Главная страница
Навигация по странице:

  • Лекция №26 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі Лекция жоспары

  • 3.Дарынды балалармен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.

  • Лекция №27 Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі Лекция жоспары

  • 1.Кәсіптік бағдар - оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

  • 2.Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.

  • 3.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.

  • Лекция№28 Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы Лекция жоспары

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница17 из 19
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

    3.Балалар мен оқушы жастар арасында жағымсыз көріністерді жоюды қамтамасыз етуге қабілетті, балалардың қараусыздығының алдын алу жүйесін жетілдіру.
    Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез- құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі - олардың көше жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ, ата-ана, мектеп, инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көше жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әрекет ету.

    Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

    Тағы бір әдіс - қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні - оқушы қателігін түсіну өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасына сәйкес келеді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерімен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешеліктері бар. Ескеретін мәселелердің бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

    - дайындық кезеңі;

    - қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау;

    - екінші кезең - қиын оқушылар мен көшедегі жора-жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

    - үшінші кезең - өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер пайда бола бастайды. Жеткіншектердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет-дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.

    - соңғы кезең - бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын-ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдары мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

    Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту -оқушыға қажет. Халқымыздың рухани мұраларының бірі - салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілер айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық.

    «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз. Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет.
    Лекция №26

    Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
    Лекция жоспары:

    1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін калыптастырудағы «дарындылық» феномені.

    2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс-әрекеттің кағидалары мен заңдылықтары.

    3.Дарынды балалармен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
    1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін калыптастырудағы «дарындылық» феномені.
    ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

    Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты - тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу. Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

    Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

    1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

    2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

    3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

    4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

    5.Жалпы білім, білік, дағдыларын дамыта оқыту.

    6.Білімнің бағасын арттыру.

    Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

    1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

    2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

    3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

    Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

    2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

    3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

    4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

    5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

    6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
    3.Дарынды балалармен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
    Оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

    1. Оқушыларды мұражайға апару

    2. Өнер қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен кездесу өткізу.

    3.Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

    4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

    5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

    6. Күрделі тапсырмаларды орындау.

    Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән-күйді т.б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде. Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

    - зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

    - ақыл-ойдың жоғарғы қажеттілігі;

    - тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

    -белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

    - өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

    - тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

    Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

    - оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

    - шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

    - оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

    Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу-тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

    Лекция №27

    Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
    Лекция жоспары:

    1.Кәсіптік бағдар - оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

    2.Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.

    3.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.
    1.Кәсіптік бағдар - оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

    Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

    Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпай, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

    Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

    • Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.

    • Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.

    • Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.

    • Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

    Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.

    Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

    Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері - факультативтер, техникалық үйірмелер, әр-түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
    2.Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.
    Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.

    Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде, өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

    Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.

    Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады. Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады.

    Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мәні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңа араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

    А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын - мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды.
    3.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.
    Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б. Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

    Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

    Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

    • Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.

    • Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін жасау, ілу.

    • Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.

    Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.

    Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.
    Лекция№28

    Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
    Лекция жоспары:

    1. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.

    2.Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен және ата-аналарымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс.

    3.Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара байланысы.
    1. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.
    В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

    Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - мұғалім - оқушы - ата-анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болды.

    Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

    Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

    Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата- аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


    написать администратору сайта