Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
Скачать 274.68 Kb.
|
2. Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәр-биесіне ортақтастыруды көздейді Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру уни-верситеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау. 3. Сынып жетекшісі мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы. Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс. 1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Mұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады. 2.Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген cұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. 3.Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формалары қолданылады: - сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с); - жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, т.б.); - балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне, т.б.; - мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндірістік саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары); - өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру; - балалардың аула клубтарын құруға; - мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына; - мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға; - мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б. 4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. 5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері, т.б.). 4. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі. Мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде? -баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында; - баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда; -баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында; -баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда; - балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда; - баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін; - балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін; - сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. 6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ. 7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н. Лекция№12 Отбасы тәрбиесінің негіздері Лекция жоспары: 1.Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. 2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. 3.Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. 4.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Лекция мәтіні: 1.Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істердің ауқымын құрайды. Отбасы-лық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының терендігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді.Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне бола отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже. Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен іштей тәртіптің болмауы, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиешінің саналылық сипаты мен тәрбиелілік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады. 2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар: - әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді; - тәрбие әдістерін тандау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді. Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері, түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуте негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды тандастырып, қолданады. Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады. 3.Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері. Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар ж.т.б. Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс: 1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы. 2. Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты. 3. Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді. 4.Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп жатқан процесс. 4.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Mұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген cұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. 6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ. 7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н. Лекция№13 Оқыту үдерісінің маңызы Лекция жоспары: 1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. 2.Дидактиканың негізгі категориялары. 3.Оқытудың психологиялық негіздері. 4.Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі. 5.Дидактикалық құзыреттілік - мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті. 1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін ғылымының саласы.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. XVIIғ. швейцар Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), XIXғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервектер (1790-1966) оқыту дидактикасының негізін жасады. К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий үлкен үлес қосты.Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов өз уақыттарында еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты. Дидактика ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы В. Ратке (1571 - 1635). Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқыту мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, принциптері, және т.б. 2.Дидактиканың негізгі категориялары. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Оқыту - мұғалім мен оқушылар арасында белгілі дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған іс - әрекет. Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтамыз. Білім берудің мазмұны - жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады. |