Главная страница

Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады


Скачать 0.64 Mb.
НазваниеЕр адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
АнкорАнглийский
Дата31.10.2022
Размер0.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла6666666.docx
ТипДокументы
#764515
страница24 из 37
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37


{

аорта коарктациясы

артериялық гипертензияның қатерлі түрі

=феохромоцитома

бейспецификалық аортоартериит (Такаясу ауруы)

фибромускулярлы дисплазия, САГ

}
Жағдайды сыни бағалаңыз: бүйректік эклампсияны гипертензиялық кризден айыратын белгі:

{

бас айналуы

басынын күшту ауыруы

көз көруінің нашарлауы

жүрек айнуы

=құрысу синдромының болуы,есінен тану

}
60 жастағы, ЖИА, миокардтың басынан өткерген инфаркті диагнозы бар ер кісі кенет естен танды, эпилепсия тәрізді құрысулар мен кіші дәретін ұстай алмауы дамыды. Түсірілген ЭКГ: АВБ ІІ дәр., Мобитц 2 анықталды. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

эпилепсия

синдромы, Фредериктің

синдромы, Лютембашенің

=синдромы,Морганьи-Адамс-Стокстің

ауруы, Толочинов-Роженің

}
Екі жыл бұрын миокардтың инфарктін басынан өткерген ер кісіде, физфикалық күштеме кезінде жүрек қағуы, ауа жетпеу сезімі, жалпы әлсіздік дамыды, артынша есінен танды. ЭКГ: АВ түйіндік пароксизмдік тахикардия тіркелді.Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

вазодепрессиялық синкопе

ортостаздық синкопе

=аритмогенді синкопе

аорталық шамасыздықтағы синкопе

эпилепсия

}
60 жастағы реанимацияда ірі ошақты, артқы-диафрагмалық инфарктен ем қабылдап жатқан науқаста, қысқа уақытқа естен тану мен құрысу синдромы орын алды. Жүрек тондары тұйық, ЖЖС 34 мин. АҚ 13070 мм сын. бағ. ЭКГ: атри-вентрикулдік диссоциация, qRS кешендерінің саны минутына 34, ені 0,14 сек. Р тісшелерінің – 80. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

{

бас-ми жарақатының салдары: эпилепсия

ырғақтың күрделі бұзылысы: Фредериксиндромы

кардиогенді шок

=толық АВБ, Морганьи-Адамс-Стокссиндромы

жүректің тума ақауы: болезнь Толочинова-Роже

}
Диффузды токсиндік жемсауы бар 34 жастағы әйелде, тұрақты ентігу, жүрек қағуы бар. Бір күн бұрын есінен қысқа уақытқа танған. Об-ті: жүрек тондары күшті, ырғақсыз, ЖЖС 108 мин., пульсі 78, аритмиялы. ЭКГ: R-Rәртүрлі, II,III AV F, V1, f толқындары, Р тісшелері жоқ. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

{

=жүрекшелер дірілі, аритмогенді синкопе

жүрекшелер жыбыры, вазодепрессиялық синкопе

артериялық гипотензия, ортостаздық синкопе

анемия, гипоксиялық синкопе

атри-вентрикулдік блок І дәрежесі

}
35 жастағы науқаст бір жыл бұрын басынан ревматизмдік емес миокардитті өткерген. Қазіргі кезде мезгіл-мезгіл қысқа уақытқа есінен танатын болған, сол уақытта ЖЖС 30 дейін азаятынын бақылаған. Осы жағдайдың себебін анықтаңыз:

{

ырғақтың күрделі бұзылысы, Фредериксиндромы

=толық АВБ, Морганьи-Адамс-Стокстіңсиндромы

синус түйінінің бұзылу синдромы

бас ми жарақатының салдары, эпилепсия

атри-вентрикулдік блок І дәр

}
42 жастағы науқаста Менкебергақауы бар (изоляцияланған “әктенген” қолқалық стеноз).Соңғы 2 айда бірнеше рет қысқа уақытқа естен танған. Синкопенің себебін белгілеңіз:

{

ортостаздық синкопе

=аорталық ақаулардағы синкопе

вазодепрессиялық синкопе

аритмиялық синкопе

эпилепсия

}
17 жастағы жігітте: Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбиниацияланған митраль-аорталық ақау: жұптасқан митральді ақау, шамасыздығының басымдылығымен; аорта қақпақтарының шамасыздығыбар. Соңғы екі айда физикалық күштемеде, бірнеше рет қысқа уақытқа есінен танған. Синкопенің себебін белгілеңіз:

{

эпилпсия

ортостаздық синкопе

вазодепрессиялық синкопе

аритмиялық синкопе

=аорталық ақаулардағы синкопе

}
37 жастағы әйел, соңғы 7-8 жылда жөтелгенде, күшенгенде, кейде тамақ жұтқанда дамитын қысқа уақыттық естен танулардан зардап шеккен, психологтарда, кардиологтарда тексеріліп, қабылдаған ем-тәсілдердің барлығы нәтижесіз болған. Холтерлік зерттеулерде (бірінші рет – 72 сағат; екіншісінде 7 тәулік бақыланған) жоғарыдағы себепкер физиологиялық жағдайларда синус түйінінің қысқа уақыттық тоқтауы және қысқа уақыттық толық АВБ кезегімен дамитындығы дәлелденген. Денсаулығындағы ауытқулар мансабына зиян келтіретіндіктен радикальді ем талап етіп отыр.Науқасқа консилиуммен естен тану (синкопе) синдромы қойылды.Науқастың естен танулары рефлекстің келесі түріне байланысты:

{

рефлексіне, Ортнердің

ортостаздық рефлексіне

мойындық вегетациялық – Абрамстың рефлексіне

клиностатикалық (clinostaticus) Даниелополудың рефлексіне

=вагустық рефлекстерге

}
37 жастағы әйел, соңғы 7-8 жылда жөтелгенде, күшенгенде, кейде тамақ жұтқанда дамитын қысқа уақыттық естен танулардан зардап шеккен, психологтарда, кардиологтарда тексеріліп, қабылдаған ем-тәсілдердің барлығы нәтижесіз болған. Холтерлік зерттеулерде (бірінші рет – 72 сағат; екіншісінде 7 тәулік бақыланған) жоғарыдағы себепкер физиологиялық жағдайларда синус түйінінің қысқа уақыттық тоқтауы және қысқа уақыттық толық АВБ кезегімен дамитындығы дәлелденген. Денсаулығындағы ауытқулар мансабына зиян келтіретіндіктен радикальді ем талап етіп отыр.Науқасқа консилиуммен естен тану (синкопе) синдромы қойылды.Нәтижелі емдік шараларды және оның механизмін таңдаңыз:

{

=фармакологиялық немесе хирургиялық симпатэктомия түрлі стрестердің жүрек ырғағына әсерін тыяды, миокардтың стрессорлық ықпалдарға тұрақтылығын арттырады

тұрақты ЭКС жүректің ырғағын өзі қадағалайды, сондықтан стрессорлық ықпалдарда синкопелік асқынулар дамымайды

қажеттілігіне орай (de-mand) ЭКСстрессорлық ықпалдарда синкопелік асқынуларды тыяды

кардиопротекторлармен ем; миокардтың стрессорлық ықпалдарға тұрақтылығын арттырады

бета-адреномиметиктермен ем, атри-вентрикулдік өткізгіштікті жақсартады

}
Есінен қысқа уақытқа жиі танатын, 59 жастағы әйел кісіге:Аяқ веналарының варикозды кеңеюі. Асқ: Синкопе диагнозы қойылды. Науқастың қысқа уақыттық естен тануының механизмін анықтаңыз:

{

айналымдағы қан көлемінің күрт азаюы

төменгі қуыс венадан қанның аяқ веналарына орынан тез тұрған кезде салмағымен кері ағып, аяқ веналарында іркілуі

=барлығы

жүрекке келетін қан көлемінің азаюы

минуттық қан көлемінің азайып, мидың диффузды ишемиясының дамуы

}
47 жастағы ер кісіні соңғы 2-3 айда ұйқыдан соң, орнынан тұра бергенде дамитын естен танулар мазалайды, естен танған кезде терісі көгереді, қайта жатқызғанда есін жинайды. Анамнезінен: жас кезінде ревматизмдік қызбаның болғандығы, әскерге алынбағандығы мәлім болды. Бұл дертіне байланысты есепке түрып, ем қабылдамаған. Кейінгі 7-8 жылда жүрегінің лүпілін, шалыс соғатындығын байқаған, бірнеше рет ЭКГ түсіріп, дигоксинді жарты таблеткадан жүйесіз қабылдаған. Жетекші синдромдарын таңдаңыз:

{

вазодепрессиялық синкопе

жүректің тума ақау синдромы, қарыншалық экстрасистолия, синкопе

дилятациялық кардиомегалия, жүрекшелер фибрилляциясы, синкопе

ортостаздық синкопе

=жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы,сол жүрекше тромбы, синкопе

}
47 жастағы ер кісіні соңғы 2-3 айда ұйқыдан соң, орнынан тұра бергенде дамитын естен танулар мазалайды, естен танған кезде терісі көгереді, қайта жатқызғанда есін жинайды. Анамнезінен: жас кезінде ревматизмдік қызбаның болғандығы, әскерге алынбағандығы мәлім болды. Бұл дертіне байланысты есепке түрып, ем қабылдамаған. Кейінгі 7-8 жылда жүрегінің лүпілін, шалыс соғатындығын байқаған, бірнеше рет ЭКГ түсіріп, дигоксинді жарты таблеткадан жүйесіз қабылдаған. Синкопе себебін таңдаңыз:

{

өтпелі толық АБВ,

жүрекшелер фибрилляциясы, пульс тапшылығы

митральді стеноздың кризистік өлшемдерге жетуінен

синус түйінінің қысқа уақыттық асистолиясынан

=сол жүрекшеге тромб байлануы, орнынан көтерілгенде сол ав тесікті уақытша бітеп қалуы

}
47 жастағы ер кісіні соңғы 2-3 айда ұйқыдан соң, орнынан тұра бергенде дамитын естен танулар мазалайды, естен танған кезде терісі көгереді, қайта жатқызғанда есін жинайды. Анамнезінен: жас кезінде ревматизмдік қызбаның болғандығы, әскерге алынбағандығы мәлім болды. Бұл дертіне байланысты есепке түрып, ем қабылдамаған. Кейінгі 7-8 жылда жүрегінің лүпілін, шалыс соғатындығын байқаған, бірнеше рет ЭКГ түсіріп, дигоксинді жарты таблеткадан жүйесіз қабылдаған. Диагнозын нақтайтын шешуші тәсілді таңдаңыз:

{

холтер ЭКГ

=допплер-ЭхоКГ

кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенографиясы

ревмосынамалар

фонокардиография

}
Жүктіліктің 30 аптасынан кейін жүктілердегі естен танудың механизмі – жүкті әйел горизонталь қалыпқа жатқанда, үлкейген жатырдың төменгі қуыс венасын басып, жүрекке келетін қан көлемінің және минуттық қан көлемінің күрт азаюымен байланысты (парадокстік синкопе). Тағы қандай патологиялардың осындай механизмдермен синкопе шақыратынын белгілеңіз:

{

парааппендикстік инфильтраттар

аналық безінің кисталары

=құрсақ қуысында орналасқан аяғы бар ісіктер

бейспецификалық жаралы колит

дуглас кеңістігінің перитониті

}
37 жастағы ер кісіде 2 жыл бұрын төс артының сығып ауруы басталған, стенокардия диагнозы қойылып, нитраттар берiлген, нәтижесіз, соңғы 3-4 айда естен танулар қосылған. Миокард инфарктінен күдiк туып, зерттелген, инфаркт дәлелденбеген. Науқастың бауыры кенет өлімнен қайтқан.Об-тi: ЖҰТ V қа, сол БОС, қос түрткілі, сол жүрекше жиырылуы сезіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында‚ әсіресе, төстің сол қырымен III-IV қа айқын, кеш, систолалық шу, қолтық астына өткізіледі, мойын тамырларына өткізілмейді. АҚ 12580 мм сын. бағ. Пульс саны 74 мин., секірмелі, түртпелі.ЭКГ: ритм синусты, R тісшесінің вольтажі I, aVL жоғары, V1,3,4 қарыншалық кешен QS типті. Жетекші синдромдарын белгілеңіз:

{

кардиомегалия (сол жүрекше басым ұлғайған), қақпақтық ақау (митральді стеноз)

кардиомегалия, қақпақтық ақау (митраль қақпақтарының шамасыздығы)

жүректің ишемиялық ауруы, миокардтың Q тісшелі инфаркті

кардиомегалия, диффузды ревматизмдік емес миокардит

=кардиомегалия (обструкциялық КМП), синкопе

}
37 жастағы ер кісіде 2 жыл бұрын төс артының сығып ауруы басталған, стенокардия диагнозы қойылып, нитраттар берiлген, нәтижесіз, соңғы 3-4 айда естен танулар қосылған. Миокард инфарктінен күдiк туып, зерттелген, инфаркт дәлелденбеген. Науқастың бауыры кенет өлімнен қайтқан.Об-тi: ЖҰТ V қабырға аралықта, сол бұғана орта сызығымен, қос түрткілі, сол жүрекше жиырылуы сезіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында‚ әсіресе, төстің сол қырымен III-IV қа айқын, кеш, систолалық шу, қолтық астына өткізіледі, мойын тамырларына өткізілмейді. АҚ 12580 мм сын. бағ. Пульс саны 74 мин., секірмелі, түртпелі.ЭКГ: ритм синусты, R тісшесінің вольтажі I, aVL жоғары, V1,3,4 қарыншалық кешен QS типті.Синкопэ механизмі:

{

=сол қарыншаішілік обструкцияға байланысты жүректің лақтыру көлемі азаяды, физикалық күштемедегі қажеттілікті жаба алмайды

сол жүрекшеге байланған тромб, орнынан көтеріле бергенде, сол ав тесікті уақытша бітеп қалады

физикалық күштемеде, органикалық өзгерістері бар (ақаулар, әсіресе – аорталық) жүрек, ағзаға қажетті қан көлемімен қамсыздандыра алмайды

орынан тез тұрған кезде,төменгі қуыс венадан қанның аяқ веналарына салмағымен кері ағып, аяқ веналарында іркілуі, айналымдағы қан көлемінің күрт азаюы, жүрекке келетін қан көлемінің азаюына жалғасады

каротид синусын тітіркендіру (жағасын түймелеу, галстук тағу т.б.) адамның АҚ 10-40 мм сын. бағ дейін төмендетеді, нәтижесінде бас айналулар, естен танулар, соңғысы ұзағырақ болғанда, құрысулар да мазалайды

}
19 жасар, есінен жиі танатын жігіттің АҚ 170/100-180/100 мм сын. бағ. деңгейіне жоғарылаған. Аяқтарында әлсiздiк бар, жүргенде күшейеді. Об-тi: пальпацияда сол II-III қабырға аралықта систолалық дiрiл сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 4 см тысқары, төмен ығысқан; II-III қа дөрекi систолалық айдау шуы естiлдi, шу жауырын аралығына, жүрек ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. бағ., аяқтарында 110/70 мм сын. бағ.Жетекші синдромдары:

{

артериялық гипертензия (нефрогенді?), жүректің жүре дамыған ақаулық синдромы, кардиомегалия

синкопе, кардиалгия, жүректің жүре дамыған ақаулық синдромы, кардиомегалия, САГ

=синкопе, жүректің ақаулық синдромы (тума ақау?), кардиомегалия – аорталық конфигурациялы, САГ

синкопе, кардиалгия, қызба, аортит-артериит (Такаясу ауруы)

синкопе, гипергемодинамика, диффузды токсиндік жемсау

}
19 жасар, есінен жиі танатын жігіттің АҚ 170/100-180/100 мм сын. бағ. деңгейіне жоғарылаған. Аяқтарында әлсiздiк бар, жүргенде күшейеді. Объективтi: пальпацияда сол II-III қабырға аралықта систолалық дiрiл сезiлдi. Жүректiң сол шегi бұғана орта сызығынан 4 см тысқары, төмен ығысқан; II-III қа дөрекi систолалық айдау шуы естiлдi, шу жауырын аралығына, жүрек ұшына, мойын тамырларына тарайды. Пульс кернеуi мен толуы жоғары, ырғақты, минутына 72 рет. АҚ қолдарында 180/120 мм сын. бағ., аяқтарында 110/70 мм сын. бағ. Синкопе механизмін таңдаңыз:

{

орынан тез тұрған кезде,төменгі қуыс венадан қанның аяқ веналарына салмағымен кері ағып, аяқ веналарында іркілуі, айналымдағы қан көлемінің күрт азаюы, жүрекке келетін қан көлемінің азаюына жалғасады

аорта коарктациясында коарктациядан кейінгі бөліктері қанмен қамсыздандыратын органдардың ишемиясы дамығандықтан, синкопемен асқынады

сол қарыншаішілік обструкцияға байланысты жүректің лақтыру көлемі азаяды, физикалық күштемедегі қажеттілікті жаба алмайды

=уақыт өте коарктациядан кейінгі бөлігінде кеңею дамитындықтан, шамасыздыққа тән, қанның кері қайтуы диастола кезеңінде орын алады, нәтижесінде – алғашында күш түсулерде, мидың гипоперфузиясына негіз пайда болады

каротид синусын тітіркендіру (жағасын түймелеу, галстук тағу т.б.) адамның АҚ 10-40 мм сын. бағ дейін төмендетеді, нәтижесінде бас айналулар, естен танулар, соңғысы ұзағырақ болғанда, құрысулар да мазалайды

}
57 жастағы әйел соңғы 6-8 ай барысында кенет дамитын ентігу мен соңғы 2-3 айда бірнеше рет есінен танғанына шағымданып келді. Ревматизмдік анамнезі,қандас туғандарында жүрек патологиясы жоқ. Жарты жыл бұрын ЭКГ, ЭхоКГ зерттеулерінен өткен, дәрігер өңеш арқылы ЭхоКГ жолдама берген, науқас одан өтпеген. Об-ті: жүрек шектері өзгермеген, тондары анық, ырғақты, ЖЖС 74 мин. АҚ 13070 мм сын. Диагнозын болжаңыз:

{

митральді стеноз

жүректің шар тәріздес тромбы

=сол жүрекше миксомасы

аорта сағасының стенозы

толық АВБ

}
57 жастағы әйел соңғы 6-8 ай барысында кенет дамитын ентігу мен соңғы 2-3 айда бірнеше рет есінен танғанына шағымданып келді. Ревматизмдік анамнезі,қандас туғандарында жүрек патологиясы жоқ. Жарты жыл бұрын ЭКГ, ЭхоКГ зерттеулерінен өткен, дәрігер өңеш арқылы ЭхоКГ жолдама берген, науқас одан өтпеген. Об-ті: жүрек шектері өзгермеген, тондары анық, ырғақты, ЖЖС 74 мин. АҚ 13070 мм сын. Шешуші зерттеу тәсілін тағайындаңыз:

{

допплер эхокардиография

=өңеш арқылы эхокардиография

стандартты электрокардиография

холтерлік-электрокардиография

стресс эхокардиография

}
57 жастағы әйел соңғы 6-8 ай барысында кенет дамитын ентігу мен соңғы 2-3 айда бірнеше рет есінен танғанына шағымданып келді. Сұрастыру арқылы ревматизмдік анамнездің жоқтығы, жарты жыл бұрын ЭКГ, ЭхоКГ зерттеулерінен анықталды. Қандас туғандарында жүрек патологиясы жоқ. Жоғарыда аталған шағымдарының дене қалыбын өзгерткенде дамитындығы да нақталды. Қолындағы құжаттардан өңеш арқылы ЭхоКГ сол жүрекщенің миксомасы анықталған. Ем тәсілін жоспарлаңыз:

{

=ісіктің қатерсіздігіне қарамастан, хирургиялық ем көрсетілген (түзілімді ол бекіген жерімен бірге сылып алып тастайды), себебі жүрек тесіктерінің обструкциясы мен бітелуіне және эмболиялар ауырлығына байланысты кенет өлім қауібі – 8-30%

миксома метастаздар бермейді; дерттің ұзақтығы әртүрлі, ауруды өз ағымымен жібергенде, клиникалық белгілері көрінгеннен бастап, өмірінің ұзақтығы 2 жылдан аспайды, симптомдық ем

этиологиялық емге пенициллин тобын, патогенездік емге ҚҚСЕД және белсенділі дәрежесіне байланысты ГКС, симптомдық емге – жүрекшелер фибрилляциясы болғанда – дигоксин; ал ЖШ үдегенде перифериялық вазодилятаторлар мен диуретиктерді тағайындаймыз

симптомдық емге – жүрекшелер фибрилляциясы болғанда – дигоксин; қарыншалық аритмиялар болғанда – БАБ немесе кордаронды; ал ЖШ ФК үдегенде перифериялық вазодилятаторлар мен диуретиктерді тағайындаймызғ лақтыру фракциясы 30% төмендегенде – жүрек алмастыру отасын жоспарлаймыз

этиологиялық емге сәйкес антибактериялық дәрмек тобын, патогенездік емге ҚҚСЕД және белсенділі дәрежесіне байланысты ГКС, симптомдық емге – жүрекшелер фибрилляциясы болғанда – дигоксин; ал ЖШ үдегенде перифериялық вазодилятаторлар мен диуретиктерді тағайындаймыз

}
44 жастағы әйел, жүректің созылмалы ревматизмдік ауруымен есепте тұрады, кезекті диспансерлік тексеруге келді. Науқасты төсекте тексеріп, орнынан тұрғызғанда, жіті ентігу мен цианоз дамыды; науқас қайда екендігін сұрай бере есінен танды.Об-ті: науқас тез горизонталь қалыпқа жатқызылды, тері жамылғылары денесінің жоғарғы бөлігінде көгерді, әсіресе мұрны, құлақтары, ауыз қуысының өте айқын көгеруі тез дамыды. АҚ өлшеу барысында есін тез жиып алды, АҚ 9060 мм сын. бағ. Аускультацияда жүрек ұшында сартылдаған І тон, диастолалық шу; ЖЖС 128 мин., пульс жиілігі 104 мин. ПТ – 24мин. ЭКГ түсірілді: жүрекшелер фибрилляциясы, ЖЖС минутына 116, оң қарынша гипертрофиясының белгілері.Болжам диагнозы.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37


написать администратору сайта