Тексерілді:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2 А Термодинамика негіздері
| Мектеп Самал жом
|
| Күні: Сыныбы: 8
| Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж
|
|
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коффициенті
|
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
| 8.3.2.19 - жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коффициентін анықтау
|
| Сабақтың
мақсаттары:
| Жылу қозғалтқыштары және олардың пайдалы әрекет коффициенті туралы білу Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коффициентін анықтау
|
| Жылу қозғалтқыштары түрлерінің пайдалы әрекет коффициентін салыстыру, жылу қозғалтқыштарының ПӘК-н арттыру жолдарын қарастыру
|
| Бағалау
критерийі:
| Жылу қозғалтқыштары және олардың пайдалы әрекет коффициенті туралы біледі. анықтайды.
|
| Жылу қозғалтқыштары түрлерінің пайдалы әрекет коффициентін салыстыру, жылу қозғалтқыштарының ПӘК-н арттыру жолдарын қарастырады.
|
| Тілдік мақсат
| Жылу мәшинесі, жұмыс денесі, қыздырғыш, суытқыш, жылу қозғалтқышы, бу турбинасы, жылу мәшинесінің ПӘК-і
|
| Диалог үшін негізгі сөздер мен тіркестер:
Отынның ішкі энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратынқозғалтқыштар жылу қозғалтқыштары деп аталады.
Пайдалы әсер коэффициенті
|
| Құндылықтарға баулу
| Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Оқушыларды тапсырмаларды орындау үшін ізденуге,өмір бойы білім алуға, ынтымықтастықта жұмыс жасауға дағдыландыру.
|
| Пәнаралық байланыс
| Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коффициентін есептеулер жүргізу арқылы анықтауда математикамен байланысады.
|
| Бастапқы білім
| 7 сыныптан энергия, энергияның түрленуі туралы біледі.
Жылу қозғалтқыштары туралы 8 сыныптағы өткен сабақтан біледі.
|
| Жоспар
|
| Жоспар-
ланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурустар
|
| Сабақтың басы
5 минут
| І. Ұйымдастыру кезеңі;
Оқушыларды түгелдеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
Ынтымақтастық атмосферасы мен көтерінкі көңіл-күй:
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз
Сыныптағы оқушыларды жұп және тақсан жазылған парақша таңдату арқылы бөлемін.
1- топ ЖҰП 2-топ ТАҚ
ІІ. «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыптарға, үй жұмысына шолу жасау
1.Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?
2. Қозғалтқыштардың қызметі қандай?
3. Жылу қозғалтқыштарының түрлерін атаңдар.
4. Кез келген жылу қозғалтқышының негізгі бөлігін атап, оның
қызметін сипаттаңдар.
Дескриптор:
жылу қозғалтқыштары туралы біледі. қозғалтқыштарының қызметін түсіндіреді жылу қозғалтқыштың түрлерін атайды
Смайлктер арқылы бағалау. Бұл бағалау арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін қолданамын
| Интербелсенді тақта
Жұп және тақ сан жазылған парақша
Слайд
Смайликтер
| Сабақтың ортасы:
30 минут
Білу
түсіну
Сабақтың соңы
5 минут
| «Ойлан,топтас, бөліс» әдісі
2 топқа оқулық бойынша мәтіндер беріліп, топ арасында талқылайды
топЖылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэфициентінің мағынасын түсіндіру ТопПайдалы әсер коэфицентінің жылу мөлшеріне және температураға тәуелділік формуласын жіктеп түсіндіру
Дескриптор
Жылу қозғалтқыштар пайдалы әсер коэфицентінің мағынасын түсіндіреді Пайдалы әсер коэфицентәнінің жылу мөлшеріне және температураға тәуелділік формуласын түсіндіреді
Бағдаршам әдісі арқылы бағалау. Бұл әдіс арқылы көмек қажет ететін оқушыға қосымша ресурстар бере отыра алға жетелеймін
«Кім жылдам?» әдісі
Оқушылар есептер шығарады
1.Қыздырғыштың температурасы 500 К, жылу машинасының ПӘК-і 0,44-ке тең. Тоңазытқыш температурасы қандай?
2. Жылу машинасы 1 циклда қыздырғыштан 100 Дж жылу мөлшерін алып, тоңазытқышқа 75 Дж жылу береді. Машинаның ПӘК-і тап?
3. Идеал машинасының қыздырғышының температурасы 1170С , ал тоңазытқыштікі 270 С . ПӘК-і неге тең?
Дескриптор есептің берілгенін ретімен жазады
-ПӘК-нің формуласын есептеуде қолдана отырып, түрлендіреді
-есептер шығаруда математикалық түрлендірулерді қолданады
Басбармақ арқылы бағалау «Венн диаграммасы»
1.Жылу қозғалтқыш түрлерінің айырмашылықтарын салыстыру
Бу турбинасы Іштен жанатын машина
2.Жылу қозғалтқыштарының ПӘК –і мәндерін салыстырындар және оның артыру жолдарын айтыңдар?
3. Не себептен жылу қозғалтқыштардың мәні 1% кем болады?Дескриптор
бу турбанасы мен іштен жанатын машинаның айырмашылықтарын айтады; артыру жолдарын айта алады; не себептен жылу қозғалтқыштардың мәні 1% кем болатын түсіндіреді
Кері байланыс бере бағалау. "Бұл - жақсы жауап","сен жетістіктерге жетудесің!" деген сөздермен қолдап отырамын.
Кері байланыс: «Борт журналы» әдісі
Үй жұмысын беру: Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коффициенті оқу
|
Интербелсенді тақта
слайд
Флипчарт
Маркер
Стикер
Интербелсенді тақта
Слайд
|
| Қосымша ақпарат
|
|
| Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Анағұрлым қабілетті оқушыларға
жаттығуларды
күрделендіруді қалай жасайсыз?
| Бағалау-оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
| .
АКT байланыстары.
Құндылықтардағы
байланыс.
|
| «Ойлан,топтас,бөліс» әдісінде оқушылар бірлесіп тапсырмалар орындау кезіңде диалог құру арқылы тақырып мазмұны ашылады. Білу түсіну орындалып, айтылым, тыңдалым дағдысы қалыптасады.
«Кім жылдам?» әдісі бойынша оқушылар үдеріске түсіп, қарқынды түрде есептер шығарады
| Әр әдіс-тәсілдердегі тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға ауызша кері байланыс беру арқылы бағаланады,
«БББ» кестесін толтыру арқылы жазбаша кері байланысын береді.
Бағдаршам әдісі арқылы бағалау. Бұл әдіс арқылы көмек қажет ететін оқушыға қосымша ресурстар бере отыра алға жетеленеді.
| Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау
|
| |