Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Сайыс кезеңдері

  • V кезең.

  • ҮІІ кезең.

  • І кезеңі

  • 2 топ.

  • ІІ кезеңіміз «Кім епті».

  • ІІІ кезең. «Кім жүйрік».

  • Қолданылған әдебиеттер: Y . Shaniyev , I . Gesen , N . Aidarbayev , N .

  • Mesecan,i.2010. Microsoft Excel 2010 Zapier.com. Google Sheets

  • ақпараттық технология (1). Ксіби ызметтегі апаратты технологиялар атты авторлы бадарлама


    Скачать 7.51 Mb.
    НазваниеКсіби ызметтегі апаратты технологиялар атты авторлы бадарлама
    Дата08.04.2023
    Размер7.51 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаақпараттық технология (1).docx
    ТипДокументы
    #1047054
    страница10 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    Сабақтың барысы


    Сабақтың барысы

    Мұғалім іс-әрекеті

    Оқушылардың іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    сабақтың Басталуы


    Ұйымдастыру кезеңі

    А) Амандасу, түгелдеу, тексеру.

    Ә) оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу

    «Шаттық шеңбері» тренингі

    Бір - бірінің қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айтады:

    “Қуанамын мен де,

    Қуанасың сен де.

    Қуанайық, достарым

    Арайлап атқан күнге!”


    Дайындалып, оң эмоциялық ностроям басында сабақ сабақтың

    Туғызады оң, сыныпта


    Музыка, стикерлер, плакаттар, суреттер

    Ортасы сабақтың


    Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 8 кезеңнен тұрады:

    І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады).

    ІІ кезең. «Кім епті?» (команданың бір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек)

    ІІІ кезең. «Кім жүйрік?» (алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі).

    IV кезең. Үй тапсырмасы. Компьютерге байланысты таныстырылым құру.
    Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру. 1-3 бет болатын презентация. 5 минут уақыт беріледі.

    V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Әр командаға 4 жұмбақтан жасырылады. Әр ойыншының көздері жабық қалпында жұмбақтың жауаптарын тауып, сол сөзді құрастырулары тиіс болады.

    VI кезең. «Тапқырлық» сұрақ – жауап

    ҮІІ кезең. «Ширату» Компьютердің айналасындағы әзіл - қалжыңдар.

    VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау.

    Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік. 7 - 8 сынып оқушыларынан құрылған «Google» тобы, «Интерфейс» тобы, «Эврика» тобы

    І кезеңі. Таныстыру (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады).

    1 топ.Топтың аты: Болашақ

    Топтық ұраны: Болашық тобы алға!

                          Биіктерге самға

                          Достығымыз барда

                          Жүреміз тек алда!

    2 топ.Топтың аты: «Паскаль»

    Топтық ұраны:

    Қандай сынақ болса дағы беріспе,
    Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

    3 топ. «Принтер»
    Топтың ұраны:
    Сәттілік тілейміз біз жарыста.
    Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
    «Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
    Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста
    ІІ кезеңіміз «Кім епті?». Сайыстың шарты бойынша әрбір командаға 6 сөз көрсетіледі. Команданың әрбір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
    ІІІ кезең. «Кім жүйрік?».

    Армандарға қол созумен келеміз,
    Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
    Білімменен қаруланған тобымыз,
    Қарсыласты қалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
    ІІІ кезең. «Кім жүйрік?». Алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі.

    IV кезең. «Үй тапсырмасы». Компьютерге байланысты таныстырылым құру.
    Сайыстың шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимация, эффект беру отырып, 1-3 бет болатын презентация құру. Қорғауға 5 минут уақыт беріледі.
    V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Әр командаға 4 жұмбақтан жасырылады. Әр ойыншының көздері жабық қалпында жұмбақтын жауаптарын тауып, сол сөзді құрастырулары тиіс.

    VI кезең. «Тапқырлық»
    Келесі кезеңді бастайық
    Ұяшықтарды ашайық.
    Асығыстық қылмаймыз,
    Ұпайларды жинаймыз –
    Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
    І топ
    1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
    2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
    3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
    4. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
    5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)
    6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)
    7.  Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы қай қалада пайда болды (АҚШ-та)
    8. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
    9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)
    10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

    ІІ топ
    1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)
    2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)
    3.Меңзердің артындағы символды өшіру пернесі  (Delete)
    4. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау).
    5. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)
    6. Аталған байттар тізбегі (файл)
    7. Компьютердің миы ол (Процессор)
    8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус )
    9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
    10. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)

    ІІІ топ
    1. ЭЕМ - нің даму тарихы неше буыннан тұрады (5)
    2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
    3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
    4. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)
    5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)
    6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)
    7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан)
    8. Сандардың аталу және жазылу тәсілі (санау жүйесі)
    9. Ең алғашқы программа жазған ғалым (Ада Лавлейс)
    10. Принтер түрлері (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)
    ***************************
    ҮІІ кезең. «Ширату». Бұл кезеңде әр команданың бір мүшесі шығып, компьютерге байланысты 3 әзілін ортаға салады. Әзілдері ұнамаған топтар шығып отырады.
    ***************************
    Көрермен жиналған бұл тамашаға,
    Құр қарап, жым отыру жараса ма,
    Туыс, досқа, сыныптас таныс емес,
    Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
    Қолыңды бекерге бос, соға берме,
    Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
    Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй,
    Сонда ортақ боласың, бар жеңіске.

    VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау.
    Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек.
    Информатика нық басып ғаламатта,
    Ой бөлісіп заманды саралапты.
    Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
    Қайта айналып көріскенше саламатта.
    Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет!











    Соңында сабақтың

    «Чемодан. Ет тартқыш. Себет» арқылы кері байланыс жасайды.

    «Чемодан. Ет тартқыш. Себет» қай жерде орналасқанын көрсетеді, стикерлерін жабыстырады, өзін-өзі бағалайды.

    Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия



    стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия


    Қолданылған әдебиеттер:



    1. Y.Shaniyev, I.Gesen, N.Aidarbayev, N.Akhmetov. E.YerzhanovInformatics Астана - 2017




    1. Mesecan,i.2010. Microsoft Excel 2010




    1. Zapier.com. Google Sheets




    1. Ғаламтор ресурстары.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта