Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
Скачать 274.68 Kb.
|
Лекция №23 Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау Лекция жоспары: 1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау - оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. 2.Жоспарлаудың қызметтері.Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері. 1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау - оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта окушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетгі өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекет ретінде карастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп кұрылымындағы ең негізгі буын, ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашкы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі максаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді жэне саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесі, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай? 1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсеңді, саналы ұжымға ұйымдастыру. 3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету. 4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету. 5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу. 6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. 7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету. 8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету. 9. Тәрбиенін негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде карастыру т.б. 2.Жоспарлаудың қызметтері.Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің” орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес “Сынып тәрбиешісі” деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық жағдайларға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап койса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалык ұжым арасында қызықты жобаларды карастыру, оларды педагогикалык процеске ендіру кажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жана сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалык тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептердің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі кызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде: -пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы; -сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі; -сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім; -сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болатын жаңа қызмет). Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмыска кіріскен жағдайда, өзінін қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады. 1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлык бағытта көмектесу: оның әлеуметтік калыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. 2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардын орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын калыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалык әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі баскаруды дамыту. 3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады. Лекция №24 Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті Лекция жоспары: 1.Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. 2.Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологиясы. 3.Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі. 1.Денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық шарттары. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді. Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; оқушының денсаулығын рационалды сақтау; жүйелі білім процесін ұйымдастыру. Бұл үшін құрылымдық бөлімдер құрылуы мүмкін. Олар: оқушылар денсаулығын сақтау бойынша мектеп орталығы, әлеуметтік-психологиялық адаптация қызметтері, экология, дене тәрбиесі орындары, спорт залдар, білім гуманизациясы, творчестволық лабораториялар, пән оқытушыларының әдістемелік ассоциациялары және т.б. Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда максималды нәтижеге жету үшін психологиялық жақсы жағдайлар болу керек. Ол дегеніміз - мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселелері тұр. Мұндай мақсатты іске асыру барлық мектеп пәндерінің оқу потенциалын есепке алу кезінде ғана тиімді болады. Жас өспірімдер әрекеті түрлерінің әртүрлілігі оқу және оқудан тыс уақытта іске асады. Оқудан тыс уақытта оқушылардың әрекеті әдетте сыныптан тыс жұмыста қарастырылады. Сонымен қатар, педагогикалық әрекетте сыныптан тыс жұмыс болып оқу процесінен тыс оқушылар және оқытушылардың мақсатты ұйымдастырылған әрекеті табылады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, оларға мамандық таңдау кезінде көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының маңызды принциптерін көрсетуге болады 2.Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологиясы. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады. Сыныптан тыс жұмыс инициативаға және жеке әрекетке тіректі талап етеді, бұл жасөспірімдік жаста өте маңызды, себебі кез келген әрекет немесе шара оқушылармен өздерінің еркімен пайда болған әрекет деп қабылданады, сондықтан оларды белсенді твочестволық әрекетке ынталандырады. Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы. Кешендік принципін іске асыру әр шараның тәрбие жұмыстарын максималды шешуге бағытталған болу керек. Мазмұнды, ұйымдастыру формалары және әдістерін таңдау кезінде оқушылардың өзіндік және жеке ерекшеліктері сақталады. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (мектеп кештері, конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу). Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Олардың мазмұны және әдістемесі теледидар бағдарламаларының атақты ойындарымен байланысты («Дөңгелек стөл», «Аукцион», «Не?Қайда?Қашан?) Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады: 1) мектеп өмірімен басқару және өзін-өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары); 2) тану фомалары (экскурсиялар, фестивальдар, ауызша журналдар, газеттер, тематикалық кештер); 3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»). 3.Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі. Қазіргі жағдайларда тәрбиелеушілер назары тұлғаны қалыптастыру мәселесіне аударылады. «Тұлғалық бағытталған тәрбие», «оқушыға бағытталған оқу» түсініктері тәжірибелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық мазмұнмен толықтырылады: интеллектуалды, физикалық және эмоционалды даму деңгейінің диагностикасы, білім мазмұнының жеке қарқынының тактикасын және стратегиясын жасау және мінездің нақты ерекшеліктерін қалыптастыру. Осыған байланысты қатысушылар санына байланысты сыныптан тыс тәрбие жұмысын іске асыру формаларының жіктелуі терең зерттеліп келеді. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың жеке, топтық және жалпы формалары бір жағынан тәрбиеленушінің ерекшелігін есептеу және әрекетін ұйымдастыруды, ал екінші жағынан барлығының жеке тұлғалармен әріптестігінің әлеуметтік жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Осы түрдің пайда болу қажеттігі оқушыларды тәрбиелеуді эстетикалық, құқықтық және т.б. әрекеттер бойынша жинақталған әрекетті жүргізуден байланысты болды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын-ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме - денсаулық, жанұя, өнер ету керек деп айтты. Осылайша, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны жасөспірімнің салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде нақты жағдайлар қатарымен анықталады, олар осы әрекеттің ұйымдастыру принциптеріне негізделеді: шараларға еркін қатысу, тапсырыстарды таңдау еркіндігі және оларды іске асыру, жастық жеке психологиялық ерекшеліктер деңгейіндегі қол жетерлік, ұжымдық талаптарды ескеретін қызығушылық. Лекция №25 Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі Лекция жоспары: 1.«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәні. 2.Девиантты мінез-құлыкты балалар мен окушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету. 3.Балалар мен окушы жастар арасында жағымсыз көріністерді жоюды қамтамасыз етуге қабілетті, балалардың қараусыздығының алдын алу жүйесін жетілдіру. 1.«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», «қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәні. Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы - отбасында қарым-қатынастарды орнату. В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі - Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. А.С.Макаренко: «Тәрбие - баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде»,-деген. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату . Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру. Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ. М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала - жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. 2.Девиантты мінез-құлыкты балалар мен окушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету. Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет. Оқу – сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады. Тәрбие күшіне ену дегеніміз - өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық, еңбек тәртібі болады. Қазіргі жас ұрпақтардың - болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық,т.б.іс-әрекетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады. Әсіресе, ұстаз бен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру. Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар. 1.Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады. 2.Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау- жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң- мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық. Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып кетуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата-аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс-керіс, дау-жанжал), бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттерді сезбейтіндігі аян. Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары: 1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу. 2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас, дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру. 3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап- тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру. 4) Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді. |