Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Фонес әдісі Тек қана айналмалы қозғалыстармен орындалады. Вестибулярлы беткейлерді тазарту үшін тістерді жымдастырады. Щетканы С1-ге қояды, қылдар тазартылатын беткейге перпендикулярлы. Щеткамен басы екі жақтың тістерін бір уақытта ала отырып және оған жанасатын қызылиек жиегінде шеңберлер жасайды. Оральды беткейлерді тазарту үшін де осындай қозғалыстар орындалады (жоғарғы және төменгі жақтар әрқайсысы бөлек). Шайнау беткейлерін де осы айналмалы қозғалыстармен тазартады. Әдістің артықшылығы: қозғалыстардың бір түрі әдісті меңгеруді жеңілдетеді, қызылиек массажы жасалады. Әдістің кемшілігі: контактты беткейлердің жеткіліксіз тазалануы, ауру периодонттың механикалық жарақаты. Басс, Стилман, Чартер әдістері Әдістер қызылиек массажын және вестибулярлы және оральды беткейлерді вибрациялаушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін горизантальды қозғалыстармен тазартатындықтан біріктірілген. Басс әдісі щетканың алаңы мойыналды аймағында және жабысып жатқан қызылиек жиегіне, ұштары қызылиекке қараған қылдар тіс беткейімен 450 бұрыш түзіп орналасқанын қарастырылады. Қылдардың ұштары тіс беткейі мен қызылиекте қозғалмайтындай бекітіледі, щетканың басымен алға-артқа шамалы қозғалыстар жасайды, вибрацияны қозғалыстар кейбір қысқа сыпырушы қозғалыстармен ауыстырылады. Кейін щетканы көрші сегментке ауыстырады. Әдіс қызылиектік жүлгені тазартуға мүмкіндік береді. Жалаңаштанған түбірді тазалау үшін жақсы болып келеді (тек қана жұмсақ щетка қолданылады). Стилман әдісі Басс әдісінен щетка басының вибрациялаушы қозғалыстары қызылиекті ала отырып орындалатындығымен; айналмалы қозғалыстар қызылиек жиегі бойымен 20 қысқа сілкімелі қозғалыстармен ауыстырылады. Чартер әдісі Басс әдісінен қылдардың ұштары қызылиекке емес, шайнау беткейіне тазартылатын беткеймен 450 бұрыш түзе отырып қарағандығымен ерекшеленеді. Щетка басының қозғалыстары айналмалы, жұмсақ, сілкімелі; бұл кезде қылдардың ұштары тісаралық кеңістіктерге ене алады. Вибрациялар циклі әрбір тісаралық кеңістікте 3-4 рет қайталанады. Бұл әдіс қабынған немесе операция жасалған периодонтқа (жұмсақ щеткамен) қолданылуы мүмкін, зақымдалған (редуцирленген) қызылиекте тісаралық кеңістіктерде проксимальдыаралық аймақтарды жақсы тазартады; алынбайтын ортодонтиялық аппаратты бар тістерде қолданылуы мүмкін. «Вибрационды» әдістердің артықшылықтары: қызылиек жиегінде қан айналысын стимуляциялау, тістердің барлық беткейлерінің мойыналды аймақтарын тазарту, проксимальдыаралық аймақтарды тазарту, ортодонтиялық бастырмасы бар тістерді, сонымен қатар қабынған немесе операция жасалған периодонт кезінде тазарту мүмкіндігі. Әдістердің кемшілігі: тіс сауытының басқа аймақтарының жеткіліксіз тазалануы, жоғарғы техникалық күрделілігі. Мануальды–механикалық, иондық және электрлік щеткаларды қолдануымен тістерді тазарту Мануальды–механикалық щеткалар сыртқы түрі бойынша мануальды щеткаларды қайталайды, бірақ басында бөлек қатарлармен байланысқан қозғалмалы бөліктері болады. Щеткалар тек горизонтальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстарға есептелген: бұл кезде орталық қатардың шоғырлары айналады немесе шоғырлардың бүйір қатарлары жанына шегінеді («щетка - көбелек»), бұл тазалау кезінде қылдардың ауысу санын автоматты түрде жоғарылатады. Щеткадағы механикалық құрылғылар тіс тазарту үрдісіне қызығушылықты арттырады, бірақ оның тиімділігі аз. Иондық щеткалар – ХІХ ғ. соңында патенттелген, бірақ нарықта 1990 жылы қайта пайда болды. Иондық щетка стандартты сыртқы конфигурациясы бар, бірақ қосымша қондырылған металлдық элементтері сабына салынған электронды батарейкадан келетін 0,15 мА тек күші өткізгіштікпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер адам щетканы ылғалды қолымен ұстаса, электрлік тізбек тұйықталады: тек щетканың басынан ауыз қуысы тіндеріне (сонымен қатар тістер беткейлеріне) келіп, денеге өтеді және қол арқылы щеткаға қайта орналасады. Щетканың басында түзілетін электромагнитті алаң тістің тазалануына септігін тигізеді және жаңа қақтың түзілуін баяулатады деп жорамалдайды. Бұрын айтылғандай, буылтық түзілуінің алғашқы сатылары микроб клеткаларының ең зарядталған беткейімен, теріс зарядталған пелликула арасындағы электростатикалық әсерлесуімен қамтамасыз етіледі деген. Щетканың басында теріс заряд концентрацияланады, бұл тіс қағының алып тасталуын біршама жеңілдетеді (микробтар щеткаға «тартылады»), одан басқа тазарту үрдісі кезінде тістің беткейінде уақытша оң заряд түзіледі, ол микроб клеткаларын «итереді». Тіс пастасы компоненттері электрофорезінің қосымша әсерін және оларды щеткамен итеретін, тканьдерге теріс зарядталған иондық (мысалы фтордың) енгізілгенін айтады. Иондық щеткаларды қолдану кезінде ауыз сұйықтығы гидролизге ұшырайды, бұл оттегінің бөлінуімен және ауыз қуысы тіндерінің оксигенациясымен бірге жүреді. Тісті тазалау кезінде иондық щетканы талшықтар қызылиектік шетке 450 бұрышпен орналасуы керек және ол тіс беткейлерімен қысқа соққы жасап жеңіл сілкілейді. Электрлік щеткалар. 1948 электрлік щетка өндірісі басталды, оларда барлық бастың, бөлек қатарлардың қозғалыстары немесе шоғырлардың айналасы электормотордан берілетін тістермен қамтамасыз етіледі. Алғашқыда щетка басшығының сыртқы конфигурациясы тік бұрышты басы бар қол щеткасынан өзгешеленген жоқ, бірақ қолды қозғалтқанда бұлшықеттік күш салуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл щеткалар сатып алушыларды өзінің «дамуымен» тартқанымен, мынадай тұтынушылық кедергілер болады: олар айналымға қосылуды талап етті, олардың механизімдері сықпамен ығыстырылып, бірден нарықтан шықты. 1980 жылы электрлік щетканың жаңа типі, едәуір тиімді, қауіпсіз және сенімдісі ұсынылды. Бұл щетканың бастары кішкене ғана жиі диаметрі 1см-дей дөңгелек болған, бұл кішкене аймақтармен қиын енетін (дистальды) тіс беткейлерін өңдеуге мүмкіндік береді нейлонды талшықты түрлі щеткадағы шоғырлардың қозғалысы – қайталамалы-үдемелі, қайталамалы-айналмалы (600) айналмалы (әрбір шоғыр өз осінде көршісіне қарама–қарсы бағытта қозғалады) вибрациялаушы, пульсациямен қосарланатын (амплитуда 0,15мм) болуы мүмкін, бұл талшықтардың тісаралық аралыққа енуіне мүмкіндік береді. Әртүрлі щеткадағы шоғырлардың қозғалу жылдамдығы минутына 2000-нан циклға ауытқиды, ал ультрадыбысты «пьезонды» щеткада 1,6 МГц–ке жетеді. Щетканың қауіпсіздігі щетканың басына артық күш түскенде моторды сөндіретін сенсорлы құрылғымен бақыланады. Таймер тазарту ұзақтығын (2 мин) бағалауға көмектеседі. Электрлік щеткалар жұмсақ тіс жұғындыларын тиімді (қол щеткасы сияқты дистальды, проксимальдыаралық аймақтарда) алып тастауға мүмкіндік беретінін тәжірибе көрсетеді. Моторлы щеткалар нәзік қозғалыстар координациясы қиындаған адамдарға қажет, балалар мен мүгедектердің ауыз қуысының күтімін жасауда пайда екені жалпы мойындалған. Электрлік щеткаларды қолдану оларды қолданудағы талшық шоғырларының «автоматты» қозғалысын қолдың қозғалысымен біріктіре алу үшін кәсіби нұсқауды талап етеді. Әдетте щетканың басын тістердің беткейімен жай ауыстыру жеткілікті, бұл кезде процедураның тиімділігі мен әрбір тістің әрбір қолжетімді беткейінде қауіпсіздігіне ұқыпты болу керек. Тіс ұнтақтары, сықпалары, гельдері, кремдері. Тістерді жұмсақ тіс жұғындыларынан механикалық тазарту үйкелеу әсеріне негізделген, ал абразивтерді – қатты бөлшектерді - қолдану ауыз қуысы гигенасының қажет құрам бөлігі болып табылады. Тіс щеткасының әсерін модифицерлеуші және толықтыратын абразивті заттарға – тіс ұнтақтары, сықпалар, гельдер мен кремдер жатады. Тіс ұнтақтары - негізінен абразивтен құралатын препарат. Тісті тазартуға қаттылығы жұмсақ тіс жұғындылары құрылымын бұзатын, бірақ ауыз қуысы тіндерін зақымдамайтын абразивті заттар қажет. Сондықтан әртүрлі уақыттарда адамдар тісті тазалау үшін көмір, бор, қабыршағын, көбікті, сепияны, каракатица «сүйегін», ұнтақ әйнекті, күлді, ас тұзды қолданады. Тіс ұнтақтардың өнеркәсіп өндірісі 1857 басталады. Лион 1860 ж. ұсынған сабын қоспалары бар бор мен құралатын тіс ұнтағы 1940 ж. дейін танымалдыққа ие болды. Ұнтаққа кораптарға және пакеттерде сатылады. Тістерді тазарту үшін тіс щеткамен сылап, оны ұнтаққа аунатып, щеткаға бекіген массаны тазартатын беткейге апару керек болады. Ұнтақтар қолдану жағынан ыңғайсыз, бактериологиялық көзқарас жағынан қарастырғанда жиі эмальдың жұқаруына әкеліп соқтыратын проблемаларға ие. Ұнтақтардың сатылудағы ең үлкен жетістігі қымбат емес бағасы болуында. Тіс сықпалары, гельдер мен кремдер. ІSO 16090–мен тұрғындар үшін тістердің қол жетімді беткейлерін тазарту үшін арнайы дайындалған заттар және заттар жиынтығы деп анықталады. Сықпаның ізашарлары б.з.д. ХХІІ-VIII ғғ-да құрамына балдан басқа, өсімдік майлар мен мирралардан басқа ашудастар да кіретін бальзамдарды деп есептеуге болады. Сықпаның қазіргі кездегі түрде өндірілуі оларға алюминийді тубалар жасап шығарылғаннан кейін мүмкін бола бастайды. Тіс сықпаның формуласында құрам бөліктерінің мынадай қатары бар:
Сықпаның негізгі әсер етуші бастауы - абразивті тазарту және тегістеу үшін қолданылатын заттар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
Абразивтердің тактильді қабылдануы оның бөлшектерінің өлшемімен анықталады: Mohs шкаласына сәйкес, диаметрі 100 мкм бөлшектер жұмсақ бор тәрізді сезімді, ал 1000 мкм - құмдық сезімді, 10000 мкм – ірілік сезімді жасайды. Тұтынушы таңдауын ескеріп, сықпа өндірушілер ұсақ дисперсті абразивтерді қолдануға ұмтылады. Абразивтердің қаттылығы бірнеше әдістермен анықталады. Бірнеше абразивтерді салыстыруға мүмкіндік беретін қарапайым әдіс стандартты щеткалар көмегімен белгілі уақыт мерзімінде осы заттармен қырылған акрильді пластинканың бұдырлығын визуальды бағалау болып саналады. Абразивтердің бұдан қатаң болуын RDА шкаласы бойынша стандартизациясын жүргізеді. Дентин үлгісін абразивтердің қырылуы тартады, мұнда жоғалған дентин санын реактивті фосфоры бойынша есептелінеді. Балаларға арналған сықпалар RDА бойынша 20-дан 30-ға дейінгі қаттылықтағы, ал ересектерге арналған сықпалар – 80-нен 100-ге дейін RDА, темекі тартатындар үшін -120-дан 150-ге дейін RDА абразив құрамында болуы керек.
Алюминий тотығы - сықпаға қатты ірімшік тәрізді консистенция беретін оның қаттылығы өте жоғары (120-150 RDА), содан кейін елдерде ұсынылатын абразивтердің тізімінен шығарылған және қолданылса тек темекі тартатындардың сықпаы үшін қолданылады. Алюминий тотығы бар сықпалардың тіс жегісіне қарсы қасиеттерін бағалай отырып, оның натрий фторидінің фтор иондары белсенділігін төмендететінін есте ұстау керек. Дикальций фосфат дигидрат – салыстырмалы жұмсақ абразив, бірақ ылғалын жоғалту мүмкін, содан қатты бола бастайды; екі формасында да натрий фторидінен фтор иондарының белсенділігіне теріс әсер етеді. Кремний екі тотығы - синтетикалық абразив, тұтынушыларға «silica» деп белгілі, қаттылық деңгейін өндіруші бере алатындығымен тиімді, сондықтан балалар сықпасы үшін де (10 RDА-дан), ересектер үшін де (150 RDА-дан) қолданылады. Бұл абразив сықпасының басқа компонентерінің белсенділігін төмендетпейді, жақсы көпіреді. Мөлдір бола тұра, сықпаны өндіру үшін ғана емес, гельдер үшін де қолданылады. Абразия тек абразивтердің қаттылығымен ғана емес, оның бөлшектерінің фирмасы мен өлшемдері, оның айналасындағылардың қасиеттерімен де анықталады: сықпалардың қышқылдығы, оның тұтқырлығы және жылу өткізгіштігі. Бұдан басқа абразия щетканың сапасына, сықпамен тіс тазарту әдісіне, сілекейдің, тіс қақтарының бар болуына, тіпті тіс тінінің қажылуға төзімділігіне байланысты, сондықтан сықпаны абразивтілігіне қарай жеке таңдауды сынау және қателесу әдістерімен жүргізіледі: абразивсіз ылғал Щеткамен тістер беткейлерін тазартқаннан кейін тістер тазалығын қарайды, кейін ең жұмсақ абразивтерді қолданады (балалар сықпасы) олар тиімді болмаса, сықпаларды абразивтің өсу принципімен алмастырады, бірақ бұл кезде үлкен мұқияттылықпен мойындық зоналардың кеңістікке және жалаңаштанған тіс түбірі цементінің қауіпсіздігіне назар аударады. Абразив ұнтағының суспензиясы өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтады. Өйткені қатты бөлшектер тез шөгеді де су буланады және перепарат тасқа айналады. Осы себептен 1930 ж. сықпалар тубасы ашылған соң қысқа қызмет жасайды. Алғашқы сықпалар өте сұйық болды, сықпадағы соңғы бөлшектерді тубадан шығару мүмкін болмады. Сықпада ылғалды ұстаушы заттар суды сақтауға көмектеседі. Олардың рөлін көп атомды спирттер атқарады: сорбитол, маннитол, глицерин (тәтті дәмді, жоғары әсерлі препарат, тіпті жоғары температурада да сықпаны құрғаудағы қорғайтын сұйық), пропиленгликоль (түссіз тұтқыр сұйық су мен спиртте жақсы ериді, бірақ өткір дәмі бар). Гельдерде ылғалданушы заттар құрамы 80%-ға жетеді. Олардың улығығы жоқ, сондықтан микроағзалар үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Сондықтан сықпада тағы бір компоненттің болуы қажет консерваттар, яғни микробқа қарсы заттар әдетте олар бензоаттар, дихлорафен, формальдегид болып табылады. Сықпаның тұрақтылығы оның құрамына ылғал ортада ісінетін, тұтқыр болып келетін және сықпаның сұйық және қатты фазаларының ажырауын болдыртпайтын - дисперсті гидрофильді заттар сияқты байланыстырушы заттар қосумен бірнеше ретке жоғарылайды. Байланыстырушы заттар ретінде өсімдік шырындарынан жасалатын препараттарды (гуммиарабик, карайягум), балдырларды (ламинарийдің бура балдырларының каррагенаттар, альгинаты, теңіз ирисінің сығындылары) қолданды. Соңғы жылдары осы қажеттілікпен синтетикалық өндірілген целлюлозасын - метилцеллюлоза және карбоксиметилцеллюлоза және ксантанды шайырларды қолдана бастады. Бұл заттар тіс гельдерінің формасын келтіруші заттар болып табылады және олардың көлемінің біршама үлесін құрайды. Қазіргі заманғы үйдегі тіс сықпасының қажет компоненті детергенттер болып табылады. Сұйық гигиеналық заттар құрамындағы ББЗ-ң атқаратын рөлінен басқа, бұл заттар сықпаға пластикалық және біртекті болуға көмектеседі. Сықпаның тістің беткейіне тез біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді, тазарту әсерін жоғарылатады. Бірақ осы керемет заттардың сықпаны жеуге болмайтын етеді, сондықтан детергендер бар сықпаларды қолдану, тістерді тазалағаннан кейін ауыз қуысын сумен міндетті түрде шаюды талап етеді (жас балалар үшін космонов және мүгедектер үшін детергенттері жоқ сықпалар шығарады). Сұйық сықпалық заттар сияқты, сықпаның тұтыну рыногындағы тағдыры үшін мынадай мәні бар букет қажет: иісі, түсі, дәмі. Егер сықпа балаларға арналса бұл букетті өте тартымды етуге тырысады, өйткені балалар түрлі түсті жалауыт жеміс, немесе «сағыз» дәмі бар сықпаны таңдайды. Соңғы уақытта рынокта сұйық тіс сықпалары гельдер және тіс кремдері пайдаланылады. Оларды қолданғанда әдеттегі сықпамен тісті тазартқанға қарағанда тістердің тазарту сапасы жоғары емес. Тістерді үйде тазартуға арналған тіс гельдері сықпаның құрамындағыдай компонентерге ие. Олардағы абразив ретінде кремний екі тотығы қолданылады, оның қаттылығы жоғары, сондықтан тазарту қабілеті жоғары емес гель құрылымы оның компоненттерін бір–бірінен оқшаулауға мүмкіндік беріп, кальций және фосфат иондары белсенділігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл гельдің алдын-алу мәнін арттырады. Абразивтерден, судан, байланыстырушы заттардан, детергенттерден, консерванттардан, тәттеуіштерден бояғыштар мен ароматизатордан құрылатын сықпалар гигиеналық деп аталады. Соңғы жылдары гигиеналық сықпалар алып үлгереді, олардың құрамында арнайы фармакологиялық белсенді қоспалар бар. Егер емдік алдын-алу сықпасы қауіп факторларына қарсы және бір аурудың себептеріне қарсы бағытталса, оны аралас жатқызады, егер сықпадағы компоненттері қауіп факторларына және бірнеше ауру белгілеріне қатысты белсенді болса, оны кешенді сықпаға жатқызады. Тіс жегісіне қарсы сықпаға жатқызады:
Халықаралық ережелерге сай барлық сықпалар келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
Сықпаны өндірушілер лабораториялық және клиникалық зерттеулер арқылы оның жоғарғы сапасы мен қауіпсіздігін растауы керек және осы негізінде сықпаны ел ішінде сатуға рұқсат ететін сертификат алу керек. сықпаның қорабында сықпаның құрамы, қолданылуы жайында, керек жағдайда оны қолданудағы қауіпсіздік шарттары туралы ақпарат ұсынылуы керек. |