Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Сур. 5.25. Тіс протездерін тазарту үшін щетка. Қол щеткасына күтім және оны ауыстыру Тіс щеткасына гигиеналық күтім жасау жұмыс бөлігінің талшықтарында микрофлораның көбеюі мен тіршілігін сақтау мүмкіндігін азайту үшін қажет. Сондықтан тісті тазалағаннан кейін щетканы ағын суда жуу керек және ашық стаканда кептіреді немесе арнайы ұштағышта басын жоғары қаратып кояды. Щетканы тиімді және қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ететін басты ереже деформацияланған қылды қолдануға тиым салу болып табылады, ол ауыз қуысы тіндерін жарақаттайды және тістің беткейіне жұмыстық күш салуды нақты бере алмайды. Әсіресе балалар щеткаларының әрі қарай жарамдылығын бақылауда мұқият болу керек, өйткені бір жағынан баланың ауыз қуысының тіні механикалық зақымдалуға өте сезімтал. Әдетте щетканы 3 ай сайын ауыстыруды ұсынады – оның қызметінің орташа мерзімі осындай. Бірақ щетканы жазу жылдамдығы ол уақытқа ғана байланысты емес, оның талшықтың бастапқы сапасына және щетканың тозған белгілерін білуді үйренуі керек «Ескірген» табиғи қылдар сынады, қысқарады, ұяларынан шыға бастайды (щетка «тақырланады»). «Ескірген» жасанды талшықтар «шаршағыштықты» жинайды, бұрынғы қалпына қайта келмейді, бірақ оған тазарту кезінде берілетін иілу мен бұрылысын сақтайды, сондықтан щетка «шашақты», тікенекті болып кетуі, жұмыс алаңы тарап кетеді. Щетканың жағдайының диагностикасын жеңілдету үшін салыстыруға үлгі болатын жаңа щетканы қорда үнемі ұстауға кеңес береді. Қол тіс щеткасы көмегімен тістерді тазарту әдістері Қол щеткасы көмегімен тістерді тазарту әдістері қол щеткасымен тістерді тазартудың қауіпсіздігі мен тиімділігі тек қана оның құрылымынан емес, оны дәл қалай – қай бағытта және қандай күшпен қылдар тазартатын беткеймен қозғалатынына байланысты. Тістерге щетканы 60–80 г сәйкес келетін күшпен қысу керек деп болжайды (аз күш тиімділігін азайтады, ал көп күш зиян келтіруі мүмкін). Адам щетка басының қозғалысының 4 негізгі түрін қамтамасыз ете алады, оларға қылдардың әртүрлі қозғалыстары сәйкес келеді: вибрациялаушы, горизонтальды, вертикальды, айналмалы. 1. Вибрациялаушы қозғалыстар: щетканың басы өте ұсақ қайталамалы-үдемелі қозғалыстарды жасайды, бұл кезде қылдардың ұштары вибрация жасайды, «пульсациялайды» немесе жан-жаққа кетеді. Қылдардың микроқозғалысы тіс жұғындыларының құрылымын бұзады, бірақ олардың бөлшектерін тіс беткейінен алып тастай алмайды. Бұл қозғалыстар өте әдепті, сондықтан тіс сауытының қызметтік аймағын өңдеу үшін, жалаңаштанған түбірдің беткейін өңдеу үшін, қызылиек массажы үшін қолданылады. 2. Горизантальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар: щетканың басы тістің ұзын осіне перпендикуляр бағытта қозғалады, яғни «анда–мында». Қылдар бүгіліп тіке аймақтарда бастың жалпы бағытымен жүреді, бұл кезде қылдардың ұштары беткейді қырады, «тарайды». Ойыққа еніп, қылдар бір нүктеге жиналады, кейін тереңделулерден «секіріп шығады», тарап кетеді және құрамды сыпырып шығады, - оны әрі қарай келесі ойыққа алып кетеді. Бұл қозғалыстар жұмсақ тіс жұғындыларын бұзады және оларды жобасы жатқан беткейлерден ығыстырады. Қозғалыстар дөңес беткейлерді, оральды және вестибулярлы беткейлерді, төмпешіктің окклюзионды беткейлерді тиімді тазалайды, бірақ проксимальдыаралық аймақтарды босатпайды. Горизонтальды қозғалыстар ең қарапайым және де мысалы мойын аймағында тістің гипоминерализацияланған тіндерін өшіру қабілетті болады. 3. Вертикальды қозғалыстар: щетканың басы тістің ұзын осі бойымен оральды немесе вестибулярлы беткейде ауысып тұрады, бұл кезде өзі ось бойымен немесе оған көлденең орналасады. Қайталамалы-үдемелі және сыпырушы вертикальды қозғалыстарды ажыратады. Қайталамалы-үдемелі вертикальды қозғалыста щетканың басы айналмайды, «қызылиектен окклюзионды беткейге қарай» маршрутымен тек вертикаль бойымен жүреді; бұл кезде бірге жымдасқан екі жақтың тістері бір уақытта өңделуі мүмкін. Қылдар жазық беткейлерді сыпырып шығады, шығыңқы аймақтарда тарап кетеді және проксимальдыаралық зоналарда жиналады, олармен бұзылған тіс жұғындыларын алға жылжытады. қайталамалы-үдемелі тең күшті қозғалыстар кезінде (щетка бірдей күшпен қызылиекке және қызылиекктен қозғалады) қызылиектен ығыстырылған қақ оған қайта қайтып келеді және қызылиектік науаға енуі мүмкін; бұл кезде қызылиектің жарақаттану мүміндігі де жоғары. Едәуір қауіпсіз, ажыратылған қайталамалы-үдемелі вертикальды қозғалыстарды жасай отырып, ең көп күшті оның қызылиектен окклюзионды беткейге қарай қозғалғанда түсіреді («қызылдан аққа қарай»), ал кейін тіпті күш түсірмей оны қызылиекке әкеледі. Вертикальды қозғалыстар дөңес беткейлердің жақсы тазартылуын, ал проксимольдыаралық тереңделулер, мойыналды аймақтар жақсы тазартылмайды. Сыпырушы вертикальды қозғалыстар щеткаға тек бір векторлы күш (қызылиектен) түсіріледі, бұл кезде вертикальды ығысуларға оның 900–1000-та қызылиек жиегінен тіске қарай бағытта айналу қосылады. Қылдар беткейді «сыпырады», біршама дәрежеде иіледі – сондықтан серпімділігі үлкен күшімен проксимальдыаралық тереңделулерге енеді, соңғыны (щеткаға қаншалықты мүмкін болса) жақсы тазартады. Әдіс қауіпсіз, бірақ техникалық қатысты күрделі. 4. Айналмалы (циркулярлы, айналатын) қозғалыстар: щетканың басы шайнау, вестибулярлы немесе оральды беткейлерінде дөңгелекті салады, қылдар түрлі аймақтарды жоғарыда аталған қозғалыстардың барлық траекториясын орындап олармен ілесіп жүреді. Айналмалы қозғалыстармен дөңес және жазық беткейлер жақсы тазартылады. Вестибулярлы беткеймен қозғалыстың үлкен радиусында мойыналды аймақ горизонтальды өшірілуге ұшырауы мүмкін. Тістерді тазарту әдістеріне үйретілмеген адамдар тек қана горизантальды, сирек - айналмалы немесе вертикальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Ережеге сай, оңқайлар тісті тазартуды сол жақ тістердің ұрттық беткейлерінен бастайды және оң жаққа әрқашан жетпеуі мүмкін. Тісті тазартудың минуттық процедурасы кезінде әдетте оральды беткейлердің тазартылуына уақыттың 1/5 бөлігі кетеді. Ауыз қуысының тиімді және қауіпсіз гигиенасы үшін қол щеткамен тістерді тазартудың арнайы және стандартты әдісін жасап шығарған дәрігерлердің дұрыс ұсынымдарын қолдану қажет. Тістерді тазарту әдістері - тістердің барлық сауыттары мен беткейлерін біртіндеп мұқият тазартылуын қамтамасыз етеді. Әдістер қандай да бір беткейлерде щеткамен қатаң ескертілген қозғалыстың түрлердің түрлі қосындысын жорамалдайды, бұл беткейге енудің ерекшеліктеріне, оның рельефіне, басқа тіндермен көршілестеріне және т.б. байланысты. Бұл қозғалыстар күрделі, қозғалыстар координациясының сәйкес деңгейін талап етеді, сондықтан әдістер науқастардың нақты категориясына арналған. Қол щеткасымен тістерді тазартудың негізгі әдістері Ауыр стоматологиялық патологиялары жоқ ересектерге (стандартты әдіс), оқушыларға (Марталлер әдісі) және мектепке дейінгі жастағы балаларға (КАІ әдісі) ұсынылатын негізгі әдістер. Тістерді тазартудың стандартты әдісі Бұл әдіс қол щеткасы көмегімен тістерді тазартудың ең толық және тиімді тәсілі болып танылды. Тіс доғаларын шартты түрде салыстырмалы тіке сызықты бөліктерге – сегменттерге бөледі, онда щетканың жұмысшы алаңымен бірнеше жақын тұрған тістердің беткейлерінің жазықтықты қатынасы мүмкін. Жоғарғы және төменгі жақта оңнан солға 6 сегменттен ажыратады (сур. 5.26):
Сур. 5.26. Тіс доғасының сегменттерге бөлінуі. Стандартты әдісті орындау кезінде біртіндеп әрбір сегменттің тістерінің вестибулярлы беткейлерін, содан кейін оральды және шайнау беткейлерін тазартады. Қозғалыстың бірнеше түрлерін қолданылады: вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды сыпырушы, горизонтальды және айналмалы қозғалыстармен, шайнау беткейін – щетканың горизонтальды және айналмалы қозғалыстарымен тазартады. А. Вестибулярлы беткейлерді тазарту бірінші сегменттен басталады. 1. Вертикальды қозғалыстар. Щетканы 450 бұрышпен жоғарғы жақ тістерінің мойыналды аймағына қояды (сур. 5.27). Қызылиектен шайнау беткейіне сыпырушы қозғалыстар орындайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың І сегментін тазартады. 2. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ І сегменті тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы қояды және горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Осындай 10 қозғалысты орындап, осылайша төменгі жақтың С1 вестибулярлы беткейлерін тазартады. Сур. 5.27. Тістердің вестибулярлы беткейлерінде щетканың вертикальды сыпырушы қозғалыстары. 3. Айналмалы қозғалыстар. Қылдары жоғарғы жақ С1 тістерінің вестибулярлы беткейіне перпендикулярлы тұрады. Щетка жоғарғы және төменгі жақ С1 вестибулярлы беткейлеріне шеңберлер жүргізеді. Қызылиек жиегін зақымдамау үшін қызылиектен шайнау беткейіне дейін қозғалыс кезінде күш түсіреді, ал қарсы доғада щетка тістер мен қызылиекке қысымсыз өтеді. Екі жақтың С1 тістерінің вестибулярлы беткейлерінде вертикальды, горизонтальды және айналмалы қозғалыстар орындап, щетканы С2 жоғарғы тістерге ауыстырады және ретімен барлық жиынтықты қайталайды, одан әрі – С6-ға дейін қоса. Б. Оральды беткейлерді тазарту. Вестибулярлы беткейлерді тазарту кезіндегідей С1-С6 таңдайлық және тілдік беткейлерде вертикальды, горизонтальды және айналмалы қозғалыстар орындайды. Тазартатын беткейге щетка басының енуін қамтамасыз ету үшін щетканың сабы жиі вертикальдыға жақын қалыпты алады (қара сур. 5.28). Сур. 5.28. Тістердің шайнау топтары мен төменгі күрек тістердің оральды беткейлерін тазарту. В. Шайнау беткейлерін тазарту. 1. Горизонтальды қозғалыстар. Щетканы жоғарғы жақ С1 шайнау беткейіне қояды, алдыңғы артқы бағытта горизонтальды жазықтықта үдемелі қозғалыстар орындайды; 10 қозғалыстан кейін щетканы төменгі жақ С1 шайнау беткейіне ауыстырады. 2. Айналмалы қозғалыстарды сол бастапқы қалыптан жоғарғы С1 шайнау беткейлерінде, одан кейін – төменгі жақтың орындайды. Горизонтальды және айналмалы қозғалыстарды кезекпен, С2-С6 тістердің шайнау беткейлерін тазартады. Щеткамен тістерді тазарту әдістемесі бойынша оқушыларды нұсқау әдісі Марталлер жасап шығарған әдіс мектепте оқушылардың психофизикалық мүмкіншіліктеріне бейімделген стандартты әдістің карапайым нұсқасы болып келеді. Балалар тазартудың бірінші сатысында щеткаға максимальды күш салатындығын ескере отырып, автор процедураны вестибулярлы беткейлерден емес (балалар күш салып периодонтты зақымдауы мүмкін) шайнау беткейлерінен бастау керек. Одан кейін вестибулярлы және оральды беткейлерді тазартады. А. Шайнау беткейлерін тазарту. Ауызды аша отырып щетканы С1 жоғарғы тістердің шайнау беткейлеріне орналастырады, алдыңғы артқы бағытта 10 қысқа шапшаң горизонтальды үдемелі қозғалыстар жасайды және жоғарғы жақ доғасымен С2 ден С6 ға дейін щетканы ауыстырады. Содан кейін щетканы төменгі тістердің С6 шайнау беткейіне қояды және біртіндеп төменгі жақтың С1 – ге жеткізеді. Б. Вестибулярлы беткейлерді тазарту тістерді жымдастырады, ұртты щетканың басы ауыз қуысының кіреберісінде еркін жылжи алуы үшін босаңсытады. Щетканы С1 тістердің вестибулярлы беткейлеріне перпендикуляр орналастырады және бір уақытта жоғарғы және төменгі жақ тістерін тазартатын вертикальды загзаг тәрізді қозғалыстар жасайды. (1 сегментте10–ға дейін) және жоғарғы және төмен қозғалғанда бірдей күш салады. Осылайша С6 –ға дейін қозғалады. Егер науқас ортодонтиялық емдеу болса және тістердің вестибулярлы беткейлерде эджвайс-құрылымның алынбайтын элементтері бекітілген болса, онда бұл сатыда бөлек қысқа қозғалыстармен қызылиек жиегі мен осы элемментер арасындағы кеңістікті тазартады. В. Оральды беткейлерді тазарту. Ауызды кең ашады, щетканың басын жоғары тістерінің С1 таңдайлық беткейіне қояды, щетканың сабын бұл кезде вертикальды орналасады. Қысқа вертикальды қозғалыс (әрбір сегментте төмен және жоғарғы қозғалатын біркелкі күшті 10 қозғалысқа дейін) жоғарғы жақтың С1–ден С6–ға дейін тістердің таңдайлық беткейлерімен жүреді. Кейін щетканың басын төменгі тістердің С6 тілдік беткейіне қояды. (бұл кезде сабы жоғары қарайды) және осылайша төменгі тістердің С6–дан С1–ге дейін тілдік беткейімен өтеді. Мектепке дейінгі балаларды КАІ ауыз қуысы гигенасына үйрету әдісі Бұл әдіс психикалық дамуы онша жоғары емес (балалар, мүгедектер) адамдарға ауыз қуысы гигенасын уйрету үшін ұсынылған. КАІ деген аты – неміс тілінде тістер беткейінің аттарынан аббревиатурасы: К – Kauflächen (шайнау), A - Auβenflächen (сыртқы), I – Ihnenflächen (ішкі) (сур. 5.29). Сур. 5.29. КАІ әдісі. А. Шайнау беткейлерді тазартуға жоғарғы жақта С1–ден С6-ға дейін қысқа үдемелі горизонтальды қозғалыстар және төменгі жақта С1–ден С6-ға дейін жасалады. Б. Вестибулярлы беткейлерді тазарту жымдасқан тістер кезінде сегменттің жоғарғы және төменгі тістерінің бір уақытта алатын айналмалы қозғалыстардан жасалып, біртіндеп С1-н С6-ға дейін қозғалады. В. Оральды беткейлерді тазарту жоғарғы жақта (С1-ден С6-ға дейін) және төменгі жақта (С6-дан С1–ге дейін) қызылиек жиегінен шайнау беткейіне (кесу жиегіне) сыпырушы вертикальді қозғалыстар жасалады. Тістерді тіс щеткамен тазартудың қосымша әдістері Аталған қосымша әдістер тісті щеткамен тазартудың негізгі әдісі сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін арналған: тіс қағын алып тастау және қызылиекте қан айналысын жарақаттамай стимуляция. Қосымша әдістер оптимальды болып табылмайды, өйткені тек қана кейбір гигиеналық аспектілерге тоқталады. Қосымша әдістер кейбір элементтері құрайтын бөлік ретінде негізгі әдістерге кіреді. Қосымша әдістерді білу дәрігер және гигиенисттерге тісті тазартудың негізгі әдістерін нақты науқастардың ерекшелігіне бейімдеуге көмектеседі, оған қажет және қауіпсіз манипуляцияларды таңдауға көмектеседі. Қосымша әдістер тіс щеткамен негізгі 4 түрлі қозғалыстарынан біреуден немесе бірнешеуінен тұрады: 1) горизонтальды үдемелі ( Макдональд әдісі); 2) вертикальды (Смит- Белл, Рейт, Леонард әдістері); 3) вибрациялаушы (Чартер, Стилман, Басс әдістері). Барлық әдістер сегмент бойынша орындалады: С1–ден С6 –ға дейін немесе С6-дан С1-ге дейін. Макдональд әдісі (үш доға әдісі) Вестибулярлы, оральды және шайнау беткейлерді тазарту үшін тек горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар қолданылады. Щетка «аралаушы» қозғалыстар жасайды, біртіндеп келесі сегментке ауысады(щетканың бір жүру жолы – жарты тіс). Молярлардың дистальды беткейлерін, С3–С4 тістердің оральды беткейлерін щетка басының «мұрнымен» тазалайды. Еш жерін қалдырмай, тіс қатарының толық тазартылуын қаматамасыз ету үшін науқастың назарын әрбір жақтың тістерінен түзілген көрінетін «үш доғаға» аударады: ұрттық (вестибулярлы беткейлер); ауыздық (оральды беткейлер); шайнау. Горизонтальды қозғалыстармен әрбір жақтың барлық 3 доғасы бойымен жүріп өту керек. Әдістің артықшылығы: табиғилығы, қозғалыстардың қарапайымдылығы, барлық сегменттерді барлық жағынан тазарту мотивациясы. Әдістің кемшіліктері: мойыналды аймақтарды жеткіліксіз тазартылуы, тісаралық кеңістіктерге қылдардың ене алмауы, тістердің қатты тіндерінің мүмкін қажалуы. Смит-Белл әдісі («физиологиялық») Щеткамен тістеу және шайнау кезінде тіс беткейімен өтетін тағамдардың жолын қайталайды. Щетканы шайнау беткейіне қылдары онымен тіке бұрыш түзейтіндей етіп қояды. Щеткамен басын жеңіл басып және айналдыра отырып, шайнау беткейімен жүргізеді, әрі қарай (вертикальды бағытта) – вестибулярлы беткеймен қызылиек жиегіне жүреді. Әдістің артықшылығы: физиологиялығы. Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі, қызылиек жарақаттану қаупі. Рейте әдісі Вестибулярлы және оральды беткейлерді сыпырушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін – горизонтальды қозғалыстармен тазалайды. Вестибулярлы және оральды беткейлерде қылдар тағам өтетін жолмен кері бағытта өтеді: қызылиек жиегінен шайнау беткейіне. Алдымен қылдарды тістердің вертикаль осіне параллель орналастырады, бұл кезде қылдар ұштары қызылиекке жанасады және жолдың соңында қылдар тістің осімен тік бұрыш түзейді. Әдістің артықшылығы: қызылиек жарақатының аз мүмкіндігі, қылдардың тісаралық кеңістіктерге енуі. Әдістің кемшілігі: техникалық күрделілігі. Леонард әдісі Вестибулярлы және оральды беткейлерді вертикальды қозғалыстармен тазартады, ал шайнау беткейлері – горизонтальды қозғалыстармен тазартады. Рейтте әдісінен өзгешелігі вестибулярлы беткейлер тістер жымдасқан кезде тазартылады, ал қылдар әрқашан тістер беткейлеріне перпендикуляр. Щетка қозғалысы: а) төмен қарай: жоғарғы тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), төменгі тістердің шайнау беткейлерінен олардың мойындарына (күш салусыз); б) жоғары қарай: төменгі тістердің мойындарынан олардың шайнау беткейіне (күш салып), жоғарғы тістердің шайнау беткейлерінен – олардың мойындарына (күш салусыз). Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың үнемділігі, қызылиекті жарақаттау қауіпі аз. Әдістің кемшілігі: жоғары техникалық күрделілік. |