Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4.1.5Электростатика негіздері
| Мектеп:Самал ЖОМ
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова Ж Б
|
Сынып: 8
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
| 8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;
|
Сабақ мақсаттары:
| 1.Кулон заңының тұжырымдамасын білу, формуласын жаза алу;
|
2.Кулон заңының математикалық өрнегін түрлендіріп, есептер шығаруда қолдану;
|
3.Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың арасындағы әрекеттесу күшінің шамасы қандай шамаларға тура және кері пропорционал екенін формуланы қорыту арқылы түсіндіру.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
| Білу,түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийі
| 1) Кулон заңның тұжырымдамасын біледі, формуласын жаза алады.
2) Кулон заңының математикалық өрнегін түрлендіріп, есептер шығаруда қолданады.
3). Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың арасындағы әрекеттесу күшінің шамасы қандай шамаларға тура және кері пропорционал екенін формуланы қорыту арқылы түсіндіреді.
|
Тілдік мақсаттар:
| Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Оқшаулағыштар-(грек ) оңашалау, электроскоп-электрді көремін.
|
Құндылықтарға баулу
| Жалпыға бірдей еңбек қоғамында еңбекке, шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу
|
Пән аралық байланыс
| Ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау үшін информатика пәнін пайдаланамын( АКТ).Есептер шығару кезінде математикалық амалдарды қолданамын.
|
Бастапқы білім
| Заряд,күш,арақашықтық,элементар заряд,электроскоп,электрометр,электростатикалық машина
8-сынып
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
| І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын тексеру.
Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңберін» құру. Жылулық шеңберінде балалар бір-бірілеріне жылы лебіз білдіріп,сәттілік тілейді.
Сыныпты қиылған кеспелер арқылы үш топқа біріктіру.
Үй тапсырмасын қайталау.«Допты лақтыру» әдісімен үй тапсырмасын қайталау. Жаңа сабақ
I«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға Кулон заңының тақырыбын
өмірмен байланыстырып, сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашады.
1.Ш.Кулон кім және қандай жаңалық ашты?
2.Аттас зарядтары мен бірдей зарядтардың өзара әсерлесуі қандай?
«Академиялық дау –дамай» әдісі (топпен жұмыс) арқылы жаңа тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану (Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма
|
Оқулық,оқу құралдары
|
Сабақтың ортасы
30 мин
| І топ:1.Қандай зарядты «нүктелік» деп атайды? Осы ұғымды «материялық нүкте» ұғымымен салыстырыңдар
2.1 кулон дегеніміз не?
Дескриптор
1.Оқушылар нүктелік зарядты біледі2. Нүктелік зарядты материялық нүктені салыстырады.
ІІ топ1.Диэлектрлік өтімділік дегеніміз не?
2.Кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде?
Дескриптор
1.Диэлектрлік өтімділікті біледі
2. Кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде екенін түсінеді.
ІІI топ:1. Кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар?
2. Электр тұрақтысы мен пропорционал коэффициенттің мәні неге тең?
Дескриптор1.Кулон заңы қалай тұжырымдалатынын біледі
2.Электр тұрақтысы мен пропорционал коэффициентінің мәні неде екенін түсінеді.
«Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады.
Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
F = k∙(q∙q ) / r 2
к = 9∙109 Н∙м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент
ε0 = 8.85∙10-12Кл2/Н∙м2 - электр тұрақтысы
F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / ε∙r 2
« Кім жылдам» әдісі арқылы сабақты жинақтайды
Есептер шығару. (Тақтада есеп жазылады, шығарылады.)
Берілгені: формула Есептелуі
r=2см 0,02м F = к
q=2·10-9Кл
q=·410-18Кл
F-?
Бір-бірінен 3 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 3,6 МН күшпен әрекеттеседі.Әр зарядтын шамасы қандай? Аспандағы екі бұлттың электр зардтары сәйкесінше 2 мк Кл және 8 мк Кл бір-бірімен 9 кН күшпен әрекеттеседі.Бұлттар арасындағы орташа қашықтықты табыңдар.
Дескриптор:
1.Есептің берілгенін нақты ретімен жазады.
2.Өлшем бірліктерді ХБЖ-ға келтіреді.
3.Формуланы дұрыс пайдаланып белгісіз физикалық шаманы табады.
4.Есептің шешімін табады.
| Доп
смайликтер
Интербелсенді тақта,ноутбук
АКТ слайдтары Оқулық ,дәптер қима үлестірме қағаздар
|
Сабақтың соңы
5 мин
| «Дұрыс жолды таңдай біл» стратегиясы Тапсырма
Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың арасындағы әрекеттесу күшінің шамасы қандай шамаларға тура және кері пропорционал екенін формуланы қорыту арқылы түсіндіріп, кестені толтыр.
Сематикалық карта
Формула
| Тұрақты шама
| шамалар
| Тура пропорционал
| Кері пропорционал
| Өлшем бірлік
|
|
|
|
|
|
| Кері байланыс
Осы әдіс арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, «Білім ағашына» жапсырады. «Білім ағашы» макеті,стикерлер
|
Кеспе қағаздар «Білім ағашы» макеті,стикерлер
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
| Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасы- ның сақталуы
|
Сабақ барысында оқушылардың алдыңғы материалдар бойынша білімін тексеру мақсатында «Доп лақтыру» әдісі пайдаланылды. Бұл әдіс оқушылардың теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді және оқушыларды өз еркімен сөйлеуге итермелейді.Сабақ басында «Ой қозғау» әдісі бойынша оқушылар өмірмен байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты өздері ашады.
| Оқушылар жетістіктерін түсінеді және реттейді.Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін, жетістіктерін бағалап,қолдау көрсету үшін смайликтер, жұлдызшалар, мадақтау сөздерді пайдаланамын.
| Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
|