Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз Грам оң бактериялар жасуша қабырғасы

  • Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасы

  • 1. Ауыз судың фекальды (бактериялық) ластануын бағалау үшін қандай санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды

  • 2. Ауыз судың коли –титрі мен коли-индексін қандай әдістермен анықтайды Осы әдістердің бірін сипаттаңыз. Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау.

  • Коли-титр

  • Иммун Есеп рк 1 211 (2). Есеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты


    Скачать 67.65 Kb.
    НазваниеЕсеп 1. Xix асырды аяында медициналы микробиологияны прогресі Луи Пастер мен Роберт Кохты жмыстарымен тыыз байланысты
    Дата31.10.2021
    Размер67.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИммун Есеп рк 1 211 (2).docx
    ТипДокументы
    #260159
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Есеп № 6.


    Сібір жарасына күдікті науқастың карбункулының ішіндегісінен жағынды дайындалды, Грам әдісімен боялды. Микроскопия кезінде препаратта капсуламен қоршалған тізбектесіп орналасқан кесілген ұштары бар күлгін түсті таяқшаларды табылды.

    1. Бактериялардың тек қана морфологиялық және тинкторлық қасиеттерін зерттеуге негізделген жұқпалы ауруларды микробиологиялық диагностикалау әдісі қалай аталады. Осы әдістің құндылығы мен кемшіліктерін сипаттаңыз.

    Микроскопиялық тәсіл - микроорганизмнің морфологиялық,тинкториальдық қасиеттерін білдіреді. Зерттелінетін материалдан жүғынды дайындап, оны бояп (немесе боямай - нативті) микроскоп арқылы көруге негізделген.

    Бұл тәсілдің артықшылығы: зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) колданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігі артады. Кемшілігі: диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі.

    2. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз?

    Грам оң бактериялар жасуша қабырғасы- бір қалыпты құрылымға, иілгіш қабатқа жұқа және регидты қабатпен ковалентті байланысқан, ол Грам теріс бактерияларға қарағанда қалың /20-60 нм/. Қабырғаның негізгі мөлшері пептидогликан болып табылады, ол бірнеше 5-6 қабаттан тұрады. Жасуша қабырғасында микол қышқылы болады оның құрамында техой қышқылы болады. Грам оң бактерияларының пептидогликанының ерекшелігі ол жерде диаминопиелинді қышқылы жоқ. Жасуша қабырғасында липополисахарид жоқ.

    Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жұқа /14-18 нм/. Ерекшелігі регидты қабаты жұқа, пепдигликанның 1-2 қабатынан тұрады. Бұл жерде әрқашан диаминоциелин қышқылы бар. Жасуша қабырғасының құрамында көп липопротеині фосфолипидті, фосфоқантты және көп ақуыз бар, тейхой қышқылы болмайды. Жасуша қабырғасының пластикалық қабаты: липопротеин, липополисахарид және сыртқы мембранадан тұратын күрделі құрылым құрайды.

    Есеп №7.


    Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық- бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға ауыз суы жеткізілді. Судың осы үлгісінің МЕСТ(ГОСТ)-пен ағынды суға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қажет.

    1. Ауыз судың фекальды (бактериялық) ластануын бағалау үшін қандай санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды?

    Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Су ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.

    Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады.

    1.​ Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек.

    2. ​Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек.

    3. ​Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек.

    4.​ Колифагтар- зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу).

    5.​ Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек .

    6.​ Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.

    Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.)

    2. Ауыз судың коли –титрі мен коли-индексін қандай әдістермен анықтайды? Осы әдістердің бірін сипаттаңыз.

    Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау. Судағы ішек таяқшаларының шамадан артық болуы, олардың нәжістермен және патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын көрсетеді. Судың ішек таяқшаларымен ластану дәрежесі – коли-титр және коли-индекспен көрсетіледі. Коли-титр – 1 ғана ішек таяқшасы кедесетін судың ең аз мөлшері. Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы саны. Практикада бұл көрсеткіштерді анықтауда мембраналық сүзгіштермен сүзу әдісі жиі қолданылады. Ол үшін құбыр мен құдық суларының 300 және 500 мл-ін №3 нитроцеллюлозалық мембраналық сүзгіден өткізіп, сүзгіні Петри шыныларындағы стерильді Эндо ортасының бетіне (тегіс емес жағымен) аударып, 18-24 сағат бойы термостатта (370С) ұстайды. Сонан соң мембраналық сүзгі бетіне өсіп шыққан колонияларды санау арқылы олардың коли-титрі мен коли-индексін анықтайды.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта