Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауабы

  • Кезеңдері Негізделу

  • Жауабы: .Омфалит.

  • 3) Крамер шкаласы бойынша билирубин деңгейін анықтау;

  • Антропометрия Мақсаты

  • Баланың бас айналымын өлшеу

  • Баланың кеуде айналымын өлшеу.

  • Баланың бойын өлшеу Алгоритм іс әрекеті

  • Баланың салмағын өлшеу Алгоритм іс-әрекеттері

  • билет Педиатр. Жауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю


    Скачать 1.2 Mb.
    НазваниеЖауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю
    Дата18.06.2021
    Размер1.2 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлабилет Педиатр.doc
    ТипДокументы
    #218625
    страница6 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Қатерлі топтағы балалар:

    1. Әлеуметтік нашар жанұя балалары (ата-анасы маскүнем, нашақар)

    2. Амбулаторлы, ауруханалық емделудегібалалар, егер 2 аптадан ұзақ жөтелсе, түнде тершеңдік, тәбетінің нашарлауы, салмағының азаюы байқалса;

    3. Лимфа түйіндері ұлғайған балалар;

    27 билет

    Балаға қабынуға қарсы антибактериальды ем тағайындалған. Егу бөлмесінде бұлшық етке антибиотик еккеннен кейін, бала кенет бозарып, есінен танып қалған. Қан қысымын өлшегенде 60/40 мм.с.б.б. Пульсі білек артериясында анықталмады.

    1.Болжамды диагноз. Негіздеңіз.

    2. Сіздің тактикаңыз.

    3.Анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмекті қалай көрсетесіз?

    Жауабы: 1. Анафилактикалық шок. Балаға антибиотик егу үстінде дамыған аллерген, балаға антибиотикке қарсы сынама жасамаған.

    2. Алдымен аллергендердің жіберілуін тоқтатуымыз керек. Иньекция жасаған жерге мұзды мұйық қойып,мүмкіндік болса иньекция жасалған жерден жоғарф қарай жгут салу керек. Баланы тегіс жерге шалқасынан аяғын көтеріп қойып Тределенбург қалпымен жатқызамыз.

    Терезені ашып ауа келуін қамтамасыз етеміз.Қысып тұрған киімдерін шешуіміз керек.АҚҚ,пульсін,тыныс алу жиілігін қарауымыз керек.Оттегі береміз

    3. Анафилактикалық шок кезіндегі медициналық көмек

    Мақсаты: тыныс алу және қанайналу функцияларының жедел бұзылысын тоқтату.

    Ресурстар: тонометр, фонедоскоп, шприцтер, стерильдімақташариктері, Бобров аппараты, мұзды мұйык, жгут, медициналыққалдықтардың «А» және «Б» сыныптарынаарналғанконтейнерлер.

    Дәрілікпрепараттар: адреналин 0,1%-1мл, преднизолон 30мг-1мл, супрастин 20мг-1мл, эуфиллин 2,4%- 10мл, кальций глюканат 10%-10мл.

    Қолыңызды жуып,өндеңіз, резин қолғап киiнiз.

    Алгоритм әрекеттері:



    Кезеңдері

    Негізделу

    1

    Аллергендернің жіберілуін дереу тоқтатыңыз. Дәріні жіберуді тоқтату. Инъекция жасалған жерге мұзды мұйык кою, мүмкінболса инъекция орынынан жоғары жгут салыңыз.

    Аллергендердің қанға түсуін азайту мақсатында

    2

    Көмеккке шақыру

    Жедел реанимациялық бригаданы немесе жедел жәрдем бригадасынкөмекке шақыру

    3

    Тегіс жерге шалқасынан, аяк жағын көтеріңкі жатқызыңыз (Тренделенбургжағдайы).

    Тынысалудың, жүректің тоқтап қалуы болса,шұғыл шаралар көрсету керек болуы мүмкін.

    Ми гипоксиясын болдырму үшін, себебі шок кезіде АҚҚ төмендейді, бронхоспазм болады, гипоксия дамиды. Ми гипоксияғ асезімтал болып келеді, миды қанмен қамтамасыз ету үшін.

    4

    Басын бір жағына бұру, тыныс жолдарын тазартыңыз (резин грушамен, дәке салфеткамен).

    Аспирацияның алдын-алу мақсатында

    5

    Қысып тұрған киімдерін шешіңіз. Таза ауамен қамтамасыз ету. Терезелерді ашу, оттегін беру.

    Өкпенің экскурсиясын жақсарту.




    Адреналин ерітіндісін 0,1%-1,0мл, 0,1 мл/жасына б/е егу

    Қан қысымын көтеру мақсатында

    6

    Венаға физиологиялық ерітінді қою.

    Дәрілерді енгізу үшін.

    7

    АҚҚ, пульсті, тыны салу жиелігін бақылау.

    Жағдайын бағалау үшін

    8

    Қан қысымы көтерілмеген жағдайда, Адреналин 0,1%-1мл б/е, к/т, 0,1 мл әржасына. Норадреналин 0,2% к/т тамшылатып енгізу.

    Тамырларды тарылтып, қанқысымын көтереді, бронхолитикалық әсер.

    9

    К/т немесе б/е преднизалонегу.

    3-5мг/кг(1 мл-30мг)

    Преднизалон күшті аллергияға қарсы және антигистаминдік әсері бар.

    10

    Эуфиллин 2,4%-10мл, 1 мл әржасына

    Бронхолитикалық әсер

    11

    Супрастин 2%-2мл, 0,1 мл әржасына.

    Антигистаминдік препарат

    14

    Эффект болмаған жағдайда дәрілерді 10-15мин. Сайын жіберіңіз.

    15

    Шұғыл госпитализациялаңыз.

    28 билет

    Сіз ФАП фельдшерісіз. 18 күн толған балаға патронаж жүргізу барысында Сіз кіндік жарасынан серозды бөліністі анықтадыңыз. Анасының шағымы жоқ, баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,7оС, емуі белсенді.

    1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

    2. Күтімі мен емдеу ерекшелігін айтыңыз.

    3. Жалпы қауіптілік белгілерін атаңыз.

    Жауабы: .Омфалит.

    Кіндіктің айналасындағы тері және астындағы шелмайы қабынып кеткенді "Омфлит"депатайды.Қабыну процесстің кезеңіне сәйкес үш топқа бөлінеді:катаральді,іріңді,өліеттенген-некрозды.

    1)Катаральдыомфалиттың себебі-ұзақ уақыт кіндіктің айналасындағы теріде ойық-жара кетпей,сарысушығып,ылғалданған болып тұрады.Бірнеше аптада үстінен эпителизация қабықпен жабылады.Баланың жалпы жағдайы орташа қанағатты болады.

    2)Іріңді омфалиттың себебі-катаральдыомфалиттың үстіне инфекция қосылып,іріңді-қабыну процессі дамуы.Кіндіктен іріңдеген сарысу шығып тұрады,кіңдіктің айналасындағы тері қабынған,қызарған,ісінген болып көрінеді.Қабыну процесске кіндіктің қан тамырлары ілініп кетсе,баланың ішінің терісін көктамырлары үлкейіп,көгеріп,көзге түсіп тұрады.Баланың жалпы жағдайы нашарланып қалады,денесінің температурасы жоғарлайды,тәбетіашылмай,салмағықосылмайды.Қанды зерттеуге алғанда,қабыну процесстің өзгерістері айқын болады:лейкоциттардың саны көбейіп,СОЭ-10-18дейін жоғарлайды,нейтрофилдар солға жылжиды.

    3)Өліеттенген(некрозды)омфалит-өте сирек кездесетін ауру.Кіндіктің айналасындағы тері ісінген,көк-қызыл түрлі боялып кеткен болады.Некроз процесс дами берсе,кіндіктің айналасындағы барлық тіндер некроз,сыртқа ойылып түсіп қалу мүмкін.Түзілген ойықтан іштің ағзалары сыртқа шығып кетеді-"эвентрация".Жалпы жағдайы өте ауыр болады температура жоғарлап кетіп,шок тудыруы мүмкін.Іріңдеген процесстің себебінен сепсис түзіледі.

    2.Емдеу және күтімі.

    Кіндіктің аймағын 3% сутегі тотығының ерт-мен әзірлеп стерильді тампонмен құрғатып 70%этильды спиртпен әзірлейді.Қайтаданстерильды тампонмен құрғатып калий перманганаттың ерт-мен немесе бриллиантты жасыл ерт-мен әзірлеп үстіне таза стерильдыгипертоникалықертіндіге ылғалданған салфетканы салады.Таңғыш аустырған кезде ашық жараны ультракүлгін сәулелермен әзірлейді.Жалпы жағдайы нашар болса және сепсистың клиникалық белгілері айқын болса, іріңді қабыну процесс кезінде қолданылатын барлық ем шараларды пайдаланады немесе ауруханаға жатқызады


    3.

    29 билет
    4 күндік нәресте. Анасының шағымы дұрыс ембеуі, енжарлық, терісінің сарғаюы. Анамнезінен: 1-ші күні жеткен жүктілік, уақытылы босанудан. Сарғаю босанғаннан кейін алғышқы тәулікте пайда болған. анасында қан тобы I(0), резусь фактор «теріс». Қарағанда: нәрестенің жағдайы ауыр. Сарығыштық барлық денесінде, алақан-табандарынада да бар.

    1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

    2. Сарғаюдың себептері қандай? Негізгі емі.

    3. Крамер шкаласы бойынша билирубин деңгейін анықтаңыз

    Жауабы:

    1. Болжамды диагноз: Патологиялық сарғаю.

    Жаңа туған нәрестенің терісіндегі 3-4күндік сарғаюды -физиологиялық сарғаю деп атаймыз. Ал егер сарғаю 4күннен асып кетсе-патологиялық болып есептеледі.

    2) Себебі: Жаңа туылған нәрестеде бауыр дұрыс дамымағандықтан ол белгілі бір мөлшерде бөлінген билирубинді өзіне сіңіре алмайды,сол себептен билирубин тері клеткаларына сіңіп,теріні сары түске бояйды. Емі: Фототерапия

    3) Крамер шкаласы бойынша билирубин деңгейін анықтау;

    Бас бен мойын 100

    Дененің жоғарғы бөлігі 150

    Дененің төменгі бөлігі 200

    Аяқ пен қол 250

    Қол басы және табан 250

    30 билет

    Кезекті патронаж кезінде, фельдшерге анасы 10 айлық баласының көп ойнамайтынына, тәбетінің төмендігіне шағымданады. Сұрастырған кезде баланың тамақтануы бір жақты, күніне 2 рет сүт ботқасын жейтіні белгілі болды. Қарағанда: терісі мен кілегей қабықтары бозарған. Перифериялық лимфа түйіндер ұлғаймаған. Жүрек ұшында систололық шу естіледі. Бауыры қабырға астынан 2 см шығыңқы. Серуенге сирек шығады.

    1. Болжамалы диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

    2. Диагнозды нақтылау мақсатынада қандай тексерулер жүргізесіз?

    3. Антропометрия жүргізу техникасын көрсетіңіз.

    Жауабы: 1.Омфалит

    2.Емі-түрінебайланыстықарапайымтүріндесутегініңасқын тотығы,5% кальций перманганатыныңерітіндісімен 1-2% бриллиант көгіменемдейміз.

    Фунгусты-ляписпенкүйдіреміз,калийперманганатымен ванна тағайындалады.

    Флегмоноздытүрі-олхирургтіңқатысуыменжүргізіледі, антибиотиктер,спецификалықгипериммунды плазма құю,гамма-глобулин енгізу, десенсибилиздеушізаттарменвитаминдердітағайындау. Іріңдібөлінділерболса, гипертоникалықерітіндімен,хлорофолиптіерітіндісіменнемеседиоксидинментаңусалу.Іріңдібөлінділержойылсамазьдытаңуларсалу,физиотерапиякурсынтағайындау.Кальциноздыбөлінділерболсаантибиотиктерменшаю.

    3

    .
    Антропометрия

    Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау

    Дайындаңыз: 2 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін көлденең бой өлшегішті, 2 жастан жоғары бала үшін тұрғызып өлшейтін бой өлшегішті, дез ертіндісін, таза жөргекті, медициналық электронды таразы сантиметрлік лентаны, 70% спиртті, стерильді шарикті, пинцетті, қолданылған материалдарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналған контейнер.

    Баланың бас айналымын өлшеу

    1. Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Сантиметрлік лентаны алып, 2 жағынан спиртпен сүртіңіз.

    3. Лентаны шүйде сүйегігің бұдырына және қас үсті дөңестері арқылы өткіз.

    4. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішті анықтаңыз.

    5. №112/е нысанға жазыңыз.

    Баланың кеуде айналымын өлшеу.

    1. Баланың кедесін жалаңаштаңыз, қолдарын жоғары көтеріңіз.

    2. Артқы жағынан екі жауырынның төменгі бұрыштарынан, алдыңғы жағынан емшекұшы айналасындағы шеңбердің төменгі шетіменлентаны айналдыра өткізіңіз.

    3. Баланың қолдарын төмен түсіріңіз.

    4. Сантиметрлік лентаны түйіскен жерінен кеуде айналымының көрсеткішін анықтаңыз.

    5. №112/е нысанға жазыңыз

    6. Баланың бойын өлшеу

    Алгоритм іс әрекеті:

    1. Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

    3. Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз.

    4. Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын өлшеуге кедергі жасаса.

    5. Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

    6. Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп, арқасымен жатқызыңыз.

    7. Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт сызығы» деп аталады.

    8. Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы қисық еместігіне көз жеткізіңіз.

    9. Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын барынша жазыңыз.

    10. Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз, табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек.

    11. Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз, сол кезде бала табанын жазады.

    12. Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен алыңыз.

    Баланың салмағын өлшеу
    Алгоритм іс-әрекеттері:


    1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.

    2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз.
    3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз.
    4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының «тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз).
    5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала отыра алатын болса, онда отырғызып өлшеуге болады.
    6.Баланың салмағын өлшеңіз.
    7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз.
    8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз.
    9.Таразыны өшіріңіз.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта