Иммун Есеп рк 1 211 (2). Есеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты
Скачать 67.65 Kb.
|
Есеп № 4.Хирургиялық бөлімшеде патогенді стафилококк тудырған науқастарда стафилококк инфекциясының өршуі тіркелді. Осы бөлімшенің қызметкерлерін тексеру кезінде патогендік стафилококк операциялық мейірбикенің жұтқыншағынан бөлініп алынған. 1. Медбикенің ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек? Ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін клиникалық микробиологиялық зерттеу жүргіземіз.Соның ішінде Клиникалық микробиология аурухана ішілік инфекцияларды зерттейді. Аурухана ішіндегі (госпитальды, нозокомиальды) инфекция ол емдеу профилактикалық мекемелерде адамдарды тексергенде, емдегенде пайда болатын клиникалық белгілері бойынша анықтай алатын, микробтар қалдыратын кез келген аурулар. Госпитальды инфекция көзі: 1) Науқас адам 2) Аурухананың медицина қызметкерлері 3) Ауруды күтушілер және оған келіп кететін туысқандары. Госпитальді инфекциялардың пайда болуына және оның әрі қарай дамуына мынадай жағдайлар әсер етеді: 1. Ауруханаларда инфекция көзінің пайда болуы 2. Антибиотиктерді және басқа химиялық препараттарды емдеуге ретсіз пайдаланудың нәтижесінде микробтар арасында іріктелу жүріп,вирулентті және резистентті штаммдардың пайда болуы, дизбактериоздық құбылыстар басталуы. 2. Бұл зерттеу қалай жүргізілетінін сипаттаңыз? 1. Ауруханаішілік инфекция ошағын анықтау үшін науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөліп алады, кейін арнайы стафилофагтар жиынтығының көмегімен фаготипирлеуді жүргіземіз .Зерттелінетін дақылдарды Петри табақшасында алдын ала белгіленген квадраттарға сайма-сай келетін фагтар тамшысын бактериалогиялық ілмек көмегімен тамызады.Нәтижесінде лизис дақылының бар жоғы анықталады. Бактерияскопиялық зерттеу жүргізіледі. Фаготиптеу әдісін инфекция көзі мен таралу жолдарын анықтауда пайдаланады. Бір фаговарға жататын бактерияларды әртүрлі науқастардан бөліп алу, жұғу көзінің бір екендігін көрсетеді. Қоршаған орта объектілерінде (мысалы, суда) бактериофагтардың болуына қарап соған сәйкес патогенді бактериялардың бар екендігін білуге болады 2.Стафилококктарды фаготиптеу инфекция көзін және таралу жолдарын анықтау үшін қолданылады (Босану бөлімдерінде, балалар бөлімдерінде және т.б..) Фаготиптеу әдісінің реттілігі: 1.Бөлініп алынған стафилококктың дақылын бактериологиялық ілмекпен агары бар табақшаға себеді Табақшаның табанына квадраттарды фагтардың санына байланысты сызады. Агардың бетіне, әр квадрат ортасына 1 тамшы типтік фаг тамызады. 2.Табақшаны термостатқа 37 С температураға 24 сағатқа қояды, сосын дақылдың лизисіне қарап нәтиже береді. Есеп № 5.Науқастарды емдеу кезінде хирургиялық стационарда түрлі антибиотиктер мен химиопрепараттар қолданылды. Науқастардан көптеген дәрілерге төзімділігі бар бұрын бөлінген дақылдардан ерекшеленетін стафилококк дақылдары бөліне бастады. 1. Микроорганизмдерде пайда болған көптеген дәрілік төзімділіктің механизмдерін сипаттаңыз? Жалпы Антибиотикке резистенттілік- микробтардың антимикробтық химияпрепараттарға төзімділігі болып табылады. Антибиотикке төзімділіктің пайда болу механизмдері ретінде 1.Госпитальды штаммды қарастыруымызға болады.Яғни ол– мутация немесе гендердің берілуі нәтижесінде штаммның жаңа түрлерін, өмір сүруге бейімделген, патогенді микроорганизмдер. Негізгі қасиеттері: Әсер ету спектрі кең бір немесе бірнеше антибиотикке тұрақтылық; Стационарда өмір сүруге қабілеттілік Антисептитерге сезімталдығының төмендеуі. Келесі механиз ол-Резистенттілік механизмі: Микроорганизмде антибиотик әсер ететін структурасының болмауы, мысалы, микоплазма бактериясының пенициллинге сезімталдығы жоқ себебі, жасуша қабырғасы болмайды,мысалы: стафилококктар В-лактамаза ферменті арқылы көптеген пенициллиндердің В-лактамды сақинасын бұзады. Микроорганизм антибиотикті активті емес формаға ауыстыруға қабілетті. Грамм – теріс бактериялар жасуша қабырғасынан қосымша қабықпен қапталғандықтан, антибиотик микроорганизм қабырғасынан өте алмайды. 2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың қандай әдістерін білесіз, олардың біреуін сипаттаңыз. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қолданылады: Диффузия әдісі(диск әдісі және Е-сынау әдісі) және Асылдандыру әдісі Енді “Диффузия әдісінің” ішіндегі Диск әдісіне тоқталатын болсақ : Биомицин, неомицин, пенициллин, стрептомицин. Агарлық қоректік ортаға зерттелетін микробтың таза дақылын себеді, содан кейін антибиотиктер енгізеді. Әдетте препаратты агардағы арнайы шұңқыршаларға құяды немесе себінді беткейіне антибиотиктер сіңірілген қағазды дискілерді жабыстырып қояды. Нәтижелерін бір тәуліктен кейін шұңқыршалар (дискілер) айналасында микроб өсіндісінің болуы немесе болмауы бойынша есепке алады. |