

    Дәрілік заттарды профилактика1 үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы, химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады.

    Э т и о т р о п т ы2 (каузалдық3) ем ауырудың себебін тоқтатуға бағытталған (осылайша, антибиотиктер бактерияларға қарсы, безгекке қарсы заттар - безгек плазмодиіне қарсы әсер етеді).

    Симптоматикалық емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы, ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда симптоматикалық ем патогенетикалық4 рөл атқарады.

    1 Грек тілінен рrорhylакticоs— сақтандыратын.

    2 Грек тілінен аitia- себеп, tropos - бағыт.

    3 Латын тілінен саusa-себеп.

    4 Грек тілінен раtos- қиналу, denesis- тегі.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта