Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.

  • 4. Педагогикалық технологиялардың түрлері.

  • Оқыту технологиясының негізгі сатылары

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Лекция№20 Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару Лекция жоспары

  • Лекция мәтіні: 1.Педагогикалық менеджмент ұғымы.

  • 2.Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері.

  • 3.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

  • 4.Мұғалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница14 из 19
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

    2. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.

    Ерекшелігі мен қолдану орнына қарай инновацияларды жіктеуге болады:

    Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:

    Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.

    Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

    Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

    Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педогогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педогогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

    Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

    • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

    • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, азарда ұстау;

    • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарты мен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

    • оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

    Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру - міндетіміз.
    3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу.

    Инновациялық үрдістің негізгі жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің жасаған сыныптық- сабақтық жүйесі А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскидің іс-тәжірибиелері, сондай-ақ Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері жаңалықтарды, ой- идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.

    Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы» деп ұғатын боламыз.

    Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудис т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Енгізіліп отырған жаңа әдістемені ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.

    Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педогогикалық ой - идея жүйесі жатыр. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелілігі мен классификациясын тудырады.
    4. Педагогикалық технологиялардың түрлері.

    Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Мысалы, бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болып отыр.

    Білім беру технологияларыбілім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.

    Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен, жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге әр бір педагог міндетті.

    Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.

    Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

    Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
    •  қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.

    •  нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)

    •  қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.

    Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.

    Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.

    Сондықтан, үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса, оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.

    Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі, адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.

    Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.

    Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

    1.     жаңа тақырыпты түсіндіру;

    2.     төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

    3.     оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;

    4.     оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай;

    5.     оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

         Мақсаты:

    1.     әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

    2.     деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

    3.     дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

    4.     оқушының ынтасын, қабілетін арттыру.

         Ерекшелігі:

    1. таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;

    2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;

    3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;

    4. түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру;

    5. үлгермеушілерді анықтау және іріктеу;

    6. олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру;

    7. оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

        Күтілетін нәтиже:

    1.     оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және  өзін-өзі жетілдіру;

    2.     дарынды балалар болса зерттеу жұмыстарын дамыту;

    3.     мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызу.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

    2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

    3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

    4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

    5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

    6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.

    7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.
    Лекция№20

    Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару
    Лекция жоспары:

    1.Педагогикалық менеджмент ұғымы.

    2.Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері.

    3.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

    4.Мұғалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

    5.Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының ролі.

    Лекция мәтіні:

    1.Педагогикалық менеджмент ұғымы.

    Қазіргі заман мектебі – күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз - мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы мен социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

    Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.

    Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік-демографиядық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.

    2.Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері.

    Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру.

    Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді. Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқарудың ең маңызды мәселесіне айналып отыр. Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді. Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне ғылыми оқытудың нақты бір бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжірибе, біріншіден, баяндаудың әртүрлілігін нақтылай түсуге, екіншіден, жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін зерттегеннен кейін кемшіліктерді түсінуге көмектеседі: оқыту процесінде оқу материалының мазмұны мен оқушылар білімін есептеу мен бақылаудың кері байланысы да бар. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірибелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет. Әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің өзекті міндеттерімен анықталады.

    3.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

    Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәрбиесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

    Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік педагогикалық ұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау, әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру - жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге; педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б.; мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру; жалпы кәсіптік педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

    Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады: білім беру төңірегіндегі мемлекеттік саясат, заң актілері, құжаттар; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың жеке кәсіптік өлшемдері, болжамдау процесінде анықталған әдістемелік сауаттылығы, мектеп ұжымының моральдық-психологиялық ауа райы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы материалдық-техникалық мүмкіндігі.

    Мектептегі педагогикалық тәрбиені оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай. Мектеп әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды. Кеңес бірлестікте, комиссияларда қаралатын мәселелерді жоспарландырады. Мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материалдардың жоспарын жасайды. Осылайша, әдістемелік кеңес мектептегі әрбір мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетін көтеру жұмысын басқаруда сайланбалы және ақылы өкілдікті танытады.
    4.Мұғалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

    В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек.

    Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға     берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы қажет. Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болады.

    Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе мен озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу мұғалімнің құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты.                                                 

    Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.                                

    Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


    написать администратору сайта