Главная страница
Навигация по странице:

  • Сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі

  • Сілекей бөлінудің жүйелі реттелуі

  • Гипосаливацияның компенсаторлы терапиясы

  • 5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері

  • Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын зерттеу әдістері

  • ТЭР (эмальды тұрақтылықтың тесті) (

  • Эмальдың күлінде калций мен фосфордың санын анықтау

  • 5.4.5. Тіс жегісіне тұрақтылықты ұстап тұру және қалыптастыру үшін жергілікті алдын-алу заттарын қолдану

  • Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу


    Скачать 3.31 Mb.
    НазваниеІ тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
    АнкорКнига профилактика.doc
    Дата25.12.2017
    Размер3.31 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКнига профилактика.doc
    ТипДокументы
    #12854
    страница24 из 38
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38


    Сілекейдің тіс жегісі протективті қасиетінің төмендеуімен науқастарға ұсыныстар

    Сілекей бездерінің резервті мүмкіншілік жағдайына байланысты әсер етудің бірнеше варианттарын ұсынады:

    1. сілекей бөлінудің жергілікті немесе жүйелі реттелуі;

    2. орынбасушы терапия.


    Сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі

    Сілекей бездерінің сақталған (қандай да бір дәрежеде) функциональды мүмкіншіліктері кезінде олардың реттелуіне кеңес береді. Нейрорегуляция тілдің дәм рецепторларының, периодонттың механорецепторларының және шайнау бұлшықеттерінің тітіркендіруіне сілекей бездерінің тез рефлекторлы жауапты реакциясын қамтамасыз ететіндіктен - реттелген сілекейдің бөлінуіне әкелетін басты жергілікті фактор шайнау болып табылады. Шайнау үшін тағам азықтарын (егер эмальдың қорғанышы туралы ойласа, онда сілтілі реакциямен тағамдар, мысалы ірімшік), сонымен қатар тағамдық емес (парафин) немесе олардың қосылысын (шайнау резенкесі) қолданылады. Бұдан басқа, сілекей айдайтын әсерді қатты заттарды сору кезінде (жалбыз мұз кәмпиттері, қара өрік сүйегі) және қышқыл ерітінділермен шаю кезінде алуға болады. Бірақ жергілікті шаралар әсері ұзақ жалғампайды, сондықтан оларды жиі қайталап отыру қажет. Қышқыл тағамдарды қолдану ауыз қуысы кілегей қабығының тітіркенуіне және тістердің жегілік емес зақымдануларының дамуына, қант құрамды стимуляторлар – тіс жегісінің дамуына әкеледі. Сондықтан сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі үшін сумен шаю және қант ауыстырушысы бар шайнау резенкелерін шайнау оптимальды таңдау болып табылады.
    Сілекей бөлінудің жүйелі реттелуі

    Сілекей бөлінуді фармакологиялық бақылау сілекей бөліну жылдамдығы және сілекейдің тұтқырлығы вегетативті жүйенің белсенділігімен анықталатын мәліметтерге негізделген: парасимпатикалық жүйе төмен тұтқырлықпен сілекейдің көп мөлшерде өнімін қамтамасы етеді, ал симпатикалық керісінше сілекей бөлінуін шектейді, сілекейді жеткіліксіз және тұтқыр етеді. Сілекей бөлінудің негізгі стимуляторы парасимпатомиметик пилокарпин (пилокарпин гидрохлориді) болып табылады. Бұл препарат шеткі м-холинорецепторларды қоздырады және осылайша бронхиальды, тағамдық және сілекей бездері секрециясының күрт күшеюін тудырады. Сілекей бөлінуге оң әсерді иммуностимулятор-препараттары: метилурацил, калий оротаты көрсетеді.

    Сілекей тұтқырлығының төмендеуі жиі қақырықты сұйылту үшін қолданылатын препараттармен қол жетуі мүмкін: андыз тамырының қайнатпасы, өгейшөп жапырақтарының, термопсистің, бромгексединнің тұнбасы.
    Гипосаливацияның компенсаторлы терапиясы

    Гипосаливация кезінде микробқа қарсы және буферлі қорғанышының жетіспеушілігіне байланысты тіс жұғындыларын бақылау үшін антисептикалық препараттарды белсенді тағайындайды, жұғындылардың механикалық алынуына көп назар аударады. Сілекейдің минерализациялық қызметін ұстап тұру үшін құрамында кальций, фосфор және фтор қосылыстары бар препараттарды жүйелі және жергілікті қолдану ұсынылады.

    Сілекей бездерінің функциональды мүмкіншіліктерінің айқын төмендеуі жағдайында ауыз қуысын әртүрлі сілекейді ауыстыратындармен шаю ұсынылады. «Жасанды» сілекейдің әртүрлі варианттары шығарылды – жануар текті муциндер негізіндегі препараттар немесе карбоксиметилцеллюлоза. Бұл препараттар көбінесе сілекейге қарағанда тұтқырлау, сондықтан науқастар жиі қарапайым суды немесе мұздың кішкентай кесектерің қалайды. Мұндай ауыстыратындар тағам қабылдау мен сөйлеу кезінде ыңғайсыздықты төмендетуге мүмкіндік бере отырып, тіс жегісінен толық қорғанышты қамтамасыз ете алмайды.
    5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері
    Эмальдың кариесогенді әсерлерге қарсы тұру қабілеттілігі зерттеушінің де, сонымен қатар клиницисттің де мұқыия назарының объектісі болып табылады. Тіс жегісін біріншілік алдын-алуының өрлеуі үшін келесі сұрақтарға жауаптар алу қажет:

    • Эмальдың қандай сипаттамалары оның тіс жегісіне тұрақтылығы үшін маңызды? Бұл сипаттамаларды қалайша жақсартуға болады?

    • Әсер етудің қандай тәсілдері тиімдірек болып табылады?

    Тәжірибелік дәрігер үшін әрбір нақты науқаста тіс жегісіне тұрақтылықтың деңгейі қандай екенін білуі маңызды – бұл білім тіс жегісін біріншілік алдын-алудың шараларын рациональды түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылық деңгейін анықтаудың қазіргі заманғы әдістемесінің негізінде тіс жегісіне төзімді эмаль тіс жегісіне тұрақсызға қарағанда қышқылдарда төмен ериді, өйткені кальций мен фтордың салыстырмалы жоғары құрамы бар тығыз кристаллды құрылымы болады деген тезис жатыр. Осы тезиске сәйкес қазіргі кезде қолданылатын эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері зерттейді.

    • тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық симптомдары (жоғарыда талқыланған, тіс жегісі қарқындылығының индекстері – КПЖС, КПЖТ, IS);

    • қышқылды ерігіштігі (химиялық тұрғыдан – CRT әдісі, физико–химиялық тұрғыдан – ТЭР, ТЭРИ әдістері, эмаль және оның басының профилометриясы, бұдырлықты өлшеу – физикалық тұрғыдан);

    • кристаллды құрылымның тығыздығы (электр өткізгіштік белгісі бойынша – электрометрия, оптикалық тұрғыдан – лазерлі рефлектометрия);

    • витальды биопсия көмегімен тіндердегі макро– және микроэлементтердің абсолютті және салыстырмалы құрамы, эмаль күлінің сандық талдау әдістері және т.б. (қара табл. 5.22).

    Тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық белгілері эмальдың бұрынғы жағдайы туралы дәлелдейтінін атап өту қажет, бұл зерттеу кезінде оның жағдайына әрқашан сәйкес келмейді. Параклиникалық және зертханалық әдістер тіс жегісі патогенезінің бөлек аспектілерін ғана көрсетеді, ал зерттеу нәтижелері бұл үрдіс білімінің бүгінгі жағынан түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан аталған әдістердің болжамдық құндылық деңгейі орта есеппен тек 50% жетеді. Бұл әдістер стоматологиялық ғылымға, сонымен қатар тәжірибеге үлкен пайда әкеледі, мысалы ТЭР әдісі көмегімен БР–да 4 жыл бойы мектепке дейінгі жастағы балалар рационында фторланған тұзды қолдану сүт тістер эмалінің қышқылдық ерігіштігінің 32,27% төмендеуін қамтамасыз етті; алынған ақпарат осы әдістің әсер ету механизмі тіс жегісін жүйелі алдын–алу бұзылыстарына, тістердің тұрақтылығына көмектесетінін түсіндіреді (тіс жегісінің өсу редукциясы 40-60% құраған). Тіс жегісі қарқындылығы туралы ТЭР, электрометрия мәліметтері тәжірибеде қаупі жоғары топты бөлу үшін, диспансерлік бақылау ұйымы үшін, топтық және жеке алдын–алуды рациональды жоспарлау үшін негіз болып табылады.

    Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістерін зерттеу барысында тесттер бағасына дұрыс бағдарлау қажет:

    • тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі ТЭР, ТЭРИ сандық мағынасының жоғарылауын дәлелдейді;

    • CRT-дағы түсті реакция уақытының көбеюі, тіс жегімне тұрақтылық жоғарлауы туралы дәлелдейді;

    • рефлектометрия кезіндегі диффузды компоненттің көбеюі тіс жегісіне тұрақтылықтың төмендеуі туралы ақпарат береді.

    Параклиникалық зерттеулерді талдау мен жоспарлау кезінде жақында жарып шыққан тістің кез келген жағдайда жетілген тіске қарағанда тіс жегісіне тұрақтылық көрсеткіші нашар болатынын есепке алу қажет.

    Таблица 5.22

    Тіс эмалінің тіс жегісіне тұрақтылығын зерттеу әдістері


    CRT (colour reaction time) - түсті реакция уақыты (Уолтер, 1958; Мэйволд, Джейжер, 1978)


    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: қышқылда эмальдың еру жылдамдығын зерттеу.

    Тәсілі: қышқылдың стандартты мөлшерін эмаль апатиттерінен белсенді шығатын, осы қышқылмен еритін иондармен бейтараптау үшін қажет уақытты зерттейді. Қышқыл ортадан бейтарап ортаға өтуін қышқылды-негізгі индикатор көмегімен анықтайды.

    Материал мен құралдар

    1Н тұз қышқылы ерітіндісі.

    Микропипетка

    30 секундта 0,02% кристалл-виалет сулы ерітіндісіне сіңірілген диаметрі 3мм сүзілген қағазды диск, ол қышқылды рН-та сары түске, бейтарап ортада күлгін түске боялады.

    Секундомер

    Әдістеме

    12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағынан щеткамен тазартады және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне қағаз дискті орнатады, оған микропипетканың көмегімен 1,5 мкл 1Н НCl ерітіндісін тамызады (тест нәтижесінен кейін реминализациялық заттарды жағады!)

    Нәтижені тіркеу

    Дисктің сары түстен күлгін түске өзгеру уақытын белгілейді

    Нәтижені интерпретациялау

    CRT>60 сек - еруі төмен, тіс жегісі тұрақтылығы жоғары;

    CRT<60 сек - еруі жоғары, тіс жегісі тұрақтылығы төмен

    ТЭР (эмальды тұрақтылықтың тесті) (Окушко В.Р., 1984)

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: қышқыл әсерінен эмальдың беткей қабаттарының бұзылу дәрежесін анықтау

    Тәсілі: бояғыш көмегімен стандартты жағдайда стандартты қышқылдың стандартты ерітіндісін қолдану нәтижесінде алынған эмаль ақауын визуальды бағалау.

    Материал мен құралдар

    1Н тұз қышқыл ерітіндісі

    Микропипетка немесе шыны таяқша

    1% метилен көгі ерітіндісі

    10 баллдық көк түсінің шкаласы (1:2-100-ден 0,18% дейін стандартты немесе негізгі ерітіндіні араластыру нәтижесінде алынады)

    Әдістеме

    12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағын щеткамен тазалайды және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне 1,5-2 мм қышқылды тамызады. 5 секундтан кейін бір қозғалыспен құрғақ тампонмен сүртеді. Бұзылған және сау эмальға 5 секундтқа бояғыш тамызады. Содан кейін сау эмальды құрғақ тампонмен өзінің бірінші түсіне жеткенге дейін сүртеді.

    Нәтижені тіркеу

    Эмальдың қышқылмен өңделген бөлігінің боялу қарқындылығын шкаламен салыстырады

    Нәтижені интерпретациялау

    Бозғылт түс 1-3 балл (0,18-0,75%) – тіс жегісі тұрақтылығы жоғары;

    4-5 балл (1,5-3,1%) – тіс жегісі тұрақтылығы біркелкі;

    6-7 балл (6,2-12,5%)- тіс жегісі тұрақтылығы төмен;

    8 балл және одан жоғары (25-100%) – тіс жегісі тұрақтылығы өте төмен

    Лазерлік рефлектометрия (Грисимов В.П., 1991)

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: эмаль беткейі кристалл торының тығыздығын анықтау.

    Тәсіл тұрақты және тұрақсыз эмальдың оптикалық қасиеттерінде айырмашылықтарына негізделген: жақсы минерализацияланған, тығыз эмаль борпылдақ тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда күн сәулесін жақсы жарқыратады, аз сіңіреді

    Материал мен құралдар

    Гелий-неондық лазер ЛГН-105 0,63 мкм толқын ұзындығымен. Эмальдың жарқыратқан сәуле түсіретін фотоаппарат. Жарқыраған күн сәулесінің сипаттамаларын өлшегіш

    Әдістеме

    Тісті тазартады, құрғатады, лазер сәулесін тіске бағыттайды. Эмальмен жарқыраған сәулені суретке түсіреді.

    Нәтижені тіркеу

    Жарқыраған сәуленің бейнесін стандартты шкаламен салыстырады, қайтарылмаған сәуленің бөлігін есептейді.

    Нәтижені интерпретациялау

    Диффуздық компоненті 0,24-тен төмен – эмаль тіс жегісіне тұрақты, 0,30-дан жоғары болса – тіс жегісіне тұрақсыз

    Электрометрия (Иванова Г.Г., 1984, Жорова И.А., 1989)

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: тіс эмалі кристалл торының тығыздығын анықтау.

    Тәсіл тығыз кристаллды құрылымы бар жетілген сау эмаль тұрақты ток үшін диэлектрик болып табылатындығына негізделген. Эмаль құрылымы борпылдақ болған сайын тоқ өткізгіштігі жоғарылай түседі.

    Материал мен құралдар

    Белсенді және пассивті электроды бар 0,11х106 А, бөле алатын гальванометр ауыз қуысы кіреберісінде орналасады. Электродтарда 3 вольт ток болады.

    Эмаль және белсенді электрод арасында электр өткізгішті кантактты қамтамасыз ететін 10% NaCl электролит ерітіндісі

    Әдістеме

    Зерттелетін беткейді тазартады, кептіреді, сілекейден ажыратады. Белсенді электрод капиллярын электролитпен толтырады.

    Нәтижені тіркеу

    Гальванометр көмегімен тұрақты токтың күшін және эмальға өтуін анықтайды.

    Нәтижені интерпретациялау

    Эмальдың электр өткізгіштігі 3-5мА дейін және одан жоғары болуы оның аяқталмаған минерализациясын, сәйкес төмен тіс жегісіне тұрақтылықты немесе эмальдың жегіленген деминерализациясын дәлелдейді

    Эмальдың күлінде калций мен фосфордың санын анықтау

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: эмальдың құрамында Са мен Р-дың сандық құрамын in vitro эмальдың химиялық сандық талдауы әдістерімен анықтау

    Материал мен құралдар

    Муфельді пеш.

    Сандық талдау үшін реактивтер жиынтығы.

    Лабораториялық ыдыс

    Әдістеме

    Эмальды пештің ішінде t=5000 қыздырады. Алынған 10 мг күлді 0,5мл концентрацияланған HCL ерітіндісіне араластырады, химиялық талдау үшін дистиллденген су құяды

    Нәтижені тіркеу

    Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық анализді алады

    Нәтижені интерпретациялау

    Нәтиже салыстыру аспектісінде ақпаратты

    Эмаль биопсиясы (эмальдың өмірлік еруін анықтау); (Леонтьев В.К., Дистель В.А., 1974)

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: эмальдың (Ca, P) минералды құрамының сандық талдауы, соның ішінде қышқылмен реакцияға түсетін апатиттердің бөлігі.

    Тәсіл негізделеді: тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда кальцийге қаныққан эмаль бұл элементтің ионын қышқыл бейтараптауына көп мөлшерде бөледі.

    Материал мен құралдар

    Қышқыл тұзды буферлі ерітіндіні (97мл 1H және 50мл KCl) араластырады және 200 мл дистелденген сумен толтырады, қоймалжың болу үшін 1:1 глицерин қосады. Буферлі ерітіндіні аппликациялау және эмальдың қышқылды биоаптат аспирациялау үшін микрошприц.

    Әдістеме

    Тісті сілекейден ажырату, тазарту, құрғату. Тіс беткейіне 1мкл буферлі ерітіндісін тамызады. 1 мин өткеннен кейін барлығын микрошприцпен жинайды. Бұл биоптатты 1мл дистелденген сумен пробиркаға ауыстырады. Химиялық талдау алу үшін.

    Нәтижені тіркеу

    Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық талдауды алады.

    Нәтижені интерпритациялау

    Бұл әдіс эмаль қалпын анықтауға көмектеседі. Сондықтан минерализациялау алдын-алуы үшін кариесогенді факторының дамуында қауіп төніп тұрған адамдар арасында жүргізеді.

    Спектрометрия

    Логикалық негіздеме

    Мақсаты: спектральды талдау көмегімен жұлынған тістер эмалінің минералды құрамын нақты сандық анықтау

    Материал мен құралдар

    Эмаль үлгісін дайындау үшін алмазды диск.

    10% формалин.

    Спектрометрі бар сканерлік электронды микроскоп, құрамында көмірсуы бар желім

    Әдістеме

    Жұлынған тістерді дистиллденген сумен шаяды, формалинге бекітеді, вестибуло-оральды бағытта кеседі, майсыздандырады, жұмыс үстеліне ток өткізгіш желіммен жабыстырады, вакуумды постқа ауыстырады. Бұл жерде үлгілерге көмірлі пленканы себеді, ток өткізгіш қабатты алу үшін себеді.

    Нәтижені тіркеу

    Эмальда кальцийдің, фосфордың, темірдің, көмірсудың, натрийдің, кремнийдің, хлордың, хромның, фтордың, магнийдің, алюминийдің, мырыштың, титанның сандық құрамын зерттейді

    Нәтижені интерпритациялау

    Нәтижелер салыстыру аспектісінде ақпаратты


    5.4.5. Тіс жегісіне тұрақтылықты ұстап тұру және қалыптастыру үшін жергілікті алдын-алу заттарын қолдану
    Макро- және микроэлементтер көмегімен тіс жарып шыққаннан кейін эмальдің минеральды құрылымдарына әсер ету мүмкіншіліктері

    Жергілікті қолдану кезінде тістің минерализациясына әсер ететін заттары шартты түрде бірнеше топтарға бөлінеді:

    1. апатиттерге енгізілген және олардың жетілуі мен реминерализациясын қамтамасыз ететін макроэлементтер (кальций, фосфор);

    2. қышқылға төзімді түрлерді түзумен апатиттерге изоморфты кіруге қабілетті макро- және микроэлементтер (фтор гидроксильді топты, стронцийді, темірді, қалайы-кальцийді, ванадий-фосфат-ионды ауыстырады);

    3. де- және реминерализация реакцияларының кинетикасына әсер ететін заттар (фторид апатиттің минерализациясын 3-5 есе жылдамдатады, молибден мен алюминий қышқылдардың әсері кезінде кальцийдің апатиттен шығуын төмендетеді, фторидтің апатитке қосылуын ынталандырады);

    4. кристалл қырларын бекітетін және оны еруден қорғайтын минерализаторлар (фторид, гидроксил-ион, азот- және көміртегі құрамды катиондар).

    Қазіргі кезде тіс жегісін жергілікті минерализациялық алдын-алу заттарының құрамына фтордың, кальцийдің және фосфордың қосылыстары кіреді.
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38


    написать администратору сайта