Главная страница
Навигация по странице:

  • Тістер тіндерінің қалыптасу мерзімдері

  • Тістердің тіс жегісі резистенттілігі қалыптасуының критикалық кезеңдері

  • Тіс жегісіне резистенттіліктің преэруптивті қалыптасуының сапасын анықтайтын факторлар

  • Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау

  • 5.4.2. Тістер жегісінің жүйелі алдын алу әдістерімен жегіге резистенттілікті қалыптастыру және ұстану жағдайларын оптимизациялау мүмкіндіктері.

  • Кальцийдің жоғары құрамы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі

  • Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу


    Скачать 3.31 Mb.
    НазваниеІ тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
    АнкорКнига профилактика.doc
    Дата25.12.2017
    Размер3.31 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКнига профилактика.doc
    ТипДокументы
    #12854
    страница20 из 38
    1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

    5.4.1. Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының табиғи жағдайлары

    Тіс жегісіне резистенттілік қалыптасуының преэруптивті механизмі

    Тістердің қалыптасуы тіс ұрығының қалыптасуы мен дамуынан басталады. Дифференциация үрдісінің келесі кезеңі эмальды ағзаның, эмальды емізікшелердің және эмальды қапшықтың түзілуіне әкеледі. Гистогенез кезеңінде дентин түзіледі және онымен байланыста эмаль түзіле бастайды. Эмаль энамелобласттардың өнімі ретінде есептеледі. Бұл молекуласынан үш өлшемді тор түзіледі, сол түйіндерде кальций иондары орналасады.

    Эмаль матрицасының осындай үрдіспен қалыптасуынан Са-түйіндерінде кристалдардың түсуі басталып, тез минерализацияланады. Эмаль кристаллдарының негізгі типі - апатиттер, жалпы формуламен есептеледі.



    Апатиттердің көп бөлігін (75%) гидроксиапатиттер құрайды. Гидроксиапатиттердің қышқылды ерітіндіде тұрақтылығы бірнеше факторларға тәуелді, соның ішінде кальций атомдарының санына, өйткені апатиттің қышқылмен байланысы кезінде, байланыстыру үшін Н+ беру қажет. Себебі апатитте фосфатты топтар саны салыстырмалы тұрақты. Апатиттің қышқылда тұрақтылығы, ондағы кальций мен фосфордың қатынасына тәуелді. Гидроксиапатиттердің тіс жегісіне тұрақтылығы келесі қатармен өседі , Са:Р қатынасында 1,3;1,67 және 2,0 сәйкес.

    Апатиттердің тіс жегіге тұрақтылығының түрлі варианттары белгілі:

    а) кальцийді бариймен, магниймен, хроммен, кадмиймен немесе мырышпен ауыстыруға болады;

    б) фосфатты топтар құрамында карбонат, кремний немесе мырышы бар топтармен ауыстырылуы мүмкін;

    в) гидроксильді топтарды фторидпен (қышқыл тұрақтылығын жоғарылатады), хлор ионымен, бормен, йодпен (қышқыл тұрақтылығы төмендетілген) алмастыруға болады. Ең оптимальды апатит ретінде фтордың екі ионымен көп мөлшерде кальций атомымен байланысқан апатит есептеледі:

    Ақуыз торларының түйіндерінде түзілетін апатиттер, эмальды призманың негізін құрайтын пластиналарға жиналады. Түзілген эмальдың ақуыздың матрицасы өте жұқа, даму үрдісі кезінде эмаль ақуызы арнайы ферменттермен белсенді бұзылады, бірақ байланыстырушы жіптер қызметін сақтайды және эмальды сұйықтықтың ығысуына әсер етеді.

    Уақытша және тұрақты тістердің әрбір тобының өзінің ұрықтырының қалыптасу, дифференциация, гистогенезі мен минерализациялану мерзімі болады (табл. 5.14). Бұл кездегі ағзаның гомеостазы тістің тіс жегісіне тұрақтылық деңгейіне әсер етеді деп есептейді. Тістердің дамуы мен тіс жегісі тұрақтылық қалыптасуының критикалық кезеңдерін ажыратады (табл. 5.15).

    Таблица 5.14

    Тістер тіндерінің қалыптасу мерзімдері


    Тістер

    Салынуы

    Минерализациясының басталуы

    Сауыттың қалыптасуы

    Жарып шығуы

    Түбірдің қалыптасуы

    Уақытша

    Күрек тістер

    6-8 апта қ/і

    14-16 апта қ/і

    1,5-2,5 ай

    6-10 ай

    1 жас 6 ай

    Ит тістер

    17 апта қ/і

    9 ай

    19-20 ай

    3 жас 3 ай

    1-ші моляр

    15 апта қ/і

    5,5-6 ай

    16 ай

    2 жас 3 ай

    2 жас 6 ай

    2-ші моляр

    18-19 апта қ/і

    11 ай

    27-29 ай

    3 жас

    Тұрақты

    Күрек тістер

    23-25 апта қ/і

    3 ай

    3,5-5,5 жас

    6-8 жас

    9,5-11 жас

    Ит тістер

    23-25 апта қ/і

    4 ай

    5-6 жас

    10,5-11,5 жас

    12-13 жас

    Премолярлар

    15 ай

    22-28 ай

    7-8 жас

    11 жас

    14-15 жас

    1-ші моляр

    17-20 апта қ/і

    32 апта қ/і

    3,5-4 жас

    6 жас

    10-11 жас

    2-ші моляр

    15 ай

    27 ай

    7,5-8 жас

    12 жас

    15-16 жас

    3-ші моляр

    4-5 жас

    8-9 жас

    14 жас

    20 жас

    22 жас

    қ/і – құрсақішілік даму.


    Таблица 5.15

    Тістердің тіс жегісі резистенттілігі қалыптасуының критикалық кезеңдері


    Өмір кезеңі

    Тістер қалыптасуының үрдістері

    6-8 апта қ/і

    Уақытша тістердің салынуы

    15-16 апта қ/і

    Уақытша тістер тіндерінің ажыратылуы

    17-20 апта қ/і

    Уақытша тістер сауыттары минерализациясының басталуы

    6-шы тістер ұрықтарының салынуы

    23-25 апта қ/і

    Уақытша тістер сауыттарының минерализациясы

    1, 2, 3-ші тістер ұрықтарының салынуы

    30 апта қ/і

    6-шы тістер минерализациясының басталуы

    өмірінің 3-8 айлары

    1-3-ші тістер минерализациясының басталуы

    2-3 жас

    4, 5, 7-ші тістер ұрықтарының салынуы

    4-ші тістер минерализациясының басталуы

    2,5-3,5 жас

    5, 7-ші тістер сауыттары минерализациясының басталуы

    4-5 жас

    8-ші тістер ұрықтарының салынуы



    Тіс жегісіне резистенттіліктің преэруптивті қалыптасуының сапасын анықтайтын факторлар

    Энамелобласттардың қызметі негізінде, ағзаның басқа да клеткалары сияқты, адамның генетикалық бағдарламасы жатыр. Тіс жегісі резистенттілігінде генетиканың рөлі, келесі классикалық бақылаумен дәлелденеді: бір жұмыртқалы егіздерде КПЖС көрсеткіштерінің конкорданттылығы 75% құраса, екі жұмыртқалы егіздерде 15% құрайды.

    Генетикалық бағдарламаның іске асырылу үрдістері алмасу үрдістерін, энергетиканы және т.б. нервтік және гуморальды бақылаудың қандайда бір деңгейімен сипатталатын ағзаның өмір тіршілігінің шынайы жағдайында өтеді. Сондықтан тістердің тіс жегісіне тұрақтылығы көбінесе жүкті әйелдің және баланың денсаулығының жағдайына байланысты. Ғылыми әдебиеттерде тістердің тіс жегісіне тұрақталығының бірқатар әлеуметтік және психосоматикалық факторлардың негативті әсер ететін дәлелдеулер көрсетілген.

    А. Жүктіліктің ағымымен байланысты факторлар:

    - жүкті әйелдің өте жас болуы;

    - кәсіптік зиянды әдеттер;

    - жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы токсикоз;

    - соматикалық патология (нефропатия, гипертония, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылысы);

    - жүкті әйелдің инфекциялық аурулары (ЖРА, энтеровирусты инфекция, қызамық, токсоплазмоз, туберкулез, ревматизм);

    Б. Ұрықтың жағдайымен байланысты факторлар:

    - резус-сәйкес еместігі;

    - салмағынан қалуы;

    - ұрықтың 3 кг-нан артық гипертрофиясы;

    - уақытынан ерте және кеш босану;

    В. Баланың жағдайымен байланысты болатын факторлар:

    - босану кезіндегі араласулар (медикаментозды және механикалық);

    - жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы;

    - сепсис;

    - рахит;

    - жедел аурушаңдықтың жоғары индексі;

    - тамақтанудың бұзылысы;

    - созылмалы соматикалық аурулар.

    Статистика бойынша 1990 жылдары Ресей мемлекетінде босанушы әйелдердің 10% ғана сау болды. Балалардың денсаулығының сипаттамасы соңғы 10 жылдықтарда қан айналым, асқорыту, сүйек бұлшықет жүйелерінің ауру жағдайларының санының өсуімен байланысты айқын нашарлатады. Әсіресе тіндердің (соның ішінде тістердің) қалыптасу сапасы үшін «үлкен серпілістер» – дененің салмағы мен ұзындығының біраз өсуі, кезеңінде гормональды қайта құрылыстар: антенаталды даму кезеңінің екінші жартысында, алғашқы бірінші алты айлығында, 5-7 жас пен 10-11 жас аралығында маңызды.

    Науқас ағзасының антенаталды және постнаталды даму кезеңдері бойы гомеостаз сапасы туралы мәліметті стоматолог алуы мүмкін:

    а) науқастан және/немесе оның ата-аналарынан анамнез жинау барысында;

    б) дәрігерлерден, қарайтын науқастардан, оның медициналық құжатынан. Бағдар ретінде стоматолог, педиатр анықтайтын бала денсаулығының тобы туралы мәліметті қолдауы мүмкін (табл. 5.16).

    Таблица 5.16

    Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау



    Балалардың денсаулық топтары

    Критерийлері


    Онтогенез

    Физикалық дамуы

    Нервті-психикалық дамуы


    Резистенттілік

    Функциональды жағдайы

    Созылмалы аурулары және ақаулары

    І топ. Сау

    Қолайлы

    Ауытқулары жоқ

    І, ІІ топ

    Жоғары, орташа

    Қалыпты

    Жоқ

    ІІ топ. Шартты сау

    ІІа

    Ауытқулары бар

    Ауытқулары жоқ

    І, ІІ топ

    Жоғары, орташа

    Қалыпты

    Жоқ

    ІІб

    Ауытқулары бар

    Ауытқулары бар

    І, ІІ, ІІІ топ

    Төмендеген

    Бұзылған

    Жоқ

    ІІІ топ. Ауру (компенсирленген)

    Ауытқулары бар

    Ауытқулары бар

    І, ІІ, ІІІ топ

    Төмендеген

    Бұзылған

    Жоқ

    ІV топ. Ауру (декомпенсирленген)

    Ауытқулары бар

    Ауытқулары бар

    I, II, III, IV топ

    Төмендеген

    Бұзылған

    Бар


    Науқастың соматикалық денсаулығына әсер ету мүмкіндіктері санитарлы ағарту жұмыстармен шектеледі. Жүкті әйелдермен, ата-аналармен және балалармен қабылдауда да, арнайы кездесулер кезінде де стоматолог әңгіме құрып, науқастың денсаулығы жағынан жүріс тұрысты дұрыс бағалап, науқастың адекватты жасына және науқастың жағдайына сәйкес сауатты ұсынымдар беруі керек. Басты назарды жоғарыда аталған қауіп факторларына аудару керек, осымен байланысты босануды, акушер-гинекологтың тіркеуіне уақытында тұруды, ұсынымдардың қатаң түрде орындалуын, педиатрмен баланы тұрақты бақылауын, баланы қоректендірудің ережелерін қадағалауын, оның денсаулығын нығйтуды, салауатты өмір салтын ұстануды жоспарлауға ұсыным берілуі тиіс.

    Өмір анамнезі жағынан, науқастың соматикалық денсаулығына қатысты науқастың стоматологиялық алдын-алу көмегін жоспарлау кезінде қарастыру қажет: анамнез қаншалықты қолайсыз болса, көмек соншалықты қарқынды болуы керек.
    5.4.2. Тістер жегісінің жүйелі алдын алу әдістерімен жегіге резистенттілікті қалыптастыру және ұстану жағдайларын оптимизациялау мүмкіндіктері.

    Кальций препараттарын жүйелі алдын алуды қодану

    Кальций, негізгі массасы фосфаттар ретінде минерализданған тіндерде жиналатын маңызды элементтернінің бірі болып табылады (апатиттер, фосфориттер). Бірақ та қандағы кальцийдің қалыпты деңгейін ұстану бірінші кезекте өмірге маңызды болып келеді, өйткені бұл гемостазды қамтамасыз ету үшін, бұлшықеттік жиырылуларға нерв импульстарын өткізу үшін, клеткалық мембараналардың тұрақтылығы үшін және т.б. қажетті. Сондықтан элементтің жетіспеушілігі кезінде ағза тістердің пайдасына тигізбей, бар кальцийді қайта реттейді.

    Резистенттілігі төмен болатын эмаль қалыптасатын жағдайларда ағзада кальцийдің қажеттілігі және оның тіндер мен ағзаларға түсу арасындағы сәйкессіздіктің салдарынан туындайды. Тамақ өнімдерімен бірге ағзаға кальцийдің түсу қажеттілігінің орташа деңгейі Са 1500 мг, D витаминінің түсуі жүретін тәулігіне 400 МЕ/тәул. құрайды. Кальцийдің көзіне сүтті тағамдар жатады (табл. 5.17), сондықтан рационның ерекшеліктерімен байланысты бұл элементтің тәуліктік түсуі 0,2 г-нан 15 г-ға дейін ауытқуы мүмкін.

    Таблица 5.17

    Кальцийдің жоғары құрамы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі


    Өнімдер

    [Са]мг/100г

    Ірімшік

    1000

    Қойыртылған сүт

    307

    Петрушка

    245

    Шоколад

    199

    Өрік

    160

    Сүзбе

    1150

    Фасоль

    150

    Йогурт

    124

    Айран

    120

    Сүт

    1220

    Шпинат

    106

    Жасыл жуа

    100

    Балқаймақ

    90

    Қаймақ

    86

    Асбұршақ

    89

    Изюм

    80


    Кальцийге жоғары қажеттілік (2г/тәул. дейін) туындайды:

    • үлкен физикалық жүктеме кезінде;

    • ұрықтың минерализациясымен байланысты жүктіліктің екінші жартысында (жүктіліктің ІІІ триместр бойы ұрық қаңқасы 25 г кальций жинайды);

    • лактация кезінде (күн сайын емшек сүтімен бірге кальцийдің 0,3 г шығарылады);

    • балалардың тез өсуі кезінде (ересек қаңқасы кальцийдің 1 кг құрайды);

    • қарт жаста (гормональды өзгерістер салдарынан кальций жоғалуына байланысты);

    Тіндерде кальцийдің жетіспеушілігінің терең себептері бұл минералдың сіңірілу және таратылудың бұзылыстарымен байланысты:

    • асқорыту жолдары патологиясы;

    • диетада фосфор қосылыстарының жетіспеушілігі кезінде;

    • ішекте кальцийдің сіңірілуі үшін қажетті D (кальцитриол) витаминінің белсенді формасының жетіспеушілгі кезінде, бұл бірқатар себептерден болуы мүмкін:

    - D витамині бар өнімдердің жетіспеушілігі (өсімдік майы, тауық жұмыртқасының сарыуызы, бауыр);

    - ультра күлгін сәулелердің әсерінен дигидрохолестериннің фотолизі жолымен теріде кальцийтриол түзілуінің шектелуі (қолайсыз климат пен экологиялық жағдайлар кезінде төмен инсоляциямен байланысты мәселе);

    - бауыр мен бүйрек патологиясы кезінде D витаминінің белсенді формаларын синтездеудегі бұзылыстар;

    - кальций алмасуын гормональды реттеу бұзылыстары (қорда кальцийдің ұстайтын тиреокальцитонин мен қордан кальцийді шығаратын паратгормон, эстроген, прогестин және т.б. арасындағы тепе-теңдіктің бұзылысы).

    Бұдан басқа, кальцийдің жетіспеушілгі оның жоғалуымен байланысты түзілуі мүмкін - мысалы, жиі құсқанда, жүктілі токсикозы кезінде.

    Стоматолог қауіп жағдайын анықтаған кезде және науқастың анамнезін қорытындылап, рационға сәйкес өзгерістерді енгізуді немесе егер бұл жеткіліксіз болса, кальций қоспаларын қосуға ұсыным береді. Кальций қоспалары ретінде оның әр түрлі қосылыстары қолданылады: хлорид, лактат, глюконат, глицерофосфат, карбонат (кальцийдің биожетімділігі төмендегенде аталған тұздар). Препараттарды дәрігер педиатрмен бірегей 2-4 аптада жүйелі түрде қайталанатын курстармен жастық мөлшерде тағайындайды (терапевт, акушер). Қысқы уақытта кальций препараттарын D витаминдері бар препараттарды кальций қоспаларымен бірге қолдануды ұсынады. Минералды қоспалары бар поливитаминдер кең таралмалы.
    1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38


    написать администратору сайта