Главная страница
Навигация по странице:

  • Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.

  • 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

  • 3. Ата-аналар ұжымын құру.

  • 4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

  • 3.Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара байланысы.

  • Лекция №29 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы Лекция жоспары

  • 1.Тәрбие үдерісі тиімділігінің психологиялық - педагогикалық диагностикасының әдістері

  • 2.Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.

  • 3.Сынып ұжымының диагностикасы: сынып ұжымының қалыптасу деңгейі мен тұлғааралық карым-катынас жағдайын зерттеу.

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница18 из 19
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

    2.Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен және ата-аналарымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс.

    Сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:

    - баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында, баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

    - баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

    - баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

    - балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

    - баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

    - балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

    - сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда.

    Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

    Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

    1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

    2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

    3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

    4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде лекторияларды, семинарларда, ғылыми практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

    Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
    3.Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара байланысы.

    Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

    1. Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынанқатысты мәселелерімен ата-аналарды таныстырады.

    2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата- аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда, бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.

    Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.

    3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

    Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді.

    Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

    - сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

    - жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу т.б.);

    - балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

    - мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

    - өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

    - балалардың аула клубтарын құруға;

    - мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

    - мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

    4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

    5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

    Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

    Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).


    Лекция №29

    Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы
    Лекция жоспары:

    1.Тәрбие үдерісі тиімділігінің психологиялық - педагогикалық диагностикасының әдістері

    2.Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.

    3.Сынып ұжымының диагностикасы: сынып ұжымының қалыптасу деңгейі мен тұлгааралық карым-катынас жағдайын зерттеу.
    1.Тәрбие үдерісі тиімділігінің психологиялық - педагогикалық диагностикасының әдістері

    Диагностика (грек c.diagnostica, dia - айқын, gnostica - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) - ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайды. Диагностика - оқушыларды жан-жақты зерттеудегі тиімді тәсіл.

    Педагогикалық диагностиканың зерттеу обьектісі педагогикалық процесс және оның барлық құрауыштары болып табылады. Ол педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды. Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады. Б.П.Битинас педагогикалық диагностиканың мынадай функцияларын анықтады: кері байланыс функциясы, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігін бағалау функциясы, тәрбиелеу функциясы, коммуникативтік және конструктивтік функциясы, педагогикалық процестің қатысушыларын хабардар ету функциясы.

    Педагогикалық диагностиканы іске асыруда мұғалім мынадай принциптерді басшылыққа алуы тиіс: тұтастық, диагностикалық мақсаттық, тұрақтылық, оқыту мен тәрбие берудің бірлігі, ұжым мен жеке тұғалардың бірлігі, диагностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестілігі, диагностиканың кешенді сипаты, т.б. Кейбір принциптерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей сипатталады: Мақсаттылық принципі бақылау белгілі мақсатқа негізделсе және еріксіз бақылаудағы сияқты өзгермелі тітіркендіргіштердің болмауы. Кімде- кім ғылыми бақылауды өткізгісі келсе, бастапқыда зерттеуге сай бірнеше болжамдар ұсынып, бақылау кезінде сол бағытта жұмыс жасайды. Тұрақтылық принципі біз үстіртін әсерге мән бермей, қысқа да нақты емес ақпараттарға ие болмауымыз қажет. Осы мақсатпен келесідей әдіснамалық негіздерді көрсетеміз: бақылауды кім ұйымдастырып отырса, ол нені бақылайтынын біледі. Егер бір ситуацияны бірнеше адам бақылап жүрсе, олардың бақылаулары қаншалықты бір-біріне сәйкес келетінін кұру қажет.

    Бақылаушылық принципі бақылаулары бірнеше рет қайталанып жатып, бірнеше бақылаушылардың бақылаулары сәйкес келіп жатса, басқа негізгі топтардың арасында тексеріліп өтілуі керек. Мұның себебін білгенде, оның алынған нәтижелері сол топ үшін жарамай қалуы мүмкін.

    Сонымен педагогикалық диагностиканың өзіне тән ерекшелігі, дербес обьектісі, өзіндік зерттеу тәсілі, міндеттері мен принциптері бар оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейінде қолданылатын педагогикалық іс-әрекеттің бір бөлігі деуге болады.

    Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістің ажыратылмайтын бөлігі ретінде тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру, бұл үдерістердің нәтижесін бағалау, талдау және есепке алуды талап етеді. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; екіншіден, білім берудің нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі анықталады.

    Сонымен қатар диагностикалық іс-әрекет үдерісінің жүру барысында қажетті ғылыми ережелер сақталады, мұғалім оқушыны бақылайды және сауалнама жүргізеді, бақылау нәтижесінде сауалнамадан алынған сұрақтардың нәтижесін талдайды және жалпы алынған нәтиже бойынша мінез-құлқына мінездеме береді, оның мотивтерін түсіндіреді, болашақтағы мінез-құлқын айтып бере алады. Тәрбие адам іс-әрекетінің маңызды түрінің бірі ретінде алуан түрлі құралдармен іске асырылады. Бұл мұғалімнің (тәрбиешінің) білім алушының өмірін ұйымдастыруға тікелей қатысатынын білдіреді. Тәрбиелеуде құқық ерекше орын алады. Құқықтық тәрбие беру үдерісі ақпараттық- танымдық, эмоционалды-бағалаушылық және іс-әрекеттік компоненттердің қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады.
    2.Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.
    Психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы құқықтық тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі бағытта қажетті мәліметтерді жинақтау негізге алынады, мәселен:

    • жеткіншектердің өзінің құқығы және міндеттері туралы білімі, өзінің және басқа адамның мінез-құлқын, тәртібін кұкық нормалары тұрғысынан бағалауы, өзінің мінез-құлқында құқықтық білімін пайдалануы және әр түрлі іс-әрекеттерде құқықтық тәртіпті жүзеге асыруы;

    • құқық нормалары тұрғысынан білімнің жеткіліктілігі және өзінің, басқаның қылықтарын бағалауы, өзінің құқықтық тәртібін жүзеге асыруда білімін пайдалана білуі, іс-әрекет нәтижесін өзіндік бақылауы, өзіндік бағалауы сапасының қалыптасуы;

    • тыйымдарды сақтау және міндеттерін орындау іскерлігі, біліктілігі, құқықтық тәрбиелілігінің деңгейлерінің қалыптасуы;

    • өзін-өзі дамытуын ұйымдастыруға мүмкіндік беру, олардың танымдық қажеттігін алдын-ала байқау, болжау арқылы сынып ұжымындағы қарым- қатынастарына болжамдар жасау, балалардың мінездерін, ерекшеліктерін зерделеу арқылы психологиялық-педагогикалық диагностикалар жүргізу;

    • педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, ұжымды басқару ахуалдарын жақсарту;

    • сыныптағы жеткіншектердің даму деңгейін диагностикалау негізінде қажетті түзетулер енгізу, қажетті жұмыстарды ұйымдастыру жэне т.б.

    Мектепте білім алушы мен тәрбиеленуші жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған үдерісте үлгілердің тиімді жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге диагностика жасау арқылы анықтауға болады.

    Сонымен рефлексия нәтижесін мынадай бағыттарда бағалауға болады:

    • сынып оқушыларының бір-бірімен және мұғаліммен өзара қарым- қатынастары;

    • оқушының қиындықтарды жеңіп шығуы, құқық нормалары тұрғысынан құқықты сақтауға талпынысы;

    • өзінің мінез-құлқы мен басқалардың мінез-құлқына қатысты түсіністігі, ұғынуы және бағалауы.

    Сонымен қатар оқушыларда белгілі бір дағдылар қалыптасып, шынайы құқықтық қоғамда әлеуметтік бейімделуіне қажет болып табылады. Осындай дағдыларға келесілерді жатқызамыз:

    • топта шығармашылық бірлестік, әртүрлі әлеуметтік рөлді орындау, тұлға аралық коммуникацияны қалыптастыру;

    • әлеуметтік - маңызды жоба жасау, дәлелденген қорытындыларды жасай алу қабілеттілігі, дәлелдер жүйесін құра алу, нәтижелерді ұйымдастыру;

    • мектептік және мектептен тыс топта жобаны тәжірибелік іске асыру;

    • жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қарапайым әлеуметтік талдау жасау, оның дәстүрлі-құқықтық маңыздылығын көрсету;

    • мектептік және мектептен тыс ақпараттық кеңістікте қорытынды нәтижелерді қолдану.

    Оқушыларға құқықтық тәрбие беру әдісінде іскер және рөлдік ойындарды, жұмыстың топтық формасын, соның ішінде, жобалы ойынды қолдануда, біздің ойымызша, олардың эффективтілігі міндетті жағдайының болуын керек етеді;

    • мектептегі ойындық комплекс бірлігі, ол бәріне түсінікті ойын ережесіне негізделген жүйелі үлгімен басқарылады, мысалы, құқықтық мемлекет үлгісі, ойын ережесі - конституция және басқа да құқықтық құжаттарды талдай білуі;

    • нақты қызмет пен мақсат белгіленген рөлдердің берілуі, мысалы, президент, мектеп парламентінің басшысы, бала құқығының инспекторы және т.б.

    • ойынға қатысушыларға түсінікті және қолжетерлік рөлдердің қатынас кестесі, ол ұжымдық нормативті құжаттармен жасалып көрсетіледі;

    • ойын ұжымның барлық қатысушыларына нақты дәстүрлі-құқықтық идеологиясымен көрсетілу негізінде жалпы мақсаттарды бөліп көрсетеді;

    • йынға қатысушылардың іс-әрекет нәтижесін топтық және жекелей бағалауды қолдау;

    • ойынға қатысушылардың теңдігі - оқытушылар мен оқушылар, қабылданған шешімнің баламаларының көптік мүмкіндігі;

    • мектепшілік ақпарат кеңістігінің қатысушыларға ашықтығы мен қолжетерлігі.

    Біздің ойымызша, тұлғалық және топтық қызығушылықтардың үйлесуі, қоғам іскерлігі үшін әлеуметтік-маңызды дамуды қамтамасыз етеді:

    • өзінің азаматтық құқықтарын қолдана алу іскерлігі және өзінің іс- әрекетінде әлеуметтік әріптестерге қатынасына байланысты адам құқығы ұжымын есепке алуы;

    • заңардың мемлекеттік және қоғамдық институттардың құрылымдық маңызды механизмдерін (тетігін) қолдана алу қабілеті;

    • әлеуметтік - маңызды нәтижелер алу үшін ұжымдық қарым-қатынас құра алу қабілеті;

    • қолжетерлік ақпараттық кеңістікті тиімді етіп қолдана алу қабілеті және т.б.
    3.Сынып ұжымының диагностикасы: сынып ұжымының қалыптасу деңгейі мен тұлғааралық карым-катынас жағдайын зерттеу.
    Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, әңгімелесу, сауалнама, шығарма, тестілеу, ақыл - кеңес, өзін-өзі тану, рейтинг, саралау, психологиялық-педагогикалық карта, тәрбиелік деңгейін зерттеу картасы, педагогикалық консилиум, социометрия, іскерлік ойын, мониторинг және т.б. әдістерді пайдалануға болады.

    Кез келген зерттеу бақылаудан басталады. Бақылау - әр ғылымның негізгі әдісі. Тәртіпті бақылау педагогикалық диагностиканың басты әдісі болып табылады. Мұғалімнің өз оқушыларын жүйелі бақылауы диагностикалық әрекет болып табылады. Ғалымдар бақылау туралы өз пікірлерін «біз әлеммен қатынасты барлық ішкі дүниемізбен сеземіз және оның көмегімен керекті білімді қабылдап аламыз. Осы негізде бақылау әлемді танудың бір әдісі ретінде біздің қабылдауымызға қарай еркін түрдегі бақылаудан ғылыми бақылауға өтуі мүмкін» деп білдіреді.

    Педагогтар басқа әдістерді қосымша ретінде қолданса, бұл әдісті өте жиі немесе үнемі қолданады. Бақылау басқа әдістер арқылы анықтау мүмкін емес ақпараттарды береді, себебі:

    - респонденттер кейбір жағдайларда ақпарат беруден бас тартады немесе жалған ақпараттар беріп жатады;

    - респондент жауап беру барысында зейіні белгілі бір белгіленген құрылымға бағытталады, яғни өзінің жауабында ескермеуі мүмкін емес;

    - көбінесе үшінші адам туралы ақпарат алу талап етіледі, осы сәтте ол қиын және қолайсыз болып табылады.

    Сондықтан зерттеу – бақылаудың маңызыдылығын былай ашып көрсетуге болады:

    -нақты бір ғылыми мақсаттылыққа сүйенеді, ғылыми теория шеңберінде мақсатты және жүйелі түрде өтеді;

    -жүйелі түрде жоспарланады және жағдайдың еріктілігіне бағынбайды;

    -жүйелі түрде жазба жұмысы ретінде де жүргізіледі;

    -оның жарамдылығы мен нақтылығы қадағаланады, қайта тексеріледі.

    Ғылыми бақылау бірнеше формаларды қарастырады: стандартты емес және стандартты бақылау; іштей және сырттай бакылау; жүйелі бақылау. Стандартты бақылау қойылған тапсырмаларды азайтады. Бұл жағдайда тәрбиешілер мен мұғалімдер стандартты формадағы бақылауда олар әріптестер мен қызметтестерінің сабақтарын бақылау арқылы және өздерінің жұмыстарына жүргізілген бейне жазбаға жазылғанды көру кезңі жатады. Сырттай бақылауда бақылаушы жағдайды сырттан қадағалап отырады, бақылау процесіне өзі қатыспайды. Ал, іштей бақылауда ол тікелей әлеуметтік басты рольді атқарады. Ол бақылау топтарының арасында әрбір жағдайларға қатысып жүріп, әрбір топ оны бақылаушы ретінде емес, қатысушы ретінде қабылдайды. Мұғалім сабақ үстінде әр оқушыны жекелей бақылауға мүмкіндік алады. өйткені мұғалім балаларға сабақ үстінде бір нәрсені түсіндіруде, кеңес беруде және оларға көмектесуде тікелей әсер етеді. Сырттай бақылауда, егер мұғалім жай ғана балалардың ойынын бақылап отырса немесе басқа да өзінің әріптестерінің сабақтарына қатысқанда, сыртай бақылай жүру жатады. Ол сынып жұмысынан тест алу, сауалнама және т.б. қарапайым бақылау көмегімен де жүзеге асады.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


    написать администратору сайта