Тексерілді
Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: 8.3
| Мектеп: Самал ж.о.м.
| Күні: Сынып: 8
| Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж
|
|
|
| Сабақтың тақырыбы
| Термодинамиканың бірінші заңы, газдың және будың жұмысы.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.3.2.17 – Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.
| Сабақтың мақсаты
| 1.Термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру.
2.Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін есептер шығаруда қолдану.
3.Газбен бу ұлғайғандағы жұмысты есептеу.
| Бағалау критерийі
| 1.Термодинамиканың бірінші заңын физикалық мағынасын түсінеді, формуласын біледі.
2.Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін есептер шығаруда қолдана алады. 3.Газ бен бу ұлғайғандағы атқарылатын жұмысты есептей алады.
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
термодинамика, термодинамикалық параметр,макродене, газдың жұмысы, поршень және т.б.
| Құндылықтарға баулу
| Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында газ бен бу құбырларын өндіретін заманауи үлгілерін дамытуға баулу.
| Пәнаралық байланыс
| барысында математикалық өрнектермен байланыстыру.
Газбен будың құрамындағы әртүрлі газдар: азот,оттек, судың буы, т.б химия
| Алдыңғы білім
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
5 мин Сабақтың басы
| Сабақ барысы Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу Жағымды орта қалыптастыру
Шарларға тілек жазады. Шарларды лақтырып, тілектерді оқиды.
Стикерлерді алып, белгіленуі бойынша жазылған топқа отырады.
«Миға шабуыл» (топтық жұмыс)
Әр топ өз тобының аттарын қорғайды.
1-топ «Қысым»,
2-топ «Температура»
3-топ «Көлем»
Әр топ ақылдасып, өз топтарына қатысты мәліметтер айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
(толық сыныппен жұмыс) «Сұрақтар әлемі» әдісі бойынша
интербелсенді тақтада шыққан сұрақтарға топтар кезектесіп жауап айтады. Ашық сұрақ қою арқылы оқу үдерісін тиімді жақсарту, сөйлеу мен
ойлауды жетілдіру .
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ?
Сұйықтың буға айналуы?
Жылу берілу түрлері?
Ішкі энергия дегеніміз не?
Дискриптор:Физикалық шаманы ХБЖ –не келтіреді Заттың агрегаттық күйлерін айтады.
|
|
|
|
|
| Сабақтың ортасы
30 минут
Білу, түсіну Оқылым,
тыңдалым,
айтылым, бірлескен жұмыс
Білу, түсіну
жазылым,
айтылым
қолдану
есептер шығару,
жазылым,
айтылым
| Жаңа тақырыпқа шолу
Жаңа сабақты оқушыларға осындай сұрақтар беру арқылы жалғастырамын.
«Джигсо» әдісі
тақырыпты өздері оқиды, топта түсіндіріледі.
1-топ «Қысым»
Газы бар цилиндрдеге жылу берілгенде газдың ішкі энергиясы ( U) артады және поршеньді көтеру үшін жұмыс (A) атқарылады.
Бұл тәжрибенің нәтижесінде мынадай математикалық өрнекпен беруге болады.
Q = U + A
Бұл термодинамиканың бірінші заңы. 1.Дененің ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?Термодинамиканың бірінші заңында не туралы айтылады?
2-топ «Температура»
Ішкі энергия дененің күйін көрсететін функция. Жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің өтуі нәтижесінде ішкі энергияның өзгерісін сипат тайды.Дененің ішкі энергиясы дене жұмыс жасағанда немесе қоршаған ортаға жылу бергенде өзгереді. 1.Неге жұмыс пен жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі болып табылады?
3-топ. «Көлем»
Газ жасайтын жұмысты есептейік.Газ поршеньді қысып жоғары көтереді. Қысым күшін қысымның формуласын қолданып табамыз: p = F, мұндағы S – поршень ауданы.A = pS h = pS ( h – h ) = p ( Sh – Sh ) = p(V2 – V1 ) = pV, мұндағы V – газ көлемінің өзгерісі немесе A = pV.
Бұдан газ бен будың жұмысты көлем өзгергенде ғана жасайтыны шығады.
3. Газбен будың жасайтын жұмысын түсіндіріңдер ?
Дескриптор:
Дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін біледі. Термодинамиканың бірінші заңының ережесін тұжырымдайды және математикалық өрнегін жаза алады. Жұмыспен жылу мөлшерінің ішкі энергияның өлшемі неліктен болатынын түсіндіреді.
«Хатшы» әдісі 3-тапсырма есептер шығару.G – топпен жұмыс.
Есепті шығарып, түсіндіріп береді.
12 3топ
1. Белгілі бір процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға кемиді.
Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз.
2.Газ 300дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергия 200 дж-ге артты. Газдың жасаған жұмысы
Дескриптор: Есептің шартын түзеді.
Өлшем бірліктерді ХБЖ – не түрлендіреді. Қажетті формуланы біледі, түрлендіре алады.
| оқулық,
үлестірмелі материалдар дәптер
Үлестірмелі қағаз
Конвертте жазылған сұрақтар
Үлестірме
лер
| Сабақтың соңы
5 минут
| Кері байланыс: «Бутерброд » - әдісі арқылы әр топ бір- бірін бағалайды.
Үйге тапсырма: Термодинамиканың бірінші заңы, газбен будың жұмысы тақырыбын оқу.
|
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар беру, тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларға қайта бағыттау және жетелеу
| Әр тапсырмаға дескрипторлар беріледі және оқушыларды әр тапсырма барысында ауызша кері байланыс беру арқылы бағалап отырамын және өзіндік өзара топтық бағалау
| Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
| Тексерілді:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Термодинамика негіздері
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
| Сабақтың тақырыбы
| Жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы.
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
| 8.3.2.18 –термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
| Сабақтың мақсаты
| 1. Қайтымды және қайтымсыз процестерді қоршаған орта мысалдары арқылы түсіндіру .
2. Қайтымды және қайтымсыз процестердің салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау.
| Бағалау критерийі
| Қайтымды және қайтымсыз процестерді қоршаған орта мысалдары арқылы түсінеді .
Қайтымды және қайтымсыз процестердің салдары ретінде термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіедіреді.
| Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
Термодинамиканың екінші заңы.
Қайтымды процес деп жүйенің тепе теңдік күйлер тізбегінің бірінен екіншісіне тура бағытта да өтетін процес
| Құндылықтарға баулу
| Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығында көрсеткендей өмір бойы білім алуға және өзін өзі жетілдіруге дайындау.
| Пәнаралық байланыс
| Жаратылыстану - табиғат құбылыстары. География – теңіз, мұхиттар.
| Алдыңғы білім
| 4 сынып: Табиғат құбылыстары. 6 сынып : Өзендер мен теңіз , мұхиттармен таныс . 8 сынып : Ішкі энергия және термодинамиканың 1 заңы , жылу құбылыстары.
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақ барысы Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
| Сабақтың басы
(5 минут)
| Оқушылармен сәлемдесу. Зейінді шоғырландыру, жағымды психологиялық ахуал тудыру. «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып , бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша үш топқа біріктіріледі.
«Сұрақты қағып ал» тәсілі бойынша өткен тақырыпқа байланысты сұрақты ауызша доп лақтырып қоямын, оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын басқа оқушыға қояды. Бұл тәсіл әрі жылдамдыққа әрі тілдік мақсаттың орындалуына көмек береді. Бұл әдіс арқылы өткелі отырған жаңа тақырыпқа кіріспе түсінік береді. Тапсырма сұрақтары:
Ішкі энергия дегеніміз не?
| Дененің ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?
| Термодинамиканың бірінші заңында не туралы айтылады?
| Шәйнектегі су қайнағанда оның қақпағы неге қозғалады?
| Тас суға құлағанда энергияның сақталу заңы орындала ма?
| Неге балға ұрған кезде немесе күннің көзінде тұрған кезде қызады?
| Дескриптор
Ішкі энергияны және өзгерту тәсілдерін біледі. Термодинамиканың І заңын тұжырымдай алады. Тас суға құлағанда энергияның сақталу заңы орындалатынын түсінеді
|
| Гүлдің суреті салынған кеспе қағаздар, слайд
|
Сабақтың ортасы (30 минут) Білу, түсіну
| Жаңа сабақты меңгерту
«Бумеранг» әдісі өткен сабақтан естерінде қалған сөздерін формулаларды жазып , келесі топқа ұсыну арқылы орындалады.
Тапсырма сұрақтары:
Күнделікті тұрмыста сағат тілінің қозғалысын кері бағытта жүргізуге бола ма? Өзен суының ағысы кері бағытта ағуы мүмкін бе? Адамның өмір сүру дағдысы немесе жасы кері бағытта жүруі мүмкін бе? Температуралары сәйкесінше Т1 және Т2 екі денені жанастырсақ, неғұрлым қаттырақ қызған дене энергиясының бір бөлігі салқынырақ денеге өтеді. Нәтижесінде біраз уақыттан соң жылулық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жылуды салқын денеден қызған денеге кері бағытта беруге болады ма? Неліктен?
Дескриптор:
Күнделікті өмірден қайтымды және қайтымсыз процестерді біледі. Жылу процестеру қай бағытта жүретінін біледі.
«Детальдарды қосу » әдісі бойынша үш топқа тәжірибелік тапсырма беремін. Тапсырма :1 топ
Мұз кесегін алайық. Мұз ерігеннен кейін оның қалпына келмейтінін түсіндіріп беріңдер. Қайтымды және қайтымсыз процестерге күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіріңдер. Футбол добының қозғалысын қай үдеріске жатқызуға болады?
2 топ
Құтыдағы әтірді алайық.
Әтір иісінің оны қайтара алмаймыз осы құбылысты мысалға алып, термодинамиканың екінші заңын тұжырымдап түсіндіріңдер.
2.Броундық қозғалыс қайтымды ма?
3. Қайтымды және қайтымсыз процестерге күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіріңдер.
3 топ
1.Балауыз шамын алайық. Балауыз шамы жанып кеткеннен кейінгі орынын қайта келтіруге болмайтын құбылысты термодинамиканың екінші заңын байланыстырып түсіндіріңдер. 2. Жылуөткізгіштік процесінің қайтымсыздығын дәлелдеңдер.
3.Қайтымды және қайтымсыз процестерге күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіріңдер. Дескриптор:
Қайтымды және қайтымсыз процестерді біледі. Футбол добының қозғалысын қай үдеріске жататынын айта алады.
«Сыныптан шығу билеті» әдісі
1.Қайтымды процесс бұл ...
2.Қайтымсыз процесс бұл ...
3.Қайтымды, қайтымсыз процестердің принциптік айырмашылығы мынада ...
Дескриптор:
Қайтымды және қайтымсыз процестерге түсінік бере алады. Қайтымды, қайтымсыз процестердің айырмашылығы біледі..
| Слайд, оқулық, үлестірмелі қағаздар, флипчарт
| Сабақтың соңы
(5 минут)
| 1.Кері байланыс « +», «-», «қызықты» әдісі бойынша оқушылардан аламын.
2 . Үйге тапсырма Жылу қозғалтқыштарында мұхиттың ішкі энергиясын қолдану мүмкіндігі неге жоқ? Сұрағына жауап іздеп келу.
|
| Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеймін. «Гүлмен тілек», «сұрақты қағып ал» әдісі оқушыларды сыни ойлауға үйретудің ең оңтайлы тәсілі.
| Жұмыс кезінде оқушылардың дұрыс түсініп не қате түсініп отырғанын тапсырма бергеннен кейін жазған жауаптарын тексеріп, кері байланысты тапсырма соңында беріп отырамын.
| Қауіпсіздік техникасы сақталған кабинетте оқушыларға сабақ жүргізіледі.
| |