Главная страница
Навигация по странице:

  • Лекция№15 Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде Лекция жоспары

  • 1.ТПҮ-тің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері.

  • 2.Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы.

  • 3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.

  • Факультатив сабақтар

  • 4. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Лекция№16 Сабақ - оқытудың негізгі формасы Лекция жоспары

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница11 из 19
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

    2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

    3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

    4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

    5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

    6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.

    7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.

    Лекция№15

    Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде
    Лекция жоспары:

    1.ТПҮ-тің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері.

    2. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы.

    3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.

    4. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.
    1.ТПҮ-тің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері.

    Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсат пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т.б.) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады. Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

    Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

    Тәрбие жұмысы -  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

    Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс - ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

    Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі - білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

                Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет құрылымында бір-бірімен тығыз байланысты 3 компонентті көрсетеді: құрылымдық, ұйымдастырушы, коммуникативті.

    Педагогикалық іс-әрекеттің бұл түрлерін нәтижелі жүзеге асыруда іскерліктер мен қабілет қажет.

    Құрылымдық әрекет үшке бөлінеді:

    құрылымдық-мағыналы (оқу материалын таңдау, педагогикалық процесті жоспарлау және құру),

    құрылымдық-оперативті (өз әрекеті мен оқушылар әрекетін жоспарлау),

    құрылымдық-материалды (педагогикалық процестің оқу-материалды базасын жобалау).

    Ұйымдастырушы әрекет - оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, ұжым және біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әрекеттер жүйесін орындау.

    Коммуникативті әрекет - педагогтың тәрбиеленушілермен, мектептің басқа педагогтарымен, қоғамның өкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қатынас орнатуға бағытталған әрекет.

    А.И.Щербаков құрылымдық, ұйымдастырушылық және зерттеушілік компоненттерді жалпы еңбек функцияларына жатқызады, яғни олар кез-келген әрекетте көрініс береді. Бірақ ол педагогикалық процесті жүзеге асыру кезеңінде мұғалімнің функциясын нақтылап, педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушы компоненттеріне ақпараттық, дамытушы, бағдарлы, мобилизациялық компоненттерін біріктіреді. Бұл жерде зерттеушілік функцияға аса көңіл бөлу қажет. Зерттеушілік функцияны жүзеге асыру мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденуді, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін игеруді, өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибесін талдауды талап етеді.

    Педагогикалық әрекеттің құрылымдық компоненті өз ішінде аналитикалық, болжамдық және жобалау болып бөлінеді.

    2.Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы.

    Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

    Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

    М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

    И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

    Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әр түрлі.

    Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

    Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

    Ю.К.Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
    3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.

    Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана, практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес. 

    Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. 
    Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.  

    Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері: 

    - жаңа білім материалын хабарлау; 
    - білімді бекіту; 
    - ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту; 
    - қорытындылау; 
    - білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. 
    Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері: 
    - оқу саяхаттары; 
    - кино-теле-сабақтар; 
    - өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б. 
    Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: 
    - жаңа материалды игеру; 
    - бекіту; 
    - қайталау; 
    - білімді бақылау, тексеру. 


    Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғарыда айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Олардың арасында аса ерекше көзге түсетіні - дəрісбаян (лекция). 

    Дəрісбаян - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін мұғалім жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау, ағымдық, қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.  Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды - бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көрсетіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі. 

    Семинар - меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі. 

    Оқу конференциясы - білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі. 
    Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар - оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу-ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде, зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі. 

    Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту формалары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.
    4. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.

    Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, 

    топсеруен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлікойындар,  диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар т.б. жатады.

    Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады. 

    Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.
    Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі - үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.

    Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн.

    Бастауыш мектеп балаларға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды шынайы түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамытады.

    Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру - барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.

    Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі - оған оқушылардың өз ырқымен қатынасуы. Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс-әрекеттері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. Осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата-аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс-әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды.
    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

    2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

    3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

    4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

    5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

    6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.

    7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.
    Лекция№16

    Сабақ - оқытудың негізгі формасы
    Лекция жоспары:

    1. Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері.

    2.Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.

    3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары.

    4.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары.

    5.Сабақты талдау және өзіндік талдау - басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі.
    1. Сабақ - тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері.

    Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.

    • Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.

    • Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.

    • Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.

    • Жұмыстың негізгі түрі - сабақ.

    • Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.

    • Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.

    • Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;

    • Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.

    Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.

    Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.

    Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19


    написать администратору сайта