Иммун Есеп рк 1 211 (2). Есеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты
Скачать 67.65 Kb.
|
Иммунология 211 ф7Есеп №1.XIX ғасырдың аяғында медициналық микробиологияның прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохтың жұмыстарымен тығыз байланысты.1. Луи Пастердің медициналық микробиологиядағы ең маңызды жаңалықтарын сипаттаңыз? Луи Пастер микробиологияның,иммунологияның,биотехнологияның шын мәнінде негізін қалаушы; Ол алғаш рет: · Ашыту және шіру процесін микроорганизмдер қоздыратынын; · Тірі организмнің өзінше пайда болуының мүмкін еместігін; · Микробтардың аэробты тыныс алуынан басқа,анаэробты тыныс алуы болатынын дәлелдеді; · Асептика,антисептика,залалсыздандыру тәсілдерінің дамуына әсер етті; · Практикалық иммунологияның негізін қалады; · Құтыру ауруына,күйдіргі,тауық тырысқағына қарсы вакцина жасап шығарды; · Бірқатар аурулардың алдын алу үшін,әлсіздендірілген штамдардан тірі вакцина жасап ,алғаш рет «аттенуациялау» терминін ұсынды; · Жұқпалы аурулар патологиясында микроорганизмдердің ролін ғылми тұрғыдан алғаш дәлелдеді; · Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеудің негізгі әдістерін енгізді; · Стафилококтарды,стрептококтарды,шошқа тілмесінің,тауық тырысқағының қоздырғыштарын ашты; 2. Роберт Кохтың медициналық микробиологиядағы ең маңызды еңбектері қандай? Роберт Кохтың бактериологиялық зерттеу әдістерін жетілдіруде және бірқатар аурулардың қоздырғыштарын ашуда еңбегі зор. · Р.Кох көп жылдар бойы жұқпалы ауруларды қоздырудағы микробтардың маңызы туралы көзқарасты дамытты; · Тәжірибе жүзінде микробтардың этиологиялық ролін дәлелдеу мүмкіндігін қарастыруды қолдады; · Зертханалық микробиологиялық техниканың дамуына зор үлес қосты; · Тығыз орталарда(картопты,желатинді,ұйытылған сары суды) микробтардың таза дақылын бөліп алудың сенімді әдісін енгізді; · Микроскопта қарау үшін иммерсиялық жүйе және конденсор қолдануды,микрофотографиялық әдісті ұсынды; · 1882 жылы –туберкулез таяқшасын бөліп алды және жан-жақты зерттеді; · 1883 ж-тырысқақ вибрионын тапты; · 1886 ж-туберкулин препаратын жасады; Есеп № 2.Іш сүзегіне күдікті науқастан алынған нәжісті Эндо ортасына себу нәтижесінде түрлі түсті колониялар өсті: кейбіреулері таңқурай түсті, басқалары түссіз. 1. Шартта көрсетілген қоректік орта (қолдану мақсаты бойынша) қандай қоректік орталарға жатады және оның құрамына не кіреді? Эндо ортасы -энтеробактерияларды бөлуге арналған “дифференциалды-диагностикалық”қоректік ортаға жатады. Оны ұсынған жапондық бактериолог Сигэр Эндо есімімен аталған. Эндо орта - әлсіз селективті қасиеттерге ие, қоршаған орта компоненттері грам-теріс бактериялардың өсуін тежейді.Эндо агарга немесе эндо ортаның құрамына: 1% пептон, 0,25%-сутегі фосфаты, 1% лактоза, 0,33%-сусыз натрий сульфиті, 0.03%-фуксин, 1.25%-агар болады. 2. Неліктен колониялар Эндо ортасында таңқурай түсіне боялған? Эндо ортада E. coli металл жылтырлығы бар танқурай-қызыл түсті дөңгелек, дөңес, тегіс колонияларды құрайды. Эндо ортасы-дифференциалды диагностикалық орта, ол қоректік негізден басқа, ортада 1% лактоза және негізгі фуксиннің қаныққан алкоголь ерітіндісі бар. Жаңадан дайындалған эндо ортасы түссіз немесе сәл қызғылт. Осы ортада өскен кезде E. coli лактозаны ыдыратады, қышқыл өнімдер пайда болады, олар фуксинді түссіз қосылыстан қызылға дейін қалпына келтіреді, сондықтан таңқурай-қызыл түске боялған колониялар өседі. Есеп № 3.Микробиология бойынша практикалық сабақта студенттер туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан дайын бекітілген жағындыларды бояулары қажет. 1. Студенттер қандай бояу әдісін қолданады және осы әдіс бойынша бояу реттілігін сипаттаңыз? Туберкулез- патогенді микобактериялар.Аэробты, грам теріс, жіңішке таяқша тәрізді қозғалмайтын бактерия. Студенттер қақырықтан дайын бекітілген жағындыны бояу үшін Бактериоскопиялық әдіс бойынша бояйды. Бактериоскопия әдісіне Циль-Нильсен бойынша бояу, флотация және люминисцентті микроскопия әдістері жатады. Әдіс реттілігі: 1)Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер пайда болады.Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер аламыз. Бекітілген жұғынды препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызамыз, сүзгі қағазбен бетін жауып бу шыққанға дейін қыздырамыз. Тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырамыз.(3-5мин) 2)Сүзгі қағазды алып тастап жұғын препаратты салқындатамыз. 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4с түссіздендіреміз.Жақсылап сумен шаямыз.Кейін Леффер сия көгімен бояап (3-5мин) сумен жақсылап шайамыз.Нәтижесін микроскоп арқылы қараймыз. Қышқылға төзімді бактериялар яғни микобактериялар қызыл түске, ал қышқылға төзімді емес бактериялар сия көк түске боялады.Қызыл түске боялған микобактериялар жіңішке таяқша тәрізді қозғалмайтын бактерия. 2. Бұл бактериялардың қышқылға төзімділігі немен байланысты? Олардың осындай қасиеті жасуша қабырғасындағы микол қышқылы мен майларға байланысты.Сондықтан бактерия қышқылға тұрақты. Микобактериялар қарапайым бояуларды қабылдамайды,сондықтан да Циль-Нильсен бояуы қолданылады. |