билет Педиатр. Жауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю
Скачать 1.2 Mb.
|
Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз 4.спейсердің кең жағын баланың ауызы мен мұрынына бағыттап, сол қолыңызбен балаға бағытталған шетінен ұстаңыз. Ол 3-5 қалыпты дем алғанша күтіңіз. 5.Сальбутамол аэрозолының бүріккіш басын спейсерге бағыттап, 2 рет басыңыз (200 мкл). Сонан соң спейсердің келесі шетіндегі тесігін оң қолыңыздың алақанымен басып, 30 секуд күтіңіз. 6.баланың жағдайын 20 мин. соң қайта бағалаңыз (тыныс алу жиелігін, астмойдты тыныстың болуын). Егер астмойдты тыныс болатын болса, сальбутамалды қайталап беріңіз. Осылай 3 рет қайталауға болады. 7.Егер сальбутамол көмектеспесе, 1мл шприцпен өлшеген адреналиннің 0,1% ертіндісін тері астына енгізіңіз -0,01мл/кг (максималды дозасы-0,3мл). Егер 15 минуттан кейін әсер болмаса, тағы 1 рет қайталауға болады. 8.анамнезінде осындай ұстамалар бірнеше рет болған болса, ауыз арқылы 1-3 мг/кг есеппен преднизолон беріңіз. Егер іше алмаса, щприц арқылы б/етке жіберіңіз. 9.Егер баланың тез әсер ететін бронхолитиктен және преднизолоннан кейін жақсармаса, аминофиллин салыңыз. Бастапқы дозасы – 5-6мг/кг (максималды 300мг-ға дейін) к/т. 10. балаға ылғалды оттегін беріңіз. Ескертпе: Егер зауыттық спейсер болмаса, оны қолдан жасауға да болады. Ол үшін 1 литрлік пластик бөтелкенің түбін, оның көлемі 750мл болатындай етіп кесіп алып тастаңыз. Бұл жағдайда ингалятордың бүріккіш басына 3-4 рет басу қажет. Ішін құрғатып сүртіңіз. Баланың бетін жарақаттамау үшін, кесілген жерін лейкопластырмен жабыстырыңыз. 3. Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері
Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша): 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары; 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары; 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары 23билет Сіз жедел жәрдем қызметінің фельдшерісіз. Түнде сізді 9 айлық балаға шақыртты. 2 күн бұрын балада дене қызуы 37,80 С жоғарлап, мұрынынан серозды бөліністер, құрғақ, сирек жөтел болған. Түнде кенеттен оянып кетіп, мазасыздана бастаған. «Ит үргені» сияқты жөтел, инспираторлы ентігу байқалған. Дене қызуын өлшегенде 38,50С. Баланың тыныс жиелігі 62 рет минутына, стридорлы тыныс естілді. Болжамды диагнозы. Диагнозды негіздеңіз. ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сай шақырту қай жеделділік санатына жатады, қанша уақытта пациентке жету керек? Сіздің тактикаңыз. Ларингостеноз кезінде шұғыл көмекті қалай көрсетесіз? Жауабы: 1.Ларингит. Клиникалық белгілері 1кезеңде ит үргені тәрізді жөтел болады. 2. 4 жеделдік санатқа бөлінеді: 1 – жеделдік санатындағы шақырту – өміріне қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай күйі.(10 мин дейін) 2 – жеделдік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі (15 мин дейін) 3 –жеделдік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациент жай күйі (30 мин дейін) 4 – жеделдік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай – күйі (60 мин дейін) 3. Ларингоспазмда жедел көмек Спазмофилия ауру кезінде дауыс желбезектерінің тарылуы. Мақсаты: жедел көмек көрсету. Керекті құрал-жабдықтар: 10 % глюканат кальций, стерильді шариктер, қолданылған заттарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналғын контейнер. Қолды өңдеу, қолғап кию.
24билет Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. 3 күннен бері жедел респираторлы ауырумен ауырып жатырған 8 айлық баланы тексеруге келдіңіз. Температурасы осы күндері 37,5-37,6С шамасында болған. Жөтелі сирек, тәбеті төмендеген, бала әлсіз. Сіз өлшегенде дене қызуы -38,8С болды. Тыныс жиелігі 65 рет мин. Тыныс алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатысады. Жылағанда ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы байқалады. Перкуторлы – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталған, аускультацияда – дыбыстың тұйықталу аймағында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізесіз? Оттегінің сатурациясы қандай құралмен анықталады және сатурацияның қандай деңгейінде оттегін беру керек? Жауабы: 1. Ошақты пневмония. Клиникасы: фебрильді дене қызуы, интоксикация, тыныс алу жетіспеушілігі ( ентігу), тері цианозы, өкпеде тұрақты сырылдардың болуы, рентген тексеруде инфильтративті-ошақты көлеңкелердің болуы, қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы болады. 1. Басталу кезеңі-ауру біртіндеп жалпы жағдайының бұзылуынан басталады: дене қызуы көтеріледі (субфибрильді 37-38С) әлсіздік немесе беймазалық пайда болады, тәбеті төмендейді, кейде үлкен дәретінің сұйықтануы болады, денесі бозарады. Катаральдық симптомдар пайда болады: баланың мұрны бітіп, серозды немесе іріңді бөністер бөлінеді. 2. Айқындалу кезеңі- бала әлсіз,жалпы жағдайы көбірек бұзылады, температурасы жоғарлайды 39-40С, құсады, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады, жөтел ылғал қақырықпен, денесі құрысып-тырысуы мүмкін. Тыныс жетіспеушілігі симптомдары: жөтел қақырықты, өте жиі, ентікпе, дем алуға көмекші бұлшық еттердің қосылуы, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі. Перкуторлық-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы. Аускультативтік-ылғалды ұсақ көпіршікті сырыл естіледі. Емдеу: 1. Антибактериялды терапия-антибиотиктер 10-14 күндік курспен 2. Дезинтоксикациялық терапия 3. Гипосенсебилизациялаушы терапия- аллергияға бейімділікті төмендету үшін:пипольфен,тавегил,супрастин,диазалин және т.б. 4. Витаминдік терапия 5. Симптомдық терапия -аурудың жеке белгілерін жою үшін қолданылады: қақырықты жібітетін дәрілер, мұрынға протолгол, голазалин, нафтизин және т.б. ерітінділер тамызу, температура көтерілсе оны түсіретін дәрілер:парацетамол, цефекон беру. 7. Физиотерапия-кеудесіне УВЧ, УФО Ауруға күтім өткізу: 1. Бөлмені кең желдету. 2. Ауруға төсекте көтеріңкі жағдай жасау 3. Кішкене балаларды бос жөргектеу 4. Төсек орны мен іш киім тазалығын сақтау 5. терінің ,шырышты қабықтың тазалығын сақтап, кішкене балаларда базданудың алдын алу. 6. Көбірек қолға алу,төсектегі жағдайын жиі өзгерту. 7. Жұқпалы аурулардан аулақ ұстау. Өкпе қабынудың профилактикасы: 1. Күн тәртібін сақтау,таза ауада серуендеу. 2. Жасына сәйкес дұрыс витаминді тамақ беру. 3. Бала организмін туғаннан шынықтыру. 4. Фондық аурулардан сақтандыру,оларды уақтылы емдеу 5. Қатты суықтанудан сақтандыру. 3. Сатурацияның деңгейін жедел жәрдем бригадасы импульстік оксиметрмен өлшейді. ⠀ Науқастың қимылсыз жатқан кезінде оттегімен қанықтыру деңгейі 95% -дан аз болса, ал бөлмеде жүргендегі деңгей 93% -дан аспаса, науқасты ауруханаға жатқызу керек. ⠀ Алайда, сатурация деңгейі ауруханаға жатудың жалғыз көрсеткіші емес. ⠀ Тыныс алу қозғалысының жиілігі, (22-ден асқан жағдайда) мен дене қызуының көрсеткіштері (үш күндік көрсеткіш бойынша 38,5С болған жағдайда) ескерілу қажет. 25 билет 9 айлық балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылады. Балада тұмау және дене қызуы 37,20 С. Түнде кенеттен оянып, мазасызданады. Ит үргені секілді жөтел, стридорлы тыныс, инспираторлы ентігу пайда болып, тұншыға бастайды. Дене қызуы 38,00С болады. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Тыныс алу жиелігін қалай анықтайсыз? ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сай шақырту қай жеделділік санатына жатады, қанша уақытта пациентке жету керек? Сіздің тактикаңыз. Жауабы: 1.Ларингит – құрғақтанған қатты жөтел басып, уақыт өте, ылғалды ит үргендей жөтелге ауысадыБаланың даусы сөйлегенде қырылдап шығады, тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Обструктивті ларингит 6 айдан 3 жасқа дейінгі аллергияға икемі бар балаларда жиі кездеседі. Бала мазасыз болып, жөтел және қатты дыбысты тыныс алу пайда болады, терісі бозарып кетеді. Тыныс алудың жетіспеушілігіне байланысты клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді. 1кезең – өрескел жөтел ит үргендей болып естіледі, баланың даусы қарлыққан болып шығады, тыныс алғандағы дыбыстар шуылдап қатты болып есептеледі. 2кезең – баланы жөтелі жиі – жиі болады, мазасыздық одан әрі дамиды. Тыныс алғанда жетспеушіліктің белгілері пайда болады. Мұрын мен үстіңгі еріннің арасындағы үшбұрышты тері бозарып кетеді. 3кезең – бала мазасыз болып, қозып кетеді. Орнында жатқысы келмей, төсекте ары бері қмтыып жатады. 4кезең асфиксия – бала тыныс ала алмай құлайды. Басын артқа шалқасынан түсіреді, ауызы ашылып, ауа жетпегендей ауызбен жұтады. Денеге цианоз тарап, құрысу пайда болады.. пульс дыбысы және соққысытөмендеп кетеді 2. Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау Мақсаты: диагностика Қолдану көрсетілімдері: бақылау Ресурстар: секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың даму тарихы, қаламсап. Іс-әрекет алгоритмі: Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, кептіріп, жылытыңыз. Анасынан баланы жатқызып, кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы киімін шешуін сұраңыз. Баланы тынышталдырыңыз. Ерте жастағы баланың тыныс алу жиелігін ұйықтап жатқан кезінде санаған ыңғайлы. Ересек баланы отырғызуға болады. Балаға қарсы отырыңыз, кеуде клеткасының қозғалысын 1 минут бақылап, санаңыз. Егер көзбен қарап санауға қиын болса, қолыңызды кеуде клеткасына немесе ішіне қойып, тыныс жиелігін санаңыз. Нәтижесін терпературалық бетшеге немесе баланың даму тарихына (112/е нысанға немесе температурлық бетшеге) жазыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: Фонендоскопты баланың мұрнына тақап санауға болады. Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері
Тыныстың жиеленуі – тахипноэ, тыныстың сиреуі-брадипноэ, тыныстың тоқтауы-апноэ. Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша): 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары; 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары; 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары; 3. 2. 4 жеделдік санатқа бөлінеді: 1 – жеделдік санатындағы шақырту – өміріне қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай күйі.(10 мин дейін) 2 – жеделдік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі (15 мин дейін) 3 –жеделдік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациент жай күйі (30 мин дейін) 4 – жеделдік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай – күйі (60 мин дейін) 26 билет Сіз бала-бақшаның фельдшерісіз. Ересек тобының балаларына Манту сынамасы жасалды. Осы балалардың ішіндегі 1 ер балада сынама бұрындары теріс нәтижелі болған. Осы Манту сынамасының нәтижесі – инфильтрат 8 мм. Баланың шағымы жоқ, белсенді, көңіл-күйі жақсы, тәбеті сақталған, ішкі ағзалар бойынша патологиясыз. Қан және зәр анализдері қалыпты Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Сіздің тактикаңыз. Бала қайда, қалай емделеді? Манту сынамасын нәтижесін бағалау. Жауабы: 1.Вакцинадан кейінгі аллергия. Вираж. Ең алғашқы оң болып шығу. 2.Диаскин тесті аламыз. Фтизиаирға жолдаймыз. Ол Диаскин тест жасап организімде қаншалықты кох таяқшаның бар жоғын анықтайды. Оң болса профилактика изониазид 300 мл тәулігіне 6 ай. Манту сынамасының нәтижесі вакцинадан кейінгі аллергия. 8 мм орташа дәрежелі оң - инфильтраттың (папула) диаметрі 5 мм және одан жоғары; 3. Манту сынамасы нәтижесі: Жұп жылдары- оң жақ білекке жасалады. Тақ жылдары- солжақ білекке жасалады. 1. Манту сынамасының реакциясы: 1) теріс - инфильтраттың (папулдар) немесе гиперемияның толық жоқтығы және шаншу реакциясы бар болған кезінде (0-1 мм); 2) күдікті - инфильтратта көлемі 2-4 мм немесе тек инфильтратсыз кез келген көлемдегі гиперемия кезінде; 3) оң - 5 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраты болған кезде –(нормергия); 4)Гиперергиялық- 0-14 жастағы балаларда- 15 мм және одан жоғары диаметрмен; 15-17 жастағы балаларда -17 мм және одан жоғары, Ересектерде - 21 мм және одан жоғары диаметрмен инфильтрат, Барлық бөртпе-некроздық реакция, лимфангоитпен немесе инфильтраттың көлемінен тәуелсіз. Егер балада 2, 3, 4 реакциялар болса фтизиатрдің кеңесіне жіберіледі. |