Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауабы

  • Дәрілік заттар

  • Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз

  • 3.Ларингоспазмда жедел көмек Спазмофилия ауру кезінде дауыс желбезектерінің тарылуы.Мақсаты

  • Кезеңдері Негізделу

  • Жауабы: 1.

  • 1. Орташа сусыздану

  • БАБЖ бойынша жіктеніңз.

  • Диареяны емдеудің Б жоспары: Орташа сусыздануды ОРТ-дың көмегімен емдеңіз

  • 6- 10- 12-19 кг

  • Анасына ОР-ды қалай беру керек екенін көрсетіңіз

  • Егер анасы медициналық мекемеде емдеу аяқталғанша қала алмайтын болса

  • 1.сұйықтықты мол беру 2.мырыш препараттарын беру 3.тамақтандыруды жалғастыру 4.қандай жағдайларда ауруханаға қайта қаралу керектігін білу

  • 2. Диария кезіндегі шұғыл қайта келу белгілерін атаңыз

  • 3. Қандай тексеру әдісі бойынша ауырудың этиологиясын анықтаңыз

  • Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

  • Қолдану көрсетілімдері

  • билет Педиатр. Жауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю


    Скачать 1.2 Mb.
    НазваниеЖауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю
    Дата18.06.2021
    Размер1.2 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлабилет Педиатр.doc
    ТипДокументы
    #218625
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    3.Анемия. Жіктелуі:


    Жіктелуі:
    1.Қан кеткенненкейінгі анемия
    постгеморагиялық
    2.Жетспеушілік анемия
    - теміржетіспеушілік анемия
    - фолийжетіспеушілік анемия
    - гипоапластикалық анемия
    - апластикалық анемия
    3.Қанның шектентысбұзылуынанболатын анемия
    - резус қайшылықтықанқұйғанда
    - туабіткен анемия
    - гемолитикалық анемия
    - уланулар
    4.Түстік көрсеткішібойынша:
    - гипохромдық,
    - нормохромдық
    - гиперхромдық
    11 билет
    Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. 4 жасар бала ентіу ұстамасымен шақыртты. Анамнезінен бірнеше рет осындай ұстама болып, емделген. Осы ұстаманың басталуын анасы пәтерде жөндеу жұмыстары(есіктерді сырлаған) басталуымен байланыстырады. Қараған кезде балада мазасыздық, мәжбүрлі қалып –ортопноэ, экспираторлы ентігу, астмойдты тыныс, ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз. Өкпесінде ысқырықты сырылдар. ТЖ-52 рет мин., жүрек тондары тұнықталған.

    1. Болжамды диагноз. Диагозды негіздеңіз.

    2. Аурудың мүмкін болатын себептері.

    3. Шұғыл көмекте қандай дәрілік заттар пайдалану керек?


    Жауабы:

    1.Бронх демікпесі

    2.Аурудың пайда болуы пәтердегі жөндеу жұмыстары есіктерді сырлаған яғни сырдаң иісінен пайда болды.

    Ең жиі себеп – ауру ағзаның сыртқы тітіркендіргіштерге деген гиперсезімталдығынан пайда болады

    Ал үш жастан жоғары балаларда ауру көп жағдайда ингаляциялы аллергеннен пайда болады.

    Қазіргі таңда бұл аурудың созылмалы қабыну ауру екені дәлелденді. Суықтан тыныс жолдарында шырыштың бөліну көбейіп, биологиялықбелсендізаттардыңбөлінуібұзылады.

    Инфекциялар, вирустар, бактериялардың әсерінен тыныс жолдарының қабынуы да осы ауруға әкеп соқтырады.

    Кейбір балаларда демікпе тұқымқуалаушылық арқылы беріледі. Демікпенің аллергиялық түрі әртүрлі аллергендер қоздырады: олар үйдегі шаң, өсімдік тозаңы, бактериялар, вирустар жәнет.б.

    3.Бронх демікпе ұстамасы кезіндегі көмек

    Мақсаты: Бронхоспазмды жою

    Керекті құралдар: спейсер (көлемі 750 мл болатын кеңейтілген ыдыс) немесе небулайзер, щприцтер 1 мл., 2 мл., 5 мл., стерильді мақта шариктері, 70% спирт, резин жгут, оттегі, назальды вилка немесе катетер, сағат секудомермен.

    Дәрілік заттар: қалта ингаляторы (сальбутамолингаляторы), адреналин 0,1%-1,0, преднизолон 30мг-1.0 мл., аминофиллин 2,4%-10 мл. ертінділері.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. науқасты тынышталдырып және анасының қасында болуын қамтамасыз ету (бала мазасызданбау үшін), қысып тұрған киімдерін босатыңыз, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

    2. науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіруге көмектесіңіз. Егер кішкентай бала болса анасының (немесе көмекшінің) алдына, процедура кезінде бала кедергі жасамайтындай етіп отырғызыңыз.

    3. қалта ингаляторын немесе небулайзер арқылы тез әсер ететін бронхолитикті қолданыңыз.

    Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз

    1. спейсердің кең жағын баланың ауызы мен мұрынына бағыттап, сол қолыңызбен балаға бағытталған шетінен ұстаңыз. Ол 3-5 қалыпты дем алғанша күтіңіз.

    2. Сальбутамол аэрозолының бүріккіш басын спейсерге бағыттап, 2 рет басыңыз (200 мкл). Сонан соң спейсердің келесі шетіндегі тесігін оң қолыңыздың алақанымен басып, 30 секуд күтіңіз.

    3. баланың жағдайын 20 мин. соң қайта бағалаңыз (тыныс алу жиелігін, астмойдты тыныстың болуын). Егер астмойдты тыныс болатын болса, сальбутамалды қайталап беріңіз. Осылай 3 рет қайталауға болады.

    4. Егер сальбутамол көмектеспесе, 1мл шприцпен өлшеген адреналиннің 0,1% ертіндісін тері астына енгізіңіз -0,01мл/кг (максималды дозасы-0,3мл). Егер 15 минуттан кейін әсер болмаса, тағы 1 рет қайталауға болады.

    5. анамнезінде осындай ұстамалар бірнеше рет болған болса, ауыз арқылы 1-3 мг/кг есеппен преднизолон беріңіз. Егер іше алмаса, щприц арқылы б/етке жіберіңіз.

    Егер баланың тез әсер ететін бронхолитиктен және преднизолоннан кейін жақсармаса, аминофиллин салыңыз. Бастапқы дозасы – 5-6мг/кг (максималды 300мг-ға дейін) к/т.

    балаға ылғалды оттегін беріңіз.

    Ескертпе: Егер зауыттық спейсер болмаса, оны қолдан жасауға да болады. Ол үшін 1 литрлік пластик бөтелкенің түбін, оның көлемі 750мл болатындай етіп кесіп алып тастаңыз. Бұл жағдайда ингалятордың бүріккіш басына 3-4 рет басу қажет. Ішін құрғатып сүртіңіз. Баланың бетін жарақаттамау үшін, кесілген жерін лейкопластырмен жабыстырыңыз.

    12 билет

    Балалар емханасына анасы 1,5 жастағы баласын алып келді. Шамамен 1 сағат бұрын баласы жылап жатқанында дем алысы қиындап, одан әрі тынысы тоқтап, бала көгеріп, есінен танып қалған. Бірнеше секундтан соң, «әтештің шақырғаны» тәрізді шулы тыныс алуы пайда болған. Қараған кезде осындай ұстама қайталанған.

    Анамнезінде баланың шала туылғандығы, 1 айынан бастап жасанды тамақтандырылуда екені, әсіресе сиыр сүтін ішкендігі анықталды. Балаға рахитті емдеу мақсатында «Д» витамині тағайындалған. Күн жылынғаннан бері анасы баланы далаға серуенге алып шығуды әдет қылған.

    1. Болжамды диагноз. Диагозды негіздеңіз.

    2. Бұл жағдайдың пайда болуына не себеп болды?

    3. Шұғыл көмекті қалай көрсетесіз?


    Жауабы:

    1.Спазмофилия

    2. Д витаминінің көп мөлшерін бірден қабылдағанда, ультракүлгін сәулесі мол жазғытұрғы күн кезінде сәби ашық, жалаңаш ұзақ уақыт қалғанда, қалқанша маңы бездерінің қызметі бұзылғанда, кальцийдің ішекте сорылуы азайып, не оның зәрмен артық шығып кетуіне байланысты қанда гипокальциемия болғанда спазмофилия ұстамалары пайда болады.Олардан басқа, қандағы магний, натрий, хлоридтер, В1 В6 витаминдері азайғанда пилоростеноз, құсу, дене қызуы жоғарылағанда, көп жылаудан, сәбиді қатты ораудан да пайда болады.Спазмофилияның дамуында фосфор-кальций алмасу бұзылысы жатады.Қанда кальций 1,464-1,867ммоль/л мөлшеріне дейін төмендейді (қалыпта 2,614-2,739 ммоль/л), бейорганикалық фосфор 2,584 ммоль/ л-ге дейін жетеді, одан да асады.

    3.Ларингоспазмда жедел көмек

    Спазмофилия ауру кезінде дауыс желбезектерінің тарылуы.

    Мақсаты: жедел көмек көрсету.

    Керекті құрал-жабдықтар: 10 % глюканат кальций, стерильді шариктер, қолданылған заттарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналғын контейнер. Қолды өңдеу, қолғап кию.

    Кезеңдері

    Негізделу

    1.Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу, аяқ жағын көтеріңкі жағдай жасау

    Реанимациялық шараларды өткізу мақсатында

    2.Қысып тұрған киімдерін шешу

    Өкпенің экскурсиясын жеңілдету үшін

    3.Таза ауамен қамтамасыз ету

    Оттегі жетіспеушілігімен куресу

    4.Тыныш, сабырлы жағдай орнату




    5.Салқын су шашып, құйрығынан ұру, шпательмен тіл түбірін қытықтау немесе мақта жгутиктерімен мұрын қуысын тітіркендіру

    Тыныс орталығын және қан қозғалыс орталықтарын қоздыру мақсатында

    6.К/т немесе б/е 10 % - глюканат

    Кальций ертіндісін – 1мл/әр жасына

    Диазепам 0,5% - 1мл, 0,1 мл/кг

    Гипокальциемияны азайтады, құрысып-тырысуды басады

    7.Егер нәтижесі болмаған жағдайда трахея интубациясын немесе трахеостомия түтікшесі қойылады




    8.Жүрек тоқтап қалған жағдайда жүрекке жанама массаж жүргізіледі.

    Реанимациялық шаралар

    9.тыныс пайда болғаннан соң ылғалды оттегі беріледі.

    Гипоксиямен курес

    10.Ауруханаға жатқызу.





    13 билет
    Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. Қабылдауға 9 айлық қыз бала келді. Анасы баланың әлсіздігіне, тәбетінің төмендігіне шағымданады. Бала тек омырау емеді.

    Қарағанда: Тері жамылғысы мен көрінетін кілегей қабықтары бозарған. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ. Жалпы қан анализі Нв 82 г/л, эритроциттер -3,8х1012/л, лейкоциттер-4х109/л, СОЭ 5 мм /сағ.

    1.Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

    2.Этиологиясы, емі

    3.БАБЖ бойынша анемияны қалай анықтайды?
    Жауабы: 1. Анемия

    2. 2. Этилогиясы: себептері анте, интер, постаналды болып бөлінеді.

    - Антинатальды себептер:анасының жүктілік кезіндегі анемиясы, жүктілік кезіндегі гестоздар, көп ұрықты жүктілік, соматикалық аурулары

     

    -Интраналды себептер:босану кезіндегі ұан кетулер, бала жолдасы мен кіндік ұан тамырларының аномалиясы, кіндікті тым ерте немесе кеш байлау

     

     

    -Постнальды себептер: дұрыс тамақтанбау, баланың қарқынды өсуі кезінде темірге деген сұраныстың артуы, ірі салмақ, ішекте темір сіңірілуінің бұзылуы, баланың ауруы, ішек құрттардың инвазиясы.

    Емі.  Комплексты және себебін жоюға бағытталатын болуы керек. Рацоналды тамақтану(белок, витамин, темір және баска элементтер бар тамақтарды қабылдау) Сүт тамақтарын шектеу. Медикаментозды ем темір препараттарын, витаминдерін тағайындау болып табылады. Темір препараттары ауыз арқылы беріледі. Парентеральды тек көрсетпе бойынша. Темір препаратының валентті тұздарын (гемофер,фероград,ферронал,ферронат) берген дұрыс. Жасқа дейінгі балаларға темір препараттарын сұйықтүрін  берген жөн.( гемофер,мальтофер, актиферрин) Жасөспірім кезінде әсері ұзартылған препараттар (тардиферон, ферроградумент) беріледі. Жақсы сіңу үшін тамақ ішер алдында сағат шырынмен ішкен пайдалы. Сүт, кофе, шаймен ішуге болмайды. Жағымсыз әсерін болғызбау үшін дозасының 1\2, 1\4 бөлігінен бастап көтере отыра 7-14 кунде толық дозаға жеткізу керек.  Емдеу курсы ұзақ гемоглабин мөлшері қалыпқа келген соң қолдайтын дозада 2-3 айға дейін жалғастырады. Шала туған  балаларды 3 жасқа дейін жүргізіледі.

    14билет
    Балаға 3 жас, ата-анасымен жатақханада тұрады. Бала бақшаға барады. Жедел ауырып, дене қызуы 38,50С көтерілуіне, ішінің ұстама тәрізді ауырсынуына шағымданады. 1рет құсқан, нәжісі тәулігіне 6-7 рет, сұйық, кілегей аралас, қан талшықтары бар, бала жалған шақырулар байқалады (тенезмдер), мазасыз.

    Қараған кезде: Жалпы жағдайы мазасыз. Тері жамылғысы бозғылт. Тері қыртысының реакциясы баяу жазылады. Сұйықтықты шөліркеніп ішеді. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСС-110рет/мин. Өкпеде өзгеріссіз. Іші жұмсақ, ауырсынады.

    1. БАБЖ бойынша жіктеңіз.

    2. Сіздің тактикаңыз, емдеу жоспарын анықтаңыз.

    3. Қандай тексеру әдісімен аурудың этиологиясын анықтауға болады?


    Жауабы:1. Орташа сусыздану

    1. БАБЖ бойынша жіктеніңз.

    ○ Есін анықтау? (Тежелгенба? Естүссізба? ): ЕСІ АНЫҚ.

    ○ Бала су іші ала ма? Шөліркеніп ішеді

    ○ Тамақ, су ішкеннен кейін Құсуболама? ҚҰСУ БАР.

    ○ Бала да тырысулар болдыма? Жоқ

    2. Диареяны емдеудің Б жоспары:

    Орташа сусыздануды

    ОРТ-дың көмегімен емдеңіз

    ОРТ-ДЫ ҰСЫНЫЛҒАН МӨЛШЕРДЕ МЕДИЦИНА МЕКЕМЕСІНДЕ 4 САҒАТ ІШІНДЕ БЕРІҢІЗ

    Жасы

    4 айға дейін

    4 ай- 12 ай

    12 ай - 2 жас

    2 жас- 5 жас

    Дене салмағы

    <6 кг

    6- <10 кг

    10-<12 кг

    12-19 кг


    ОРТ мл

    200-400

    400-700

    700-900

    900-1400


    Бастапқы 4 сағат ішінде енгізетін ОРТ мөлшерін анықтаңыз

    Баланың салмағын білу мүмкін болмағанда ғана жасына қарап есептеуді қолданыңыз. ОРТ-дың қажетті мөлшерін (мл) шамалап баланың дене салмағын (кг-да) 75-ке көбейту арқылы анықтауға болады.
    -Егер бала ОРТ ерітіндісін жақсы ішсе, және тағы сұраса, ұсынылған мөлшерден көбірек беруге де болады.

    - 6 айға дейінгі, табиғи тамақтанбайтын балаларға 4 сағат ішінде, сондай- ақ 100-200 мл таза су беру беріңіз.

    Анасына ОР-ды қалай беру керек екенін көрсетіңіз:

    -Ерітінді жиі, ұрттатып ішкізіңіз.

    -Егер бала құсса, 10 үзіліс жасап, сонан соң жалғастырыңыз, бірақ баяу беріңіз.

    -Баланың сұрауы бойынша емізіңіз.

    4 сағаттан кейін:

    -баланың жағдайын қайтадан бағалаңыз және сусыздану дәрежесін анықтаңыз.

    -емдеуді жалғастырудың жоспарын таңдаңыз.

    -баланы тамақтандыруды медициналық мекемеде бастаңыз

    Егер анасы медициналық мекемеде емдеу аяқталғанша қала алмайтын болса:

    -үйде ОРТ ерітіндісін қалай дайындау керек екенін көрсетіңіз

    -анасына 4 сағаттық емдеу курсын аяқтау үшін ОРТ ерітіндісін қанша көлемде беру керек екенін түсіндіріңіз

    -анасын регидратацияны аяқтау үшін жеткілікті мөлшерде ОРТ қалташаларымен қамтамасыз етіңіз. А жоспарында ұсынылғандай 2 қалташа артық беріңіз.

    -Үйде емдеудің 4 ережесін түсіндіріңіз:

    1.сұйықтықты мол беру

    2.мырыш препараттарын беру

    3.тамақтандыруды жалғастыру

    4.қандай жағдайларда ауруханаға қайта қаралу керектігін білу

    3. Диагностика

    Науқасты тексергенде келесілер анықталуы мүмкін:

    Көлденеңнен тік қалыпқа көшкенде артериалдық қысымның төмендеуі

    Қылтамырлардың толықпауы

    Төмен артериалдық қысым

    Терінің тургорының төмендігі – тері әдеттегідей созылымды болмауы, дәрігер қыртысқа жинағанда орнына келуі баяуласа (әдетте, тері бірден орнына келуі қажет)

    Жүрек ырғағының жиілеуі

    Шок (соққы)

    Тексеруге кіреді:

    Қанның биохимиялық талдауы (электролиттердің, әсіресе, натрийдің, калийдің және бикарбонаттың деңгейлерін анықтау үшін)

    Қандағы несепнәрдің деңгейін анықтау

    Қанның жалпы талдауы

    Креатинин

    Несептің меншікті салмағы
    15билет

    Анасы Айзатты емханаға алып келді. Шағымы 2 күннен бері ішінің өтуі, құсу, дене қызуының жоғарлауы. Дәрігер қараған кезде баланың көздері шүңірейген, сұйықтықты ішеді, тері қыртысы тез жазылады.


    1. БАБЖ бойынша жіктеңіз.

    2. Диарея кезіндегі шұғыл қайта келу белгілерін атаңыз.

    3. Қандай тексеру әдісімен аурудың этиологиясын анықтауға болады?


    Жауабы:1. Сусыздану жоқ.

    1. БАБЖ бойынша жіктеніңз.

    ○ Есінанықтау? (Тежелгенба? Естүссізба? ): ЕСІ АНЫҚ.

    ○ Бала су іші ала ма? Су ішеалады.

    ○ Тамақ, су ішкеннен кейін Құсуболама? ҚҰСУ БАР.

    ○ Бала да тырысулар болдыма? Жоқ

    2. Диария кезіндегі шұғыл қайта келу белгілерін атаңыз? Бала сұйықтықішеалмаса. Жағдайы нашарласа. Қызуы түспей Нәжісінде қан болса қайта келуін ескертеміз.

    3. Қандай тексеру әдісі бойынша ауырудың этиологиясын анықтаңыз.

    Аурудың этиологиясын БАБЖ бойыншатексереміз. Яғни ол кезде баланың жағдайын анықтап, тамақ ішуін, тырысулар барма, есі анықпа, су іше ала мА осы аталған сұрақтар бойынша аурудың этиологиясын анықтап баға беремиз.

    Сонымен қатар нәжісті копрологиялық зерттеу әдісі бойынша ауырудың этиологиясын анықтаймыз.

    Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

    Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

    Дайындаңыз: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, шыны немесе металтаяқшаны, түбек (горшок), лаборатоияға жолдаманы (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Зерттеу алдында анасынапроцедура барасы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    2. 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағамдарды,нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

    3. Нәжіс зерттеуге таңертең, зерттеу жүргізілетін күні алынады.

    4. Флаконға науқастың аты, тегі, туған жылы, бөлімнің аты көрсетілген этикетка жабыстырыңыз.

    5. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

    6. Нәжісті зерттеуге жинар алдында, баланы таза жуылған, қайнап тұрған сумен шайылған түбекке отырғызыңыз.

    7. Нәжістің әрбір жерінен (әсіресе патологиялық қоспалары бар бөлігінен)15-20 г нәжісті таяқшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабаңыз.

    8. Егер анасы жинайтын болса, анасына нәжісті жинау техникасын түсіндіріңіз.

    9. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз, қолыңызды жуып, құрғатаңыз.

    10. Ыдыстынәжіспенжәнежолдамаменклиникалықлабораторияғаапарыңыз.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта