Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Сур. 5.17. Тіс қағының рН: а – бір күн мерзімінде тағамды үш реттік қабылдауы кезінде; б – ретсіз қоректену кезінде. Ұзақ уақыт бойы стоматологтар тәттілерді жемістер және көкөністерге ауыстыруларына кеңес берді. Бірақ нақтырақ зерттей келе, олардың көбісінің құрамында 6% дейін қант (глюкоза, фруктоза, сахароза) бар екендігі анықталды (қара табл. 5.11). Өсімдіктердегі табиғи қанттың агрессивтілігі аздау болады деген ой расталмады: олардан алынған жеміс-жидектер және шырындар бірдей кариесогенді нәтиже берді. Сонғы уақытта ерте балалар тіс жегісінің пайда болу факторларының бірі - бөтелкедегі шырынды балалардың шектеусіз пайдалануы болып табылады. Таблица 5.11 Жемістер мен көкөністерде қанттың құрамы
Белоктар мен майлар Белокты тағамға кариесопротективтті рөлді жатқызады. Бірінші кезекте бұны сілекейдің белок құрамының сапасының оңды әсерімен байланыстырады: ірімшік, фасоль, жұмыртқа, сүт пен жаңғақтарды қабылдағаннан кейін сілекейдің потенциалы 1,0- 1,7 –ге дейін жоғарылайды, бұл қанттардың ауыз қуысының сұйықтығына негативті әсерін компенсациялау үшін мүмкіндік туғызады (олар минерализациялайтын потенциалды 0,0-0,4 –ке дейін төмендетеді). Сілекей мен қақта белоктардың еруі, оларды рН-тың қалпына келуіне әкелетін сілтілі өнімдермен (мочевина, аммиак) және беткей–белсенді қасиетті көрсететін креатининмен қанықтырады. Осыдан басқа, тағамға белоктарды үнемі қосу, ауыз қуысы сұйықтығында иммуноглобулин мен лизоцимнің жоғары концентрациясын ұстануға мүмкіндік көрсетеді. Майлар тіс жегісіне қарсы қорғанышты қалыптастырады, бұл қысқа уақыт шамасында ауыз қуысында болуы нәтижесінде тіс жұғындыларының түзілуіне кедергі жасайтын гидрофобты қаптама ретінде рөлді атқарады. Стоматологиялық қабылдауда тамақтану туралы кеңестер Диетологиялық кеңестер - көп уақыт пен психологиялық жағынан күшті талап ететін ауқымды жұмыс, бірақ барлық жағдайда да айқын нәтижені көрсете бермейді. Тағамдық әдеттерді бұзу - адамға өзіне физикалық және психикалық қолайлы деңгейді қамтамасыз ететін, жүріс-тұрыс стереотипін құрайтын, асыл психологиялық сфераға күшпен кіру болып табылады. Бұл стереотип стоматологтың бөлмесінен тыс жерде қалыптасады және сондықтан бақылауынсыз жүреді. Скандинавиялық мемлекеттердің қорытындысы бойынша ерте жаста тіс жегісін диетикалық алдын-алудың ең тиімді нұсқаларына үш кеңестен тұратын жиынтық жатады, олырдың біріншісіне алты айлығындағы балалардың ата-аналары үшін, келесілер - бір және екі жастағы балалардың ата-аналары үшін ұйымдастырылады. Осындай ерте кеңестерді жүргізу диеталық бақылауы жоқ балалар тобымен салыстырғанда, 60-85% жегінің редукциясына әкеледі, ал ол кезде балаларға екі жасқа дейін кеңестерді кейінге қалдыру - тек 30%-ке редукция байқалады. Жоғары жастағы науқастарға диеталық кеңестерді беру қызығушылық танытқан адамдар үшін тиімді болып келеді, бірақ олардың тістерін сілекей де, гигиенаны сақтау да, фторидтерді қолдану да тіс жегісінен қорғай алмайды. Тамақтанудың рационы мен режимін анықтау науқастар мен ата-аналарды сұрастыру барысында жүргізеді. Алты айлықтан бастап, екі жасқа дейінгі жастағы балалардың тамақтану рационын талқылағанда, жасына сәйкес педиатрлардың ұсынымдарына тірелу керек. Осы кезде стоматолог басты көңілді, анасына баланың жиі бөлшектенген тамақты қабылдаудан бас тарту, баланың шектеусіз жемістерді қабылдаудан, күні бойы шайнайтын тәтті тағамдардан, түнгі уақытта емшектен қоректендіруден (өте маңызды!), тәтті шайлардан және бөтелкеден компот беруден бас тарту сияқты ерте жастағы тіс жегісінің дамуына негізгі жағдайларды болдыртпау маңыздылығын түсіндіруіне бөледі. Балалардың диеталық әдеттерін талқылау үшін сұрақтар деңгейінде өтетін қарапайым сұхбаттасу түрінде өтеді: «Сен кәмпиттерді жақсы көресін бе?», «Сен сүтті немесе коланы көбірек жақсы көресін бе?» Бірақ әдетте бұндай сұрақтарға жауаптар нақты болмайды. Ең нәтижелі нақты қойған сұрақтар болып келеді. «Сен шайды қантпен немесе қантсыз ішесің бе?», «Сен шайды күніне неше рет ішесің?», «Сен бүгін (кеше) неше рет шай іштің?», «Сен бүгін мектепте үзілісте не жедің?», «Түскі ас пен кешкі ас арасында сен тамақ ауыз тиесін бе?; Бүгін не ауыз тидің?», «Кеше кешке тісті тазартқаннан кейін не істедің?», «Анаң ұйықтар алдында саған тәтті тағамдар береді ме?». Балалар ата-аналарымен, жасөспірімдермен және ересек науқастармен сөйлегенде бірегей күшпен өнімдердің атаулары мен оларды қолдану уақытын атап көрсетумен күні бойының тамақтануы туралы есебін құру ұсынылады. Мұндай есептер науқастың тағамдық әдеттері туралы тек жалпы мағлұмат береді, өйткені талқыланатын күн мағлұматы үнемі қайталанбауы мүмкін. Одан да нақты мәліметті алу үшін 3-7 күннің тамақтануы туралы мағлұматы керек, яғни үйдің тағамдық күнделігі:
Келесі келгенде дәрігермен науқас бірге күнделікті бағалап, қызыл түспен көмірсутек құрамды тағамдарды бөледі. Сөйлесудің психологиялық маңызды болуы үшін науқасқа кестеге келесі мәліметтерді кіргізуді сұраймыз .
Жүргізілген талдау негізінде науқастың рационына үйлесімді гигиеналық жүктемесін талқылайды (әрбір тамақ жеген сайын тістерді тазартумен қатар жүреді ме), тістердің саулығын сақтау үшін түзілген тұжырымдама маңыздылығы туралы нәтижелер жасайды. Содан кейін осыған негізделіп, қоректену рационы мен тәртібін дұрыстау нұсқалары ғылыми дәлелі ұсынылады. Тәтті тағамдардың кариесогенді әсерін төмендету тәсілдері мен әдістері Қант ауыстырғыштар Кариесогендіктің туғыздыратын алғашқы және негізгі өнім қант болғандықтан, 1970 жылдан бастап, стоматологтар мен диетологтардың, аспазханашылар мен химиктердің күші адамды тәтті қуаныштардан айырмай, тістердің саулығына қауіп дәрежесін төмендетуге бағытталды. Тәтті дәм адамды қантқа тартады, сондықтан қант ауыстырғыштарды құрастырғанда басты қасиетіне (токсикологиялық қауіпсіздіктен кейін және төмен ацидогенділік), тілдің саңырауқұлақ тәрізді емізікшелермен байланысып, эфференті жолдары арқылы реакцияның өтуі нәтижесінде орталық жүйке жүйесіне тәтті тағам туралы мәлімет түсуі жатады. Осындай әсерлер жиынтығына көмірсутектерден биохимиялық ерекшеленетін, яғни аспазханалық-технологиялық және физиологиляық жағынан қантты ауыстыра алмайтын заттар ие. Өйткені тағамдық технологияларда қант әр түрлі тәсілдерде қажетті:
бұл қантқа адекватты ауыстыруға қиындықтар туғызып, одан толығымен бас тартуға мүмкіндік бермейді. Физиология жағынан қарастырғанда, қант энергия тасымалдаушысы қызметін атқарады, сондықтан қант ауыстырғыштар калориялығына қарай жіктеледі. Синтетикалық калориялы қант ауыстырғыштар Бұл топқа полиолдар - көп атомды спирттер жатады: ксилитол (ксилит), сорбитол (сорбит), маннитол (маннит). Полиолдар қанттағыдай калорияны береді. Егер қантты бірлікке алсақ, сорбиттің тәттілігі 0,5, ал маннитол 0,6, ксилит- 1,0- 1,5 құрайды. Полиолдың физикалық қасиеттері қанттың қасиеттерімен ұқсас, сондықтан мұндай қант ауыстырғыштары бар тағамдар қарапайым қанттан аз ерекшеленеді. Ксилит – бес атомды спирт - өсімдік (саңырауқұлақ, жеміс-жидек, жаңғақ, ағаш) және жануар (адам ағзасында 5-тен 15 г-ға дейін түзіледі) тіндерінің табиғатта кеңінен таралған құрам бөлігі. Қайын ағашынан өндірістік жолмен алынатын ксилит, иісі жоқ ақ ұнтақ болып келеді. Ксилиттің тәттілігі мен калориялығы қантқа ұқсас, бірақ бағасы 10 есе қымбат. Ксилитті ішке қолданғанда өт айдайтын, іш өткізетін (тіпті осмотикалық диареяға әкелетін) қасиеті бар. Ксилит фенилкетонурия кезінде қарсы көрсетілген. Ксилиттің метаболизм өнімдері оксалаттар болып табылады. Ксилиттің тіс жегісіне қарсы мүмкіншіліктері оның сілекей айдағыш әсерімен байланысты. Ксилитті қолданғаннан кейін сілекей бөліну жылдамдығы жоғарылайды, сілекей тұтқырлығы төмендейді, буферлі сыйымдылығы мен рН мәні жоғарылайды, ауыз қуысында кальций мөлшерінің көбеюі, стрептококктардың пеликулаға жабысуын болдыртпайтын сілкей протеазалардың белсенділігін жоғарлатады. Сорбит алғаш рет 1872 жылы глюкозадан өндірілді. Гигроскопиялық қасиетінен сорбит сұйықтық болып келеді. Тіс қағының сорбитолы стрептококктың оксиредуктазасымен фруктозаға дейін ферменттеліп, кейін қышқылға айналады. Сондықтан оны қолданған кезде қақтағы рН өзгермей, бірақ 30 минуттан кейін рН-5,7 –ге дейін жетеді. Шайнау сағыздары мен ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамындағы сорбиттің алдын-алу қасиеті ксилитке қарағанда тиімсіз болып келеді. Маннит - манноза қантынан өндірілетін полиол, ауыз қуысының микрофлорасымен аз мөлшерде ферменттелуі мүмкін, сондықтан тіс сықпалары өндірісінде тәттеуіштер ретінде қолданылуы мүмкін. Синтетикалық калориялы емес қант ауыстырғыштар Осы топқа әр түрлі химиялық сипаттамасы бар, төмен фармакологиялық белсенді болып келетін және қанттан қарқынды тәттілігі 30-100 000 есе көп натрий сахарині, натрий цикламаты, аспартам заттары жатады. Қарқынды тәттеуіштерді өндіру күрделі және қымбат болып келеді, бірақ қажетті дәмге жету үшін, осы заттың аз мөлшері «қантсыз тәттілерді» дайындауда экономикалық пайдалы. 1974 жылы тәттеуіштер дәрілерді, сусындарды, тәттілерді, шайнау сағыздарын өндіруде қолданылған. Осылайша, аспартам рН-3,9-4,3 кезінде белсенді, сондықтан кока-кола өндірісіне үйлесімді; сахарин мен аспартам «тәтті» дәмді қанттан гөрі 10 есе ұзағырақ сақтайды, Бұл заттар диабетпен ауыратын адамдар үшін ұсынылады, өйткені бұл кезде инсулин қатыспайды және семірген адамдарға, тамақ калориясының төмендеуі әдеттегі рационның өзгермеуімен сипатталады. Бірақ қарқынды қант ауыстырғыштарды кеңінен қолдану олардың онкогенді және тератогенді потенциалдың болынан шектеледі. Осыған байланысты, қарқынды тәттеуіштерді қолдану 16 жасқа толмаған және жүкті, репродуктивті жастағы әйелдерге ұсынбаған жөн. Аспартамды қолдану (L, A-аспартил мен фенилаланиннің метильді эфирі) фенилкетонуриямен ауыратын адамдарға қарсы көрсетілген. Қалған адамдарға тәттеуіштерді қолданудың тәуліктік шектеуі анықталған: сахарин үшін - дене массасына 2,5мг/кг, цикламат үшін - 11,0 мг/кг, аспартам үшін – 40 мг/кг. Тәттеуіштер ретінде ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамында сахаринді, аспартам және цикламатты «жергілікті» оральды қолдану мақсаты бұл заттардың қышқылдарды түзумен микробты қақпен ыдырай алмайтындығымен байланысты, ал кейбір мәліметтер бойынша сілекейдің бөлінісін көбейту арқылы тіс жегісіне қарсы әсерді қамтамасыз етеді. Фторид пен кальцийі бар қант Соңғы уақыттарда тәтті ұнататын адамдарға ыңғайлы - қанттың фторидтермен бірге болуы. Басты мақсаты, қант қақ микроағзаларымен өңделгеннен кейін еріту әсерін бастағанда, бұл белсенді реминерализациялайтын агенттің қажетті аймақта болуын қамтамасыз етуге негізделеді. Ауыз қуысын 10% сахароза ерітіндісімен жүйелі түрде шайған кезде рН-тың критикалық төмендеуіне қарамастан эмаль сау күйінде қалады. Кальций препаратардың қантқа қосылу пайдасы біршама екендігі анықталды, қарапайым тәттілерді кальций лактаты бар тәттілерге ауыстырғанда тіс жегісінің өсуін 43-87 %-ға төмендетеді. Көмірсутекті тағамдарды, тамақтану рационы мен тәртібін таңдауды бақылау мүмкіншіліктері Тамақтану үшін өнімдерді таңдау әртүрлі факторлар әсерінен адаммен жүзеге асады. Бұл үрдісте басты рөлді қандайда бір тамақтың қол жетімділігін анықтайтын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар атқарады. Әрбір адам өз ағзасының физиологиялық қажеттілігіне, денсаулық жағдайына, гастрономикалық құмарлығына тіреліп ақырғы таңдауды жасайды. Қазіргі заманғы диеталық ұсынымдар бойынша адамның энергетикалық және пластикалық қажеттіліктері туралы ғылыми мәліметтерге негізделеді, сонымен қатар диетотәуелді ауруларды (жүрек-қан тамыр, эндокринді, кейбір онкологиялық және т.б.) алдын-алуға бағытталған болып келеді. Ересек адамның рационына дәнді тағамдар (нан, ботқа, тәулікке 6-11 қабылдаулар), көкөністер (3-5 қабылдаулар), жемістер (2-4 қабылдаулар) және жануар текті өнімдер (сүт, йогурт, ірімшік-2-3 қабылдаулар; ет, балық, жұмыртқа -2-3 қабылдау) (сур. 5.18) кіреді. Барлық аталған өнімдерді 3 немесе 4 тамақ қабылдауына реттеген жөн (таңғы ас, түскі ас, бесіндік, кешкі ас), тәтті өнімдерді осылардың біреуіне қосып, жүрек жалғауларды азайту керек. |