емтихан тест медицина ВОП. Жалпы практикалы дрігер
Скачать 218.19 Kb.
|
Ішкі аурулар ЖДП 51. Қандағы кортикостероидтардың құрамының төмендеуі, зәрмен 17 – ОКС және 17 - КС экскреция азаюы төмендегі көрсетілгендердің қайсысына сәйкес: А) Шиена синдромы В) Аддисон ауруы С) Нельсона синдромы D) Симмондса синдромы Е) Иценко-Кушинг ауруы 52. Ер адам, 54 жаста, жөтел аз мөлшерлі іріңді қақырық бөлінуімен, күштемеде ентігуге шағымданады. Анамнезінде 16 жыл бойы темекі шегеді. Қарағанда еріннің цианозы, кеуде клеткасы бөшкетәрізді формалы, бұғана үсті аймағы ісінген. Перкуторлы қорап тәрізді дыбыс. Аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ сырылдар естіледі, форсирленген тыныш шығарғанда күшеюі. Тексеруде ФВД: ОФВ1- 65%, ПСВ - 70%. Бронхолитиктерге тест теріс.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) Бронхиальды астма В) Бронхоэктатикалық ауру С) созылмалы обструктивті бронхит Д) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы Е) Облитерациялық бронхиолит 53. Ер адам, 60 жаста, кенеттен төс арты тұсының өткір ауырсынуымен оянған, төменгі жаққа иррадацияланған, 2 рет изокет қабылдаған, ауырғаны басылмаған. Айқын әлсіздік белгілері күшеюі. ЭКГ – да: синусты тахикардия 95 рет/ мин дейін. Электрлік ось горизонтальды қалыпта. ІІ, ІІІ, аVF тіркемеде Q тісшесі 0,05 секунд және ST сегментінің көтерілуі, І, аVL V2-V4 тіркемеде ST сегментінің депрессиясы. Қай тексеру бірінші кезекте спецификалық болып табылады? А) миоглобин мөлшері В) ЛДГ көрсеткіші С) АСТ көрсеткіші Д) тропонин мөлшері Е) МВ- креатининфосфокиназа көрсеткіші 54. Ер адам , 35 жаста бас ауруы, бұлшықет әлсіздігі, өтпелі құрысу, шөлдеу, көп мөлшерде зәр шығаруымен ша,ымданып дәрігерге қаралды. Бірнеше айдан бері ауырады, аурудың басталуын ештеңемен байланыстырмайды. Қарағанда АҚҚ 170/100 мм.рт.ст. дейін жоғарлағаны анықталды. Анализде : калий – 2,5 ммоль/л, натрий – 170 ммоль/л. Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? А) реноваскулярлы гипертония В) Біріншілік гиперальдостеронизм С) Феохромоцитома Д) Диабеттік нефропатия Е) Бүйрек поликистозы 55. Әйел адам. 25 жаста, жүрек аймағының қатты қысып ауырсынуына, жүрек соғысы, әлсіздік, мазасыздықға шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бұрын тұмау басынан кешірген. Қарағанда жүрек шегі солға кеңейген, барлық жүрек аймағында систолалық шу естіледі, иррадиациясыз, ЖСЖ – 100 рет/ мин. Температурасы 37,5 С. Лабораторлы зерттеулерде анықталды: лейкоцитоз, ЭТЖ 35 мм/ сағ жоғарлауы. ЭКГ – да: реполяризацияның бұзылысы мен қарыншаішілк өткізгіштіктің бәсеңдеуі.Төменде көрсетілген тәсілдердің қайсысы информативті? А) ЭКГ мониторинг В) Эхокардиограмма С) кеде клеткасы мүшелері рентгенографиясы Д) Жүректің ядролы- магниттік- резонансты томографиясы Е) Коронароангиография 56. Ер адам 16 жаста. Жансыздану мен аяғының салқындауымен шағымданады. Қарағанда күрделі кеуде клеткасы, тар жамбас, арық аяқ. АҚҚ 190/120 мм.рт.ст. Аускультацияда жүрек негізі проекциясында дөрекі систолалық шу. Шынтақ бүгілісінде пульс қысымы жоғарлаған, сан артериясында бәсеңдеген. Төмендегі тәсілдердің қайсысы информативті? А) ЭКГ мониторинг В) Эхокардиограмма С) кеде клеткасы мүшелері рентгенографиясы Д) Фонокардиография Е) Аортография 57. Ер адам, 38 жаста, емханаға бас айналу, жалпы әлсіздік шағымымен келді. Жоғардағы шағымдар ай бойы мазалайды. Объективті: Жүрек тондары: тұйықталған, ритм ырғақты. ЖСЖ 65 рет/ мин. АҚҚ 110/80 мм рт.ст. ЭКГ – да: P – Q интервалының Самойлов- Венкебах периодымен біртіндеп ұзаруы . Қай ритм бұзылысы ЭКГ-да болуы мүмкін? A) АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц ІІ типі B) АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц І типі C) Толық АВ-блокадасы D) Синдром Фредерика E) Синоаурикулярная блокадасы 58. Ер адам, 55 жаста, емханаға төс артының шаншап, қысып ауырсынуы шағымымен, 3 таблетка нитроглицеринге қоймаған.Жедел жәрдем бригадасы шақырылған, ЭКГ – да : Q тісшесі 0,06 секунд және ST сегментінің жоғарлауы І, ІІ, аVL6 VІ-VІІІ тіркемелерде, көмек көрсетіліп, клиникаға жеткізілген. Объективті: Тері жамылғысы салқын,жабысқақ тер. Жүрек тондары анық емес, ритмді. ЖСЖ 85 рет/ мин. АҚҚ 120/70 мм.рт.ст Қай препарат бірінші кезекте қолдану керек? А) Ацетилсалицил қышқылы В) Нитроглицерин С) Клопидогрель Д) Метопрололтартрат Е) Морфин 59. Ер адам, 35 жаста, есін жоғалту, ентігумен және бас айналумен шағымданады. Тексерулерде: жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс емес, сирек. ЖСЖ 46 рет/ мин.АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. ЭКГ –да анықталды: P-QRST комплексінің 2 P- P интервалынан төмендеуі.Аталған емдеу тәсілдердің қайсысы эффективті? А) Допамин В) Эпинефрин С) Фенилэфрин D) Атропин сульфат Е) Кардиостимулятор 60. Ер адам, 42 жаста , қызыл иектің қанауына, тамағының ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене температурасы 39,2 С. Дене терісінің бозғылт фонында көптеген петехиялар мен экхимоздар. Қызыл иек болбыр, бадамшада некротикалық жабынды. Жақасты. Бұлшықетасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр 2 см , талақ 3 см ұлғайған. ЖҚА: эритроциттер 2,5х1012/л, гемоглобин 78 г/л, ТК 0,9, тромбоциттер5,0х109/л, лейкоциттер48,2х109/л, бласттар 98%, сегментядролы 1%, лимфоциттер 1%, ЭТЖ-64 мм/сағ. Миелогарммада: 95% миелобластты клеткалар. Цитохимиялық реакции: миелопероксидаза мен липидтерге – оң. Төменде көрсетілген диагноздрдың қайсысы болуы мүмкін? А) Апластикалық анемия В) Жедел миелобластты лейкоз С) Жедел лимфобластты лейкоз D) Жедел дифференцирланбаған лейкоз Е) Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура 61 Әйел 67 жаста, бас ауруына,сүйектеріндегі ауырсынуға,әлсіздікке шағымданады. Объективті:Тері жабына боз. Балтырды ұрғылау барысында ауырсыну байқалады. Қан анализі: Эритроциттер 2,7х1012/л, лейкоциттер 3,8х109/л, тромбоциттер 138х109/л, ЭТЖ 58 мм/сағ. ЖЗА: салыстырмалы тығ.-1028, белок 0,165 г/л, эритроциттер 10-12 көру алаңында, белок Бенс-Джонса (). Креатинин 162 мкмоль/л, кальций 180 ммоль/л, мочевина 8 ммоль/л, жалпы белок 92 г/л. Бассүйек рентгенографиясы: сүйек тінінің лизисі в виде «выеденной молью». Аталған болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс? А) Миеломды ауру B) Біріншлікті амилоидоз C) Тромбоцитопениялық пурпура D) Апластикалық анемия E) Гломерулонефрит 62. Ер адам, 18 жаста, әлсіздік, бетінің және аяғының ісінуіне шағымданады. 2 апта бұрын ангинамен ауырған, таңертең кенеттен ісінулер пайда болған. Объективті: беті бозарған және ісінген, аяқтың массивті ісінуі, асцит, плевральды қуыста сұйықтық. Өкпенің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. АҚ - 190/120 мм.сын.бағ. Жалпы қан анализі: Нв - 120 г/л, эритроциттер 4,6х1012/л, лейкоциттер 8,3х10/л, ЭТЖ 20 мм/час. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығ. 1010, белок 0,6 г/л, эритроциттер 50-60 көру алаңында. Бірінші кезекте қай зерттеу әдісін жүргізу керек? А) Креатинин В) Стрептококкқа қарсы антидене С)Жалпы белок және оның фракциялары D) Мочевина Е) Шумақты фильтрацияның жылдамдығы 63 Әйел, 50жаста, тізе буынының бастапқы ауыруына, әсіресе оң жақ, ұзақ жүргенде күшеюіне шағымданады, демалғаннан кейін ауырсыну жойылады. Объективті: тізе буындары дефигураланған, крепитация анықталады, буындарда қозғалыс сақталған. Дистальды фалангаралық буындарда тығыз түйіндер және подвывих байқалады. ЖҚА: эритроциттер 4,2х1012/л, лейкоциттер 5,6х109/л. ЭТЖ 18 мм/сағ. Реакция Ваалер-Розе 1:8. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс? А) Ревматоидты артрит В) Псориатикалық артрит С) Подагралық артрит D) Реактивті артрит Е) Остеоартроз 64 Әйел, 31 жаста, жүрегінің соғуына, аздаған жүктемеде пайда болатын ентікпеге шағымданып келді. Объективті қарау барысында: қолдарында тремор, көздері үлкен, шығыңқы. Пальпацияда: айырша без ұлғайған, қамыр тәрізді консистенциялы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, жүректің соғу жиілігі 140 рет минутына. АҚ 120/70 мм.сын.бағ. Тиреотропты гормон 0,3 мЕд/л, бос тироксин Т4 28,3 пмоль/л. ЭКГ – синусты тахикардия. ЖСЖ 145 рет минутына. Қай дәрілік препаратты тағайындаған жөн? А) Жүрек гликозидтері В) Бета-адреноблокаторлар С) Кальция антагонистері D) М-холиноблокаторлар Е) Калий каналының активаторлары 65 Еркек, 60 жаста, кеуде аймағында қатты ауырсыну сезімінің мойын және екі қолына иррадиация беруінен оянған, салқын тер шыққан. Кеуде тұсындағы, мойын және екі қолға берілетін қатты ауырсыну сезімі, мазалап оянған, салқын термен жүрген Нитроглицериннің 6 таблеткасын 5 мин интервалмен қайталап қабылдағаннан кейін ауырсыну азайған, бірақ толығымен жойылмаған. Қарау барысында: пульс 100 рет минутына, ритмді, АҚ 100/80 мм.сын.бағ., өкпенің төменгі бөлігінде қатаң тыныс және ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, шу және галоп ритмі жоқ.. Бірінші кезекте қай зерттеу әдісін жүргізу керек? А) Велоэргометрия В) Электрокардиография С) Эхокардиография D) Іш қуысы ағзаларын УДЗ Е) Кеуде клеткасы ағзаларының рентгенографиясы 66 Еркек, 57жаста, кенет әлсіздікпен, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын жүрек соғуы ұстамасына шағымданып келді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритм жиі 183 рет минутына. АҚ – 70/30 мм.сын.бағ. ЭКГда: Р тісшесі анықталмайды, QRS >0,12 сек, қарыншалық жиырылу жиілігі 180 рет минутына. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс? А) Жүрекшелік діріл (трепетание) В) Синусты тахикардия С) Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмі D) Қарыншалық пароксизмальды тахикардия Е) Жүрекшелік параксизмальды тахикардия 67 Еркек, 62 жаста, жүрек соғу ұстамасына, аздаған жүктеме кезіндегі ентікпеге, жалпы әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: 5 жыл бұрын миокард инфаркты болған. Объективті: жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс емес ритмді. ЖЖЖ 150 рет минутына. АҚ 150/95 мм.сын.бағ. ЭКГда: синусты ритм QRS комплексінің ерте пайда болуымен үзіледі, Р тісшесі жоқ, RS-T сегменті мен Т тісшесі QRS комплексіне дискордантты бағытталған, толық компенсаторлы пауза. Қай дәрілік препаратты тағайындаған жөн? А) Дигоксин В) Кордарон С) Лидокаин D) Амлодипин Е) Новокаинамид 68 Студент, 19 жаста, Шри-Ланкадан келген, субфебрильді температураға, саусақтарының сезімталдығының бұзылуына, арықтау, терілік бөртпе, жүрек аймағының шаншып ауыруына, әлсіздік, физикалық жүктемеден кейінгі ентікпеге шағымданады. Объективті: мойын веналарының ісінуі. Жүрек ктондары тұйықталған, галоп ритмі, І және IV нүктелерде систолалық шу. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығыңқы, асцит, аяқтарының ісінуі. ЭХОКГ: жүректің оң және сол бөліктері ұлғайған, эндокардтың айқын қалыңдауы, клапандар фиброзы, диастолалық дисфункция. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс? А) Субаортальды стеноз В) Рестриктивті кардиомиопатия С) Дилатационды кардиомиопатия D) Оң қарыншаның аритмогенді кардиомиопатиясы Е) Симметриялы гипертрофиялық кардиомиопатия 69 Еркек, 60 жаста, физикалық жүктеме кезінде пайда болып, тыныштықта жойылатын, мойын және екі қолға иррадиация беретін төс артының қысып ауыруына шағымданады. Қарау барысында: пульс 90 рет минутына, ритмді, АҚ-145/90 мм.сын.бағ. жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ритмді.ВЭМ проба жүргізгенде ЭКГдағы қандай өзгерістер коронарлы жеткіліксіздікті көрсетеді? А) ST сегментінің 2 мм жоғары депрессиясы В) негативті Т тісшесінің реверсиясы С) PQ интервалының ұзаруы D) Жүрекшелік экстрасистолияның пайда болуы Е) Гис будасының оң аяқшасының блокадасы 70. 47жастағы ер адам физикалық жүктемеге байланысты емес жүрек тұсындағы интенсивті ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Ауру сезімі 3 сағат бұрын нервті-психикалық жүктемеден кейін пайда болды. Объективті: Бозарған. Жүрек тондары ритмді, бәсеңдеген. ЭКГ-да: синустық тахикардия, PQ 0,14 сек, V1-V3 тіркемеде сегмент ST R-дің ортасынан басталыпт Т тістемесіне өтеді . ТропонинI: 0,012 нг/мл. Жалпы қан анализінде : эритроциты 4,2х1012/л, гемоглобин 141 г/л, лейкоциттер 6,8х109/л, СОЭ 11 мм/саг.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? А) Инфаркт миокардісі В) Тұрақты емес стенокардия С) Кернеулі Стенокардия D) Қабырғаарылық невралгия Е) Қатпарланған аневризма 71. 54 жастағы ер адам түнгі және азанда күшейетін кәріжілік-білезік және алақан-фаланг буындарындағы интенсивті ауру сезімдеріне , ісінуіне, таңертенгілік құрысуға, дене температурасының 38,60С-қа көтерілуіне шағымданды. Қарау барысында саусақ буындарының симметриялық зақымдануы, шынтақ жағына қарай қол буындарының ауытқуы анықталды. Рентгенографияда буын қуыстарының тарылуы, буын беткейлерінде аздаған бейнелер көрінеді.Төменде көрсетілген қай препарат ұсынылады? A) Купренил B) Метотрексат C) Диклофенак D) Циклофосфамид E) Метилпреднизолон 72. Созылмалы панкреатитті диагностикалауда қай зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады ? A) Эзофагогастродуоденоскопия B) Құрсақ қуысын УДЗ C Асқазан секрециясые зерттеу D) Ұйқы безінің компьютерлі томографиясы E) Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография 73. Бронхиалды астмамен ауыратын 25 жастағы ер адам демікпемен айқын әлсіздекке шағымданды. Анамнезінен: тәулік ішінде беретекпен 10-нан аса ингаляция қабылдады, бірақ әсерсіз. Жедел жәрдем дәрігері тамыр ішіне 10мл 2,4 % эуфиллин ерітіндісін енгізді. Объективті: қозған, дене температура 36,70С, ЖСЖ 120 соққы мин, ТЖ 24 мин. аускультацияда: дем алуы кенеттен әлсіреген, аздаған құрғақ сырылдар. Жедел жәрдемнің алғашқы көмегі? А) Регидратация B) эуфиллин дозасын көбейту C) өкпені жасанды вентиляциясы D) кортикостероидтарды беру E) симпатомиметиктердің дозаларын көбейту 74 21 жастағы қыз дәрігерге журек соғысының периодты жылына 2-3 рет ұстамаға шағымданып келді. Ұстамалар кенеттен басталып, бірнеше минутқа созылады, әлсіздікпен көрінеді, өздігінен басылады.Клиникалық қарау кезінде патологиялық ауытқулар анықталған жоқ. ЭКГ-да: ритм синусты, дұрыс, интервал PQ 0,09 сек, комплекс QRS 0,11сек, дельта толқыны на өрлеуші зубца R V1 –де .Төменде көрсетілген қай патология ең ықтимал? А) QT ұзаруының синдромы B) Синдром Вольфа-Паркинсона-Уайта C) Синусты түйіннің әлсіздік синдромы D) Синдром Лауна-Генонга-Ливайна E) Синдром Клерка-Леви-Критэско 75. 18 жастағы жас бала аздаған физикалық жүктемеден кейін бас айналу мен тұншығуға шағымданып келді. Бала кезінен ауырады. Қарау барысында: диффузды цианоз, саусақ фалангыларының «барабан таяқша », жүрек шекарасының солға жылжуы, эпигастральды аймақта оң жақ қарыншаның систолалық пульсациясы. Аускультацияда: расщепление өкпе сабауында II тонның акценті мен ажырауы, қанжар тәрізді өсіндіде қысқа систолалық шу, кеудеден сол жақтан 2 қабырғааралықтан диастолалық шу. Рентгенологиялық: өкпе сабауы бағанының шығып тұруы. Өкпе тамырының кеңеюі, периферияға қарай тарылуы.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? A) Трикуспидальный стеноз B) трикуспидальды клапанның жетіспеушілігі C) Туа біткен өкпе артериясының стенозы D) Тетрада Фалло E) өкпе гипертензиясы 76. 35 жастағы әйел адам артериялық қысымның 280/130мм.сын.бағ дейін көтерілуіне шағымданды. Жылына АҚ приступты көтерілген кезде криз үреймен, тахикардиямен, дірілмен, бұлшықет тартылуымен, көп зәр бөлінуімен аяқталады. Сондай криз кезде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталды.Төменде көрсетілген қай препарат ұсынылады? A) Магния сульфат B) Эналаприл C) Верапамил D) Клонидин E) Фентоламин Детские болезни ОВП 77.Қандай ауруға мына белгілер тән: қысқа бойлы, дамудың артта қалуы, микроцефалия, микрофтальмия, қара торы тері, теріде гипо- и гиперпигментация учаскелері - "сүт аралас кофе" түс? A) Болезнь Де Тони-Дебре-Фанкони B) Болезнь Аддисона C) Болезнь Виллебранда D) Болезнь Гиппеля-Линдау E) Синдром Луи-Барр 78. қарау барысында 2 жастағы ер балада жүрек ұшы түрткісі, эпигастральды аймақта пульсация, жүрек шекарасының шамалы кеңеюі анықталды. 2 тонның кеудеден солға 2кабаралықта айқын әлсіреуі, қатал систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: ЭОС оңға жылжуы, оң жүрекшенің гипертрофиясы. ЭХОКГ- оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы мен караншааралық саңылау қалыңдығының ұлғаюы, оң жүрекшенің дилятациясы. Балада қандай жүрек ақауы ең ықтимал? A) жүрекше аралық ақау B) қарынша аралық ақау C) Аортаның стенозы D) Изолирленген өкпе сабауының стенозы E) Коарктация аорты 79.12 жастағы қыз бала әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне жіне дене массасының азаюына, дене температурасының 38 0С, буындардың бұлшықеттердің ауырсынуына шағымданды. Бет терісінде, көкірек аймағында қызарулар, қобалжығанда және күннің көзінде узақ уақыт болғанда күшейеді. ауыз қуысында , ерін шырыштарында аздап ауыратын жаралар бар. Аускультацияда өкпесінде плевра мен перикардтың үйкеліс шуы. ЖҚА: гемоглобин 101 г/л, эритроциты 3,9 х 1012/л, цветной показатель 0,85, лейкоциты 3,4х109/л, тромбоциты 112 х109/л. В мазках крови выявлено LЕ- клетки.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? A) Ювенильды дерматомиозит B) Жүйелі қызыл жегі C) Ювенильді склеродермия D) Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура E) Ювенильды идиопатиялық артрит 80. 8 жастағы ер баланы қозғалыс кезінде оң табан буынында ауырсыну сезімі көбінесе азанда, танертеңгілік құрысу 40мин-қа созылатын, түскі уақытта толықтай басылытын, көрудің төмендеуі мен «көзінде топырак тұрған» сезімі мазалайды. 1айдан бері ауырады. Объективті: табан буынында оң жағы ісінген, сезгенде ыстық, қозғалысы шектелген. ЖҚА: эритроциты 3,8 1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциты 8,9х109/л, СОЭ-23 мм/ч, С-реактивті белок оң. Табан буының рентгенографиясы:буын қуысының тарылуы, остеопороз.Жедел жәрдемнің алғашқы көмегі? A) Индометацин B) Переднизолон C) Метотрексат D) Купренил E) Циклофосфамид 81. 7 айлық бала ана сүтін еметін салмақты аз қосады, психо-моторлы дамуы артта қалады. Анамнезінде кіндік қалдығының кеш түсуі, созылмалы сарғаю. Қарау кезінде: аяқ-қолы қысқарған, дене бітімі ұзарған, қысқа мойын, көз қуысының тар болуы. ЭКГ-да QRS тісше вольтажының төмендеуі, брадикардия. Рентгенограммада кәріжілік-білезік буындарында суйектенудің темпінің баяулауы. Алғашқыда қандай зерттеу әдісін ұсынасыз? А) Қалқанша бездің гармондарын В) Бауырлық пробалар C) Қалқанша безді УДЗ D) Кариотипті анықтау С) ЭхоКГ 82. 12 жастағы ер бала оң жақ қабырғаастында тұрақты түрде сыздап ауру және ауырлық сезіміне, тамақтан соң күшейетін беліне, оң жауырынға иррадиация беретін, ауыздағы күйік дәміне мен жүрек айнуға шағымданып келді. Объективті: іші жұмсақ, кер нүктесінде ауырснады, бауыр қабырға доғасынан 1см-ге шығып тұрады, жұмсақ-эластикалыұ консистенциялы, пальпациялағанда ауырсынбайды. БХА: билирубин 25 мкмоль/л, прямой 10,4 мкмоль/л, гамма глутамилтранспептидаза 22 Ед/л, щелочная фосфатаза 785 Ед/л, холестерин 5,8 ммоль/л. Кандай зерттеу ең ықтимал жүргізу керек? A) Құрсақ қуысын УДЗ B) Фиброгастродуоденоскопия C) Эхохолецистография D) Құрсақ қуысын рентгенографиясы T) Ретроградты холангиопанкреатография 83. 9 жастағы ер бала жедел ауырды, дене темп-ң 39°С-ға көтерілуімен кенеттен бұлшықеттер, саусақтары, табанда ауру сезімі, әлсіздік күшеюімен басталды. Соңғы уақытта прогрессивті түрде дене салмағының азаюы байқалады. Анасының айтуынша баспалдақпен жоғары көтерілу мен тіке отыру балаға қиындық тудырады. Қандай препарат ең ықтимал? A) Преднизолон B) Метотрексат C) Циклофосфан D) Метипред E) Тиосульфат натрия 84. 5 жастағы ер баланы жұтынғанда тамағында ауырсыну, бас ауру, қалтырау, дене темп-ң көтерілуі мазалайды. дене темп-ң 39°С-ға көтерілуімен жедел ауырды. Объективті: аранда ал-кызыл жайылған гиперемия, бадамшалар 2 дәрежеге дейін ұлғайған, сары-ақ түсті, шетінен қиын алынады және сылынбайды.Тонзилярлы лимфа түйіндер 1,5-2 см-ге ұлғайған, ауырсынады. ЖҚА: : гемоглобин 120 г/л, эритроциты 4,1х1012/л, лейкоциты 12,2х109/л, палочкоядерные - 6%, сегментоядерные- 61%, эозинофилы - 1%, лимфоциты - 32%, СОЭ - 35 мм/час. Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? A) Ауызжұтқыншақ дифтериясы B) Скарлатина C) Иерсиниоз D) Краснуха E) Скарлатина тәрізді формада псевдотуберкулез 85. 3 жастағы бала 4 күн бұрын ауырды. Дене темп-сы 400С, көп реттік құсу, іштің периодты түрде ауырсынуы. 2-ші күні барлық денесінде көптеген ұсақ-нүктелі бөртпелер қаптады. 4-ші күні табан буынында ауырсынуға шағымданды. Қарағанда емізікшелі тіл, жақасты лимфа түйіндері мен бауыры ұлғайған, қорытылмаған ас қалдықтарымен сұйық нәжіс анықталды.Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? A) Ювенильды ревматоидты артрит B) Псевдотуберкулез C) Вирусты гепатит В D) Корь, артрозоподобная форма E) Иерсиниоз 86. 7 жастағы ер бала дене темп-ң 39°С-ға көтерілуіне әлсіздікке бұлшықет пен буын ауруына, бас ауруға самай, маңдай, қасүсті күмбез, көз алмасы бөлігінде ауырсынуға шағымданды. Ауырғанына 2-ші тәулік. Объективті: Мұрынынан шырышты бөлінділер. Аранда бадамшалар ал-кызыл гиперемияланған, қатты тандайдың түйіршіктенуі. ЖҚА:гемоглобин 128 г/л, эритроциты 4,7х 1012/л, лейкоциты 3,9х109/л, палочкоядерные 4%, сегментоядерные 51%, эозинофилы 6%, лимфоциты 39%, СОЭ-6 мм/час. Төменде көрсетілген диагноздардың ең ықтималы? A) Парагрипп B) Грипп C) Аденовирусты инфекция D) Респираторлы-синтициальды инфекция E) Риновирусты инфекция 87. 2 айлық қыз бала анасының айтуынша жөтелге және тынысының жиіленуіне шағымданады. Объективті: дене температурасы 390С. Мұрын қанатының үрілуі, тынысының тарылуы. ТЖ 65 мин. Кеуде қуысының төменгі бөлігінің тартылуы. Аускультативті: тынысы әлсіреген, оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар. ЖҚА: гемоглобин 125 г/л, эритроциты 4,9х1012/л, лейкоциты 12,4х09/л, палочкоядерные - 7%, сегментоядерные 62%, эозинофилы - 1%, лимфоциты - 30%. СОЭ 6 мм/час. Кеуде қуысының Рентгені:көптеген инфильтраттармен бірге интерстициальды өзгерістер, өкпе түбірінің лимфатикалық түйіндерінің ұлғаюы.Төменде көрсетілген диагноздардың ең ықтималы? A) ЖРВИ B) Пневмония C) Бронхит D) Бронхиолит E) Өкпе туберкулезі 88. 9 жастағы қыз бала іштің ауруына, жиі дәретке баруына шағымданып келді. Анамнезінен: апта бұрын темп 38С, іштің ауруы, жиі ауырсынулы дәретке бару пайда болды. ЖҚА: лейкоциты – 8,9х109/л, СОЭ 33 мм/ч. Зәрде – белок – 0,08 г/л, лейкоцитов 18-22 в поле зрения, эритроцитов 8-10 в поле зрения. бүйректі УДЗ – сол астаушаның кеңеюі. Мына науқасқа қандай зерттеу әдісі ең ықтимал? А) Реберга-Тареев сынамасы В) Цистография C) Тамырішілік Урография D) Зәрді бактериологиялық себу E) Радиоизотопты зерттеу 89.10 жастағы ер бала созылмалы жүректің ревматикалық ауруымен 3 жылдан бері ауырады. Сонгы 2 ай ағымында тамақ жегенде және одан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлық сезімі, периодты лұқсу, қыжыл пайда болды. ФГДС-та: асқазанның антральды бөлігінің шырышты гипертрофия түрінде зақымдануы, гастроэзофагеальный рефлюкс.Төменде көрсетілген зерттеу әдісін ең бірінші орындау ықтимал? A) Копрограмма B) Асқазанды зондтау C) Дуоденальды зерттеу D) Ультрадыбысты зерттеу E) Морфологиялық зерттеу 90. 8 жастағы ер бала дене температурасының 38,50С ке көтерілуіне, әлсіздікке және шаршағыштыққа шағымданды. Жағдайы ауыр, бозарған, ТЖ 28 мин. Журек шекарасының перкуссиясы: оң- кеудеден оң жақтан, жоғарғы- 2 каб-аралық, сол- бұғанаортаңғы сызықтан 2,5см ішке қарай. Аускультацияда : в III-IVқаб-аралықта кеудеден солға қарай систолалық шу. ЧСС 100 мин. АД 115/40 ммрт.ст. Төменде көрсетілген қай препарат ұсынылады? А) НПВП В) Жүрек гликозидтері С) Гормондар D) Антибиотиктер Е) Иммуносупрессорлар 91. 1,8 жастағы ер бала полиурияға, полидипсияға, себепсіз темп-ң көтерілуіне, аяқ-қолдарының талма тәрізді қозғалысына, ЖРВИ жылына 6 рет, іш қатулар мазалайды. Объективті: салмағы 9,5 кг, бойы 85 см, 0-образды аяғының деформациясы, бауыр 9,5х8,5х8,5см, шүйденің жайпақталуы мен шаш түсіп қалуы, маңдай мен төбенің дөңестенуі, үлкен еңбек 0,5х0,5 см, іш бұлшықетінің айырылуы. Әкелуші карпо-педальды спазм, тізе сіңір рефлекстерінің жоғарылауы. Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? А) де Тони-Дебре-Фанкони ауруы В) Витамин-D-тәуелді рахит С) Хондродистрофия D) Бүйрек тубулярлы ацидоз Е) Спазмофилия 92. 13 жастағы ер бала периодты түрде склераның иктериялығы, інісінде осындай сарғаю 2 рет байқалған. Физикальды зерттегенде патология табылған жоқ. Бауырлық пробалар анықталды:общий билирубин 38,8 мкмоль/л, прямой 3,5 мкмоль/л, АЛТ 31 Ед/л, АСТ 19 Ед/л, щелочная фосфатаза 226Ед/л. Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? А) Синдром Ротора В) Жильбер ауруы С) Өт-тас ауруы D) Синдром Дабин-Джонсона Е) Туа біткен гемолитическалық анемия 93. 14 жастағы ер бала іштің ауруна, жүрек айнуға, тәулігіне 12 рет жағымсыз иіспен жиі сұйық дәретке шағымданады. Соңғы 3 жылда диарея синдромымен ауырады, соңғы жылы жағдайы едәуір нашалады, арықтады, жалпы әлсіздік, буындарда ауырсыну, балтыр булшықетінің тырысуы байқалады. Педиатрда созылмалы энтероколит бойынша емделді, нәтижесіз. Тері жабындылары бозғылт. Соққылағанда аяқ-қолдарының түтікше сүйектерінде дистальды бөлігінде ауырсыну байқалады. Копрологиялық зерттегенде стеаторея,креаторея анықталды. Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? А) мальабсорция синдромы В) Гранулематозды колит С) созылмалы панкреатит D) Ішек тітіркену синдромы Е) спецификалық емес жаралы колит 94. 11 жастағы қыз бала дефекация алдында ауру сезіміне, нәжістің сұйықтануы мен күніне 4 рет, қан аралас және шырыштың болуына, тәбетінің төмендеуіне, салмақ жоғалтуына, субфебрильды температураға шағымданады. 6 ай бойы ауырады. Объективті: іші ісінген, сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Бауыр қабырға күмбезі шетңнде орналасқан. Нәжісі пішінсіз, қан мен шырыш аралас тәулігіне 4-5 рет. Ректороманоскопия: тік ішектің шырышты қабатында беткей әр түрлі көлемде және пішінді дефекты , тамырлық сурет жоқ, қабыну процесінен ішектің саңылауы тарылуы көрінеді.Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал? А)Дизентерия В) созылмалы колит С) Гранулематозды колит D) Ішек тітіркену синдромы Е) спецификалық емес жаралы колит 95. 13 жастағы қыз бала бірнеше күндегі әлсіздікке, бас айналу, қара нәжіске, іштің ауырсынуына шағымданады. 1,5 жыл бойы асқазандағы ауру сезімі, көбінесе ашқарынға кейде түнде ауру сезімі антацидтерді қабылдағаннан кейін басылады. Бұрын қаралмаған. Атасы он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады. ЖҚА: эритроциты 3.5х1012/л,НВ 82г/л, лейкоциты 7,1х109/л,СОЭ 12 мм/час. Реакция Грегерсона . Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең ықтимал? А) Ректороманоскопия В) НР-ді зерттеу С) Асқазанның рентгеноскопиясы D) Құрсақ қуысын УДЗ Е) Фиброгастродуоденоскопия 96. 13 жастағы ер бала дене температурасының 38,8С-қа көтерілуіне, сирақ пен табан бүгілетін беткей терісінде көптеген геморагиялық бөртпелер , тізе буындарының ісінуі мен ауруы, іш ауруы мен қана аралас сұйық нәжіске шағымданып келді. Бір ретті “ қою кофе” түстес құсу болды. Объективті: тізе және сирақ-тізе буындары дефигурацияланған, қозғалысы ауру сезімін тудырады. ЖҚА: эритроциты 1,2х1012/л, Нв 70 г/л, ЦП 0,62 , лейкоциты 27,3х109/л, СОЭ 54 мм/час. ЖЗА: удельный вес 1015, белок 0,9 г/л, лейкоциты 2-3 в поле зрения, эритроциты 30-40 в поле зрения.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? А) Асқазанның жіне 12 елі ішектің жара ауруы В) Гломерулонефрит С) Реактивті артрит D) Тромбоцитопениялық пурпура Е) Геморрагиялық васкулит 97. 9 жастағы қыз бала дене температурасының 38С-қа көтерілуіне, тізе буындарында симментриялық миграциялаушы ауру сезімі, перикардиальды ауру, демікпе, жүрек қағуға шағымданды. Ауруды фолликулярлы ангинаны басынан кешіруімен байланыстырады. Кеудесінде және аяқ-қолдың проксимальды бөлімдерде сақина тәрізді бөртпелер, қышымайды, тері беткейіне шықпайды, өзінен кейін із қалдырмайды. Кеуде бұлшықеттері мен аяқ-қолдарының гиперкинезі анықталады. ЭхоЭКГ:митральная регургитация, систолический шум.Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ең ықтимал? А) Бензилпенициллин В) Фенобарбитал С) Азитромицин D) Пропранолол Е) Метилпреднизолон 98. 6 айлық баланың ата-анасы сұйық көбікті күніне 7 рет болатын 1 ай мерзімде мазалайтын нәжіске, мазасыздыққа шағымданды. Анамнезінен: ана сүтімен 1 айға дейін емген, жасанды қоректену 3 айдан бастап. Қосымша тамақтандыру 4 айдан бастап- манная және геркулесті сүтті каша күніне 2 рет. Объективті: Тері жабындылары мен шырышты қабаты бозарған.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? А) Ішек тітіркену синдромы В) спецификалық емес жаралы колит С) Инфекционды энтероколит D) Глютеды энтеропатия Е) Муковисцидоз 99. 8 жастағы ер бала дене температурасының 38,8С-қа көтерілуіне, демікпеге, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге шағымданады. Баланың жағдайы өте ауыр. Дене салмағы 29 кг, бойы 140 см. Тері жабындылары бозарған, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. ТЖ 40 в 1 мин, ЖСЖ 120 соққы мин . АД 90/60 ммрт.ст. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді формада. Аускультативті: тынысы оң жақтан- әлсіреген, сол жақтан- қатты. Бауыры 6,5 см. Нәжісі көп, майлы жылтырмен, жағылмалы. Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең ықтимал? А) Бауыр сынамалары В) Пилокорпинді сынама С) қандағы амилазалар D) Копрограмма Е) Спирография 100. 1 жас 3 айлық қыз бала анасының айтуынша сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданды. Объективті: жағдайы өте ауыр. Дене салмағы 5600г. Жүре және тұра алмайды. Эксикозбен бірге токсикоз белгілері байқалады. Терісі құрғақ, қабыршақтанады. Шырыштары құрғақ анық. Тістері дистрофияланған. Іш көлемі ұлғайған, кенет үрілген. Бауыр мен көкбауырды пальпациялау қиын. Нәжісі көп, жағымсыз иіспен, шырыш аралас жылтыр. Өкпесінде перкуторлы анық қорапты өкпелік дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 135 мин.Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? А) Целиакия В) спецификалық емес жаралы колит С) Біріншілікті лактозды жетіспеушілік D) Муковисцидоз Е) Дисахаридті жетіспеушілік 101 Қыз 9 жаста, дене температурасының 37,50С дейін көтерілуіне,әлсіздікке,шаршағыштыққа,нашар тәбетке шағымданады. Объективті: Жағдайы ауыр,бозғылт,әлсіз,ТЖ минутына 28 рет.Жүрек шекарасының перкуссиясы: оң шекарасы төстің оң шеті,жоғарғысы- IIқабырғааралықта, сол жағы-бұғана орта сызығынан 2см сыртқа.Аускультация кезінде: төстің сол жағынан III-IV қабырғааралықта қатаң,систолалық шуыл естіледі. Төстің сол жақ қырынан II-III қабырғааралықтан протодиастоликалық шуыл естіледі. ЖСЖ минутына 100 соққы. АҚ 115/40 мм рт.ст. Аталған диагноздардың қайсысы тән? А) Жедел ревматикалық қызба В) Инфекционды эндокардит С) Инфекционды миокардит D) Спецификалық емес аортоартериит Е) Лимфопролиферативті ауру 102 Бала 11 айлық,анасының сөзінен физикалық дамуының артта қалуы (салмағы 7,0 кг), физикалық және эмоционалдық күштеме кезінде ентігу,периоральды цианоз пайда болуына шағымданады.Терісі цианозды.Жүрек шекаралары: сол- сол жақ бұғана орта сызығымен, оң-оң жақ парастернальды линияда ,жоғарғысы- IIқабырғааралықта.ЖСЖ минутына - 140 соққы, ТЖ - 40 рет минутына.төстің сол жақ шетінен қатаң тембрлі систолалық шу естіледі. II тон сол жақта екінші қабырғааралықта әлсіреген. Аталған диагноздардың қайсысы тән? А) өкпе артериясының атрезиясы В) Қарыншааралық перде дефектісі С) Жүрекшеаралық перденің дефектісі D) Ашық аортальды өзек Е) Тетрада Фалло |