Главная страница

10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,. Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны


Скачать 1.26 Mb.
НазваниеЖамбыл облысы кімдігі білім басармасыны
Дата04.12.2022
Размер1.26 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,.docx
ТипДокументы
#828156
страница8 из 20
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




Бөлім. «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

2-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;

10. 3.2.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;

Бағалау критерийі:

  • Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға береді;

  • Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты:

20 минут


Тапсырма.

1.Мәтінді тыңдаңыз, көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Осы жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы болды. Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Жалпы, өнімнің 84,4 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.

КСРО-ның индустрияландыру жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы – 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Академик Н.С.Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Ол «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Ал, академик И.М.Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. «Бұл кен орны — мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп қорытындылады. Сондай-ақ, инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтап. Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орындары ашылды. Пайдалы қазбалардың мол қоры Қазақстанда ауыр индустрияны дамытуға негіз болды. Әсіресе көмір, мұнай, қара және түсті металдар өндірілді. Бұл салалар ұзақ уақыт бойына республиканың өндірістік қуатын айқындады. Қазақстанның индустриалдық дамуының ерекшелігі өнеркәсіптің жаңадан құрылуында. Ақша қаражатын бөлуде күрделі қаржының басым бөлігі 83,2% ауыр өнеркәсіпке салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының 44,5%-ы, мұнайға – 20%, көмірге - 15,3%, химия өндірісіне - 4,8%, электр энергетикасына - 8,5 % жұмсалды.(254 сөз).

https://shygharma.info/aza-standa-industriyalandyru-sayasaty/
Тапсырма.

  1. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазыңыз.





_ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға береді;
Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;


1

Мәтінді тыңдайды, көтерілген мәселені табады

1

Оқырман мен автордың қарым-қатынасын анықтайды

1
1

1

Сұрақ құрастырады

Көтерілген мәселеге байланысты өз көзқарасын білдіреді



2


Графиктік мәтінді түсінеді

Деректерді салыстырады

Маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады



1

1

1



Барлығы:







7



«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат рубрика

Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға береді;

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға беруде қиналады




Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға беруде қателеседі




м әтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға береді;

Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;


Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазуда қиналады




Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазуда қателеседі

.

Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;














«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;

10.3.5.1 Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.

Бағалау критерийлері:

  • Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның тұрғысынан сұрақтар құрастырады және пікірін білдіреді;

  • Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей

Уақыты:

15-20 минут

Тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

«...Қазақстан қоспасыз, химиясыз экологиялық таза өнім шығаратын ел ретінде әлемді жаулауы керек...»

Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның негізгі экспортындағы биржа тауарларына бағаның төмендеуі жағдайында екінші және балама экономика, өңдеуші өнеркәсіп аса маңызды рөл атқарады.

«Индустрияландыру – бұл тек жаңа бағдарлама ғана емес, бұл жаңа жұмыс орындары, тауарлар технологиясы. Бүгін осында қойылған көрмедегі өнімдер біздің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімізді паш етіп отыр. Мені әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ұсақ өндірістер, балалар ойыншықтарының, киімдердің өзімізден шыға бастағаны қуантады. «Қазақстанда жасалған» брендімен шыға бастаған тауарлар нарықты жаулай бастады», – деді Елбасы.

Бұл ретте Президент, әсіресе, аграрлық кешен саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті. Елбасының айтуынша, бүгін ауыл шаруашылығы саласында адамдарға қажеттінің бәрі елімізде шығарылады. Алайда олардың ауқымы әлі де тиісті деңгейде емес. «Әрине, бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе. Біз агроөнеркәсіп кешеніне үлкен мән береміз. Біз әлем арасында Қазақстанда шығарылған органикалық таза өнімдермен ерекшеленуіміз керек. Қазақстан қоспасыз, химиясыз, экологиялық таза өнім шығаратын ел ретінде әлемді жаулауы керек. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз», – деді Н. Назарбаев.

«Тұтастай алғанда, индустрияландыру жылдарында біз бұған дейін Қазақстанда ешқашан шығармаған, мүлдем жаңа 500-ден астам өнім шығара бастадық. Біз төртінші өнеркәсіптік революцияның жүріп жатқанын білеміз, яғни, әлемдік экономика жаңа кезеңге бет алды. Жаңа инновациялық ғылыми-техникалық бұйымдар жасалуда. Біз осы жаңалыққа, осы қатерлерге әзір болуға тиіспіз. Жаңа индустрияландыру аясында жаңа жаһандық шынайылықты ескеруге тиіспіз. Бұл айтуға оңай, іске асыру күрделі, өйткені Қазақстанның базасы инновациялық өнімге дайындығы әлсіз. Дегенмен білікті мамандар арқылы біз діттеген жетістікті бағындыра аламыз», – деді Н. Назарбаев.(255 сөз)

https://www.inform.kz/kz
2) Мәтінде көтерілген мәселеге автордың және оқырманның тарапынан екі сұрақ құрастырыңыз. Өз пікіріңізді 5-7 сөйлеммен білдіріңіз.

1.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма. «Сіз – жас кәсіпкерсіз. Болашақтағы еліміздің қай салада өркендеуіне үлес қосар едіңіз? Алдыңызға қойған бизнес-жоспарыңызды қандай іс жүргізуге арнайсыз? Сол салада жетістікке жету жолдарыңыз туралы «Кәсібім – нәсібім» тақырыбында болашаққа арналған жоспар жасап, сипаттап жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның тұрғысынан сұрақтар құрастырады және пікірін білдіреді

1

-көтерілген мәселе бойынша екі сұрақ құрастырады.

2

-өз пікірін білдіреді.

1


Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазады

2

- қажетті сөздерді іріктейді;

- сөйлем құрастырады;

- ақпараттарды қолданып сөйлейді.

- тақырыпты ашады.

- көркемдегіш құралдарды анықтайды.

- сауатты жазады.

1

1

1
1
1

Барлығы







8


«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат рубрика

Білім алушының аты-жөні_______________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның тұрғысынан сұрақтар құрастырады және пікірін білдіреді

Т ерминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, автордың қолдану мақсатын айқындауда, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіруде қиналады..


Т ерминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, автордың қолдану мақсатын айқындауда, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіруде қателеседі.

Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазады, автордың қолдану мақсатын айқындайды, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіреді.

Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) жазады

Тақырыпты ашуда, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйелі қолдануда, құрылымын сақтап, жүйелі сөйлеуде қиналады.

Т ақырыпты ашуда, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйеліқолдануда, құрылымын сақтауда қателеседі.

Тақырыпты ашады, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйелі қолданады, құрылымын сақтайды.











«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

2-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Бағалау критерийлері:

● Мәтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады;

● Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей

Уақыты:

15-20 минут


Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру.

Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр, тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін және «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.(280 сөз). http://stat.qov.kz/faces/


  1. Мәтіннен отандық өндіріске қатысты (5-7) терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Іріктеп алған сөздерді түрлендіріп, сөйлем құрастырып жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3 Сіздер мектепте «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын өнімдердің болашағын талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында отандық өнімдердің сапасын қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Осы тақырып аясында мәтіннен іріктеп алынған ақпараттарды талғаммен қолдана отырып, сөз сөйлеңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады;

1

-көтерілген мәселе бойынша сөз іріктеп алады;

-түрлендіріп, сөйлем құрайды

1
1

-өз пікірін білдіреді.

1


Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.

2

- қажетті сөздерді іріктейді;

- сөйлем құрастырады;

- ақпараттарды талғаммен қолданып сөйлейді.

- тақырыпты ашады.

- сапаны жақсарту юолдарын көрсетеді

- сауатты жазады.

1

1

1
1
1

Барлығы







8


«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат рубрика

Білім алушының аты-жөні______________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады;

М әтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратуға қиналады.


М әтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратуда қателеседі.

Мәтіндегі(дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады, сөйлем құрайды.


Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады.



С өздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдануда қиналады.


С өздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдануда қателеседі.



С өздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады, құрылымын сақтайды.


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


написать администратору сайта