Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3. Термодинамика негіздері
| Мектеп: №123 Самал жалпы орта мектебі
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж
|
Сынып: 8
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
| 8.3.2.23 - Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау.
|
Сабақ мақсаттары:
| Жылу машиналары және олардың тұрмыс пен техникадағы рөлін білу. Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына тигізер әсерлерін анықтау. Жылу машиналарының қоршаған ортаның ластануындағы әсерін бағалау және алдын –алу жолдарын сипаттау.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
| Білу, түсіну, қолдану.
|
Бағалау критерийі
| Жылу машиналары және олардың тұрмыс пен техникадағы рөлін біледі. Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына тигізер әсерлерін анықтай алады. Жылу машиналарының қоршаған ортаның ластануындағы әсерін бағалау
|
Тілдік мақсаттар
| Негізгі сөздер мен тіркестер:
жылу мәшинесі, қозғалтқыш, жылу қозғалтқышы, бу турбинасы, ғаламдық жылыну, экологиялық проблемалар және т.б.
|
Құндылықтарға баулу
| «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы.
Жалпыға бірдей еңбекқоғамы –сын тұрғысынан ойлау,қарым қатынас жасау қаблеті жұптық жұмыс арқылы,достық,құндылықтарын дамыту.
|
Пән аралық байланыс
| География - атмосфераның ластануы, жер бетіндегі экологиялық мәселелерді қарастыру.Биология- экологиялық жағдайлардың тіршілікке тигізер кері әсерін қарастыру.Информатика –ғаламтор
|
Бастапқы білім
| Жылу қозғалтқыштарының және олардың пайдалы әрекет коэффиценті туралы өткен сабақтардан біледі.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| ресурстар
|
Сабақтың басы
5минут
| I.Ұйымдастыру кезеңі
«Сәлем сөздің анасы» жаттығуы арқылы сәлемдеседі
«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.
Қатысушылардың орындықтарының арқасында сары, қызыл, көк, түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.
1- топ (көк түстілер) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады
2- топ-(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады
3 -топ- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге байланысты жағымды тілектер айтады.
1.2 Топқа бірігу «Таңдау»әдісі бойынша яғни осы сөздер жазылған қима қағаздарды алу арқылы топқа бірігеді
I топ – «Қозғалтқыш»II топ – «Машина»ІІІ топ- «Экология»
Ivтоп- «Қорғау»
«Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау
Әрбір оқушы келесі оқушыға сұрақ қою арқылы допты лақтырады. Ол оқушы допты қағып, сұраққа жауап береді және келесі оқушыға допты лақтырып сұрағын қояды. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, сұрақтарға жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау«Бас бармақ» бұл бағалау оқушының сабаққа ынтасын оятады.
|
Сөз жасырылған парақшалар Түрлі –түсті стикерлер «Қозғалтқыш»,«Машина»,
«Экология»
«Қорғау» сөздері жазылған қима қағаздар
|
Сабақтың ортасы30 мин Білу,түсіну (Оқылым,
тыңдалым,
айтылым)
| II. Жаңа сабақ
«Ойлан, топтас бөліс» әдісі:Әр топқа жаңа сабаққа байланысты оқулықтан тапсырмалар беремін. Оқушылар бір біріне айтылым дағдысы бойынша түсіндіреді.
Тапсырма №1
I топ – «Қозғалтқыш»
Жылу машиналары және олардың тұрмыс пен техникадағы рөлін түсіндіреді. Жылу мәшинесінің құрылысы мен жұмыс принциптерін сипаттайды.
II топ – «Машина»
Бұлкөліктерқандайэнергиянықолданады.
Мәшинелер энергияны жұмысқа қалай айналдырады? Ауыл шаруашылығын дамытуда іштен жанатын қозғалтқыштарды пайдаланатын трактордың, астық себетін және жинайтын машиналардың қандай моделдерін білесіңдер?
ІІІ топ- «Экология»
Үлкен қалалардағы күн санап өсіпжатқан автокөліктер қозғалысы және олрадың қоршаған ортаға тигізер әсері туралы не айтасыңдар?
Атмосферадағыулы газдардың үлесін артуы қандай мәселелер туындатуы мүмкін?
IV топ- «Қорғау»
Қоршаған ортаны ластанудан қалай қорғай аламыз? Қазір электрқозғалтқыштарды жетілдірудің қандай жолдарын ұсынар едіңдер?
| Дескриптор:
-жылу машиналары түрлерін ажырата.
-мәшинелер энергияны жұмысқа айналдыра алады.
- жылу машиналарының қоршаған ортаға тигізер әсері туралы біледі.
- Қоршаған ортаға ластанудан талдар арқылы экологиялық мәселерді шешу жолын түсінеді.
Қалыптастырушы бағалау- «Бағдаршам» әдісімен бағалаймын. Бұл бағалау оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырамын.
«Бүгін үйренген нәрсе» әдісі арқылы алған білімін оқушыларды үдеріске сала отырып, мына сұрақтарға жауап беруін қадағалаймын.
Проблемалық жағдаят
Көміртек оксиді мен азот қосылысынан атмосфераны өзге автокөлік қозғалтқыштары жыл сайын 2-3 млн т мырышпен ластайды. Қазіргі уақытта көмір, мұнай мен газ
жанғанда, атмосфераға жыл сайын 20 млрд т-ға жуық көмірқышқыл газы бөлінеді.Осының әсерінен атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері артуда.
Тапсырма №2
Жоғырыда айтылған проблемаларды келешекте алдын-алу үшін не істеуіміз керек? Жылу машиналарының қоршаған ортаның ластануындағы әсерін бағалаңдар және алдын –алу жолдарын айтыңыздар.
Дескриптор:
- Қоршаған ортаның экологиясына жылу машиналарының тигізер әсерлерін анықтай алады.
-Қоршаған ортаның ластануындағы жылу машиналарының тигізер әсерін бағалай алады.
-Экологиялық мәселерді шешу жолын және алдын–алу жолдары туралы өз ойларын айтады.
Қалыптастырушы бағалау«Смайликтер»арқылы бағалау.
Бұл бағалау арқылы оқушылардың көңіл- күйін көтеремін.
|
Плакаттар, маркерлер
АКТ-да сұрақтар көрсетіледі.
|
Сабақтың соңы
5 мин
| Үйге тапсырма: Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер тақырыбына эссе жазу.
|
Алма пішінді стикерлер
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
| Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасы- ның сақталуы
|
«Ойлан жұптас бөліс» әдісінде оқушыларға дереккөздерге сүйене отырып қарқынды жұмыс жасауына және өз бетінше ізденуіне бағыт бағдар беремін.
| «Бас бармақ» арқылы оқушының сабаққа ынтасын оятып,«Бағдаршам» сабаққа қатысу белсенділігін арттырып, сабақтың өне бойында қалыптастырушы бағалауды жүргіземін.
| Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.
|