Главная страница

билет Педиатр. Жауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю


Скачать 1.2 Mb.
НазваниеЖауабы Жаа туу кезеі физиологиылы сараю
Дата18.06.2021
Размер1.2 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлабилет Педиатр.doc
ТипДокументы
#218625
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

1 билет
Сіз емхана фельдшерісіз. Жаңа туған нәрестеге патронажға келдіңіз. Бала 5 күндік, мезгілі жетіп туылған. Салмағы 3100гр, бой ұзындығы- 50 см. Анасы нәрестенің мазасыздығына шағымданып, омырау сүтіне тоймайды деп ойлап, жасанды сүт қоспаларын бергісі келетінін айтты. Тәулігіне 8-10 рет, күндіз-түні емізеді. Қараған кезде нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, беті мен склералары сарғыш түсті. Омырауға салуын тексергенде, дұрыс салынбағаны анықталды.

  1. Болжамалы диагноз қойыңыз.

  2. Омырауға салуды бағалау

  3. Анасының омырауынан шығатын сүттің балаға жеткіліктілігін қандай әдіспен анықтайсыз?


Жауабы:

1.Жаңа туу кезеңі физиологиылық сарғаю

2.Омыраумен емізуді бағалау

  1. Анасынан соңғы бір сағат ішінде нәресте емшек емгенін сұраңыз.

  2. Егер нәрестені соңғы бір сағат ішінде емізбесе, анасынан оны емізуді сұраңыз.

Емізуді 4 минут бойы бақылаңыз

Омыраумен емізудің ережесі (4*3*4)

Нәрестені дұрыс ұстау

  1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.

  2. Сәбидің беті мен денесі анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек.

  3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек(іші анасының ішіне түйісуі).

  4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.

Омырауды салу

  1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.

  2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.

  3. Емшекті тез сәбидің аузына саламыз.

Омырауға дұрыс салғандығын тексеру

  1. Сәбидің иегін емшекке тиіп тұрады.

  2. Сәбидің аузы барынша ашық.

  3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.

  4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.

Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, терең еміп жатырғанын көреміз.

3.Бақылаулық шегу өткізу


Мақсаты: баланың анасын бір емген кезде, еметін сүттің орташа мөлшерін анықтау

Қажетті құралдар: жаялықтар, памперс, таразы, дез ертінді, 112/е форма.

Ескерту: тәулік бойы кемінде 3 рет (таңертең, күндіз және кешке) бақылаулық шегу өткізу керек. Себебі тәулікттің әр мезгілінде анасынан шығатын сүтттің мөлшері әртүрлі болады.

  1. Жасалатын процедураны анасына түсіндіріңіз және рұқсатын алыңыз.

  2. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

  3. Қолымызды өңдеп, қолғабыңызды киіңіз.

  4. Балаға памперс кигізіңіз.

  5. Анасын омыраумен емізуге дайындаңыз

  6. Электрондық таразыны дез ерітіндімен сүртіп, жұмыс жағдайына келтіріңіз.

  7. Баланы таразыға салып өлшеп, салмағын жазып алыңыз

  8. Баланы анасына 20 минутқа емізуге беріңіз.

  9. Емізіп болғасын (памперсін ауыстырмастан) салмағын қайтадан өлшеңіз.

  10. Соңғы салмақ көрсеткішінен алғашқы көрсеткішті алып тастап, айырмашылығын анықтаңыз.

  11. Баланы анасына беріңіз

  12. Электронды таразыны дезерітіндімен өңдеңіз.

  13. Резен қолғабыңызды шешіп, қолыңызды жууып, кептіріңіз.

  14. Балаға бір рет ішетін сүт мөлшерін (көлемдік немесе коллориялық әдіспен) есептеңіз.

  15. Баланың қазіргі емген сүт мөлшерін есептелген ему керек сүт мөлшерімен салыстырып, бағалаңыз.

  16. Дәрігермен бірлесе отырып баланың әрі қарай қандай тамақтандыру түріне ауыстырылатыны туралы шешім қабылдаңыз.


Тәулігіне және 1 рет ішетін сүт мөлшерін анықтау

10 күнге дейінгі баланың тәулігіне ішетін сүт мөлшерін Финкельштейн формуласы бойынша анықтайды.

V=70xN V - тәуліктік сүт мөлшері, N- күндік жасы

Мысалы: балаға 7 күн. Формула орнына қойсақ U=70 х 7=490 мл.

0-1 айға дейін баланы тәулігіне – 8 рет

1-2 айға дейін баланы тәулігіне – 7 рет

2-6 айға дейін баланы тәулігіне – 6 рет

6-12 айға дейін баланы тәулігіне – 5 рет тамақтандырады.

2 аптадан асқан балалардың тәулігіне ішетін сүт мөлшерін көлемдік әдіспен анықтаймыз.

2 апта __________________2 ай арасы балалар салмағының 1/5 бөлігін

2 ай ____________________4 ай балалар салмағының 1/6 бөлігін

4 ай ____________________6 ай балалар салмағының 1/7 бөлігін

6 ай ____________________12 ай аралығындағы балалардың тәулігіне

ішетін сүт мөлшерін салмағына байланыстыесептемесе деболады,себебі

6-12 ай аралығындағы балалар тәулігіне 1000 мл артық ішпеу керек. тәулігіне 5 рет 4 сағат сайын тамақтанады 1000мл:5=200мл 1 рет ішетін сүт мөлшері 200 мл-ге тең.

Мысалы: Балаға 1 ай салмағы 3500 гр көлемдік әдіс бойынша өз салмағы 1/5 бөлігін ішу керек.

3500 гр: 5=700 мл (бұл тәулігіне ішетін сүт мөлшері)

1 рет ішетін сүт мөлшерін анықтау үшін тәулігіне ішетін сүт мөлшерін тамақтану жиілігіне бөлеміз.1 айлық бала (аралас немесе қолдан тамақтанатын) 3,5 сағаттан 6 рет тамақтанады.

700 мл :6 =116 мл.

2 билет
10 күн болған сәбидің кіндік жарасынан іріңді бөлінділер байқалды. Баланың жағдайы өзгерді: жігерсіз, тежелген, терісі сұрлыт реңді. Т – 37,8оС. Емуі әлсіз. Кіндік жарасының маңы гиперемияланған. Жалпы қан анализінде гиперлейкоцитоз.

  1. Болжамалы диагноз қойыңыз.

  2. 2 айға дейінгі нәрестедегі қауіптілік белгілері (БАБЖ).

  3. Бұл жағдайдың пайда болу себептерін атаңыз?


Жауабы:

1.Омфалит-Сепсис

2.Баласұйықтық іше алама?

Бала летаргиялық немесе ес түссіз кейдеме? Балада әр тамақ немесе сұйықтық қабыллағаннан кейін құсу бар ма?

Балада тырысу болды мы?

3.Балалардағы омфалит дамуыныңнегізгісебебіпатогендікмикроорганизмдердіңкіндікжарасынатүседі. Бұл, әдетте, баланыңжеткіліксізбіліктікүтімі бар. Инфекция ата-ананыңнемесе медицина қызметкерлерініңқолынанөтіпкетуімүмкін. Жаңатуылғаннәрестелерде омфалит шақырыңызжәнебасқафакторлар:

  • мерзіміненбұрынжеткізу;

  • баланыңәлсірегенағзасы;

  • ішекинфекцияларыныңболуы;

  • бірлескенжұқпалыаурулардыңболуы.

-Кіндік жарасының ұзақ жазылмауы(нәресте өмірінің екі аптасынан жоғыры)

-Кіндік жарасынан шырышты бөлінділердің пайда болуы

-Тұрақсыз белгі-кіндік сақинасының шамалы гиперемиясы

3 билет
Қыз бала 3 күн. Туғандағы салмағы 3500, бойы 52 см. Қарағанда: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Қимыл-қозғалысы белсенді, емуі жақсы. Дене қызуы 36,80С. Сүт бездері ісінген, ақшыл сары сұйықтықтың, жыныс мүшелерінен қанның бөлінуі байқалады. Басқа ағзалар бойынша патология жоқ. ТЖ-44 рет мин., ЖСЖ-120 рет мин. Емуі жақсы, қозғалысы белсенді.

  1. Болжамды диагноз. Негіздеңіз.

  2. Жаңа туу кезеңіндегі физиологиялық жағдайлар

  3. Баланың физикалық дамуын қалай бағалайсыз?

Жауабы:

1.Жаңа туу кезеңі

2. Балалардың физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет.

Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:

◊ дене салмағы;

◊ бойы/ұзындығы;

◊ бас шеңбері;

◊ психомоторлық дамуы.

Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады. Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай? ◊ Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді. ◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды. ◊ Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді. БҮЛДІРШІН ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫқ ЖәНЕ ПСИХИКАЛЫқ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ 7
Бойы (денесінің ұзындығы). Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін «денесінің ұзындығы» деген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң «бойы» деген термин қолданылады. Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу — үздіксіз үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Туғаннан кейін бойы өте тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды. Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі. 1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды. 4 және 10 жас аралығында баланың өсуі салыстырмалы түрде баяу әрі бірқалыпты, бұл кезеңдегі бойдың өсуі жылына 5-7 см болады. Баланың бойы жыныстық жетілу басталған кезде жеделдейді.
Бас шеңбері. Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орташа мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда — 43 см, 12 айда — 46 см болады. 6 жастағы баланың бойы ересек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.
3.Физикалық дамуды бағалау (БШАЫЖ)

Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау

Қажетті құралдар: 112 есептік нысан, таразы, бой өлшегіш, баланың физикалық дамуын бағалауға арналған кесте, ДСИ (дене салмақ индиксі) кестесі.

Іс-әрекеттер алгоритмі

1. Баланың салмағын және бойын өлшеңіз, алған нәтижені 112/ е нысанға жазыңыз.

. ДСИ кестесінен баланың ДСИ анықтап, оны да 112/ е нысанға жазыңыз.

. 112 есептік нысандағы физикалық дамуын бағалау кестесінен баланың жасына және жынысына сай кестелерді таңдап алып, қиылысу нүтелерінің Z- мағаналар мен медианаға қатысты орналасу нүктесін анықтаңыз (1,2,3, 0, -1,-2, -3):

• бойының жасына сәйкестігі (БЖ);

• салмағының жасына сәйкестігі (СЖ);

• салмағының бойына сәйкестігі (СБ);

• ДСИ-дың жасына сәйкестігі (ДСИ/Ж)

. Физикалық дамуын бағалау қорытындысын 112 есептік нысанға жазыңыз.

Физикалық дамуын бағалау кестесі

Z- мағанарлар бойының жасына сәйкестігі салмағының жасына сәйкестігі салмағының бойына сәйкестігі ДСИ-дың жасына сәйкестігі

3-тен жоғары 1 ескертпені қараңыз Семіздік Семіздік

2-тен жоғары N 2 ескертпені қараңыз Артық салмақ Артық салмақ

1-тен жоғары N 2 ескертпені қараңыз Артық салмақ қауіпі

(3 ескертпені қараңыз) Артық салмақ қауіпі

(3 ескертпені қараңыз)

0 медиана N N N N

-1 төмен N N N N

-2 төмен Аласа бойлылық

(4 ескертпені қараңыз) Төмен салмақ арықтық арықтық

-3 төмен Айқын аласа бойлылық

(4 ескертпені қараңыз) Өте төмен салмақ Айқын арықтық Айқын арықтық

Ескертпе:

1. Өте ұзын бойлы балада эндокринологиялық бұзылыстар болуы мүмкін.

2. Бұл диапазондағы көрсеткіштерді бойының салмағына немесе ДСИ жасына сәйкестігі көрсеткішетеріне сүйене отырып бағалаңыз.

3. Егер сызық 2 Z-мағанаға бағытталса онда айқын қауіптілікті көрсетеді.

4. Аласа, өте аласа бойлы балада артық салмақ болуы мүмкін.
Мысалы: Ер бала, 4 ай, салмағы-6200,0гр, ұзындығы-65 см. ДСИ-14.7

Кестебойыншанемесе формула бойынша ДСИ-діанықтаймыз.

Формула ДСИ=салмағы (кг)/бойының квадраты (метр)

ДСИ= 6,2 кг/0,65*0,65м= 14,7

БЖ- (0), СЖ-(-1), СБ- (-1), ДСИ/Ж- (-1)

ФД- қалыпты.

4 билет

Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. Сізді үйге босанып жатырған әйелге шақырды. Жүктіліктің 39 аптасы. Нәресте туған бойда жылады, жүрек соғуы 110 рет мин., терісі қызығыт, рефлексі -бетін тыржитады, аяқ-қолдары сәл бүгілген.

    1. Болжамалы диагноз қой. Диагнозды негізде.

    2. Асфиксия бар ма? Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз.

    3. Гипотермияның алдын-алу (10 жылулық тізбегі).

Жауабы:

1.Күніне жетіп туу

2.Асфексия жоқ Сәби туылған бойда оның жағдайын Апгар шкаласымен бағалайды. Бұнда сәбидің 5- белгісін, әрқайсысын 0,1,2 балмен бағалайды.

  1. Жүрек соғуы

  2. Шартсыз рефлексі

  3. Бұлшық ет тонусы (қимылы)

  4. Терісінің түсі

  5. Дем алысы

0 балл – белгілер анықталмағанда беріледі.

1 балл – белгілер әлсіз болғанда беріледі.

2 балл – белгілер жақсы болғанда беріледі. Апгар шкаласымен бағалау 5 минуттан кейін қайталанды. Сәби жағдай жақсы болса 5 белгінің қосындысы 7-10 балды көрсетеді. Жеңіл тұншығу болса 6-5-4 балл, ауыр болса 3-1 балл, өлі болса 0 балл береді.

3. Жылулық тізбегі – бұл нәрестелерге арналған гипотермияның алдын алу бағытында ұйымдастырылыған бірқатар шаралар.

Жылулық тізбегінің 10 тізімі бар:

1. Перзентханадағы туу бөлмесінің температурасы – 25 градустан төмен болмауы тиіс;

2. Нәресте туылған бетте құрғақ, жылы жаялықпен кептіріп сүрту қажет;

3. Салмақ, бой өлшеуді, қарауды кем дегенде 2 сағатқа шегеру қажет

4. Туылған бетте «теріден- теріге» жанасу

5. Емшекпен емізудің басталуы

6. Баланың киім-кешегі (бас киім, қысқа шұлық, кең киім- кешек, жөргектегенде қысып тастамау)

7. Тасымалдау кезінде жылулық шартын сақтау, анасысынан бөлек алмау. (ананың кеудесінде)

8. Баланың анасымен бірге болуы

9. Реанимация жылулық жағдайында

10. Қызметкерлермен гипотермияның алдын алу бойынша

үйрету сабақтарын өткізу.

Жылу тізбегінің маңызы: егер де жылу тізбегінің кем дегенде бір тізбегі үзілсе, жылу тізбегі үзіледі және балада гипотермия болуы мүмкін. Гипотермия – жыл мезгілінің қандай мерзімі болмасын, қандай да климат жағдайында болмасын нәрестелердің шетінеуінің негізгі себебі болып табылады. Гипотермия (баланың дене температурасының 36,6 градустан төмендеп кетуі) гипогликемия, тырысу, респираторлық бұзылыстардың, оттегіне қажеттіліктің жоғарылауының қозғаушы механизмі болып табылады.
5 билет
Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. Сізді үйге босанып жатырған әйелге шақырды. Жүктіліктің 36 аптасы. Нәрестенің тынысы ретсіз, жүрек соғуы 60 рет мин., терісінде цианоз, рефлексі-бетін тыржитады, аяқ-қолдары сәл бүгілген.

    1. Болжамалы диагноз қой. Диагнозды негізде.

    2. Асфиксия бар ма? Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз.

    3. Асфиксияда көмек қалай жүргізіледі?

Жауабы:

1.Шала туу Асфексия

2.Ия бар.Сәби туылған бойда оның жағдайын Апгар шкаласымен бағалайды. Бұнда сәбидің 5- белгісін, әрқайсысын 0,1,2 балмен бағалайды.

  1. Жүрек соғуы

  2. Шартсыз рефлексі

  3. Бұлшық ет тонусы (қимылы)

  4. Терісінің түсі

  5. Дем алысы

0 балл – белгілер анықталмағанда беріледі.

1 балл – белгілер әлсіз болғанда беріледі.

2 балл – белгілер жақсы болғанда беріледі. Апгар шкаласымен бағалау 5 минуттан кейін қайталанды. Сәби жағдай жақсы болса 5 белгінің қосындысы 7-10 балды көрсетеді. Жеңіл тұншығу болса 6-5-4 балл, ауыр болса 3-1 балл, өлі болса 0 балл береді.

3.Асфиксия кезіндегі көмек
Мақсаты: өздігінен адекватты тыныс алуы мен жүрек қызметін қалыпқа келтіру

Ресурстар: 1. реанимация жүргізілетін бөлме жылы (температурасы 250С төмен емес), жақсы жарықтандырылған, желдің болмауы керек;

2. Таза, жылы сүлгі немесе 2 жаялық; секундомерлі сағат;

4. реанимациялық шара жүргізу үшін беті тегіс, сәулелі жылу түсетін немесе жылытылатын реанимациялық үстел;

5. Амбу қапшығы, №0, №1 размерлі маска; Резин балон, катетер, электросорғыш, оттегі; стерильді резин қолғап; стерильді кіндік кесуге арналған құралдар жиынтығы;

Реанимацияны 2 медициналық қызметкер жүргізеді.
Іс-шаралар алгоритмі
«Бағала-Шешім қабылда-Әрект жаса» принципі бойынша нәрестеге көмек жасаңыз!!! Әрбір қадамның ұзақтығы 30 секунд.

  1. Нәресте туған соң мына жағдайларды анықтаңыз

  • Мерзімі жеткен жүктіліктен бе?

  • Тыныс ала ма немесе жылағанда дауысы қатты ма?

  • Бұлшық ет тонусы жақсы ма?

  • Егер бәрі қалыпты болса, анасымен қалдырып, құрғатып, тыныс жолдарын тазартып, жылы ұстап, динамикада жағдайын бағалаңыз.

  • Егер 3сұрақтың біреуіне жоқ деген жауап алсаңыз, реанимациялық шараларды бастаңыз.




  1. Реанимациялық шаралар 4 қадамнан тұрады А, В, С, D.

А блогы.

  1. Нәрестені жылы, тегіс беткейге, дұрыс күйде (шалқасынан, иығының астына валик салып, басын сәл шалқайтып) жатқызып, жылы жаялықпен жабыңыз.

  2. Резин балон немесе электросорғышпен бірінші ауызынан, сосын мұрынынан кілегейді сорыңыз.

  3. Тез арада басы мен терісін жылы жаялықпен сорықтырып, құрғатып алыңыз.

  4. Егер өз бетімен тыныс алу болмаса, табанына алақаныңызбен 2 рет соғыңыз немесе арқасынан сипаңызда, қайта дұрыс күйде жатқызыңыз.

  5. Жағдайын бағалаңыз: тыныс ала ма, ЖСЖ және тері түсін.


В блогы

  1. Егер нәрестеде апноэ немесе ЖСЖ<100 рет мин болса, өкпе вентиляциясын бастаңыз. Амбу қапшығына қажетті размерлі масканы жалғап, оны нәрестенің мұрынын, ауызын, иегін жабатындай етіп орналастырыңыз.

  2. Минутына 40-60 рет Амбу қапшығымен өкпе вентиляциясын жасаңыз.

  3. 30 сек өткесін вентиляция нәтижелігін бағалаңыз: кеуде клеткасының экскурсиясың болуы, аускультацияда тыныс естілуі, ЖСЖ (жүректің соғу жиелігі) көбейуі, тері түсінің қызаруы.Егер өз бетімен тынысы болса, ЖСЖ 100 рет мин. жоғары, бірақ орталық цианоз болса, онда оттегін беріп, терісінің түсін бақылаңыз.


С блогы

  1. Егер өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, өкпе вентиляциясын жалғастырып, бір уақытта жүрекке компрессиясын бастаңыз. Әрбір 3 компрессиядан кейін, 1 рет жасанды тыныс алдыру (1 минутта 90 компрессия, 30 тыныс алдыру (3:1). Екі қолыңыздың бас бармағын төстің 1/3 ортаңғы бөлігіне, басқа саусақтарыңызды жауырын астында орналастырып, 1 – 1,5см тереңдікте компрессия жасаңыз.

  2. 30 секундтан соң қайта бағалаңыз.

  • Егер ЖСЖ 60 рет мин көп болса, компрессияны тоқтатыңыз, ЖӨВ (жасанды өкпе вентиляциясы) жалғастырыңыз.

  1. 30секундтан соң жағдайын бағалаңыз, ЖСЖ 100 рет мин. көп және өз бетімен тыныс алғанша жасанды тыныс алуды жалғастырыңыз.

D блогы

  1. Егер вентиляция мен компрессия жасап бастағаннан 30 сек-тан соң өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, адреналин 0,001% ерітіндісін 0,1-0,3 мл/кг есебімен көк тамырға жіберіңіз.

  2. Адреналин нәтижесіз болғанда, 3-5 мин-тан соң қайталаңыз.

  3. 30 мин ішінде ЖСЖ адекватты, бірақ өз бетімен тынысы болмаса интенсивті терапия бөліміне ауыстырылады.

  4. Егер 10 мин ішінде тіршілік нышаны байқалмаса, реанимация тоқтатылады.

Реанимация алгоритмі
Баланың дүниеге келуі





∙Мезгілі жеткен жүктілік пе?
∙ Дем алама немесе даусы қатты шығама ?
∙ Бұлшық ет тонусы жақсыма?

Стандартты күтім
∙ Жылы жағдайды қамтамасыз ету
∙ Құрғату
∙ Қажет болған жағдайда тыныс жолдарын тазарту
∙ Тері түсін бағалау



*Осы жағдайда интубация жүргізу
*Тұрақты цианозда қосымша оттегімен қамтамасыз ету

∙Жылылықпен қамтамасыз ету
∙ Дұрыс қалпы, қажет болған жағдайда тыныс жолдарын тазарту
∙ Құрғату, қуаттандыру, қайталап дұрыс қалыпқа келтіру

∙ тыныс алуын бағалау, ЖСЖ және тері түсін бағалау

∙Өкпенің нәтижелі вентиляция жасау
∙ Жүрекке компрессия жүргізу

∙Адреналин енгізуді қамтамасыз ету
Ия

Жоқ



А

Апноз немесе ЖСЖ<100


∙ оң қысымда вентиляцияны бастау
Апноз немесе ЖСЖ<100 В

ЖСЖ<60
ЖСЖ<60
С

ЖСЖ<60

ЖСЖ<60 Д


6 билет
Сіз медициналық пункттің фельдшерісіз. Қабылдауға 7 айлық баланы алып келді. Бала жасанды тамақтануда, «Нан» сүт қоспасын ішеді және қосымша тамақтар алады (көк-өніс, жеміс-жидектер езбесі). Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шел майының қабаты артық дамыған. Физикалық дамуын бағалағанда семіздік анықталды. Бетінің терісінде эритема, сулану, қабыршақтану байқалады. анасы осындай белгілердің қосымша тамақ қосқаннан кейін пайда болғанын айтты.


  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Қосымша тамақты қосуға қойылатын талаптар.

  3. Тыныс алу жиелігі, пульс, қан қысымын қалай анықтайсыз?


Жауабы:

1.Экссудативті катаралды диатез

2.Қосымша тамақ Қосымша тамақ, 6 айдан бастап, баланың рационына омыраумен қоректенуге қосымша енгізілетін тамақтандыру.

Қосымша тамақты енгізу 4 ережесі:

  1. Уақытылы енгізу – 6 айдан бастап беру.

Егер ерте бастаса:

  • ана сүтінің шығуының азяды

  • инфекциялануқауіпіартады, инфекцияныңтамақжәне су арқылытүсуінен

  • аллергиялық аурулардың арту қауіпі, ішектің жетілмеу себебінен

  • рационның энергиялық жеткіліксіз болмауы қауіпі, әдетте қосымша тамақтарды сұйық ботқалардан немесе сорпалардын бастайды, ал бұлардың қоректік және энергиялық құндылығы омырау сүтімен салыстырғанда төмен болады

Егер кеш бастаса:

  • Физикалықдамуыныңқалысқалуы

  • Ішекжәнереспираторлықаурулармен ауру қауіпі (иммунитеттіңтөмендеуісебебінен)

  • Анемия дамуыныңқауіпі

  1. Қоректік құндылығы жағынан адекватты болу керек

  • Қосымша тамақ қою болуы керек, салған қасық баяу бататындай.

  • Сұйық сорпалар беруге кеңес берілмейді, себебі бала үшін қажетті энергиялық құндылығы жеткіліксіз

  • Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майы, үй қаймағы немесе сары май қосу қажет.

  • Қосымша тамаққа берілетін тамғамдар көп түрлі болуы тиіс (ет, балық, әртүрлі жармалар, көк өніс, жеміс жидек, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар, сүт тағамдары).

  1. Тамақты қабылдау жиілігі мен көлемі жөнінен жеткілікті болуы тиіс

  • 6 айдан 12 айға дейінегер бала табиғи тамақтануда болса күніне 3 рет, егер табиғи тамақтануда болмаса күніне 5 рет тамақ беріледі.Бір жейтін тамақ көлемі 6–7 айлығында - 150 мл, 8–10 айлығында - 180 мл, 11–12 айлығында - 225 мл

  • 12 айдан 2 жасқа дейін балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі (жемістер, май жаққан нан, қаймақ қосқан сүзбе, ет қосылған бәліш). Бір жейтін тамақ көлемі – 300 мл

  • 2 жастан жоғары балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі . Бір жейтін тамақ көлемі – 350мл

  1. Қауіпсіз болуы тиіс

  • Таза қол, таза ыдыс, таза су мен тамақ, дұрыс сақтау

Баланы тамақтындырғанда

  1. Тәуліктің ыңғайлы уақытын таңдаңыз.

Баланың белсенді, қарыны ашқан кезде (омыраумен емізбестен бұрын),

Күнде бір уақытта тамақтандыруға тырысыңыз

Анасының балаға көбірек уақыт бөле алатын кезінде

  1. Баланы баынша көп жеуге ынталандырыңыз. Мейірімділік пен қамқорлық танытыңыз.

  2. Белсенді тамақтандыру. Бала өзігінен тамақ жеп үйренгенде, оның бұл әрекетін құптаңыз, бірақ тек қасында отырмай, көбірек жеу үшін баланы мақтаңыз, белсенді ынталандыра түсіңіз. Тамақтану кезін ананың да, баланың да белсенді қатысуы керек.

  3. Баланың отбасылық дастарған басында тамақтануы оның дамуына себепші болады!


3.Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау

Мақсаты:диагностика

Қолдану көрсетілімдері:бақылау

Ресурстар:секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Баланың анасынаемшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, кептіріп, жылытыңыз.

  3. Анасынан баланы жатқызып, кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы киімін шешуін сұраңыз.

  4. Баланы тынышталдырыңыз. Ерте жастағы баланың тыныс алу жиелігін ұйықтап жатқан кезінде санаған ыңғайлы. Ересек баланы отырғызуға болады.

  5. Балаға қарсы отырыңыз, кеуде клеткасының қозғалысын 1 минут бақылап, санаңыз.

  6. Егер көзбен қарап санауға қиын болса, қолыңызды кеуде клеткасына немесе ішіне қойып, тыныс жиелігін санаңыз.

  7. Нәтижесін терпературалық бетшеге немесе баланың даму тарихына (112/е нысанға немесе температурлық бетшеге) жазыңыз.

  8. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: Фонендоскопты баланың мұрнына тақап санауға болады.

Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері

Баланың жасы

1 мин тыныс жиелігі

Жаңа туған бала

40-60

0- 6 ай

35-40

6 ай-12 ай

30-35

1 жас – 3 жас

28-32

4 жас – 6 жас

25-30

7 жас – 11 жас

20-22

12 жас – 16 жас

18-20

Тыныстың жиеленуі – тахипноэ, тыныстың сиреуі-брадипноэ, тыныстың тоқтауы-апноэ.

Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша):

  • 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары;

  • 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары;

  • 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары;


Балаларда пульсты анықтау

1. Баланы тыныштандыр

2. Ыңғайлы жағдай жаса /отырғыз немесе жатқыз/

3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыз

4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті анықта

5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын сана

6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстыр /соғысының жиілеуі – тахикардия, сиреуі – брадикардия/

7. Пульстің ырғақтығын анықта

8. Толымдылығын анықта /толық немесе бос/

9. Пульстің кернеулігін анықта /қатты немесе жұмсақ/

Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу күші

Ескерту:

Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан анықтаған ыңғайлы

Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері

Баланың жасы


1 минутта пульс жиілігі

Жаңа туған бала

120-140

0-6 ай

130-135

6-12 ай

120-125

2 жас

110-115

3 жас

105-110

4 жас

100-105

5 жас

100

6 жас

90-95

7 жас

85-90

8 жас

80-85

9 жас

80-85

10 жас-12 жас

75-85

13 жас және одан жоғары

70-80

Балаларда қан қысымын өлшеу техникасы

Назар аударыңыз!

Балаларда қан қысымы 10-15 минут демалғаннан кейін, отырған немесе жатқан жағдайда өлшенеді

Алгоритм іс-әрекеті.

  1. Баланы отырғыз немесе жатқыз.

  2. Баланың қолын алақанын жоғары қаратып тегіс жерге орналастыр.

  3. Манжетканы шынтақ иілісінен 2 см жоғары ора Манжеткамен қолының арасында сұқ саусақ сию қажет.

  4. Фонендоскопты шынтақ иілісінің алдыңғы бетіне орналастыр.

  5. Манжеткаға резин балонмен ауаны диастоликалық қысымның дыбысы жоғалып кеткеннен кейін және +30 -40 мм с .б дейін толтыр

  6. Винты жаймен ашып манжеткадан ауаны шығар.

  7. Ең бірінші естілген дыбыстың монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл максималды немесе систоликалық қ/қ көрсеткіші/

  8. Манжеткадан ауаны шығаруды жалғастыр.

  9. Пульстың жоғалған дыбысының монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл минималды немесе диастоликалық қ/қ көрсеткіші/

  10. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштермен салыстыр.

Баланың жасы

Қан қысымының көрсеткіші, мм с.б

Жаңа туған бала

75/35

6 ай

80/40

12 ай

85/42

1-5 жас

80+2п/макс көрсеткішінің 1\2 бөлігі

п-баланың жасы

5 жас

100

5-15 жас

100+п/ макс көрсеткіштің 1\2 -2\3 бөлігі п-баланың жасы

Ескерту:

Манжетканың ені баланың иығының айналымына сәйкес келу керек

Иық айналымы, см

Манжетканың ені, см

5-7,5

2,5

7,5-10

4

10-12,5

5,5

12,5-15

7

15-20

9

20-23

11

7 билет
5 күндік нәресте. 2-ші күні жеткен жүктілік, уақытылы босанудан. Туғандағы салмағы 2800г., бойы-51 см. Туған бойда жылаған. 3-ші тәулікте терісінің, склерасының сарғаюы байқалған. Қарағанда: жағдай қанағатттарлық. Емуі жақсы, белсенді. Терісі таза, склералары, бетінде, кеудесінде сарғыштық бар. Басқа ағзалар бойынша патологиялық өзгерістер анықталмайды. Анасының қан тобы II (А), резус –оң, нәрестенің қан тобы - I(0), резус –оң.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Сарғаюдың себептері қандай? Негізгі емі.

  3. Крамер шкаласы бойынша билирубин деңгейін анықтау.


ЖАУАБЫ:

1. Физиологиялық сарғаю

2. Физиологиялық сарғаю- фетальді эритроциттердің ыдырауы кезінде қанда бос билирубиннің жиналып қалуына байланысты дамиды. Қызметтік жағынан дамып жетілмеген сәби бауыры билирубиннің тым көп мөлшерін оның улы емес түріне аударуды және оған оны ағзадан шығаруды қамтамасыз ете алмайды. Сарғаю

36 сағаттан кейін 7 күнге дейін пайда болып 14 күнге созылады.

Крамер шкаласы






8 билет
Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. Қабылдауға 5 айлық қыз бала келді. Анасы баланың әлсіздігіне, тәбетінің төмендігіне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Анасы жұмысқа шығып кетуіне байланысты, 3 айынан бастап балаға сиыр сүтін берген. Бала «Д» витаминін алмаған. Тұрмыстық-материалдық жағдайы нашар.

Қарағанда: терісі бозарған, тершең. Басының маңдай және төбе бұдырлары айқындалған, желке шаштары түсіп қалған. Қабырғаларында «таспиық» белгілері байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. «Д» витаминін тағайындаңыз.

  3. Аурудың профилактикасы.

ЖАУАБЫ: 1. Рахит

2.Витамин «Д»З бетшесiн толтыру

Максаты: Рахиттiн алдын-алу мақсатында тағайындау .

Керектi кұрал-жабдықтар:

Витамин «Д3» сулы ертiндiсi , «Д3» беру парағы , 112/есептік нысан-баланың даму тарихы.

Витамин «Д3» сулы ертiсiнiң 1 тамшысында 500ХБ бар .

Күнi жетiлiп туылған балаларға 1 айлығынан , шала туылған балаларға 2 апталығынан бастап тағайындалады .

Жаз айларында, мамыр-маусым-шiлде-тамыз айларында берiлмейдi.

Курстык дозасы 150000ХБ-2000000ХБ. 2 жаска дейiн 4/11-2013ж

12 1/2014 2 3 4 5 6 7 8 9 1 1 1 1/201

0 1 2 5

Витамин «д» 1500 15000 + + + - - - - - - + + + + +

3 сулы 0 ХБ

Ертiндiсi ХБ (500ХБ) 1 тамшыдан кунiне 1 рет

150000ХБ витамин «Д з» профилактикалык дозасы тагайындалды

(150000ХБ -200000ХБ).

3




. Аурудың профилактикасы

9 билет
Патронаж кезінде 3 айлық баланың бетінде айқын гиперемия, терісі құрғақ, қабыршақтанғанын байқадыңыз. Анасының айтуы бойынша үстеме тамақ ретінде «Пилти» сүт қоспасын бергеннен кейін 3 күннен соң пайда болған. Бала мазасыз, іші кебіңкі.

  1. Болжамды диагноз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Қандай кеңес бересіз.

  3. Метиоризм кезінде қалай көмек көрсетесіз?


ЖАУАБЫ: 1.Метеоризм (Диатез)

2. Қандай кеңес бересіз.

Балаларға диатез шықанда Доромарин қабылдауға кеңес береміз. Бұл қиыр шығыс ламинариясынан жасалған өнім. Ол толығымен табиғи, ешқандай жанама әсерлері жоқ. Оның құрамында:

  • трепанг сығындысы;

  • жеміс шырыны;

  • теңіз кальциі бар.

Доромарин құрамындағы теңіз кальциінің арқасында иммунитет жақсарады, метаболизм қалыпты болады, асқорыту жүйелерінің қызметі дұрысталады, бала ағзасының инфекциялық ауруларға қарсы қорғанысы жоғарылайды. Диатездің беті бері қарап, оны емдеу жеңілдейді және терапиялық курс қысқарады

3. Жана туған және ерте жастағы балаларға тазалау клизмасын кою

Максаты: тоқ ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желді шығару.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: Резеңке баллондар ( № 1- 6), ұштықты, вазелинді, резин қолғапты, клеенкалы алжапқышты, клеенка жаялық, сүлгі, лоток пайданланған заттарға арналған, түбек (горшок), зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).

Іс-әрекет алгоритмі:
1) Анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2) Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты жайыңыз. Сүлгіні қасыңызға қойыңыз, тазалау клизмасы болғаннан кейін баланы құрғату үшін.

3) Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4) Баллончикті оң қолымызға алып ауасын шығарып, су жинаңыз (жаңа туған балаларға 20-30 мл, емшек жасындағы балаларға 50 -100 мл, 1- 3жас аралығына 200 -250 мл).

5) Ұшықты вазелин майымен майлаңыз.

6) Баланы сол жақ қырына жатқызып, аяғын ішне бүгіп жатқызыңыз. 6 айға дейінгі балаларды шалқасынан жатқызып аяғын көтеріңкі ұстауға болады.

7) Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, әуелі кіндікке қарай 1 - 2см содан соң құйымшаққа қарай параллелъ түрдеенгізіңыз.

8) Резин баллонды жаймен баса отырып, суды жіберіңіз де, баллонды басқан күйінде тік ішектен шығарып алыңыз.

9) 3- 5 минут бойына құйрығын қысып, ұстаңыз.

10) Баланы арқасымен жатқызып, нәжісі немесе дефекация сезімі (үлкен дәретке отыру) пайда болғанша аралығына жаялық қойыңыз.

11) Дефекация актінен кейін баланың аралығын жуып, сүлгімен құрғатыңыз. Баланы киіндіріңіз.

12) Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

13) Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

14) Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
10 билет

Сіз емхананың учаскелік фельдшерсіз. Анемия диагнозымен диспансерлік есепте тұратын 12 жасар қыз бала ЖҚА тапсырған.

Жалпы қан анализі: Нв 102 г/л, эритроциттер -3,5х1012/л, ТК-0,8

  1. Диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз.

  2. Анемияның клиникалық белгілері

  3. Анемияның жіктелісі


ЖАУАБЫ:1.Анемия

2. Эпителиялық белгілер: терінің, құлақ қалқанының, кілегей қабықтардың бозаруы, тілдің беті тегістелуі.  Кілегей қабықтардың зақымдануы ринит, стоматит, карис, гастрит, дуадениттің жиі болуына әкеледі. Бала бор, топырақ, шикімакарондарды жеуге, бензин, лак, бояулардың иісін иіскеуге  әуес болады. 

Астеновегетативті бұзылыстар: көңіл-күйдің бұзылуы, жылауық, ашуланшақ, әлсіздік, енжарлық, темір жетіспеуі ұзаққа созылғанда психомоторық дамуының қалыс қалуы. Мектеп жасындағы балаларда бас ауруы, бас айналуы, есінен тануы байқалады. Иммунитеттінің  төмендеуінен жедел респираторлық аурулармен аурушаңдығы жоғарлайды. Әрі қарай жүрек-қан тамырлар жағынан тондардың тұйықталуы,  систололық  шу, гипотония, ентігу, тахикардия байқалады. 3. Анемия жіктелуі. 1. Қан түзу жүйесінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған анемиялар(апластикалық, дефицитті анемиялар)

2.гемолитикалық(эритроциттердің ыдырауынан)

3. постгеморрагиялық(қан кетуден кейінгі)

Балалардағы анемияның белгілері 6 жасқа дейінгі балалардағы қан гемоглобині 125–135 г/л; олар балада анемия туралы айтады, егер бұл көрсеткіш 110 г төмен түссе/л (5 жасқа дейінгі балаларда) және 120 г төмен/л (5 жастан асқан балаларда). Сондай-ақ оқыңыз Нефропатия жүкті Балалардағы анемияға көрінетін өзгерістер тері мен оның қосындыларынан байқалады: тері бозарған болады, құрғақ, қылшық; тырнақтың деформациясы және мыжылған болуы; шашты сау жылтырдан айырады. Балалардағы анемияның белгісі — бұл Филатовтың белгілері – Ашық құлаққаптар, берілген жарықта қаралған кезде. Анемияның ауыр түрлерінде балалар алақандағы және табандарда жарылған, аузының бұрыштарында; афтуралық стоматит жасау, glossitis. Анемиясы бар балалар әлсіреген, астениялық, жиі ауыратын ЖРВИ, бронхит және пневмония, өткір ішек инфекциялары. Жүйке жүйесі, гипоксияны бастан кешіреді, летаргии байқалады, жыртқыштық, тез жоғалту, айналуы, үстіңгі ұйқы, энурезі. Бұлшықет тонусының төмендеуін анықтады, бала дене күшіне жол бермейді, тез шаршайды. Өмірдің бірінші жылы балаларда гипотрофия байқалды, психомоторлық регрессия пайда болады. Балалардағы анемия артериялық гипотензия түрінде жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуын анықтады, ортостатикалық құлдырау, жоғалту, тахикардия, систолалық шу. Анемиясы бар балаларда ас қорыту жүйесінің бөлігі бойынша, тамақтанудан кейін жиі регургитация және құсу, метеоризм, диарея немесе іш қату, аппетит төмендеді, көкбауыр мен бауырдың кеңеюі мүмкін.
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта