Иммун Есеп рк 1 211 (2). Есеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты
Скачать 67.65 Kb.
|
Есеп № 8.Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200. 1. Аудиториядағы ауа ластанған немесе жоқ па деп қалай ойлайсыз және неге? Ауаның санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдеріне қандай бактериялар жатады және неге? Ауа ластанбаған. Жалпы Седментациялық әдіс қалай жүргізілетіне тоқталсақ: Қоректік агары бар екі Петри табақшасын ашық күйде тексерілетін объектіде 60 минутқа қалдырады да 37°С термостатта инкубациялайды. Нәтижелерін екі табақшадағы өскен колониялардың суммарлы саны бойынша бағалайды: 250 колонияға дейін анықталса, ауа таза деп есептеледі; Ал есеп шартта бізде колониялардың жалпы саны – 200. Демек ауа ластанбаған болып келеді.Егер 250-500 колонияның болса- орташа ластану, 500-ден жоғары болса айқын ластану дәрежесінің айғағы. Ауаның санитарлық көрсеткішіне бетта-альфа, гемолитикалық стрептококктар, стафилококктар жатады. Олар ауалық-тамшылық ластанудың инддикаторлары болып табылады. 2. Аспирациялық зерттеу әдісі қалай жүргізілетінін сипаттаңыз? Ауаны аспирациялық зерттеу арнайы сүзгілер арқылы, сұйықтықтар, ұнтақтар, адсобациялаушы микрофлора арқылы фильтрациялауға немесе аспирациялауға негізделген. Бұл ауаның микробтық санын анықтаудың едәуір нақты сандық әдісі болып табылады. Ауа себіндісін аспатар көмегімен жүзеге асырады. Мысалы, Кротов аппараты. Ауаны егу үшін ЕПА ортасы бар Петри табақшаларын Кротов апаратына орналастырып, ток көзіне қосады (ауаның жұтылу жылдамдығы 10 минутта – 25 л/мин). Микроорганизмдер агар бетіне шөгеді. Табаұшаларды шығарып, тәулік бойы 37°С-та инкубациялайды. Кейін өсу нәтижесін есептейді. Ауаның бактериалдық ластануы 1 м3 көлемдегі микробтардың жалпы санымен көрсетіледі. Микробтық санды келесі формуламен санайды: Х = а . 1000 / V мұндағы, а – табақшадағы ЕПА ортасына өсіп шыққан микробтық колониялар саны; V – құрал арқылы өткізілген ауа көлемі, л; 1000 – зерттелетін ауа көлемі, л. Есеп № 9.Жасушаға қоректік заттардың түсуі және қоршаған ортаға ақуыздар мен ферменттердің бөлінуі цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді. 1. Заттардың бактериялық жасушаға тасымалдану механизмдерін сипаттаңыз. Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне ЦПМ жауапты. Қоректік заттар жасуша цитоплазмасына енуі үшін, олар жасушаны қоршаған ортадан бөлетін шекаралық қабаттардан өтуі керек. Бактериалық жасушаға қоректік заттарды тасымалдаудың екі түрі бар: енжар және белсенді. Енжар тасымалдауда заттар тек қана концентрациялық градиент бойынша енеді. Бұл кезде энергия жұмсалмайды. Енжар тасымалдаудың екі түрін ажыратады: жай диффузия және жеңілдетілген диффузия. Жай диффузияда молекулалардың мөлшері мен липофилділігі негізгі орын алады, бұл кезде заттар жасушаға спецификалық емес жолмен енеді.Жеңілдетілген диффузия тасымалдаушы-ақуыз-пермеазалар қатысуымен өтеді. Бұл процестің жылдамдығы заттың сыртқы қабаттағы концентрациясына байланысты. Белсенді тасымалдау кезінде зат жасуша ішіне тасымалдаушы-ақуыз – пермеаза көмегімен концентрация градиентіне қарсы енеді. Бұл кезде энергия шығындалады. Белсенді тасымалдаудың екі түрі бар: Белсенді тасымалдаудың бір түрінде шағын молекулалар (амин қышқылдары, кейбір қанттар) жасуша ішіне еніп, жасуша сыртына қарағанда 100-1000 есе артық болатын концентрациялық жағдай тудырады. Екінші тасымалдау түрін радикалдар транслокациясы деп атайды, бұл кезде кейбір қанттар (мысалы, глюкоза, фруктоза) жасушаға тасымалдануы кезінде фосфорилденеді, яғни химиялық өзгерістерге ұшырайды. 2. Бактериалды жасушадан заттардың сыртқа тасымалдау механизмдерін сипаттаңыз. Бактерия сыртқы ортаға әр түрлі нәруыздарды және ферменттерді бөліп шығару керек. Секреттелген нәруыздар бактерияның тіршілігі үшін өте қажет. Олар жасушалық қабатты, түктерді құрастыруға, қоректік зат ретінде пайдаланатын ірі полимерлі молекулаларды ыдыратып, микроорганизм жүйелерін өзара әрекеттестіреді. Грам оң микробтарда нәруыздар сыртқы ортаға тікелей бөлініп шығады, грам теріс бактерияда олар сыртқы мембранадан өтуі керек. Сыртқы мембрананың болуы грам-теріс бактерияларда құрылымы құрылысы бойынша әр түрлі секрециялау жүйесінің 5 типін қалыптастыруға әкеледі. 1және 3 тип- бір этапта sec-нәруыздар қатысуынсыз өтеді,2-4 мембрана арқылы, sec-нәруыз қатысуымен өтеді. |