Иммун Есеп рк 1 211 (2). Есеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты
Скачать 67.65 Kb.
|
Есеп № 12.Жұқпалы аурулар ауруханасында "Тұмау"деген болжама диагнозы бар науқас жатыр. Науқастың мұрын жұтқыншағынан шайынды алып тауық эмбрионына жұқтырдық. Эмбрион өлді. 1. Тауық эмбрионында вирусты индикациялау үшін қандай реакция қойылады? Бұл реакция қалай жасалады? Гемагглютинациялық реакция (ГАР) Гемагглютинация реакциясын (ГАР) тауық эмбриондарының амниондық және хорионаллантоистық сұйықтығындағы немесе жасуша дақылдарын зақымдайтын сұйықтығындағы гемагглютинирлеуші вирусты анықтау үшін қолданады. Гемагглютинация жануарлардың әр түрінен, (тауық, үйрек, теңіз шошқасы) эритроциттерінің "жабысуы" қабықшасында гемаглютинин болатын вирустарды шақырады. Гемаглютинация реакциясын көру үшін зерттелетін материалға эритроцит қоспасын қосады. Вирустар болса, эритроцит агглютинациясы жүреді. Тауық эмбрионын ашқаннан кейін аллонтинисты сұйықтықты сорып алып, 0,5 мм-ден плексиглас пластинка айшықтарына немесе пробиркаға құяды. Сосын 1% тауық эритроциттерінің шайылған суспензиясынан 0,2 мл құйып, бөлме температурасында ұстайды. Реакция қорыпындысын эритроциттер тұнғаннан соң 40 мл кейін есептейді. 2. Жасуша дақылында вирусты индикациялау әдістерін сипаттаңыз? Вирустардың индикациялау әдістері. - гемагглютинациялық реакциямен вирустарды индикациялау - гемадсорбциялық реакциямен вирустарды индикациялау - жасуша дақылында таңдақ түзеу әдісімен индикациялау Гемагглютинациялық реакциямен вирустарды индикациялау-кейбір вирустарда жануарлардың белгілі бір түрлерінің қан клеткаларын іріктеп агглютинациялау қабілетінің болуына негізделген вирустарды анықтау және сәйкестендіру әдісі. Гемадсорбциялық реакциямен вирустарды индикациялау-Вирус жұққан жасуша дақылдарының өзінің сыртқы бетіне эритроциттерді жабыстыру қабілеттілігі гемадсорбция деп аталады.Грипп, парагрипп, поксовирус және флавивирустардың гемадсорбциялық қасиеті бар. Ақтандақ түзеу әдісімен индикациялау- Вирусы бар затты тіндік дақылына жұқтырады, бетінде бейтарапты қызыл бояуы бар агар қабатымен жауып термостатта (37°C) инкубациялайды. Вирус өскен жердегі жасушалар бұзылады, соның нәтижесінде ақтаңдақ пайда болады, ал айналасындағы бұзылмаған жерлер қызыл түске боялады.Осындай негативті ақтаңдақтар 48 сағ және одан да көп уақыттан кейін пайда бола бастайды (егер вирус бар болса). Есеп № 13.Диагноз қою үшін науқастың қақырығына бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет. Зерттеу үшін стерильді ыдыс қажет. 1. Стерильді ыдыстарды дайындау үшін: флакондар, Петри табақшалары, пробиркалар және т. б. стерилизацияның қандай әдісі мен режимі қолданылады. Құрғақ ыстық ауамен стерильдеу әдісі шыныдан жасалған ыдыстардағы, яғни пробиркалар, колбалар, Петри табақшалары, түтікшелердегі микробтарды толық жою үшін қолданады. Ол үшін құрғақ-ыстық ауалы шкафтарды (Пастер пешін) пайдаланады. 160С температурада 2 сағат немесе 170 С-та 40 минут қыздырғанда тиімді нәтижеге қол жеткізіледі. 2.Аппарат құрылысы және жұмыс режимі қандай? Пастерлік пеш - бұл екі қабатты және жылу оқшаулағышы бар металл шкаф, ол электрмен жылытылады; пештегі температура автоматты түрде реттеледі. Жылытылған ауа қабырғалар арасында төменнен жоғары қарай ағып өтеді. Шкафтың жоғарғы бөлігінде екі саңылау бар: термометр үшін және ыстық ауаның шығуы үшін. Алдыңғы жағы-тығыз бекітілген сыртқы есік. Шкафтың ішінде тесіктері бар сөрелер бөлінеді. Пастер пешінде стерилизациялау 160С температурада 2 сағат немесе 170 С-та 40 минут қыздырғанда тиімді нәтижеге қол жеткізіледі. Шыны ыдысты салар алдында жақсылап жуады және стерильдеу кезінде көмірленіп ыдысты бүлдірмес үшін шаяды. Құрғақ етіп сүртіп, кептіреді әйтпесе ыдыс сынып кетуі мүмкін. Содан кейін пробиркаларды, флакондар мен колбаларды мақта тығынмен тығындайды, пробиркалар мен пипеткаларды 5-10 дана пакеттерге байлайды және қағазға орайды, Петри табақтарын бір немесе бірнеше рет орайды. Пастер пешіндегі стерилизация ұзақтығы, белгіленген температураға жеткен сәттен бастап есептеледі, температуралық режимге байланысты: t ° 150 ° температурада 2 сағат, t ° 165-170 ° температурада 1 сағат,. t ° 180 ° температурада 10-15 минут және t ° 200 ° температура кезінде 5 мин. Есеп № 14.Зертханаға санитарлық-бактериологиялық зерттеу үшін топырақ сынамасы келіп түсті. 1.Анаэробты бактерияларды бөліп алу үшін қандай қоректік орталар қолданылады және осы ортаның біреуінің құрамына сипаттама беріңіз? Китт-Тарозци, Уилсон-Блэр, Цейслер, Уиллис-Хоббс орталары. Уиллис -Хоббс - құрамында қоректік агардан басқа лактоза, индикатор, жұмыртқаның сарысы мен майсыз сүт бар. Clostridium түрлерінің дифференциациясы индикатордың түсін қызыл түске өзгерту арқылы жүзеге асады (лактозаның ашуы) және колониялардың айналасында опалесценцияның болуы (лецитиназаның белсенділігі) (гало). Уиллис-Хоббс ортасы. 400 мл Хотингер сорпасын, 4,8 г агарды, 4,8 г лактозаны, 1,8 мл бейтарап қызыл түсті араластырыңыз. Стерилизациядан кейін тұзды ерітіндісі бар 15 мл тауық сарысының суспензиясын және 60 мл стерильді майсыз сүтті қосыңыз. 2. Анаэробиозды жағдай жасау әдістерін сипаттаңыз? О2 анаэробтарға у болып табылады, себебі оттегі қатысымен H2О2 түзіледі. Ол жасушаларды өлтіреді. Жасушалардың өлуі H2О2 және супероксид-анионды ыдырататын ферменттер – каталаза және супероксидисмутаза болмауынан өледі. Анаэробтарды (микроаэрофильдерді) аэробты жағдайда өсіруге болады, егер дақылдандыру ортасына қайта қалпына келтіруші (оттегі акцепторы) глюкоза,цистеин,NA сукцинатын және т.б. қосса. Облигатты анаэробтар өсіп өніп көбеюі ауа атмосферасындағы оттегіні қажет етпейді. Ол үшін мынадай тәсілдер қолданылады: · Қоректік ортаға оттегіні редуцирлейтін заттарды(тиогликол және аскорбин қышқылдарын, цистеин, сульфидтер) қосады; · Сұйық орталардан қайнату арқылы ауа оттегісін регенерациялайды да, пробирканы резіңке тығынмен тығыздап жауып қояды; · Герметикалық жабық ыдыстардағы газ-пактарға оттегі сіңірушілік заттарды(сілтілі пирогаллол, т.б) орналастыру арқылы қол жеткізеді. Бұл әдіс аэротолерантты бактерияларды дақылдандыру үшін пайдаланылады; · Оттегіні сорып алып тастап, оның орнын инертті газбен алмастырады, ол үшін анаэростаттар және анаэробты бокстар қолданылады. |