Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Ауыз қуысының жеке гигиенасына үйрету Ауыз қуысы гигиенасына үйрету стоматологтың, оның көмекшісі мен гигиенисттің санитарлы-ағарту жұмысының негізін құрайды. Стоматологиялық қызметкерлер науқастарды ғана үйретпей, сонымен қатар басқа маман дәрігерлерді, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, ата-аналарды гигиеналық үйретеді. Үйрету әр түрлі әдістермен және тәсілдермен жүргізілуі мүмкін (жекелік те, топтық та, кеңселік де, коммунальды да), бірақ барлық жағдайда – әр түрлі жастық топтарға бағытталған психология мен педагогика ережелері негізінде жүзеге асады. Ауыз қуысына күтім жасау ережелерінің ішінен үйретудің ең таралмалы формаларға гигиена сабағы болып табылады. Гигиена сабағының принципиальды құрылымы оқыту мақсаттарына сәйкес құрылады: І саты- мотивация, ІІ саты-гигиенаның әдістері мен тәсілдерін таңдау, ІІІ саты- таңдалған гигиена әдісін тәжірибелі оқыту. Мотивация. Жалпы жағдайда әңгімелесу барысында науқасты сендіру керек:
Осы сатылардың нәтижесінде науқаста тіс жұғындыларынан дәл қазір құтылу ынтасының пайда болуы болып табылады. Гигиена әдістері мен заттарын таңдау. Осы сатыда дәрігер науқасқа қандай щетканың, сықпаның, флоссалар мен басқа да гигиеналық заттардың жеке жағдайында тістердің тиімді тазаруына қажет екенін айтады. Кабинетте гигиеналық заттардың үлгілерінің болуы, науқасқа оның үйіндегісімен салыстыруға мүмкіндік береді, керекті заттар көріп тұрғанда мотивацияны бекітеді. Егер дәрігер науқасқа қажетті щетканы, сықпаны, флоссаны ұсына алатын мүмкіндігі болса, бұл өте жақсы. Тісті тазарту әдістеріне үйрету. Оқыту үшін 2 негізгі әдісті қолданады: а) үлгіде демонстрацияны оқып үйрету; б) ауыз қуысында тәжірибелік үйрету (бақыланып отыратын тістерді тазалау). Оптимальды жағдайда оқытуды үлгіде демонстрациялаудан бастайды, кейін оны тәжірибелік оқыту кезінде бекітеді. Науқасты жаңа тазарту әдістеріне үйрету үшін, оның гигиеналық дағдылары қай деңгейде екенін анықтап алады және осының негізінде әдеттегі қозғалыстарды түзету жоспарын құрады және жаңа элементтерге үйретеді. Диагностика үлгісінің көмегімен және ұсынымен тіс тазалау кезінде де жүргізіледі. Бірінші жағдайда науқасқа щетка, жіп, үлгіні беріп, одан әдетте олтістін қалай тазартатынын көрсетуі сұралады.Дәрігер науқас щетканы (жіпті) қолында қалай ұстайтынына, әрбір тіс тобының әрбір беткейіндегі қозағалыстар саны мен бағытына, щеткаға түсетін күштің шамасына назар аударады. Пікірлер толығымен тілектестікпен айтылуы керек: дәрігер қателіктерді тауып, олардың негативті салдарларын науқас өзінің ауыз қуысында көрген проблемаларды көрсетіп, түсіндіруі керек, ешқашанда науқасты оның дұрыс еместігін бетіне баспайды! Кейін дәрігер үлгіде қозғалыстар техникасына қандай өзгерістер енгізу керектігін көрсетеді және науқастан осы үлгіде жаңа қозғалыстардың қайталауын сұрайды. Тістерді щеткамен бақыланатын тазарту – бірнеше шарттар сақталғанда ғана жүргізілуі мүмкін: науқас өз щеткасын әкеледі, оның тіс сықпасы бар (немесе кабинеттегі бар) ауызды жуу мен шаю мүмкіндіктер және айнаның бар болуы. Процедура бірнеше сатылардан тұрады:
Тиімді оқып–үйрену үшін бір гигиеналық сабақтың өзі жеткіліксіз. Әрі қарай науқастың қабылдауларында тістердің бақыланатын тазартылуы жүргізіліп және жетістіктер мен науқастың жіберген қателіктері талданады, оған ауыз қуысындағы жағдайдың біршама жақсарғанын көрсетеді. Жарты жыл өткеннен кейін және одан кейін науқастың талдауымен күшейтілуі мүмкін: жегі өсуінің болмауы (тежелу) науқасты әрі қарай ауыз қуысы гигиенасын сақтауға күш салуға ынталандырады. Жоғарыда көрсетілген ауыз қуысы гигиенасына оқып–үйрететін принципиалды сызба бейімділікті талап етеді:
Гигиеналық оқыту барысында тіс жегісін алдын-алудың басқа аспектілерінде атап өтеді: тамақтану, фтор алдын-алу сұрақтары т.б.). 1 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын оқытуды - бұл жастағы балалар біздің науқастырымыз сирек болатындықтан, стоматологиялық қабылдау шегінде ұйымдастыру қиын. Бұл стратегиялық алдын-алу жоспардағы маңызды топтың ағарту жұмыстарын жүргізу үшін болашақтағы және кейін- жас ата-аналар қаралуға баратын дәрігерлер мен стоматолог бірге жұмыс жасаудың бастаушы болуы қажет. Стоматолог-әйелдер консультациясында жүкті әйелдер үшін ұйымдастырылатын лекторлар жұмысына мектептегі, бала-бақша, поликлиникаларда, мектепте жас ата-аналар әңгімелерімен, дәрістерімен шығып сөйлесіп, қатысуы қажет. Көптеген елдерде жасалып жатқан ең дұрыс вариант, өз кезегінде ата-аналарды жаңа туған нәрестелер ауыз қуысына қалай гигиеналық күтім жасауға үйрететін педиатрлар мен патронаждық педиатрлық медбикелер жаңа туған нәрестелердің отбасына басқа мамандардан ертерек кіретіндіктен, оларға стоматолог ағарту жұмысын жүргізіп оқытады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналрын оқытуды стоматолог жүргізеді. Педиатр 1,2,3 жастағы баланы стоматологтың консультациясына жолдауға міндетті және стомалог қабылдауында сәйкес әңгімені құрып, ата-аналарды баланың тістерін тазартудың тәжірибелік тәсілдеріне үйрету керек. Балалардың өзін ауыз қуысының гигиеналық күтіміне үйрету негізінен ата-анасының мойындағы іс, бұларға стоматолог негізгі ережелерді түсіндіруі керек: өзінің жеке үлгісіне сүйену, гигиеналық шаралар кезінде психологиялық комфортты жасау, балалар щеткасының қызықты модельдерін ұсыну «сабақтың» ойындық түрі, уақытты шектеу (3-5 мин) және жаңа материал көлемінде баланың ынтасы мен жетістігі үшін мадақтау. Баланы мануальды дағдыларға үйрете отырып, бала әлемді айнадағы сурет сияқты көретінін, бағалайтынын ескеру керек. Сондықтан ересек – оң қолды адам модельдегі кубикте щетканың қозғалыстарын оңақай – балаға демонстарциялағанда балаға бетімен қарап ораналасып, щетканы сол қолда ұстауы керек. Негізгі айна алдында ересек баланың жанында (немесе артында) бір деңгейде немесе жоғарырақ орналасып манипуляцияларды оң қолмен жасап үйрету керек. Егер дәрігер кабинетте баламен өзі сабақ жүргізіп, үрдіске ата-аналарды белсенді тартып, маңызды сәттерге олардың назарын аударса, стоматологтың ата-аналарымен әңгімесінің тиімділігі осыдан жоғарылайды. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын стоматологпен жүргізіледі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың гигиеналық оқытылуы стоматологиялық кабинетте, отбасыда, балалар мекемесінде жүргізілуі тиіс (сур. 5.32). Сур. 5.32. 3-6 жастағы балаларды гигиеналық тәрбиелеудің сызбасы. Балалардың оқытылуының гигиеналық мотивациясында және үнемі профилактикалық белсенділікті ұстап тұруда басты рөлді отбасы атқарады. Баланы стоматологиялық кабинетте қабылдайтын стоматолог оның ауыз қуысының гигиенасының сапасын ата-анасына демонстрациялауға, сәйкес келетін гигиеналық заттарды таңдауға, ересек адам қолдарымен баланың тістерінің үйретуге қажетті тазалау ережелерін және КАІ әдісінің элементтерін ата-анасына түсіндіруге міндетті. Сәйкес манипуляцияларға ата-аналарды да үйрету үшін гигиена сабағын өткізу өте пайдалы. Стоматолог балалар мекемесі медициналық қызметкерлері мен педагогтарын алғашқы стоматологиялық профилактика ережелеріне, яғни балалардың ауыз қуысына гигиеналық күтім жасауды, кейін осы жұмысшылар балаларға сәйкес оралды әдеттерді қалыптастыру үшін үйретуі керек. Балаларды оқыту олардың жастық ерекшелеріне сәйкес, әдістер мен формалар көмегімен жүргізіледі: сабақтар ойын түрінде жарысу элементтерімен өтеді, ақпарат сабақ циклінің ағымында бірнеше бөлшектеліп беріледі. Тәжірибелік оқыту модельдерде жүргізіледі: әрбір жаңа элемент «2 қолда» бірнеше рет қайталанады, яғни ересек адам өзінің қолының үстіне баланың қолын салғанда тістерді тазалауды қолжуғыштардың жанында ересектің бақылауында және белсенді қатысуымен жүргізеді, ол баланың қолының қозғалыстарын бағыттап, щеткаға түсетін күшті бақылап отыруы, тістердің тазарту сапасын байқап баланың жетістігін мадақтауы керек. Осының нәтижесінде 6 жасқа келген бала мыналарды игеруі керек:
7-ден 10 жасқа дейінгі балаларды және олардың ата-анасын оқытуды мектептеде, стоматологиялық кабинетте де жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы гигиенасындағы ата-аналардың белсенді ролін есте ұстау керек және тек баланы оқыту емес, барлық жанұясын оқытуды балалар мен ересектердің міндеттері мен мүмкіндіктерін көрсете отырып ұйымдастыру керек. Мектеп бағдарламасында оқушылардың гигиеналық тәрбиеленуі үшін сағаттар қарастырылады. Гигиена сабағын стоматолог, гигиенист немесе олармен оқытылған мектептің медбикесі жүргізеді. Әңгімелесу - сыныпта өткізілуі мүмкін, ал тістердің бақыланатын тазартылуы асханаға кіретін жердегі қолжуғыш жанында немесе стоматологиялық кабинетте немесе арнайы жабдықталған алдын алу кабинетінде жүргізіледі. Кіші жастағы мектеп оқушылары үшін бірнеше 15-20 минуттық әңгімелесулер жүргізеді, әрі қарай алдын алуды түсіндіретін түрлі сұрақтарын және балаларды стоматологиялық өз-өзіне көмекті мотивациялайтын әңгімелесулер жүргізеді. Гигиена сабағының тәжірибелік бөлімінде ересек адам балалардың үйінен әкелген щеткалары мен сықпасын бағалап, олард жылы сөзбен ауыстыруға кеңес береді (ешқандай жағдайда да жақсы гигиена заттары жоқ балаларды сыныптастары арасында күлкіге айналдыруға себеп бермеу керек!). Тіс жұғындылырының боялуын жүргізіп, оларды айнада демонстрациялап, тілектестікпен талқылайды. Алдағы мотивациялар модельдер көмегімен «өтеді», кейін тістерді тазалауға кіріседі. Ересек адам әрбір баланың жұмысын бақылап, қозғалыстарды дұрыстайды, олардың санын бақылап отарады. Тісті тазартудан 2-3 минут өткен соң ауыз қуысын шайғаннан кейін, жүргізілген тазартудың сапасын талдауды жүргізеді, анықтайды және ең жақсы түрлерін мақтайды. 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдерді оқытуды стоматологиялық кабинетте ата-анасының қатысуымен жүргізеді, ересектердің белсенді араласуын қажет ететін баланың нақты субьективті және обьективті гигиеналық мәселелерін атап көрсетеді. Ата-анасы жасөспірімнің қызығушылығы тұрақты емес екенін біле отырып, оған үнемі психологиялық қолдау және бақылау көрсетуі қажет. Мектеп жағдайында ауыз қуысы гигиенасын бастау алдында аудиторияның осы сұрақ бойынша базалық білім деңгейі мен дағдыларын анықтау қажет. Мұндайда балаларды алдын ала қарау арқылы немесе анкеталау жолымен жасауға болады:
Анкеталар бұдан да күрделі болуы мүмкін, ол тақырыпты дәл анықтауға және осы немесе басқа топппен нақты мазмұнда әңімелесуге мүмкіндік береді. Гигиенаның алдын алу сабақтарын қыз, не ер балалардан тұратын топтарда немесе жеке жағдайдағы тәртіпте жүргізіледі, ал кемшіліктерді талқылауды ерекше сақтықпен және стоматологиялық қызығушылықпен ғана емес, баланың жанына деген жанашырлықпен талқылауды жасаған жөн. Ересектерді оқыту әрбір науқастың психологиялық ерекшеліктеріне қатаң сәйкестікте жүргізілуі қажет. Ауыз қуысына күтім жасауға деген мотивация популяциялық және топтық алдын алу жұмысы кезінде жүргізілуі мүмкін, практикалық оқыту- тек қана жеке тәртіпте жүргізіледі. Тістерді бақылап тазарту әдісі- ең жақсы нәтижелерді береді, өйткені ол науқасты ережелер туралы көзқарасты ғана бағалап түзетпей, сонымен қатар оның іс жүзіндегі манипуляцияларға әсер етіп, жасау бағыттарын және жұмсайтын күшті физикалық түрде сезуге, проприоцептивті түрде меңгеруге мүмкіндік береді 5.4. Тіс жегісіне резистенттілік Тіс жегісіне резистенттілік – жегіленген шабуылға қарсы тұра алу қасиетін білдіретін ұғым. Тістің эмалінің сақталуы кариесогенді жағдайда екі негізгі табиғи фактормен жүзеге асады: 1) эмальдың қасиеті; 2) минимальды жегіленген зақымдану жағдайында олардың реминерализациялану қасиеті. Сондықтан ағзаның тіс жегісіне резистенттілігі туралы айтады, ол адамның жалпы денсаулық деңгейі мен физиологиялық жекелікпен, ал жергілікті деңгейде - эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығы және ауыз сұйықтығының тіс жегісіне қарсы қасиетімен анықталады. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығы тірі тістің эмалінің жағдайын реттеп отыратын, тіс ұлпасының функциональды жағдайы мен оның құрылымының сапасын көрсетеді. Эмаль құрамының көптеген сипаттамаларының ішінде, оның тіс жегісіне тұрақтылық деңгейіне әсер етуші минерализация сапасын ерекше ажыратып айтады. Минерализация үрдісін шартты түрде екі сатыға бөледі: 1) преэруптивтивті, жақтың ішінде тіс эмалінің қалыптасу кезінде өтеді; 2) постэруптивті, тіс эмалінің беткей қабатында табиғи көздерден минералдардың түсуімен және алдын-алу препараттарымен байланысты. |