|
Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
{
=негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың жедел инфаркті, аса өткір кезеңі. Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2. Синкопе. Кардиогенді (рефлекстік) шок
негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың қайталанған инфаркті, аса өткір кезеңі. Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2. Синкопе. Кардиогенді (рефлекстік) шок
негізгі ауруы: ЖИА, тұрақсыз стенокардия.Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2. Синкопе
негізгі ауруы: ЖИА, миокардтың жедел инфаркті, өткір кезеңі. Асқ.: Экстрасистолия, Лаун-2. Синкопе. Кардиогенді (рефлекстік) шок
негізгі ауруы: Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Асқ.: Оң қарыншалық жедел шамасыздық. Синкопе.
} 13 жастағы ер баланы физикалық күштемеде дамитын естен танулар мазалайды, олар дене шынықтыру сабағында дамиды. Бұған дейін шағымдары болмаған. Об-ті: жүрек ұшында мезосистолалық шертпе мен ешқайда тарамйтын ситолалық шу естілді. Жетекші синдромды, шешуші зерттеу тәсілін, синкопенің мүмкін себебін таңдаңыз:
{
митральді стеноз, ЭхоКГ, ырғақ бұзылыстарының
митраль қақпақтарының пролапсі (аномаль орналасқан хорда), ЭКГ, ырғақ бұзылыстарының эпизодтары
митраль қақпақтарының пролапсі, кеуде сарайының жалпы шолу рентгенограммасы, ырғақ бұзылыстарының эпизодтары
=митраль қақпақтарының пролапсі (аномаль орналасқан хорда), ЭхоКГ, ырғақ бұзылыстарының эпизодтары
митраль қақпақтарының шамасыздығы, ЭхоКГ, ырғақ бұзылыстарының эпизодтары
} 44 жастағы ер кісі, жеке кәсіпкер, ауруы басталғаннан 50 минутта жолдасы ЖДП қабылдауына жеткізді: кеуде сарайының сол бөлiгiнің күйдiрiп күштi ауыруы, жалпы әлсiздiк, жабысқақ суық тер, құсып, қысқа мезгiлге есiнен танған. Жүрегi бұрын ауырмаған. Соңғы күндерi демалыссыз, түндерде ұйықтамай, көп жұмыс iстеген.Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, адинамия, көздерi жұмулы, сұрақтарға бiр сарын жауап бередi. Терi жамылғылары қуқыл, цианоз, бетiнде суық тер тамшылары. Тыныс жиiлiгi 28 минутына. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз. Пульсі 104 минутына, толуы әлсiз, бiрлi-екілі экстрасистолалар. АҚ 8060 мм сын. бағ.Синкопе механизмін анықтаңыз:
{
қалпына келе бастаған өкпеге келген қан көлемінен сол қарыншаға қайтатын көлем азаяды, яғни, қанның минуттық көлемі азайып, ми ишемиясы дамиды
=миокардтың инфаркті алғашқы кезеңдерінде қарыншалық аритмиялармен (ҚПТ; қарыншалар фибрилляциясы) жиі асқынады; науқастың естен тану кезеңінде осындай аритмиялардың өтпелі түрі болған
горизонталь қалыпта жатқанда үлкейген жатыр немесе аяғына орналасқан үлкен ісік төменгі қуыс венасын басып, жүрекке келетін қан көлемін және минуттық қан көлемін азайтады
ғылыми әдебиетте парадокстік естен тану атымен белгілі, себебі ол әдеттегі қарапайым естен танулар дамитын жағдайларға және ортостаздық гипотонияға қарама-қайшы жағдайларда дамиды
каротид синусын тітіркендіру (жағасын түймелеу, галстук тағу т.б.) адамның АҚ 10-40 мм сын. бағ дейін төмендетеді, нәтижесінде бас айналулар, естен танулар, соңғысы ұзағырақ болғанда, құрысулар да мазалайды
} 33 жастағы жақында босанған әйелде адинамия, басының ауыруы, терісінің құрғауы, ішінің қатуы, жиі естен танулар, салмақ жоғалту дамыды. Шаштары мен қасының және жыныс мүшесі аймағының түктерінің түсе бастағандығын да байқаған. АҚ 9060 мм сын. бағ., пульсі 54 мин. Болжам диагнозын анықтаңыз:
{
біріншілік гипотиреоз
екіншілік гипотиреоз
=синдромы: Шиеннің (Шиханның)
созылмалы гипокортицизм
екіншілік гипогонадизм
} Науқас, 1 типті қантты диабетпен 15 жылдан дертті, соңғы айларда гипогликемиялық жағдайлар мен естен танулардың жиілеп, АҚ жоғарылағанын бақылаған. Бқл клиникалық жағдайдың тұжырымы –
{
=диабеттік нефропатия
жүректің ишемиялық ауруы, жүрек шамасыздығы
тыныс шамасыздығы
нейропатия фонындағы гипогликемияларға төмен сезімталдық
инсулинді ұзақ қабылдаудан дамыған инсулинге тұрақтылық
} Қантты диабеттің 1 типі бар науқас гипогликемиялық комаға түсті, 40% глюкоза вішіне енгізілді, гликемиясы 12,3 ммольл дейін жоғарылады, бірақ ол есін жимады. Дәрігердің дұрыс тактикасын таңдаңыз:
{
қысқа әсерлі инсулиннің 0,1Бкгсағ. Инфузиясы
глюкозаның 40% ерітіндісін қайта енгізу
глюкозаның 40% ерітіндісін венаға тамшылатып енгізу
=бас миының ісінуімен күрес шараларын тағайындау
жұлын пункциясын жасау
} 32 жастағы жігітте рентгенде сол жағында қолтық астына қарай қиғаш өрлеген деңгейі бар көлеңке анықталды, торакальді хирург пункцияға дайындады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, перифериялық ісінулер жоқ. Перкуссияда кеуде сарайының оң жартысында ІІІ қа төмен, жоғарғы шегі қолтық астына қарай қиғаш жоғарылаған, өкпе дыбысының қысқаруы бар. Аускультацияда ол аймақ үстінен тыныс естілмеді, ТЖ 26 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 100 мин. Дәрігер пункциялық инені енгізіп, сұйықтықты ағызып бола бергенде, науқас қысқа уақытқа есінен танып қалды. Болжам диагнозын анықтаңыз:
{
=экссудатты плеврит, оң жақты. Асқ: ТШ. ЖШ. Плевралық пункция. Синкопе
экссудатты плеврит, сол жақты. Асқ: ТШ. ЖШ. Плевралық пункция. Синкопе
пневмоторакс, оң жақты. Асқ: ТШ. ЖШ. Плевралық пункция. Синкопе
пневмоторакс, сол жақты. Асқ: ТШ. ЖШ. Плевралық пункция. Синкопе
гидроторакс, сол жақты. Асқ: ТШ. ЖШ. Плевралық пункция. Синкопе
} 42 жастағы ер кісі, бауырдың аралас циррозымен соңғы 13 жыл бойына дертті. Асцит кернелген кезде жеке клиникаға барып, сұйықтығын алдырғанда есінен қысқа уақытқа танған.Пункция жасаған дәрігер АҚ қалыпты болғандығына көз жеткізген. Артынша жасалған ЭКГ патология болмаған. Синкопе механизміне көз жүгіртіңіз:
{
горизонталь қалыпта жатқанда үлкейген жатыр немесе аяғына орналасқан үлкен ісік төменгі қуыс венасын басып, жүрекке келетін қан көлемін және минуттық қан көлемін азайтады
қалпына келе бастаған өкпеге келген қан көлемінен сол қарыншаға қайтатын көлем азаяды, яғни, қанның минуттық көлемі азайып, ми ишемиясы дамиды
орынан тез тұрған кезде,төменгі қуыс венадан қанның аяқ веналарына салмағымен кері ағып, аяқ веналарында іркілуі, айналымдағы қан көлемінің күрт азаюы, жүрекке келетін қан көлемінің азаюына жалғасады
каротид синусын тітіркендіру (жағасын түймелеу, галстук тағу т.б.) адамның АҚ 10-40 мм сын. бағ дейін төмендетеді, нәтижесінде бас айналулар, естен танулар, соңғысы ұзағырақ болғанда, құрысулар да мазалайды
=сұйықтықты тез ағызғанда, құрсақ пен кіші құрсақ веналары сыртқы қысымнан кенет босағандықтан тез кеңейеді; сондықтан бұл қуыстарда қанның біршама көлемі іркіледі; қанның жүрекке келу жылдамдығы баяулап, салдарынан минуттық көлем жіті азаяды
} 38 жастағы ер кісі бас ауыруына, айналуына, естен тануларға шағымданып келді. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы бар. Жүрек шектері солға және төмен ығысқан, оң ІІ қа және төс сүйегінің сол қырымен жоғары тембрлі, кеми түсетін, протодиастолалық шу, ІІ тон әлсіреуі естілді. Тамырларда Траубенің қос тоны, Дюрозьенің қос шуы, Квинке пульсі, білезік артериясында пульс биік, секірмелі, 100 мин. АҚ 160/50 мм сын. бағ. Жетекші синдромдарын анықтаңыз:
{
бөліктік кардиомегалия, аорта сағасының стенозы, артериялық гипотензия, синкопе
бөліктік кардиомегалия, сол ав тесіктің стенозы, артериялық гипотензия, синкопе
=бөліктік кардиомегалия, аорта қақпақтарының шамасыздығы, САГ, синкопе
бөліктік кардиомегалия, митраль қақпақтарының шамасыздығы, синкопе
бөліктік кардиомегалия, үшжармалы қақпақтарының шамасыздығы, синкопе
} 40 жастағы әйел бас ауыруына, айналуына, естен тануларға шағымданып келді. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы бар. Жүрек шектері солға ығысқан, оң ІІ қа және төс сүйегінің сол қырымен жоғары тембрлі, кеми түсетін, протодиастолалық шу, ІІ тон әлсіреуі естілді, ЖЖС 100 мин. АҚ 170/40 мм сын. бағ. Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз:
{
перациялық вальвулотомия
кардиолог бақылауы
медикаменттік ем
=аорта қақпақтарын протездеу
митраль қақпақтарын протездеу
} 35 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, естен тануларға шағым айтады. Об-ті: жүректің негізінде, ІІ тыңдау нүктесінде мойын тамырларына таралатын дөрекі мезосистолалық шу естілді. Вальсальв сынамасында шу азаяды және тынысты шығарғанда өзгермейді. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы, сол қарыншаға күш түсу. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Жетекші синдромдарын белгілеңіз:
{
=кардиомегалия (аорталық конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (аорталық стеноз), синкопе
кардиомегалия (аорталық конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (аорта қақпақтарының шамасыздығы), синкопе
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы)
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (сол атриовентрикулярлық тесіктің стенозы)
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен)
} 42 жастағы ер адам, кардиолог-дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы бар) есепте тұрады. Соңғы кездері физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, антиангиналық дәрмектер қабылдаған. Бірақбасы айналып, естен танулар қосылған. Жағдайының нашарлауын жүрегі қысқанда ішкен дәрмектерімен байланыстырады. Жетекші синдромдары мен осы жағдайда қарсы көрсетілген дәрмектер тобын белгілеңіз:
{
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, кальций антагонистері
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, бета-блокаторлар
=кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, синкопе, нитраттар
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, кордарон
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, жүрек гликозидтері
} Жетекші синдромды,шешуші әдістіпайдаланып, диагнозын қойыңыз: 29 жастағы әйел адам, кеуде сарайының сол жағының ауырсынуына, дене қызуының 390С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданды, ауруының басталғанына 10-11 сағат болған. Об-ті: кеуде сарайының сол жауырынан төмен дауыс дірілі күшейген, перкуссиялық дыбысы қысқарған, крепитациялар. Тыныс жиілігі 22 мин., пульсі – 100.
{
омыртқалар жотасының кеуде бөлігінің рентгенографиясы, радикулоалгия, остеохондроз
электрокардиография, миокардтың зақымдану синдромы, ревматизмдік емес миокардит
=кеуде сарайының жалпы шолу рентгенографиясы, өкпе тінінің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония
копьютерлік томография, өкпе тінінің тығыздалу синдромы, өкпе рагі
спирография, бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхит
} Науқаста дамыған асқынулық жетекші синдром мен асқынуын болжаңыз: 28 жастағы пациент, стационарда сол өкпенің төменгі бөлікті пневмониясынан ем алып жатқан, емделудің 8 күні ентігуі және кеуде сарайының ауырлауы күшейді, субфебрильді температура сақталды. Об-ті: кеуде сарайының сол жартысы тыныс актінен қалыңқы, перкуссияда тұйық дыбыс, тұйық дыбыс аймағында тыныс естілмеді.
{
=плевраға сұйықтық жиналу синдромы, гидроторакс
өкпе тінінің тығыздалу синдромы, инфаркт-пневмония
өкпеде қуыс түзілу синдромы, абсцестену
плевраға ауа жиналу синдромы, пневмоторакс
плевраға сұйықтық жиналу синдромы, гидроторакс
} Науқастағы жіті дамыған жетекші синдром мен сәйкес асқынуды анықтаңыз: өкпе абсцесінен емделудегі науқаста күшті жөтелден кейін, кеуде сарайының оң жартысында ауыру сезімі және ентігу пайда болды. Тыныс актінен кеуде сарайы сол бөлігінің қалыңқылығы мен қабырғааралықтарының тегістеліп, томпаюы, перкуссияда тимпанит анықталды.
{
=плевраға ауа жиналу синдромы, пневмоторакс
өкпе тінінің тығыздалу синдромы, ателектаз
өкпе тінінің тығыздалу синдромы, өкпе инфаркті
өкпе ауалылығының арту синдромы, өкпе эмфиземасы
плевраға сұйықтық жиналу синдромы, экссудатты плеврит
} Жағдайды қорытындылаңыз: ангинальді синдром мазалаған науқаста (Д есепте тұрады) ауырсынудың 15 минутында түсірілген ЭКГ ST сегментінің 2 мм горизонталь депрессиясы анықталды; изокет ингаляциясынан кейін ST сегменті қалпына келді, науқаста:
{
перикардит
миокард инфаркті
миокардит
=жедел коронарлық синдром, ST сегментінің ауытқуымен
рефлюкс-эзофагит
} Кардиалгияның себебін анықтаңыз: ер адам 38 жаста, шағымдары: аздаған физикалық күш түскенде пайда болатын, өздігінен қайтатын ұзақтығы 4-5 минутқа созылатын, иррадиациясыз жүрек алды аймағындағы қысып ауырсыну. Ауырсынулар 3 апта мазалаған, дәрігерлерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған. Об-ті: жүректің шекаралары қалыптының шегінде, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде систолалық шу, ЖЖС 78 мин., АҚ 115/70 мм сын. бағ. ЭКГ: патологиялық Q тісшесі III, AVF, V4-V6. ЭхоКС: жүректің қуыстары өзгермеген, қарыншааралық перденің қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасының – 1,4 см. Аластау фракциясы 72%. Кардиалгияның мүмкін себебі:
{
рестрикциялық кардиомиопатия
жүректің ишемиялық ауруы, жедел коронарлы синдром, STсегментінің жоғарылауымен
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия
жүректің ишемиялық ауруы, жедел коронарлы синдром, ST сегментінің жоғарылауынсыз
=гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
} Асқынуын анықтаңыз: 68 жастағы миокардтың жедел инфарктін басынан өткерудегі науқаста, 4 аптада кеуде қуысында ауырсыну сезімі, қызба, перикард үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарылауы дамыды, ЭКГ динамикада өзгеріссіз.
{
миокардтың жарылуы
=миокардтың жарылуы аутоиммундық асқыну – Дресслер синдромы
миокардтың некроз аймағының кеңеюі
идиопатиялық перикардит
жүректік хордалардың үзілуі
} Диагнозын анықтаңыз: ер кісі 50 жаста, жұмысындағы стрестік жағдайға байланысты ауырған, ауырғанына бір күн болған, мезгіл-мезгіл төс артын басатын, интенсивті ауырсыну пайда болған. Науқас кешке жедел жәрдем шақырды. ЭКГ: V1-V3 тіркемелерінде R тісшесі жоқ, ST сегменті6 мм жоғарылаған.
{
жүректің ишемиялық ауруы, вазоспазмдық стенокардия
жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз күш түсу стенокардиясы
жүректің ишемиялық ауруы, алғаш анықталған күштемелік стенокардия
=жүректің ишемиялық ауруы, сол қарынша миокардының алдынғы- қабырғааралық қабырғасының жедел инфаркті, Killip I
жүректің ишемиялық ауруы, сол қарынша миокардының артқы-диафрагмалық қабырғасының жедел инфаркті, Killip I
} Жетекші синдромы мен болжам диагнозын анықтаңыз: ер кісі50 жаста, түнгі уақыттарда (таң ата) төс артында ауыру сезімінің пайда болғанын, 15 минуттан кейін өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатынына шағым айтты. АҚ 120/80 мм сын. бағ., пульсі 82 рет мин., тыныш күйдегі, физикалық күштемемен ЭКГ патологиясыз, күштемеге толеранттылығы жоғары. Ұстама кезіндегі ЭКГ (холтер) кеуделік тіркемелерде ST сегменті жоғары көтерілген.
{
=коронарогенді кардиалгия (ангинальді синдром), ЖИА, вариантты стенокардия
коронарогенді кардиалгия (ангинальді синдром), ЖИА, алғаш дамыған күш түсу стенокардиясы
коронарогенді емес кардиалгия, нейроциркуляциялық дистония
коронарогенді кардиалгия (ангинальді синдром), ЖИА, тұрақты күш түсу стенокардиясы
коронарогенді емес кардиалгия, ГКМП (обструкциялық варианты)
} Жетекші синдромы мен болжам диагнозын көрсетіңіз: 22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастрий аймағына және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылған ауыру сезіміне шағымданды. Бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауыру сезімі мазалаған. Об-ті: науқас мәжбүрлі отырған қалыпта, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталды.
{
=коронарогенді емес кардиалгия, ревматизмдік емес миокардит
жүрек алды аймақтың ауырсынуы, құрғақ перикардит
қақпақтық ақау синдромы, ревматизмдік жедел қызба, кардит
коронарогенді кардиалгия, стенокардия
аорталгия, аорта аневризмасы
} Болжам диагнозды белгілеңіз: 15 жастағы жасөспірім дене қызуының 39-400С жоғарылауына, қалтырауға, кеуде сарайы мен ішінің бұлшық еттерінің күшті ауыруына шағымданды. Ауырсыну қимыл-қозғалыста, жөтелгенде күшейеді, ұстамалы түрде, әр сағатта 5-10 минуттан мазалайды. Осыдан 3-4 күн бұрын да осындай шағымдармен ем алып кеткен. Айналасындағы қоршаған ортада жоғары тыныс жолдарының жедел респирациялық вирусты ауруларымен (ЖРВА) ауырғандар жиілеген. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 390 Жұтқыншағының кілегей қабаты қызарған, мойын лимфалық түйіндері үлкейген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 90 мин.
{
ботулизм
лептоспироз
=эпидемиялық миалгия (Борнхольм ауруы)
ревматизмдік полимиалгия
дерматомиозит
} Жетекші симптомы (синдромы) мен болжам диагнозын анықтаңыз: 17 жастағы жасөспірім, дәрігерге жүрек тұсындағы ауырсыну мен сирек мазалайтын жүрегінің қағып кету сезіміне шағымданып келді. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник, перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда, перкуссияда өзгерістер жоқ, аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң қосымша, үнді систолалық тон (шертпе), артынша систолалық шу естілді. АҚ 120/70 мм сын. бағ. ЭКГ өзгеріссіз. Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады.
|
|
|