Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Сілекейдің тіс жегісі протективті мүмкіншіліктерінің төмендеу себептері. Гипосаливациясы бар науқасқа көмек шаралары Сілекейдің мөлшерінің төмендеуі және оның қызметінің нашарлауы тіс жегісінің өсуіне алып келетіні белгілі. Сондықтан дәрігер сілекейдің патологиясын зерттей отырып, осы патологияның себебін табуға мүмкіндік жасау және науқасқа осы және басқа да коррекцияны айту. Гипосаливацияның симптомдары мен себептері (ксеростомия) Реттелген сілекей бөлінудің 0,15 мл/мин төмен және 0,5 мл/мин төмен жылдамдығы кезінде адамда ауыз қуысында құрғақ және жиі тіс жегісінің қарқынды дамуына әелетін, соның ішінде тіс жегіге тұрақты беткейлерде сілекейдң жетіспеушілігі пайда болады. Гипосаливация сілекей бөліну жылдамдығын өлшеу көмегімен анықталуы мүмкін, бірақ жиі сұрастыру және қарау барысында анықталады. Науқас жұтыну қиын екенін және сондықтан тағамды сумен ішуге мәжбүр болатынын, сөйлеу кезінде жағымсыз сезімдер пайда болатынын, үнемі су ішкісі немесе аузын шайғысы келетінін атап көрсетеді. Клиникалық қарау кезінде ауыз қуысы кілегей қабығы жылтырлығының жоғалуына және құрғақтығына, тілдің арқасында терең қатпарларға, ауыз бұрышында қақ пен жырықтарға, жеткіліксіз және жабысқақ сілекейге назар аударады. Құрғақ ауыз проблемасы жас адамдардың 13% және кәрілердің 40% кездеседі. Ксеростомияның ең жиі себептері ішінен жұмсақ тағамды таңдау, тістерді жоғалту немесе протездерді қолдану кезінде шайнау белсенділігінің төмендеуін, жақасты және тіласты бездері өнімділігінің жастық төмендеуін атайды. Дегенмен егер сілекей бөлінудің гомеостатикалық бақылауының күрделі ұйымдастыруын еске түсірсек, гипосаливацияға себепші болатын факторлардың толық тізімінің қолайсыздығы түсінікті болады (табл. 5.21). Таблица 5.21 Гипосаливациның себептері
|