Главная страница

Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады


Скачать 0.64 Mb.
НазваниеЕр адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
АнкорАнглийский
Дата31.10.2022
Размер0.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла6666666.docx
ТипДокументы
#764515
страница36 из 37
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


{

плевраның үйкеліс шуы

бетінің ісінуі

перикардтың үйкеліс шуы

=аяқ бастарының ісінуі мен бауырының ұлғаюы

кіші қанайналым шеңберіндегі іркіліс

}
Тыныс шамасыздығының ІІІ дәрежесінде қанда анықталатын өзгерісті көрсетіңіз:

{

анемия

лейкопения

=эритроцитоз

эозинофилия

өзгерістер жоқ

}
Бронх өткізгіштігінің бұзылысы бар науқастарға тағайындауға болмайды:

{

эуфиллин

каптоприл

нитронг

=пропранолол

коринфар

}
Созылмалы обструкциялық бронхиті бар науқаста тыныш күйдегі ентігу, диффузды цианоз, бауырының ұлғаюы, аяқ бастарында ісіну анықталды. Сіздің тұжырымыңыз:

{

тыныс шамасыздығы I дәрежелі

=декомпенсацияланған өкпе текті жүрек

тыныс шамасыздығы IІ дәрежелі

сол қарыншалық жедел шамасыздық

компенсацияланған өкпе текті жүрек

}
Созылмалы бронхиті бар науқастарда өкпе артериясының тромбтық эмболиясының дамуында шешуші маңызы бар:

{

=полицитемия (екіншілік эритроцитоз)мен қан тұтқырлығының артуының

тыныс шамасыздығы мен гипоксияның

кіші қанайналым шеңберінде гемодинамиканың бұзылысының

кіші үлкен қанайналым шеңберінде гемодинамиканың бұзылысының

аяқ веналарының варикозды кеңеюінің

}
Диагнозын болжаңыз: 23 жастағы науқас, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуына, әлсіз сарғаюға, жалпы әлсіздікке, салмақ жоғалтуына, буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: балалық шақта жедел гепатитпен ауырған. Об-ті: тері жамылғысы сарғыш түсте, бірен-саран телеангиоэктазиялар бар. Бауыры ұлғайған, оң жақ қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды. Трансаминаза деңгейі 3 есе жоғарылаған, жалпы билирубин-32,8 мкмольл. Тимол сынамасы-9,3 бр. Қанда НВsAg антидене табылған.

{

=созылмалы гепатит HBV

аутоиммунды гепатит

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

бауыр циррозы

жильбер ауруы

}
Шешім қабылдаңыз: 56 жастағы әйел, терінің қышуына, сарғаюға, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, салмақ жоғалтуына, жауырынаралық, иық аумақтарында қара дақтың пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: 7 жыл бұрын жауырынаралық, иық аумақтарында пигментация пайда болған. 3-4 жыл көлемінде терінің қышуы мазалаған. Дерматологта емделген, нәтижесіз. Соңғы кездері терінің қышуы күшейіп, сарғаю пайда болған. Анализінде: тікелей фракциядан болған гипербилирубинемия, СФ, ГГТП айқын жоғарылаған, трансаминаза аздап жоғарылаған.

{

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

созылмалы гепатит вирусты себепті

=вильсон-коновалов ауруы

өт тас ауруы

α1-антитрипсиндік шамасыздық

}
Диагнозын болжаңыз: науқас 43 жаста, жүргенде күшейетін оң жақ және сол жақ қабырға астының ауырсынуына, субфебрилді дене қызуының жоғарылауына, жиі мұрнынан қан кетуіне, 3 ай көлемінде бірден 12 кг салмақ жоғалтуына шағымданды. 4 жылдан бері ауырады, алғаш рет тері жамылғысының қараюын байқаған. Соңғы 1 ай көлемінде жағдайының күрт нашарлауы болған, несебінің түсі айқын қарайған, ішінің көлемі ұлғайып, ісінулер пайда болған. Об-ті: тері жамылғысы қола түстес (бронзовой), склерасының сарғаюы, алақан және табан қыртыстарында қара пигменттердің, көкірек тұсында, иықтарында және жауырын маңында "тамырлық жұлдызшалар" болуы. Іш қуысында бос сұйықтықтың болуына байланысты ішінің көлемі ұлғайған. Бауыры мен талағы ұлғайған.

{

вильсон-коновалов ауруы

=гемохроматоз

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

бадд-киари ауруы

бауырдың амилоидозы

}
Диагнозын болжаңыз: 48 жастағы әйел, ота жасаушы дәрігер акушер-гинеколог, аймақтық дәрігерге, күрт әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, соңғы жылдары 5 кг салмақ жоғалтуына, ішінің кебуіне, буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: ота жасау кезінде колдарын және перчатканы бірнеше рет кесіп алған. Қарағанда: тағам қабылдауы қанағаттанарлық, склерасының субиктериялы болуы, тілі сұрғыш жағындымен қапталған. Бауыры оң жақ қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы, қыры ауырсынады, дөңгеленген. Талағы пальпацияланбайды. Жүрек және өкпе ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ.

{

бауырдың циррозы

созылмалы панкреатит

ревматоидты артрит

=вирусты гепатит

аутоиммунды гепатит

}
Жильбер синдромын сипаттайтын лабораториялық белгілерін анықтаңыз:

{

=қанда байланыспаған билирубиннің жоғарылауы

билирубинурия

трансаминаза активтілігінің жоғарылауы

ретикулоцитоз

гипоальбуминемия

}
Диагнозын болжаңыз: гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сары суында темірдің деңгейінің жоғарылауы тән:

{

бауыр циррозына

созылмалы гепатитке, вирусты себепті

=гемохроматозға

көк бауыр үстінің гиперфункциясна

вильсон – коновалов ауруына

}
Бауыр циррозын, біріншілік бауыр рагынан ажырату белгісін анықтаңыз:

{

бауырдың бұдырлануы

аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

=қанда а-фетопротеиннің болмауы

сарғаю

билирубин деңгейінің жоғарылауы

}
Цитолиз синдромы айқын білінетін ауруды анықтаңыз:

{

=айқын активтілікті созылмалы гепатит

конституциялық сарғаюдағы Жильбер синдромы

тұқымқуалаущылық сфероцитоз

өт-тас ауруы

бауырдың циррозы

}
Созылмалы гепатиттің диагнозын нақтайтын тәсілді таңдаңыз:

{

функционалдық бауыр сынамалары

бауыр ферменттерін зерттеу

иммунологиялық көрсеткіштер

бауырдың УДЗ

=бауыр биопсиясы

}

Бауырдың билиарлы циррозында ерте пайда болатын белгі:

{

=терінің қышуы

талақтың ұлғаюы

қызыл иектің қанауы

қанда АЛТ және АСТ жоғарылауы

холинэстераза деңгейінің төмендеуі

}
Шешім қабылдаңыз: бауырішілік холестазды растайтын белгілерді көрсетініз:

{

g-глобулин деңгейінің жоғарылауы

липопротеидтер деңгейінің жоғарылауы

=сілтілі фосфатаза және ГГТП жоғарылауы

АЛТ, АСТ, ЛДГ активтілігінің жоғарылауы

қышқыл фосфатазаның төмендеуі

}
Вирусты гепатит және бауырдың басқа да жедел зақымдануына тән цитолиз синдромының көріністерін таңдаңыз:

{

=АЛТ, АСТ, ЛДГ активтілігінің жоғарылауы

сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия

жалпы белок, протромбин, холестерин деңгейлерінің төмендеуі

g-глобулиннің жоғарылауы

белокты тұнба сынаманың өзгеруі

}
Бауырдың билиарлы циррозында ерте білінетін синдром:

{

астениялық

=холестаз

порталдық гипертензия

диспепсиялық

бауыр шамасыздығы

}
Шешім қабылдаңыз: бауырлық кома … интоксикациясының салдарынан дамиды.

{

мочевина

өт қышқылы

=аммиак

билирубин

кетонды денелер

}
Созылмалы гепатит және бауыр циррозымен ауыратын науқастарда гиперспленизм синдромының емінде қолданылатын дәрмекті таңдаңыз:

{

=преднизолон

метилурацил

пентоксил

эритропоэтин

гептрал

}
Декомпенсацияланған бауыр циррозының базисті емінде қолданылатын дәрмектерді таңдаңыз:

{

пироцетам, гипотиазид, тетрациклин

эссенциале, триампур, В тобының витаминдері

=верошпирон, лактулоза, урсодезоксихолий қышқылы

ципрофлоксацин, фестал, холестерамин

токоферол, эритромицин, , С витамині

}
Науқас жағдайын саралап, несеп айдайтын дәрмекті таңдаңыз: 54 жастағы ер кісі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, соңғы 2 апта көлемінде несеп бөлінуінің шектелуі мазалаған. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, азыңқы. Тері жамылғысы және шырышты қабаты иктериялық. Ішінің көлемі асцитке байланысты ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5-6 см шығыңқы, тығыз. Айқын спленомегалия.

{

гипотиазид

арифон

маннитол

фуросемид

=верошпирон

}
Диагнозын болжаңыз: созылмалы панкреатитпен ауыратын 49 жастағы науқас, ұзақ уақыт бойы алкогольдік ішімдіктер қабылдаған, аймақтық дәрігерге терісі және склерасының сарғаюына, несеп түсінің қараюына және нәжісінің ағаруына шағымданып келді. Терісінде – ксантелазмалар, ксантомалар, теріні қасыған іздері байқалған. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 12х10х9 см, талағы - 8х6 см. Жалпы билирубин - 65 ммольл, тікелей – 43 ммольл, АЛТ- 0,76 ммольл, АСТ-0,45 ммольл. Қандағы диастаза - 59 бр. Сарғаюдың мүмкін болатын себебін анықтаңыз:

{

=ұйқы безінің перидуктальді фиброзынан болған холестаз

созылмалы гепатит

өт тас ауруы

тамырішілік гемолиз

гемолиз

}
38 жастағы, науқас оң жақ қабырға астының ауырлық сезімінің болуына, мұрыннан қан кетуге шағымданды. Об-ті: көрінетін шырышты қабаттары субиктериялық, гепато-спленомегалия. Қанда: ЭТЖ-21 ммс, жалпы билирубин- 58,8 мкмольл (тікелей билирубин 22,4 мкмольл), тимол сынамасы -12 бр., АЛТ-6,4 мкмольл, АСТ-5,9 мкмольл. HBV-қа ПЦР – оң мәнді. Қажетті емін ұйымдастырыңыз:

{

=вирустарға қарсы дәрмектер

цитостатиктер

глюкокортикоидтар

өт айдайтын дәрмектер

антибактериалды дәрмектер

}
Созылмалы гепатит пен қатерсіз гипербилирубинемияның дифференциальдік диагнозын болжаудағы информативті тест:

{

=бауыр биопсиясы

кумбс тесті

тағамның энергетикалық құндылығын шектеу сынамасы

ex juvantibus фенобарбиталмен ем

билирубинді анықтау

}
Созылмалы гепатиттердің диагнозын нақтаудағы ең тиімді тәсілді табыңыз:

{

гепатосканерлеу

көзделген пункциялық биопсия

индикаторлы ферменттердің активтігінің өзгеруі

гепатодепрессия индикаторларының активтігінің өзгеруі

бауырдың УДЗ

}
Созылмалы гепатиттің бауыр циррозына өтуінің негізгі синдромын табыңыз:

{

артериялық гипертензия

сарғаюлар

астеновегетативті

=портальді гипертензия

қан айналым шамасыздығы

}
Аутоиммунды гепатиттің емінде қолданылатын дәрмекті көрсетіңіз:

{

=кортикостероидтар

циметидин

делагил

легалон

адреналин

}
Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының диагноздық спецификалық тестін таңдаңыз:

{

тест, LE- клеткасына

гипергаммаглобулинемия

=антимитохондрийлік антиденелер (М2)

тегіс бұлшық етіне антиденелер

бауырлық-панкреатитті антигенге антиденелер (LP)

}
Науқас, 15 жаста, сарғаю, буындарының ауыруы, дене қызуының 38,50С дейін көтерілуі, жалпы әлсіздікке шағымданады. Сарғаюға дейінгі кезең астено-вегетативті синдром, анорексиямен байқалған. Жедел вирусты гепатиттен күдіктенуге байланысты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қарап тексергенде: терісі және шырыш қабаттары сарғайған, кеудесі мен арқасында "қан тамырлық жұлдызшалар" бар, бетінде геморрагиялық пурпура. Бауыр қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады. Көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде - жеңіл дәрежелі анемия (Нв = 90 гл), ЭТЖ=55 ммсағ. Тимол сынағы - 16 Б., γ-глобулиндер - 40,2%, трансаминазалар белсенділігі 5 есеге көбейген, жалпы билирубин – 35,5 мкмольл (тікелей - 25,5 мкмольл, тікелей емес - 10 мкмольл). LE-жасушалары, вирусты гепатиттің серологиялық маркерлері жоқ. Шағымдары, анамнезі жалпы қарап тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа «Аутоиммунды гепатит, I тип» диагнозы қойылды. Ол диагнозды тегіс салалы бұлшық етке және антиядролық антиденелер титрінің жоғары болуы дәлелдеді. Осы науқасты емдеуге урсодезоксихоль қышқылының дәрілерімен қатар берілетін дәрмек:

{

=преднизолон

азитромицин

фенобарбитал

делагил

аспирин

}
Бауыр энцефалопатиясына тән емес белгіні анықтаңыз:

{

ауыздан бауырлық иістің шығуы

"шапалақтаушы" тремор

қанда аммиак мөлшерінің көбеюі

есте сақтаудың төмендеуі

=гипербилирубинемия

}
Диагнозын болжаңыз: 28 жастағы әйел, оң қабырға астының ұстама тәрізді ауырсынуына, аузына ащы дәмнің келуіне, жалпы әлсіздікке, терінің әлсіз сарғаюына шағымданды. Диетаны бұзуына байланысты ұстама тәрізді ауырсынулар 10 жыл көлемінде мазалаған. Венаішілік холангиографияда: жалпы өт жолының аздап кеңеюі. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, түбінде - ірі тастың болуы байқалды.

{

өт қабының ісігі

=созылмалы тасты холецистит, өршу фазасы

созылмалы дуодениттің өршу фазасы

өт жолдарының дискинезиясы, гипомоторлы типті

созылмалы тассыз холециститтің өршу фазасы

}
Диагнозын болжаңыз: 21 жастағы ер жігіт, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауыруының алтыншы күні әлсіздікке, оң жақ қабырға астының, басының ауырсынуларына, тәбетінің болмауына, несеп түсінің қараюына, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып келді. Несеп түсінің өзгеруі үшінші күні, ал терісінің сарғаюы төртінші күні байқалған. Отбасында барлығы сау. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы және склерасы сарғыш түсте. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, талағы қабырға доғасында. Қанда: лейк - 6700; тяд – 6%, сяд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%. Жалпы билирубин – 137 ммольл; тікелей – 97 ммольл; АЛТ – 1,1 ммолл.

{

лептоспироз

=вирусный гепатит, орташа ауырлықта

описторхоз

вирусный гепатит, ауыр ағымды

вирусный гепатит, жеңіл ағымды

}
19 жасар жас жігітте, терісінің және склерасының сарғаюы байқалды, бауыр өлшемдері Курлов бойынша 10х9х8 см, талақ өлшемдері 14х8 см. Қанда: жалпы билирубин-67ммольл, тікелей емес билирубин – 56 ммольл. АЛТ және АСТ өзгеріссіз. Гепатобилиарлы жүйенің УДЗ өт қабында тастың болуы анықталды.

{

=тұқымқуалаушы микросфероцитоз (Минковский –Шоффар ауруы)

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

созылмалы активті гепатит

синдромы, Жильбердің (қатерсіз гипербилирубинемия)

синдромы, Дабин-Джонсонның

}
Шешім қабылдаңыз: қалалық онкологиялық диспансерге 55 жастағы әйел, 2 ай бұрын сүт безі рагіне байланысты операциядан кейін қаралуға келді. Емделіп шыққаннан соң жағдайы қанағаттанарлық болған. Бірақ соңғы бір апта көлемінде қатты әлсіздік, жүрек айнуы, тәбетінің толық жоғалуы, ірі буындарының ауырсынулары, несебінің қараюы белгілері пайда болды. Қарағанда: терісінің және склерасының сарғаюы байқалады. Теріде тырнақ іздері жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, шеті тегіс, ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қажетті тексерулер –

{

=anti HBcor Ig M, anti HBcor Ig G, HBs Ag

anti HBcor Ig M, anti HAV Ig M

anti HAV Ig M, HBs Ag

anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M

anti HEV Ig M

}
Жүкті әйелдердегі рецидивтеуші сарғаюда қолданылатын дәрмекті таңдаңыз:

{

иммуран

кортикостероидтар

ауыстыра қан құю

интерферон

=урсодезоксихолий қышқылы дәрмегі

}
Терілік холангиография ... диагнозына мүмкіндік беретін тәсіл:

{

=өт жолдарының өтімсіздігі, механикалық сарғаюы

созылмалы гепатит

бауыр циррозы

бауыр абсцесі

бауырішілік тамырлық блок

}
Диагнозын болжаңыз: 56 жастағы науқас, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, жүрек айнуына және таңертенгілік ауызға ащы дәмнің келуіне, терінің әлсіз қышуына шағымданды. Анамнезінде: тасты холецистетке байланысты холецистэктомия. Оң жақ қабырға астының ауырсынуы бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылады және айына бірнеше рет қайталанады. Соңғы кездері науқаста оң жақ қабырға астының ұстама тәрізді ауырсынуы пайда болды. Қарағанда: толық, тері жамылғысының және склерасының сарғаюы. Дене қызуы 37,50 С. Жүрек тондары тұйықталған, PS-82, АҚ 13580 мм сын.бағ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, пальпацияда ауырсынады.

{

созылмалы гепатит

=холангит

хронический рецидивирующий панкреатит

постхолецистэктомический синдром

рак головки поджелудочной железы

}
Біріншілік диагноздық тәсілді таңдаңыз: 56 жастағы науқас, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, жүрек айнуына және таңертенгілік ауызға ащы дәмнің келуіне, әлсіз терінің қышуына шағымданды. Анамнезінде: тасты холецистетке байланысты холецистэктомия. Оң жақ қабырға астының ауырсынуы бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылады және айына бірнеше рет қайталанады. Соңғы кездері науқаста оң жақ қабырға астының ұстама тәрізді ауырсынуы пайда болды. Қарағанда: толық, тері жамылғысының және склерасының сарғаюы. Дене қызуы 37,50 С. Жүрек тондары тұйықталған, PS-82, АҚ 13580 мм сын.бағ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, пальпацияда ауырсынады.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


написать администратору сайта