Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
Скачать 274.68 Kb.
|
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. 6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ. 7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н. Лекция №21 Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы Лекция жоспары: 1.Педагогикалық технология ұғымы. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама. 2.Педагогикалық технологияларды жобалау, технологиялардың өзіндік ерекшелігі. 3. Тәрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары. 1.Педагогикалық технология ұғымы. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама. Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу. «Технология» термині гректің - «шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды. «Әдістеме» үрдісі тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне сипаттама берсе, «технология» үрдісі -тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады. Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады. Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты, мазмұны, формасы, ұстанымдары, әдісі жатады. Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым-қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқығы мен міндеттері жатады. Тәрбие технологиясының үлгісі (модель) 3 түрлі деңгейге бөлінеді. 1. Стратегиялық технология 2. Тактикалық технология 3. Жеделдете жүргізетін технология Стратегиялық үлгі - көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды. Тактикалық үлгі - белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады. Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі. 2.Педагогикалық технологияларды жобалау, технологиялардың өзіндік ерекшелігі. Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз - белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс-әрекеттердің жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне, әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар. Сондықтан тәрбие технологиясы көп нұсқалы (вариант) әрі шығармашылық ізденістің жемісі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеудің базалық негізінің идеялары етіп мына көрсеткіштерді ұсынамыз. 1. Қазіргі заманға лайықты еркін ойлайтын азаматты тәрбиелеу. 2. Адамгершілігі мол адам тұлғасын тәрбиелеу. 3. Рухани байлығы мол адамды тәрбиелеу. 4. Шығармашылық қаблеті мол адам тәрбиелеу; 5. Практикалық іс-әрекеті бар (Прагматик) тұлғаны тәрбиелеу яғни, қазіргі таңдағы актуалды проблемалар 6. Өмір, қоғам, саясат, дүниетаным туралы тұрақты өзіндік пікір қалыптастыру. 7. Ұлтжандылық, ұлтшылдыққа өз елін жерін, тілін халқын сүюге тәрбиелеу де тәрбиенің негізгі идеясы. Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик) 4 кезеңнен тұрады 1. Болжамдық кезең тәрбие нысанының жалпы үлгісін жобалау. 2. Коммуникативті кезең яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы. Тәрбие жоспары, мазмұны тағы басқа. 3. Педагогикалық үрдісті басқару және жүргізу кезеңі. 4. Талдау кезең. Жүргізілген тәрбие жұмысының барысын талдау. 3. Тәрбие технологияларының тиімділігінің педагогикалық шарттары. Тәрбие технологиясын басқарудың субьектісі мен обьектісі Тәрбие үрдісі көп салалы әрі көп векторлы болғандықтан оның субьектісіне: – тәрбиешінің, оқушының ата-ананың т.б. басқалардың педагогикалық үрдісіндегі жеке іс-әрекеті жатады. Тәрбие үрдісінің обьектісіне: - Тәрбие жүргізілетін ортаның мәдени денгейі , - Тәрбие үрдісін жүргізуге қажетті техникалық материалдық және мәдени құндылықтар мен қамтамасыз етілуі. - Тәрбие үрдісті жүргізуге жұмсалынатын уақыт мөлшері. - Тәрбие ісін жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдер ұстанымдар т.б.жатады. Тәрбие үрдісін жаңа үлгіде жүргізу үшін тиянақты жан-жақты даярлық қажет яғни бұрынғы тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы іске асады. Тәрбие үрдісін модернизациялау жаңа заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу ісін жан-жақты белгілі мақсатқа негіздеп, тұлғаның құнды қасиетін, қаблетін дамыта отырып жаңа қоғамда өмір сүру іс-әрекетін сәтті өткізіп, тіршілікте табысқа жетуіне негізделуі қажетті. Сондықтан тәрбие үрдісін басқару технологиясын іске асыру мынадай алгоритмнен тұрады. 1. Мектептегі тәрбие жүйесінің диагностикалық жағдайын анықтап, талдау жасау . 2. Тәрбие жүйесін үлгілеу бойынша ынталы белсені жұмысшы тобын құру . 3. Тәрбие жұмысы үлгісінің (модель) негізгі идеясы мен тақырыбын анықтау 4. Тәрбие жұмысы үлгісін және бағдарламасын кезеңдерін жасау. 5. Тәрбие модельнің негізгі параметрлерін, критериилерін жасау. 6. Үлгінің теориялық-әдіснамалық негізін жасау. 7. Тәрбие үрдісінің негізгі идеялары (құндылығы, мақсаты, мәдениеті ұстанымдары т.б.). 8. Тәрбие жүйесін іске асыру тетігі. 9. Тәрбие жүйесі үлгісін іске асыру кезеңдері бойынша жұмыс барысын анықтау (тест бақылау). 10. Істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасау. 11. Нәтежесін баспаға беру. Лекция №22 Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі Лекция жоспары: 1.Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. 2.Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы. 3.Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері. 1.Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі. Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиелеушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілермен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратан біртұтас объектіні дамытады. Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. Тәрбие процесінде мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Олардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бәрі тәрбие процесі болып табылады. Тәрбие процесі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті. Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралды. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығын молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды. Тәрбие теориясы - тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Әдістеме соған негізделіп оқытылады. «Әдістеме» - ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту әдістемесі және тәрбие әдістемесі болып бөлінеді. Тәрбие әдістемесі - тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді амал-тәсілдері және формаларын анықтап, белгілеу. Тәрбиенің принциптері. Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар: 1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. 2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. 3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі. Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек. 4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы. 5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады. Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады. 2.Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы. Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау - бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де - оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек. Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тура келеді: I кезең - мектеп бейнесін жасау. II кезең - оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру. III кезең - оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу. К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар - бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне ... көз жеткізеді». Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогикалық курстарды оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Бұл пәнің мақсаты – педагогикалық оқу орындарының студенттеріне оқушылардың тәрбие жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, бағыт-бағдар беруге көмек көрсету. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтық шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қажет. 3.Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе. Отандық ғалымдардың тәрбиелік жүйені анықтауға арналған зерттеулері. Бала тәрбиесі - шығармашылық процесс. Оны бір ғана оқу құралында толық баяндау немесе соған қатысты дайын рецепт беру мүмкін емес. Ол әрбір мектептің тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыд тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді. Сыртқы қарама-қайшылықтар: • Қоғамдық ережелер мен адамдардың тәртібі арасындағы сәйкессіздік. • Мұғалімнің талабы мен оқушының тәртібінің арақатынасы. Ішкі қарама-қайшылықтар: • Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы. • Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы. Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды. 1. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. 2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі. 3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. 4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу. |