Главная страница

Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады


Скачать 0.64 Mb.
НазваниеЕр адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
АнкорАнглийский
Дата31.10.2022
Размер0.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла6666666.docx
ТипДокументы
#764515
страница30 из 37
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37


{

=хирургиялық бөлімге (абдоминальная хирургия) жедел жәрдеммен шұғыл госпитализация

хирургиялық бөлімге (торакаль хирургиялық) жедел жәрдеммен шұғыл госпитализация

хирургиялық бөлімге (кардиохирургия) жедел жәрдеммен шұғыл госпитализация

гастроэнтерологпен жара ауруына эрадикациялық ем тағайындап, амбулаториялық жағдайда емдеу

күндізгі стационарда жара ауруына эрадикациялық ем жүргізу

}
26 жастағы жігіттің анамнезінде 12 елі ішектің жара ауруы бар. Қазіргі уақытта оны ішінің жоғарғы бөлігі мен кеуде сарайындағы күшті ауырсыну мазалайды. Іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасында диафрагманың оң күмбезінің астына газ жиналғандығы анықталды. Жара ауруының асқынуы – перфорациялық синдром тұжырымдалды, құрсақ қуысы органдарының рентгендік зерттеуіндегі оның рентгендік белгісін анықтаңыз:

{

кеудеаралығының асимметриялық ұлғаюы

асқазанның газдық көпіршігінің жойылуы

диафрагма үстінде сұйықтық деңгейі бар газдық көпіршік

асқазанның газдық көпіршігі “құмсағат тәріздес”, оның бір бөлігі диафрагма деңгейінде

=диафрагма астына орақ пішінді (туған ай сияқты) газ жиналуы дәлел

}
44 жастағы ер кісіде ішінің белбеу бойымен айналма ауырсынуы бар, ауыру синдромы алкогольдік ішімдіктен кейін дамыған. Осы тәріздес ауырсыну синдромы 1 жыл бұрын алкоголь қабылдағанда дамыған. Іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасында көлденең жуан ішектің пневматизациясы нақталды. УДЗ кешенінде: ұйқы безі өлшемдерінің үлкейгендігі, тінінің эхоқұрылымының әркелкілігі, контурларының анық еместігі дәлелденді. Қан анализдерінен: лейк. 10,0х109л. Глюкозасы 7,0 ммольл. Қан амилазасы 400 Б. (Қалыптыда 20-100Б). Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

жедел алкогольдік панкреатит

алкогольмен улану

=созылмалы алкогольдік панкреатит

ұйқы безінің ісігі

ішектің тітіркену синдромы

}
42 жастағы науқасты ішінің кенет дамыған өткір ауырсынуы, артынша қосылған жиі құсу мазалайды. Үлкен дәретке отырмаған, желі шықпайды. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, мазасыз, дене қалыбын жиі алмастыруда. Дене қызуы қалыпты, пульсі 112 мин. Тілі ылғалды, іші кебіңкі (негізінен жоғарғы бөлігінде), пальпацияда жұмсақ, іш пердесінің тітіркенуі жоқ. Перистальтикалық шулары әлсіз. Жоғары тимпанит анықталды. Ректум арқылы тексергенде – патологиялық өзгерістер анықталмады. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

жедел аппендицит

=ішектің өткір өтімсіздігі

тағамдық токсикоинфекция

тынжы-тас ауруы

өттас ауруы

}
42 жастағы науқасты ішінің кенет дамыған өткір ауырсынуы, артынша қосылған жиі құсу мазалайды. Үлкен дәретке отырмаған, желі шықпайды. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, мазасыз, дене қалыбын жиі алмастыруда. Дене қызуы қалыпты, пульсі 112 мин. Тілі ылғалды, іші кебіңкі (негізінен жоғарғы бөлігінде), пальпацияда жұмсақ, іш пердесінің тітіркенуі жоқ. Перистальтикалық шулары әлсіз. Жоғары тимпанит анықталды. Ректум арқылы тексергенде – патологиялық өзгерістер анықталмады. Дұрыс тактиканы таңдаңыз:

{

=хирургты кеңеске шұғыл шақырып, абдоминальді хирургиялық бөлімге жедел жәрдеммен госпитализацияциялау

хирургты кеңеске шұғыл шақырып, торакальді хирургиялық бөлімге жедел жәрдеммен госпитализацияциялау

инфекционист кеңесі, жұқпалы аурулар бөліміне шұғыл госпитализациялау

урологты кеңеске шұғыл шақырып, урологиялық бөлімге жедел жәрдеммен госпитализацияциялау

гастроэнтеролог кеңесі, амбулаториялық ем

}
36 жастағы бояушы, қабылдауға келесi шағымдармен келдi: эпигастрий аймағының кешкi уақытта күшейетiн керiп ауыруы, қышқылмен, көп мөлшерлi жағымсыз иiстi ауамен кекiру, ашқарынға және кешкiлiк желiнген тағаммен құсу, дене салмағын жоғалту, қатаң жалпы әлсiздiк. 12 елi iшек жара ауруы 10 жыл бұрын қойылған, маусымдық өршулерi болған, бiрақ дәрiгерде емделмеген. Об-тi: терi жамылғылары қуқыл. Тiлiнде ақ-сарғыш шөгiндi. Эпигастрий аймағында күшейген перистальтика көзге көрiнедi, аускультациялық-перкуссиялық тәсілмен асқазанның төменгi шегi кiндiк деңгейiнде анықталды. Жетекші синдромдарын таңдаңыз:

{

эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазандық диспепсия

эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазан моторлық қызметінің бұзылуы (демпинг синдром), асқазандық диспепсия

=эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазан моторлық қызметінің бұзылуы (пилоростеноз, гастромегалия), асқазандық диспепсия

эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазан-ішектен қан кету

тағамдық улану, эпигастрий аймағының ауырсынуы, диарея

}
36 жастағы бояушы, қабылдауға келесi шағымдармен келдi: эпигастрий аймағының кешкi уақытта күшейетiн керiп ауыруы, қышқылмен, көп мөлшерлi жағымсыз иiстi ауамен кекiру, ашқарынға және кешкiлiк желiнген тағаммен құсу, дене салмағын жоғалту, қатаң жалпы әлсiздiк. 12 елi iшек жара ауруы 10 жыл бұрын қойылған, маусымдық өршулерi болған, бiрақ дәрiгерде емделмеген. Об-тi: терi жамылғылары қуқыл. Тiлiнде ақ-сарғыш шөгiндi. Эпигастрий аймағында күшейген перистальтика көзге көрiнедi, аускультациялық-перкуссиялық тәсілмен асқазанның төменгi шегi кiндiк деңгейiнде анықталды. Болжам диагнозын таңдаңыз:

{

өт-тас ауруы, өттік шаншу (колика)

=асқазанның жара ауруы, өршу фазасы. Асқ.: пилорус каналының стенозы, субкомпенсацияланған

тағамдық токсикоинфекция

созылмалы панкреатит, өршу фазасы

жара ауруы, он екі елі ішектің рецидивтеуші жарасы, ауыр ағымды, өршу фазасы. Асқ.: Қалтқы стенозы, субкомпенсацияланған

}

18 жастағы студент: тамақ iшкен соң 20-30 минуттан кейiн эпигастрийдегi дискомфорт сезiмi, бас айналуы, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнен: науқас бiр апта бұрын тұмаумен ауырып, сол жөнiнен өздiгiнен тәулігіне 3-4 грамнан аспирин қабылдаған, бұдан 2 күн бұрын науқаста бiр рет көп мөлшерде сұйық қара нәжiс болған. Бұрын ауырмаған. Об-тi: терi жамылғысы қуқыл. АҚ 9065 мм сын. бағ., ЖЖС 120 мин. Тiлi ақ жамылғымен жабылған. Ішi –жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырғандық сезіледі. Нв 112 гл, эр. 3,3х1012л, ЭТЖ 16 ммсағ. Жетекші синдромдарын анықтаңыз:

{

=эпигастрий аймағының ауырсынуы, жіті жара (дәрмектік), асқазаннан қан кету (?), анемиялық

эпигастрий аймағының ауырсынуы, панкреастік диспепсия, сыртқы секрециялық шамасыздық

эпигастрий аймағының ауырсынуы, жіті жара (стрестік), асқазаннан қан кету (?), анемиялық

эпигастрий аймағының ауырсынуы, жіті жара (алкогольдік), асқазаннан қан кету (?), анемиялық

эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазанның созылмалы жаралы дефекті, асқазаннан қан кету (?), анемиялық

}
18 жастағы студент: тамақ iшкен соң 20-30 минуттан кейiн эпигастрийдегi дискомфорт сезiмi, бас айналуы, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнен: науқас бiр апта бұрын тұмаумен ауырып, сол жөнiнен өздiгiнен тәулігіне 3-4 грамнан аспирин қабылдаған, бұдан 2 күн бұрын науқаста бiр рет көп мөлшерде сұйық қара нәжiс болған. Бұрын ауырмаған. Об-тi: терi жамылғысы қуқыл. АҚ 9065 мм сын. бағ., ЖЖС 120 мин. Тiлi ақ жамылғымен жабылған. Ішi –жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырғандық сезіледі. Нв 112 гл, эр. 3,3х1012л, ЭТЖ 16 ммсағ. Болжам диагнозын анықтаңыз:

{

созылмалы панкреатиттің өршуі, сыртқысекрециялық шамасыздық синдромымен

= асқазанның СЕҚҚД индукцияланған симптомдық жедел (өткір) жарасы.

Асқ.: Асқазаннан қан кету

асқазанның жіті стрестік жарасы. Асқ.: Асқазаннан қан кету

асқазанның алкогольмен индукцияланған симптомдық жедел (өткір) жарасы.

Асқ.: Асқазаннан қан кету

жара ауруы, асқазанның созылмалы жарасы. Асқ.: Асқазаннан қан кету, Анемия

}
18 жастағы студент: тамақ iшкен соң 20-30 минуттан кейiн эпигастрийдегi дискомфорт сезiмi, бас айналуы, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнен: науқас бiр апта бұрын тұмаумен ауырып, сол жөнiнен өздiгiнен тәулігіне 3-4 грамнан аспирин қабылдаған, бұдан 2 күн бұрын науқаста бiр рет көп мөлшерде сұйық қара нәжiс болған. Бұрын ауырмаған. Об-тi: терi жамылғысы қуқыл. АҚ 9065 мм сын. бағ., ЖЖС 120 мин. Тiлi ақ жамылғымен жабылған. Ішi –жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырғандық сезіледі. Нв 112 гл, эр. 3,3х1012л, ЭТЖ 16 ммсағ. Дұрыс тактиканы анықтаңыз:

{

=гастроэнтеролог және хирургтың шұғыл кеңесі, абдоминальді хирургия бөліміне шұғыл госпитализация

гастроэнтеролог және хирургтың шұғыл кеңесі, торакальді хирургия бөліміне шұғыл госпитализация

инфекционист кеңесі, жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализация

гастроэнтеролог және хирургтың кеңесі, гастроэнтерология бөліміне порталмен госпитализация

гастроэнтеролог кеңесі,күндізгі стационарда емдеу

}
62 жастағы зейнеткер, ер кiсi, емханаға келесi шағымдармен келдi: әл-дәрменiнiң, тәбетiнiң құруы, жүрегiнiң айнуы, тамақтан жиіркену, дене салмағын жоғалту. Бiр жылдың iшiнде 15 кг салмақ жоғалтқан. Об-тi: науқас өте жүдеу, терi жамылғылары қуқыл. Бойы 172 см, дене салмағы 53 кг. Сол бұғана үстiнде 2 см дейiн үлкейген лимфалық түйiн пальпацияланды. Пальпацияда iшiнің эпигастрий аймағы ауырады, бұлшық еттiң шамалы керiлуi анықталды. Нв 100гл, эр. 3,6х1012л, ТК 0,84, лейк. 8,0х109л. ЭТЖ 42 ммсағ. Жетекші синдромдары:

{

лимфоаденопатия, кахексия, эпигастрий аймағының ауырсынуы, анемиялық

өт жолдарының гиперкинездік дискинезиясы; эпигастрий аймағының ауырсынуы, оң қабырға астының ауырсынуы

=асқазандық диспепсия; эпигастрий аймағының ауырсынуы, лимфаденопатия; анемия, салмақ жоғалту

холестаз (механикалық сарғаю), эпигастрий аймағының ауырсынуы, оң қабырға астының ауырсынуы

миелопролиферациялық; гепатоспленомегалия; анемиялық; оң және сол қабырға астының ауырсынуы; салмақ жоғалту

}
62 жастағы зейнеткер, ер кiсi, емханаға келесi шағымдармен келдi: әл-дәрменiнiң, тәбетiнiң құруы, жүрегiнiң айнуы, тамақтан жиіркену, дене салмағын жоғалту. Бiр жылдың iшiнде 15 кг салмақ жоғалтқан. Об-тi: науқас өте жүдеу, терi жамылғылары қуқыл. Бойы 172 см, дене салмағы 53 кг. Сол бұғана үстiнде 2 см дейiн үлкейген лимфалық түйiн пальпацияланды. Пальпацияда iшiнің эпигастрий аймағы ауырады, бұлшық еттiң шамалы керiлуi анықталды. Нв 100гл, эр. 3,6х1012л, ТК 0,84, лейк. 8,0х109л. ЭТЖ 42 ммсағ. Болжам диагнозы.

{

=асқазан рагі, IV сатысы (Вирхов безіне метастаз). Асқ.: Теміртапшылықты анемия, I дәрежесі

созылмалы калькулезді холецистит, өршу фазасы. Асқ.: Теміртапшылықты анемия, I дәрежесі

созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу фазасы. Асқ.: Теміртапшылықты анемия, I дәрежесі

созылмалы миелолейкоз. Асқ.: Теміртапшылықты анемия, I дәрежесі

созылмалы анацидті гастрит. Асқ.: Теміртапшылықты анемия, I дәрежесі

}
62 жастағы зейнеткер, ер кiсi, емханаға келесi шағымдармен келдi: әл-дәрменiнiң, тәбетiнiң құруы, жүрегiнiң айнуы, тамақтан жиіркену, дене салмағын жоғалту. Бiр жылдың iшiнде 15 кг салмақ жоғалтқан. Об-тi: науқас өте жүдеу, терi жамылғылары қуқыл. Бойы 172 см, дене салмағы 53 кг. Сол бұғана үстiнде 2 см дейiн үлкейген лимфалық түйiн пальпацияланды. Пальпацияда iшiнің эпигастрий аймағы ауырады, бұлшық еттiң шамалы керiлуi анықталды. Нв 100гл, эр. 3,6х1012л, ТК 0,84, лейк. 8,0х109л. ЭТЖ 42 ммсағ. Дұрыс тактиканы таңдаңыз.

{

=онколог кеңесі

хирург кеңесі

гастроэнтеролог кеңесі

гематолог кеңесі

терапевте емделу

}
63 жастағы ер кiсi келесi шағымдармен келдi: терiсiнiң қышуы, сарғаюы, арқасына тарайтын, түнде күшейетiн, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айнуы, тәбетiнiң төмендеуi, дене қызуының 380С дейiн көтерiлуi. Об-ті: дене салмағы кем, терi жамылғылары мен склерасы сары. ЖЖС 52 минутына, АҚ 10560 мм сын. бағ. Ішiнiң эпигастрий аймағында шамалы ауырсыну бар. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, жұмсақ эластик консистенциялы, шетi доғал, бетi тегiс. Ұлғайған өт қапшығы пальпацияланады, ауырсынуы жоқ (оң Курвуазье симптомы). Қан анализiнде: эр. 3,5х1012л, гем. 80 гл, түстiк көрс. 0,7, лейк. 10,5х109л, ЭТЖ 38 ммсағ. Несеп анализi: түсi қара-қоңыр, билирубинге реакциясы оң. Жетекші синдромдары.

{

холестаз (механикалық сарғаю), оң қабырға астының ауырсынуы, өттік шаншулар, гепатомегалия

=холестаз (механикалық сарғаю), эпигастрий аймағының, оң қабырға астының ауырсынуы, гепатомегалия, анемиялық, қабынулық

сарғаю, оң қабырға астының ауырсынуы, цитолиз, гепатомегалия, қабынулық

миелопролиферациялық (гиперплазиялық), гепатоспленомегалия, анемия

эпигастрий аймағының ауырсынуы, асқазан кілегейінің морфологиялық өзгерісі, гепатомегалия, анемиялық

}
63 жастағы ер кiсi келесi шағымдармен келдi: терiсiнiң қышуы, сарғаюы, арқасына тарайтын, түнде күшейетiн, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айнуы, тәбетiнiң төмендеуi, дене қызуының 380С дейiн көтерiлуi. Об-ті: дене салмағы кем, терi жамылғылары мен склерасы сары. ЖЖС 52 минутына, АҚ 10560 мм сын. бағ. Ішiнiң эпигастрий аймағында шамалы ауырсыну бар. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, жұмсақ эластик консистенциялы, шетi доғал, бетi тегiс. Ұлғайған өт қапшығы пальпацияланады, ауырсынуы жоқ (оң Курвуазье симптомы). Қан анализiнде: эр. 3,5х1012л, гем. 80 гл, түстiк көрс. 0,7, лейк. 10,5х109л, ЭТЖ 38 ммсағ. Несеп анализi: түсi қара-қоңыр, билирубинге реакциясы оң. Болжам диагнозы.

{

жіті миелолейкоз

өт-тас ауруы

жедел (жіті) гепатит

=ұйқы безі басының ісігі

жіті гастрит

}
45 жастағы әйел, ЖДП дәрiгерiне келесi шағымдармен келді: бел аймағында кенет пайда болған, басым оң бөлiгiнiң ауырсынуы, қалтырау. Ауырсыну ұстамасы 20 минут бұрын саяжайдан қайтқан кезде басталған, бұрындары мұндай ұстамалар болмаған. Об-тi: науқас дене қалыбын қайта-қайта өзгертiп, жай таппауда, қозу күйінде. Қарап жатқанда науқасты жүрек айнуы, құсу, кiшi дәретке шақыру мазалады, дене қызуы 370С. Тiлi құрғақ, ақ өңездi. lшiнiң пальпациясында, әсiресе, оң жартысында қатаң ауырсыну, бұлшық еттердiң керілуi анықталды. Қалған органдар пальпациясын жүргізу қатты ауырсынудан мүмкiн болмады. Жетекші синдромдары; болжам диагнозы.

{

оң мезогастрий аймағының ауырсынуы; ішектің жіті өтімсіздігі

=бүйректік шаншу – оң бүйірінің ауырсынуы; тынжы-тас ауруы – бүйрек шаншуы (колика)

оң мезогастрий, оң мықын аймағының ауырсынуы; жіті аппендицит

оң мезогастрий, оң мықын аймағының ауырсынуы; жатырдан тыс жүктілік

омыртқаның бел аймағының ауыруы; остеохондроз

}
Созылмалы панкреатиттердің өршулерінің көп жағдайларындағы жетекші болатын синдромды таңдаңыз:

{

астениялық синдром

диспепсиялық синдром

=ауырсыну синдромы

мальабсорбция синдромы

демпинг-синдром

}
47 жастағы ер кісінің шағымдары: оң және сол қабырға астының ауыруы, дене қызуының субфебриль сандарға жоғарылауы, мұрнының жиі қанауы, 3-4 айда 9 кг салмақ тастауы. Өзін 2 жыл көлемінде дертті санайды: тері түсі қоңырая бастаған. Об-ті: тері жамылғысы қола түсті, склерасы сары, алақан сызықтарында күңгірт пигментация, төсінде, арқасында, иықтарында “тамырлық жұлдызшалар”. Іші бос сұйықтық есебінен ұлғайған,бауыры талағы үлкейген. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

=гемохроматоз

ауруы, ВильсонаКоноваловтың

бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

ауруы, Бадд-Киаридің

бауыр амилоидозы

}
48 жастағы әйел, терісінің күшті қышуына, сарғаюға, оң қабырға астының ауыруына, жауырын аралықтары терісінің қараюына шағымданып келді. Пигменттік дақтар 5 жыл бұрын көріне бастаған. Соңғы 2 жылда терісі қышиды, дерматологтардаға ем нәтиже бермеген. Анализдерінен: гипербилирубинемия, тікелей фракция есебінен, СФ, ГГТП көрсеткіштері жоғары. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

=бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

созылмалы гепатит вирусты этиологиялы

ауруы, Вильсон-Коноваловтың

өттас ауруы

антитрипсиндік шамасыздық

}
18 жастағы қыз, соңғы 3 жыл барысында емханада оң қабырға астының кенет ұстамалы, шаншу тәрізді, кенет басталып, тез басылатын ауыруына байланысты тексеріліп жүр. Ұстамалардың дамуын психикалық-эмоциялық факторлармен байланыстырады. Ұстамалар кезінде жүрегі айнып, тер басады, ауыруы но-шпамен тез жойылады. Бақылау уақытында дене қызуының жоғарылауы, сарғаю орын алмаған. Анализдері қайталанғанмен қабынулық синдром дәлелденбеген. Сіздің тұжырымыңыз:

{

өт-тас ауруы

созылмалы холецистит

=өт жолдарының қызметтік бұзылыстары, гипертонустық дискинезиямен

тітіркенген ішек синдромы

өт жолдарының қызметтік бұзылыстары, гипотонустық дискинезиямен

}
Диффузды ауырсынудың эпигастрийде мазалауы мен эрозиялардың асқазанның антраль бөлігінде орналасуы тән:

{

тағамдық токсикоинфекцияға (жіті гастритке)

=хеликобактерлік инфекцияға

аутоиммунды гастритке

ауруына, Менетриенің

гранулематозды гастритке

}
Анықтаңыз: жіті панкреатиттің клиникасы басталғаннан ... сағаттан соң, амилаза деңгейінің ең жоғары шектерін тіркейді:

{

=48-72

2-4

10-12

18-24

96-120

}
44 жастағы ер кісі, жаралық анамнезі қысқа, жарасы ұзақ уақыт тыртықталмай жүрген ер кісі, келесі шағымдармен қаралды:әлсіздік, жүрек айнуы, тәбетінің жоғалуы, эпигастрий аймағының тұрақты ауыруы, салмақ жоғалту. Диагнозына қатысты дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

=рактің біріншілік-жаралық формасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37


написать администратору сайта