Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж Сынып: 8

  • Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Ойлау дағдыларының деңгейі

  • Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология

  • Жоспар Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Сабақтың басы минут Ұйымдастыру кезеңі;«Көңіл- күй» әдісі

  • Сабақтың ортасы 30 мин «Сұрақтар топтамасы»

  • Дескриптор

  • Сабақтың соңы 5 мин Кері байланыс

  • Үйге тапсырма: Конденсаторлар туралы жалпы түсіну

  • 8 физ 2 тоқ ҚМЖ. ыса мерзімді жоспарды тарауы 3


    Скачать 4.02 Mb.
    Названиеыса мерзімді жоспарды тарауы 3
    Дата11.03.2022
    Размер4.02 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 физ 2 тоқ ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #391618
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8



    Тексерілді:

    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2 В Электростатика негіздері

    Мектеп:Самал жом

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж

    Сынып: 8

    Қатысқандар:

    Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы

    Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсаторлар

    Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

    8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

    Сабақ мақсаттары:

    Конденсаторлар және оның сыйымдылығы жайлы білу

    Конденсаторлардың құрылысы, түрлері және қолданылу аясын түсіну

    Конденсатордың сыйымдылығы формуласын түрлендіріп, есептер шығаруда қолдану;

    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Білу, түсіну, қолдану

    Бағалау критерийі

    Конденсаторларды және конденсатордың сыйымдылығын түсінеді;

    Конденсаторлардың құрылысы, түрлері және қолданылу аясы туралы біледі.

    Электрсыйымдылық және конденсатордың сыйымдылығы формулаларын түрлендіріп есептер шығарады.

    Тілдік мақсаттар

    Пәндік лексика және терминология:

    Конденсатор, эл ектрсыйымдылық, Фарад

    Құндылықтарға баулу

    Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу: конденсатор тақырыбын меңгерту арқылы еліміздің индустриялық және инновациялық күш қуатын арттыруға, ғылым мен техникадағы жаңа технологияларды дамытуға өз үлестерін қосуға жетелеу

    Пән аралық байланыс

    Информатика-АКТ

    Математика-есептер шығаруда амалдар қолдану

    Бастапқы білім

    8сынып: заряд, потенциалдар айырымы, Кулон, Вольт, диэлектр, электр тұрақтысы, диэлектрлік өтімділік

    Жоспар

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    1. минут

    Ұйымдастыру кезеңі;

    «Көңіл- күй» әдісі

    (Өздерінің есімдерінің бір әрпінен физикалық термин айту)

    «Түстер терапиясы» әдісі арқылы 4 топқа бөлемін.


    Түсті стикерлер

    Сабақтың ортасы

    30 мин



    «Сұрақтар топтамасы» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасаймын.

    1. Потенциал дегеніміз не?

    2. Потенциалдар айырымының физикалық мағынасын түсіндіріңіз.

    3. Потенциалдың өрістің негізгі қасиеттерін атаңыз.

    4. Электр энергиясы жұмысының формуласын жазыңыз.

    Мағынаны ашу:Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін. Берілген мәтінді оқиды, топпен бірлесіп талқылайды және постер қорғайды.

    Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

    1-топ: Конденсатор және конденсатор сыйымдылығы

    Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін сипаттайтын шама электрсыйымдылық деп аталады. C=q/U

    Дескриптор

    • Конденсатор және конденсатор сыйымдылығын түсінеді

    • Конденсатор электрсыйымдылығының формуласын сипаттап түрлендіреді

    2-топ: Конденсатордың құрылысы мен қолданылуы

    Конденсатордың негізгі құрылымы екі өткізгіш болып табылады. Конденсаторды өзіміз көріп жүрген теледидарларда, радиоқабылдағыштарда, магнитафондарда және т.б. электр құралдарында қолданылады.

    Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде (аккумуляторлар), өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін, сонымен қатар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады

    Дескриптор

    • Конденсатордың құрылысын айта алады

    • Конденсаторлардың қайда, не үшін, қалай қолданылатынын біледі

    3-топ: Конденсатордың түрлері

    Конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б. деп бөлінсе, сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады. Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы:

    Дескриптор

    • Конденсатордың түрлерін ажырата біледі

    • Жазық конденсатордың электрсыйымдылығының формуласындағы физикалық шамаларды біледі

    • Жазық конденсатордың формуласын түрлендіріп,есептер шығаруда қолдана алады

    «Алгоритм» әдісі арқылы деңгейлік есептерді жұптық жұмыс арқылы шығару.

    1. Сыйымдылықтары 4,2мкФ және 6мкФ үш конденсатор батареяға жалғанған және 220В электр тогы көзіне қосылған. 1) тізбектей 2) параллель жалғану кезіндегі жалпы сыйымдылықты табу керек.

    Дескриптор

    • Есептің берілгенін нақты және ретімен жазады

    • Өлшем бірліктерді ХБЖ-ға дұрыс айналдырады

    • Формулаларды дұрыс түрлендіріп қолданады Есеп шешімін табады






    Мәтін бөліктері көрсетілген парақшалар





    Сабақтың соңы

    5 мин

    Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы»



    Үйге тапсырма: Конденсаторлар туралы жалпы түсіну



    Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

    Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

    Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    «Джигсо» әдісі арқылы оқушылардың сабақты тереңірек түсінуі үшін ашық сұрақтар бере отырып диалогтар жүргіземін. Жауаптарына сәйкес оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп мадақтама сөздер айтып отырамын.

    «Алгоритм» әдісі арқылы оқушылардың берілген есептерді шығару жылдам дұрыс шығаруы үшін деңгейлік тапсырмалар түрінде беремін. Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша көмек ретінде ресурстар бере отырып алға жетелеймін.

    Топпен жұмыс барысында топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы дескрипторларға сай бағалағанын бақылаймын.
    «Алгоритм» әдісінде оқушыларды есептердің дескрипторларға сәйкес дәптерлеріне смайликтер жабыстыру арқылы ынталандырамын.
    Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысы өздерінің сабақ барысында алған білімдерін қорытып, нәтижеге жетуін қадағалаймын.


    Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта